Материалдар / "Бәсекелестерді зерттеу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бәсекелестерді зерттеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
дәріс материалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәжірибелік сабақ: №6 САБАҚ: «Бәсекелестерді зерттеу»

Сабақтың мақсаты:

Бәсекелестік түсінігі;

Бәсекелестер түрлерін білу;

Бәсекелестерді зерттеу


Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.

Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.

ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.

1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.

Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.

  1. Таза монополия — өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар:

1) сатушы тек қана бір фирма;

2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ;

3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды;

4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.

  1. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.

  2. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.

Бәсекелестердің түрлері

Бәсекелестер туралы айтқанда, бәсекелестердің қандай түрлері сіздің бизнесіңізде болуы мүмкін екенін білу пайдалы:

1. Тікелей (егер сізде суши-мейрамхана болса, онда сіздің тікелей бәсекелесіңіз-басқа суши-мейрамхана).

2. Жанама (егер сізде суши-мейрамхана болса, онда барлық басқа да қоғамдық тамақтану орындары және тіпті аспаздар сіздің жанама бәсекелестеріңіз болады, өйткені олар клиенттің бір жерде тамақтану қажеттілігін қанағаттандырады).


1-тапсырма

Өз бизнес-идеяңыздың тікелей және жанама бәсекелестерін анықтап кестеде толтырыңыз

Тікелей бәсекелестер

Жанама бәсекелестер

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.


2-тапсырма

Бәсекелестеріңіздің тауарын немесе қызметін зерттеңіз. Қорытындысын кестеде жазыңыз.

Тауар немесе қызмет атауы


Артықшылығы


Кемшілгі


Орау жасау мәселелерін зерттеу


Сервистік қызмет көрсетуі


Тауар, қызмет номенклатурасын зерттеу


Баға саясатын зерттеу




3-тапсырма

1, №2 тапсырмалардың нәтижелерін диаграмма түрінде көрсетіңіз


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Тікелей бәсекелестер дегеніміз не?

  2. Жанама бәсекелестер дегеніміз не?

  3. Жетілмеген бәсекелестік нарығы түсінігі?

  4. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері ?

  5. Бір сала ішіндегі бәсекелестік дегеніміз не?

  6. Салааралық бәсекелестік дегеніміз не?


Пайдаланылған ақапарат көзі:

https://atameken.kz/



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!