Баскетбол. Допты алып жүру. №172. Электромонтер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баскетбол. Допты алып жүру. №172. Электромонтер

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда қаласы  М.Ықсанов атындағы

политехникалық колледжі










Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. Допты алып жүру

Тобы: №172. Электромонтер

Пән мұғалімі: А.Н.Сагитжанов   



Қызылорда, 2019 ж.

      Бекітемін:

      Оқу ісінің меңгерушісі 

       ___________________

       «____» _____________

 

                                              Дене шынықтыру пәні бойынша сабақ жоспары

 

  1. Сабақ тақырыбы: Баскетбол. Допты алып жүру

  2. Сабақ мақсаты: Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу

  3. Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастьру 

  4. Сабақтың әдісі: Жекелей және жалпы жұмыс жасау

  5. Өтілетін тобы: №172. Электромонтер

  6. Өтілетін күні: 02.02.2019ж.

  7. Өтілетін орын: Спорт зал

  8. Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: Баскетбол добы,  ысқырық, кегли

  9. Пән мұғалімі:  А.Н.Сагитжанов   


Сабақ бөлімдері

Сабақ мазмұны

Жүктеме мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

 

  1.  

Кіріспе бөлім

  1. 10-12мин.

1. Сапқа тұрғызу, сәлемдесу

90 сек

Киімге назар аудару

2. Саптық жаттығулар

15 сек

Денені тік ұстау

3.Жәй жүгіру

2 мин

Қатарды бұзбай баяу жүгіру

4.Жүру жаттығулары

 

 

а) Қолды екі жаққа соза жүріп алға, артқа айналдыру

15 м

Қолды, кеудені тік ұстау

б) Қолды жоғары көтеріп, аяқтын ұшымен жүру

15 м

Кеудені тік ұстау

в) Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру

15 м

Кеудені тік ұстау

г) Жартылай отырып жүру

15 м

Қолды алға тік ұстау

д). Отырып жүру

10 м

Қолды тізеге қойып жүру

5 Жүгіру жаттығулары

 

 

а) Қолды белге қойып, аяқты алға тастап жүгіру

20 м

Тізені бүкпеу

б) Қолды артқа ұстап, аяқты артқа тастап жүгіру

20 м

Аяқты алақанға тигізіп жүгіру

в) Оң, сол жақ бүйірмен жүгіру

20/20 м

Ара-қашықтықты сақтау

г) Тізені қатты көтеріп жүгіру

20 м

Тізені қатты көтеру

д) Артпен (арқамен алға) жүгіру

20 м

Ара-қашықтықты сақтау

е) Шапшандата жүгіріп бірте-бірте жүріске ауысу

 

20 м

Жылдам жүгіру

Тыңыс алуды қалпына келтіру

 

30 сек

Қолды екі жаққа бүйірден жоғары көтере тыныс алу, сәл еңкейіп алға қарай қол тастаймыз, өкпедегі ауаны шығарамыз

 

ж) ЖДЖ  (ОРУ)

1. Б.қ. қол белде. Басты 4 рет оңға- 4 рет солға айналдыру

2.Б.қ. аяқ иық теңдігінде қолды екі жаққа ұстап 4-рет алға, 4-рет артқа айналдыру

3.Б.қ.  аяқ иық теңдігінде оң қолды жоғары көтеріп 1-2 артқа қарай жұлқу,  3-4 сол қолды жоғары көтеріп  артқа қарай жұлқу

4. Б.қ.  дененің жамбас бөлімін 4-рет оңға, 4-рет солға айналдыру.

5. Б.қ.  аяқ иық теңдігінде сол қол белде, оң қолды жоғары көтеріп 2-рет денені оңға иу, сол қолды жоғары көтеріп       2- рет денені солға иу

6. Б.қ.  аяқтың арасын алшақ ұстап 1-оң қолды сол аяқтын басына тигізу. 2-Бқ.        

 3-сол қолды оң аяқтын басына тигізу. 4-Б.қ.

7. Б.қ.  аяқтың арасын сәл ашып тұрамыз, 1 қолды алға созып отырамыз. 2- Б.қ. 

5 мин

 

Жаттығуларды дұрыс орындау

Қол белде тепе-теңдікті сақтау

 

Қолды түзу ұстау

Артқа қарай қатты жұлқу

Оң және солға қарай айналдыру

Арқаны түзу ұста

 

Қолды аяқтын басына жеткізу, тізені бүкпеу

Қолдың ұшын аяқ ұшына жеткізу

 

 

  1.  

Негізгі бөлім

28-30 мин

«Баскетбол» ойынының тарихы, ережесімен қысқаша түсінік жұмысын өткізу

Баскетбол ойынын 1891 жылы американдық Массачусете  штатының Спирингорилдингске колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы доктор Джеймс Нейсмит ойлап тапқан. Доп корзинаға лақтырылып салынатын болғандықтан «баскетбол» деген атағын алған. «Баскет»-себет, «бол»-доп деген сөздің мағынасын берген.

1892 жылы Джеймс Нейсмит  осы күнге дейін  сақталып келген алғашқы 13 пунктін шығарған. Бірінші ойындарын өткізе бастағаннан кейін-ақ ойын ережелері өзгере бастаған. Бір өзгерткен нәрсесі корзиналарды ілетін қалқандар орнатылды. 1983 жылы сеткалы темір сақиналар орнатылды, кейін доптың аумағының ұзындығы 30-32 дюймға өзгертілді.

1895 жылы ойын добы лақтыру ара қашықтығы  15 брут/5 метр 25 санти метрге/ болып енгізілді. Допты қай бағытта да алып жүру 1896 жылы заңдыланды.

Баскетболдың даму барысының бірінші кезеңі /1891-1918 ж.ж./ Бастапқ кезде гимнастика сабағын жандандыру мақсатында шығарылған баскетбол ойыны өзіне тән ерекшеліктері бар спорт ойынына айналды.

1894 жылы АҚШ-та алғашқы ресми ережелері шығарылды. Ойынның дамуына қарай ойын техникасы мен тактикасы өсіп дами бастады.

Тиімді техникалық әдістері – қағып алу, пас беру, жүргізіп ойнау, корзинаға доп лақтыру, т.б.

Екінші кезең /1919-1931 ж.ж./ баскетболдың ұлттық федерациялары ұйымдастырылды. Баскетболшы саны көбейді. Жарыстар жоспарлы түрде өткізілетін болды. Европа елдеріне кеңінен тарайтын болды.

Үшінші кезең /1932-1947 ж.ж./ Баскетболдың халықаралық федерациясы ұйымдастырылды. /ФИБА/ 1932 жылы 18 июньде ФИБА-ға 8 ел кірді: Аргентина, Греция, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швецария, Чехославакия. Олимпиада ойындарының бағдарламасына  баскетбол алғаш 1936 жылы кіргізілді. ХІ олимпиадаға 21 елден  командалар қатысты. Олимпиада кезінде  ФИБА-ның І конгресі өтті. Ойынның ортақ ережелері қабылданып, халықаралық кездесулерге жол ашылды.

Төртінші кезең /1948-1956 ж.ж./  Халықаралық спорттық бірлестіктерінің ішінде  басктеболдың халықаралық федерациясы алдыңғы қатарда болды.

Баскетболдың қазіргі даму кезеңі 1957 жылдан басталды.

Біздің елімізге баскетбол  1906 жылдан бастап келді. Петербургте «Маяк» спорты қоғамында  бұған дейін белгісіз болып келген ойын ойнала басталды.

1921 жылдан бастап Орта  Азия, Закавказье, краинада етек жая бастады.

1923 жылы баскетбол І Бүкілодақтық  дене шынықтыру мерекесінің  бағдарламасына енгізілді.

Қазақстанда алғаш баскетбол ойыны 1925 жылы белгілі болды. 1926 жылдан бастап ресми түрде шықты.

Қазақстан әлемге белгілі шеберлерді олимпиада чемпиондарын сыйға тартты:В.Тихоненко, Н.Ольхова, И.Герлиц.

1991 жылы Қазақстан егеменді ел болғалы өзінің баскетбол федерациясын ашты.

    Баскетболды 5 ойыншыдан тұратын екі қарсылас команда ойнайды. Мақсаты: қарсылас команданың себетіне ұпай салу. Ойын 2 таймнан 20 минуттік тұрады. І таймның өзі 10 минуттық 2 ойыннан қысқа үзілістен тұрады.Ұзақ үзіліс 5 минуттан тұрады. Ұпай 2 және 3 болып саналады. Фолдық ұпай 1 очко болып саналады.Секундомерист ойын кезінде доптың алаңдағы бар уақытты санайды. Доп алаңнан шыққанда уақыт тоқтатылады. Төрешілер құрамы 5 адамнан тұрады. Бас төреші, төреші, хатшы, секундомерист, оператор 24 секундтық

Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – баскетбол ойыныңдағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың  бүгіліп жазылуына байланысты болады. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл  бүгіп қозғалады, жан – жанжағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады.

Оқушыларды сапқа тұрғызып екі командаға бөліп кезекпен допы алып жүруді орындату. Допты алып жүруді жақсы орындаған оқушыны қайталатып алып жүргізіп көрсету.

Ара-қашықтығы 2 метрден қойылған кеглилердін арасымен допты кезекпен алып жүру.

Оқушыларды сапқа тұрғызып санату арқылы екі командаға бөліп ережесімен баскетбол ойнату.

 













































































































































Допты алып жүргенде алақанмен ұрмаған дұрыс.

 

Допты адымдап алып жүруге үйренгеннен кейін, оны баяу жүгіріс кезінде орындауға тырысқан жөн.

 

 

 

Допты алып жүргенде доп кеуде тұстан аспау керек

 

  1.  

Қорытыды бөлім

3-5 мин

1.Сапқа тұру

15 сек

 

2.Тынысты қалпына келтіру

1 мин

Қолды екі жақ бүйірден жоғары көтере тыныс алу

Жеңіл жаттығулар жасау

3.Оқушыларды бағалау

60 сек

Жіберген кемшіліктерді талдау

4.Үйге тапсырма беру

30 сек

Үйге тапсырма беру

5.Оқушылармен қоштасу

15 сек

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі