жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баскетбол ойыны
Таңдау практикасы бойынша машықкердің есебі
Мен Нурлубеков Нурдаулет таңдау пәні практикасында ОП практикаға 25.03 күні келдім. ОП практикасында Мухамбаев Бектас Рахымбийұлымен 1 апта жұмыс жасадық. Мұнда практикадағы іс-тәжірибе мақсат-міндеттерімен, оқу жоспарын талдадым. Мұғалімнің сабаққа дайындығының маңызын білдім. Сондай-ақ сабақ жоспарын құруды үйрендім. Ал таңдау пәні бойынша ПП Педагогикалық практика 30.03 күні басталды. Өзіміздің топтағы балалардың сабақтарына қатыса бастадым. Жалпы практикада 3 рет сабақ бердім: 09.04, 13.04, 16.04 күні болды. Сабаққа 1 күн қалғанда сабақ жоспарын жасап, өзім беретін сабаққа дайындалдым. Сабақта кіріспе, негізгі және қортынды бөлімде қандай іс-әрекеттер жасайтынымды басшылыққа алдым. Ең алғашқы сабағымның тақырыбы: Аяққа арналған жаттығулар. Екінші.Статикалық жаттығуларды дамыту. Үшінші тақырыбым: Пресске арналған жаттығулар болды. Бұл жерде ырғақты, қозғалыста орындалатын жаттығуларды балаларға үйреттім. Соңғы сабағым: Қол бұлшықеттерін дамыту жаттығуы болды. Интернеттен дамытатын жаттығуларды көріп, техникасын қарап, сабақтың ортасында балаларға жасаттым. Жетекшіміз Ораш Мирас Жарқынұлы жақсы көмектесті және көп көмегі тиді. Сабақтың қалай жүйелі жүргізу керектігін, және де қалай қызықты өткізудің жолдарын үйретті. Топтағы балалардың сабақтарына қатысу арқылы тәжірибе алмастым. Бұл ауқымды ұзаққа созылған практикада алғаш рет көпшіліктің алдында сабақ бердім. Мұғалімнің сабаққа дайындығын, құжаттарды реттеуді, сабақты жүйелі әрі қызық өткізуді, жоспарға сай жұмыс жасауды, өзін-өзі ұстауды және ең бастысы жеке шеберлікті пайдаланып жұмыс жасауды сондай ақ жауапкершілікті сезінуді үйрендім. Берілген мерзімде педагогикалық практика бойынша жоспарды орындау өзіме бірталай өзгерісті әкелді, біріншіден, мен өзіме жүктелген міндеттерді орындауды үйрендім, екіншіден, ұстаз көретін қиыншылықты басымнан кешірдім, үшіншіден, оқушылармен қарым-қатынас орнату мен оларға дұрыс бағытта білім беру жолдарын іздестіріп, нақты қажеттісін таңдап алдым. Сабақ барысында оқушылардың білім алуға деген құштарлығы жоғары болды, сабаққа белсенді қатысып отырды. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Сонымен қатар, оқушылардың сабақта өздерін жақсы ұстауын және зейін қойып тыңдай білуін сезіндім. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушылардың сабаққа дайындығына жіті мән бердім. Практикадан өтудің өте қажет екенін түсіндім. Практика кезінде тікелей оқушылармен жұмыс жасайтындықтан әдістемелік шыңдалу қажет екендігін сезіндім. Тікелей сабақ бере отырып, өзіңдегі кететін кемшіліктерді нақты бағалауға болады екен. Дене тәрбиесі пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым. Педагогикалық практиканың дұрыс жүзеге асуы, ұйымдастырылуы оған жете мән беру, тәжірибелі ұстаздардан дәріс алу студенттер үшін өте қажет. Болашақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі немесе спорт жаттықтырушысы болатындықтан, осындай практикалардың маңызы зор деп ойлаймын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген