Материалдар / Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілді үйретуде инновациялық әдістерді тиімді қолдану жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілді үйретуде инновациялық әдістерді тиімді қолдану жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзге ұл өкілдеріне қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде инновациялық тиімді тәсілдерді қолдана отырып, шығармашылық қабілеті жоғары оқушының зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2020
2123
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Әуезова Ләйлә Әуезқызы

Ақтөбе қаласы, «№72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Ғылыми-әдістемелік жоба тақырыбы:

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілді үйретуде инновациялық әдістерді

тиімді қолдану жолдары


Кіріспе

Өз тілімді үйретемін өзге тілдің ұлына
Салт-дәстүрін ұқсам деген сан өкілдің қызына
Менің тілім - Абай, Мұхтар, Ілияс
Үйренгісі келген жұртқа құшағыңды аш, бауырлас.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орнының алдында бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Мемлекеттік тілді білу, оны өз қызмет әрекетіне қарай қолдана білу құзіреті болашақ маманға қойылатын негізгі талаптың бірі болып табылады. Осыған орай мектепте қазақ тілін оқытуды жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда мектептің алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де мектепте қалыптасып, орнығады. Осыларды іске асыратын басты тұлға — ұстаз. Қазіргі кезде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп А.Байтұрсынұлы айтқанын есте сақтап жүру керек. Оқыту саласында қазіргі ақпараттық технологияны қолданбай бүгінгі күн талабына сай келетін мамандар дайындап шығару мүмкін емес. Оқыту үдерісінде компьютерді пайдалану үлкен мүмкіндіктерге жол ашады: уақытты үнемдеуге, оқушылардың белсенділігін көтеру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз бетінше білім алуға көмектеседі. Мектептерде қазіргі заман талабына сай жабдықталған мультимедиялық-лингафонды сыныптар, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кешендер бар. Мұғалімдердің сабақ барысында осы құралдарды пайдаланып, тілдің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Ұстаздың міндеті өзге тілді оқушыларға мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысына қанат бітіру, сол арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін барынша арттыра түсуге ықпал ету. Оқушыларға білім беруде көптеген жаңалықтар пайда болды. Солардың бірі — білім беру үрдісінде жаңа замандық құралдарды, технологияларды қолдану. Бәсекелестікке қабілетті оқытушы дегеніміз — ХХI ғасырға сай білікті маман, өз ісіне берік, дана, жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданатын, ізденімпаз, шығармашылық даму үстінде, балаларға мейіріммен, ілтипатпен қарайтын мұғалім. Сонымен қатар мұғалімнің пәні және өзі қызықты болу үшін, ол әр түрлі тәсілмен сабағын өткізуі керек. Сабақтың қызықты өтуі ұстаздың үнемі ізденуі, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.



Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз.
Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әректі. Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.
Тіл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Сол себепті басты жауапкершілік тіл мамандары біздерге жүктеліп отыр. Ата заңының баптарында сонымен қатар «Тіл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы Заңда» айтылған басты мәселе мемлекеттік қазақ тілін дамыту.

Мақсаты:

Өзге ұл өкілдеріне қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде инновациялық тиімді тәсілдерді қолдана отырып, шығармашылық қабілеті жоғары оқушының зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызу.

Мақсатқа сай бірнеше міндеттер қойылды:

  • Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілді үйретуде инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы сөздік қорды молайту;

  • Оқушыларға күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тірек сызбалар арқылы қалыптастыру

  • Сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру.

  • Оқушылардың көркем әдебиетті оқи біліп, оның идеялық эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндік туғызу.

  • Туған әдебиеттің ұлттық сипатын ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт санасының көрінісі, жанрлық , стильдік ерекшеліктерін түсіндіру.

  • Оқушының ой дербестігін оқу әрекетін образды ойлау, қайта елестетуіне ықпал ету.

  • Тірек сызбаларды түсіне білу;

  • Тірек сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу;

  • Сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту;

  • Мемлекеттік тілде еркін сөйлей білу;

  • Мәдениет нышандарын қалыптастыру (амандасу, сәлемдесу);

  • Ұлтымыздың салт - дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру;

Жорамалдау:
Егер инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы әр балаға жеке тірек сызбалар жасап, сабақтарда жиі қолданса, осының барлығы балалардың қызметінде ойлау қабілеттерін белсендіреді, сөздік қорларын байытады, білімдерін тереңдетеді, балалардың  қазақ тілін оқуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, білімдерінің сапасы 85%-90 %.

Күтілетін нәтиже:

  • Туған тілдің қадір-қасиетін терең ұғынатын; ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, өңдеуге, таңдауға; өзінің танымдық әрекеттерін жоспарлауға және жүзеге асыруға қабілетті, зерттеушілік-ізденушілік әрекетке бейім, бойында негізгі құзіреттіліктері қалыптасқан, тіл жанашыры- шығармашыл жеке тұлға.

  • Өзге ұлт балалары тірек сызбалардың көмегімен 7-8 сөзден құралатын сөйлемдерді, диолог, монологтарды  еркін құрай алады;

  • Жаңа сөздерді тез меңгере алады;

  • Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары арта түседі;

  • Әрбір сабақ қызықты өтеді;

  • Әрбір баланы жан-жақты тани аламын;

  • Бала өзіне тән тапсырмаларды орындай алады.

Оқушыларға қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенілетін жалпы дидактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйелі принцип, көрнекілік принципі, саналық пен белсенділік принципі, теорияны практикамен байланыстыру принципі және жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір – біріне ұштастырып отырады. Сонымен бірге, қазақ тіліне қарай жүргізілетін сабақ құрлымдарын өткізу кезінде, білім беру әдістерінің құрлымдық жүйесін іске асыру тұсында және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар үстінде тілдік материалдарды байланыстырып отыруды көздейді. Осы дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен, екі түрлі принциптің орындалатындығы байқалады.

Біріншісі – оқушылардың қазақ тілі материалдарын жете меңгеру процесі. Мұны оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуі, оған оқушының белсенді қатысуы арқылы анықтауға болады. Екіншісі – оқу материалдарын үйрету процесі. Мұңдай жағдайда оқушылардың сабаққа қатысы оншалық көп байқалмайды, көбінесе, мұғалімнің белсенділігі аңғарылады. Сабаөты көрнекі, жүйелі түсінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет болып табылады. Сондықтан да қазақ тілі материалдарының теория мен практикаға сай болуы мұғалімге тікелей байланысты.

Ғылыми принцип. Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі – ғылыми принцип. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегінен өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Тілдік фактілердің тіл білімінде әбден қорытылған, шешілген мәселелері ғана мектеп оқушыларына жеткізіледі. Сондықтан да оқушыларға берілетін білім мазмұны, көлемі және оны оқытудың жүйесі сараланып, мектепте өтілетін қазақ тілі жүйелі курсы бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тілдік мәлімет беруде, жалаң теориялық материалдарды ғана ескермей, практикалыќ жағдайларды да ескерген мақұл.

Мектеп оқушыларының көру, жазу, сезу, түсіну, қабылдау қабілеті айтылу мен естілу қабілетіне қарағанда күштірек дамыған. Оқушылар көргенін, жазғанын және қолмен ұстағанын тез қабылдайды. Әрі жадында ұзақ уақыт сақтайды. Ал есту бойынша қабылдауда берік психикалық мүмкіндік бола алмайды. Соңдықтан қазақ тілі тақырыптарын меңгертуде дидактикалық принциптер мен психикалық қағидалар қатар ескеріледі.

Жүйелі принцип – жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылатын ұстаным. Қазақ тілі сабақтарында оқу материалдарын меңгерту көрнекі түрді, біріккен сабақ құрлымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталау да, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Содан кейін өтілетін тақырып дауыстап оқылып, материалдың өзіндік белгілері салыстырылып, анализ – синтез жасалынады. Түйінді пікірлер анықтама ретінде ұсынылып, жалпы ой қортындысы шығарылады. Оқушылардың алған теориялық білімін қалыптастыру мақсатында тақырыптың психологиясына сай пркактикалық дағдылар жүйесі ескеріледі. Сөйтіп теориялық материалдар емлелік объектілермен ұштастырылады. Қазақ тіліне байланысты оқушылардың сөздік қоры бірте – бірте шоғырландырып, іс жүзінде дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білуге дағдыландырылады.

Көрнекілік принципі. Оқушыларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принциптің бірі - көрнекілік принципі. Бұл принцип оқушылардың дыбыс жүйесіндегі білім мен дағдылардын әрі қарай нығайту үшін және оны жете меңгерту үшін қолданылады. [5: 65]Әр сабақ сайын көрнекі құралдар пайдаланылады. Қазақ тілі сабағында мынадай көрнекіліктің түрлері іске асырылады: кесте, схема, плакат, сурет, картина, анықтағыш дәптер, карточкалы дәптер, көрнекілік тақта, түсті бор, сөздіктер және техникалық құралдар. Осы сияқты көрнекі құралдарды әрбір сабақта қолданып отыру оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен нақты ойларын дәл, анық етіп пікірлеп байымдауға септігін тигізеді. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қамтамасыз ете отырып, дәл сөйлеуге, нақты баяндауға баулиды. Зерттеуші Кәтембаева Б.Т. топтастыруына сүйенер болсақ: “Сөйтіп көрнекілік: а) дауысты және дауыссыз дыбыстардан берілетін білімінің дәл, анық болуын қамтамасыз етеді; ә) орфографиялық объектілердің жете меңгерілуіне, буын, екпін және үндестік заңын оқушылар ойында тұрақты қалдыру үшін пайдасын тигізеді; б) орфографиялық тақырыптарды терең меңгерту үшін жағдай жасайды; в) жергілікті тіл ерекшеліктерін жүзеге асырады; г) морфологиялық тақырыпты танытуда септігін тигізеді; ғ) оқушылардың тілге деген құмарлығын тигізеді; д) олардың бақылағыштық және сенімділік қабілетін арттырады.”

Саналылық пен белсенділік принципі. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беру барысында олардың саналы түсіну ќабілеті дамытылып отырады. Тілдік фактірлерге байланысты мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгере білуі тиіс. Қазақ тілі объектілерін саналы түрде меңгерту үшін мына сияқты жұмыс түрлерін іске асырған жөн: Бірінші – тілден берілетін мағлұматтарды жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отырған мақұл. Оқушылардың мұндай түсіндірілуі кезінде объектілердің өзіндік белгілері толық ќамтылуы қажет; Екінші – түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арќылы оқушылар тапсырманы еркін орындауы керек; Үшінші – күнделікті, тоқсандық, жылдық қайталаулар тұсында өткен материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы міндеттілік болып табылады; төртінші – сөздердің дұрыс жазылу емлесін қадағалайтын орфография мен сөздердің дұрыс айтылуын реттейтін орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білгені дұрыс әрі бұлтармас заңдылық; бесінші – күнделікті өмір мен тұрмыс – тіршілік қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгеріп, оны теориялық білім мазмұнымен ұштастыра бірлікте қарастыра білгені жөн.

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін теориялық білім мазмұны төмендегідей практикалық мақсаттарды нәтижелеуге қол жеткізеді: тілден берілген теориялық білім мазмұнын ауызша әрі жазбаша мақсатта қолдана білу; әр алуан сипатағы талдаулар жасау; орфография мен орфоэпиядан алған білімдерін ауызша және жазбаша түрде сауатты іске асыру.

Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігін арттырады. Мектеп оқушыларына тілдік фактілерге байланысты білім мен дағдыларды жетік әрі берік меңгертуде түсінуге жеңіл қолайлылық принципін қолданған жөн. Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім дәрежесі мен қабылдау дағдыларын, сынып түрлерін ескере отырып, мұғалімнің түсіндіруі, оқулыќ мазмұны мен тілі және баяндалу желісі сынды ерекшеліктері басшылыққа алынады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білім анықтамалары мен ережелері, терминдері мен өзіндік белгілері, жасалу жолдары мен мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сынды психикалық қасиеттеріне лайықты түсіндіріледі.

Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар қалыптастыруда олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындық дәрежесі ескертіледі. Күнделікті сабақ үстінде оқушылырдың осындай ерекшеліктеріне орай жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. Оқушыларға өткен материал мен жаңа материалдың байланысын таптырып, тақырыптың өзіндік белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін мұғалім қатаң бақылаудан өткізіп отыруы керек. Нашар және орта қалыпта меңгерген оқушылармен сабақ үстінде әр бағыттағы түрлі жұмыстар жүргізіледі. Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы. Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Методиканың негізгі тірегі – қазақ тілінің фактілері. Онсыз методиканың түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз байланыста болады. “Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңды қағидалары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен толықтай үндеседі.”

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен  инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса,  мектептегі өзге ұлттың баласын тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалар қажет. Алдыңда сізден бір жаңалық күтіп отырған балаларға сабақты қалай жеткізесіз? Сіз сол жаңалықты жеткізіп, баланың санасына сіңіре алдыңыз ба? Әрине, көп қиналмай дайын нәрсені оқушылардың алдына жайып салуға да болады. Осы әдісті қолдана беруге болады. Бірақ, одан шығатын қорытынды қандай болады? Сіз сол арқылы балаға бір жаңашыл нәрсе бердім деп ойлайсыз ба? Осы тектес күнделікті бірізділік жаныңызға батпай ма? Алдыңызда отырған балалардың алдында қандай мәртебеге көтеріліп жүрсіз?

Қазіргі таңда білімге деген жол ашылды деп ойлаймын. Демек, білімге деген жол ашылса, сол білімді берудің бірнеше түрлері де бар. Сондай-ақ жаңа технологиялар көптеп шығып жатыр. Сол технологияларды қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығуышылығы мен ынтасын дамытасыз, сондай-ақ сіздің сол пәннің мұғалімі ретінде тәжірибеңіз де артады. Озық мұғалімдердің сабақ беру әдіс-тәсілдері газет, журнал беттерінде де көптеп басылып, шығып жатыр. Соны оқып, өз сабағыңа қолдан. Сол арқылы бірізділіктен, әрқилылыққа көш. Алдыңда отырған оқушылардың беделіне ие бол. Тәжірибе алмасу арқылы өз деңгейіңді көтер, бір сатыға жоғарыла.

Әр ұстаз сол білім ордасының айнасы. Сол айнаға оқушы қалай қарайды? Айнаға қарау арқылы сізден нені көреді?

Қазіргі таңда тілді үйрету мәселесі қолға алынып жатыр. Себебі қазақ тілінің мәртебесін көтеру Қазақстан Республикасында тұратын, мен қазақпын деп, кеудесін соғатын, қазақ тіліне жаны ашитын әр азамат пен азаматшаның борышы мен міндеті. М.О. Әуезов былай деген: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды». Демек, біз қаншалықты дәрежеде өз тілімізді сыйлап, бағалап, өзімізді мәдениетті деп санап жүрміз? Әрине, тілім деп жүгіріп, шынымен жаны ашып, жылап жүрген азаматтар жоқ емес. Тек қана сондай жандарды қолдап, бірлесіп жүрген азаматтар табылып жүр ме? Сондай азаматтардың қатарына қазақ тілі пәнінің тәлімгерлерін жатқызуға болатын шығар. Қазіргі кезде, білім саласында қазақ тілін үйрету және соны оқушылардың саналарына сіңіруге деген жол ашылған тәрізді. Мемлекеттік тілімізде басқа ұлт өкілдері сөйлеп тұрса, тіліміздің өскені емес пе? Осы мәселені мұғалімдер мектептен, орта кәсіптік оқу орындарынан бастағандары абзал. Алдындағы отырған оқушыларға тілді үйрету әрине оңай шаруа емес. Дегенмен де, сол тілді сабақта әртүрлі формалар арқылы жеткізу ыңғайлы да, ұтымды. Біз қаншалықты сабағымызда әртүрлі формаларды, жаңа технологияларды қолданып жүрміз? Қандай көрнекілік құралдарды пайдаланып, сабағымызды тартымды өткізіп жүрміз? Көптеген тәсілдер де бар. Мысалы, баяндау, әңгімелеу т.б осы тектес тәсілдер баршылық. Сабақ түрлеріне тоқталсақ, аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту, материалды бекіту және т.б толып жатқан түрлері бар. Соның ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету кезінде сабақта қандай тәсілдерді қолдана аламыз. Әрине, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету біраздаған қиындықтарды туғызады. Олардың сөйлеу мәнеріне назар аудару, сауаттылығын бақылау және т.б. жақтарына көбірек назар аудару қажет. Ең бірінші оларға қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін және сен қай елде өмір сүресің, сол елдің тілін, мәдениетін білуге тиісті екендіктерін саналарына сіңіру қажет сияқты. Сондай-ақ олардың тіл сауаттылығын дамыту ең бірінші орынға қойылуы тиіс. Сабақта осы мақсатпен әртүрлі мәтіндер беру, ауызекі тілді (диалог) дамыту жұмыстарын жүргізу де игі әсерлерін тигізеді.

Сөйтіп қазақ тілінен білім беру әдістерін оқушылардың білім алу көздеріне негіздей отырып, оларды төмендегіше топтастыруға болады: қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері. Бұл әдістердің құрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диологтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оқу әдісі, қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері. “Бұған мына топтағы әдістер жатқызылады: әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі және кітапты пайдалану әдісі, қазақ тілін теориялық – практикалық жақтан үйрету әдістері. Яғни дайын материалды талдау әдісі, фонетикалық талдау әдісі, морфологиялық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдік материалдың түрін өзгерту әдісі, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, көшіріп жазу әдісі, диктант жазу әдістері.”

Қазақ тілінен білім беру әдістері

Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері

Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері

Қазақ тілін теориялық – практикалық жақтан үйрету әдістері

Қазақ тілін әдебиет материалдарымен байланыстырып өту, түсініксіз сөздерді үйрету, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау және мәнерлеп оқыту әдістері

Әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және кітапты пайдалану әдістері

Қазақ тілі бойынша талдау, дайын материалды талдау, тілдік материалдың түрін өзгерту, тапсырмаларды мазмұндау, сөйлем құрату, шығарма жаздыру, орфографиялық талдау, көшіріп жазу және диктант жазу әдістері.







Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу әдістемесі

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, оқыту, үйрету үрдісін қамтиды.
Балалардың ақыл – ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы - өзара тілдік қарым – қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып,әрдайым жанында достық қарым – қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс – тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады. Мектепте балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесуден қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың сөздік қорларын байыту, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мелекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Менің балаларға қазақ тілін жетік меңгертуде бірнеше тиімді әдіс –тәсілдерді атап өткім келеді.
Баланың ақыл-ой дайындығының компонеттерінің бірі - жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілің жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту. Бұл ретте мұғалім балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана білуіне мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың балалары, туралы кім не істейтіні жайлы түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс. Осы арқылы айналадағы дүниені, табиғатты бақылата, таныта отырып, баланың тілін, сөздік қорын байыту, ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге төселдіру керек. Өзге ұлт өкілдеріне, тіл үйрету өте қиын екені белгілі. Дегенмен 11-15жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Мен жұмысымда осы ерекшеліктеріне мән беремін де балаларды қазақша сөйлей білуге үйретуде мынадай талаптар қоямын:
Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру; сөз балаларға таныс заттарға байланысты болуы керек; әрбір сөз үнемі қайталанып отыруға тиіс; сөздік қорды молайтып отыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.
Баланың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйеніп, мынандай тәсілдер қолданамын: сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгімелеу ); көрнекі құралдарды қолдану (сурет, ойыншық, муляж, бейнефильм т.б.); ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті-рөльдік,логикалық ұлттық т.б.).
Баланың сөздік қорын молайтып,жаңа сөздерді меңгертуде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі - сөздік жұмыс. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, практикада қолдана білуде ойынның атқаратын рөлі ерекше.

Қазір республикамыздың барлық мекемелерінде, барлық ұжымдарда қазақ тілін үйрету сабақтары жүргізіледі. Оқушыларды екі топқа бөліп оқытамыз. Басқа ұлт өкілдері үшін қазақ тілін игеру, меңгеру аса күрделі. Өйткені орыс тілі құрылысы жағынан қопармалы яғни, флегтивті тілге жатса, қазақ тілі агглютинативті яғни, жалғамалы тілдің қатарына жатады. Өзге тіл өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы басты мақсат сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, қойылған сұрақты дұрыс түсініп, оған толық және дұрыс жауап бере білуге үйрету. Адамның қоғамдық өмірі қарым-қатынассыз болмайды. Сол қарым-қатынаста біреуге-біреу ойын айту, пікір алысу тілдік қарым-қатынасты тудырады.
Сабақтарымда тілді үйретуде тілдік қатынас мақсатын (коммуникативтік) әдісін пайдалануды алға қойдым.
Адамдардың қарым-қатынасы бірінші орында тұрады да, грамматика екінші орында.
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап жазу үйренгенге дейін сөзді, сөйлеуді үйренбей ме? Сондықтан сабақта тіл дамыту жұмысын жоспарлағанда грамматиканы

Меңгертумен қатар, сөйлесу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлдік.
Егер өзге ұлт өкілдері қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алмаса айып емес, оны сөйлесу барысында түзетіп отырамыз. Ең негізгі мақсат үйренушінің айтылған ойды дұрыс түсініп, дұрыс жауап беруінде.
Тіл үйретуді жоспарлағанда тұрмыста қолданылып, күнделікті өмірде қажетті-ау деген тақырыптарды алдық. Мысалы: «Танысу», «Жыл мезгілдері», «Ауа райы», «Дүкенде», «Отбасы», «Салт-дәстүрлер», «Ұлттық тағамдар» т.с.с.
Сабақты жүргізгенде өткізілетін тақырыптарға байланысты мақал-мәтелдер, тиым сөздерді жиі қолданамын. Сонымен қатар халқымыздың халық әндерін де үйретіп айтқызамын.
Алдыңғы сабақта үйретілген сөздер келесі сабақта өтілетін сұхбатымыздың негізгі тірегі және меңгеретін сөздердің байланысы болып отырады.
Біздің халық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа өте бай және ырымшыл. Басқа ұлт өкілдеріне осылардың мағынасын, мәнін мейілінше қарапайым тілмен түсіндіріп, ұғындыруға әрқашан ізденіспен қарап атсалысамын.
Оқушылар сабаққа өте жауапты қарап, үнемі қатысып отырады. Сабақты дөңгелек үстел басында сұхбат, сұрақ-жауап әдісімен жүргіземін.Үйренушілер өздерін еркін ұстап, әңгіме-дүкен құрып, сұраққа біріге отырып дайындалады. Бұл әдіс үйренушілердің тіл табысып, бір-бірімен санаса отырып пікір айтуына төселдіруге ықпал етеді. Өзге ұлт өкілдеріне тіл үйрету оңай емес, олардың қызығушылығын арттыру үшін үнемі өмірмен байланыстырып, екі тілде түсіндіремін. Жаңа сөздерді, өтілетін тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді, мәтіндерді екі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!