БАСҚАРУ СТИЛЬДЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІ
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғасырға жуық тарихы бар еліміздің алдыңғы қатарлы бетке ұстар білім ордасы. Іргесі қаланғаннан бері үлкен белестерді бағындырып, Орта Азияда және Әлемдік деңгейде көш бастап келеді. Еліміздің осындай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орнында мықты мамандардың басқару ісі бойынша психологиялық дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мақсатында «Басқару психологиясы» пәні оқытылады. Аталмыш пәннен психология ғылымдарының кандидаты, доцент Болтаева Алия Масакбаевна «Басқару стильдері. Жетекшінің басқару стилінің ерекшеліктері мен өнімділігі» тақырыбы бойынша 1 курс магистранттарына дәріс оқыды. Аталған тақырып бойынша талқылаулар семинар сабақтарында жалғасын тапты. Семинар сабақтарында магистранттар Курт Левиннің басқару стильдері бойынша пікір алмасып, әртүрлі көзқарастарды сараптады, бұл өз кезегінде оларға басқару психологиясына деген терең түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, сабақ барысында олар ұйымдағы әрбір қызметкердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескерудің маңыздылығын ұғынады, осылайша болашақта әртүрлі ұжымдық құрылымдарда жұмыс істеген кезде икемді басқару стилін қолдануға үйренеді.
Қазіргі заман талабына сай басқару стильдерінің түрлерін әртүрлі ұйымдастырушылық ортада өзіне тән басқару стильдерін қолдану үлкен маңызға ие. Осыған байланысты жұмыстың өнімділігі артуы мүмкін. Әсіресе білім беру саласында, шығармашылықта басқарудың демократиялық және либералдық стилін қолдану маңызды деп есептеймін. Демократиялық басқаруда жетекші қызметкерлердің пікірлерін тыңдап, шешім қабылдауда олардың қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл стиль ұжымды біріктіріп, олардың өз жұмысындағы жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Демократиялық стильдің басты артықшылығы – қызметкерлердің мотивациясы жоғары, ал шығармашылық қабілеттері ашылады, бұл өз кезегінде ұйымның тиімділігін арттырады. Либералдық стильде басшы қызметкерлерге толық еркіндік береді, яғни олар өз міндеттерін өз бетімен орындайды. Бұл стиль ұжымның өзара сенімін арттырады, бірақ жауапкершіліктің әлсіреуіне және өнімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Либералдық стиль шығармашылық жұмыстағы мамандар үшін қолайлы болып келеді.
Жетекшінің басқару стилі жұмыстың өнімділігіне тікелей әсер етеді. Мәселен, авторитарлық стиль қысқа мерзімді жобаларды орындауда жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі, ал демократиялық стиль ұзақ мерзімді даму мен қызметкерлердің жоғары мотивациясын қамтамасыз етеді. Либералдық стиль шығармашылық салаларда тиімді болуы мүмкін, алайда ұжымға нақты мақсаттар мен жоспарлар қажет кезде қиындықтар тудыруы ықтимал. Жетекшінің басқару стилін дұрыс таңдау – компанияның табыстылығы мен қызметкерлердің жұмысына деген ынтасына тікелей әсер етеді. Әр түрлі басқару стильдерінің өзіне тән ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, бірақ олардың барлығын белгілі бір жағдайда тиімді түрде қолдану мүмкін емес. Тиімді басқару үшін жетекші ұжымның қажеттіліктерін, жұмыстың сипатын, сондай-ақ өзінің және қызметкерлерінің жеке ерекшеліктерін ескеруі керек.
Осыған орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары, басқару психологиясының қыр-сырын зерделей отырып, қоғамда бәсекеге қабілетті, білікті маманға айналу жолында маңызды қадам жасауда. Университетте осы пән бойынша білім алып жатқан магистранттар түрлі жағдайларда тез әрі дұрыс шешім қабылдауға, адамдармен тиімді жұмыс жасауға, ұжымның ынтымақтастығын арттыруға бағытталған практикалық және теориялық негіздерді игеруде. Пән бойынша алған білімдерін педагогикалық практикада қолданып, тек теориялық тұрғыда ғана емес сонымен қатар тәжірибе жүзінде де басқару стильдерінің түрлерін білім беру саласында да қолданып, алған білімдерін шыңдау үстінде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары «Басқару психологиясы» пәні аясында басқару стильдерінің ерекшеліктерін және олардың ұжымға әсерін жан-жақты зерттеп қана қоймай, түрлі жағдайларда өздерінің басқару стилін қалыптастыру үшін маңызды қадамдар жасауда. Бүгінгі күнде басқару психологиясының маңызы артып келеді, өйткені тиімді басқару стилін таңдау тек ұжымның өнімділігіне ғана емес, ұйымның жалпы табысына да тікелей әсер етеді. Университетте білім алып жатқан магистранттар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана отырып, білім беру мекемелерінде басқарудың тиімді әдістерін қалыптастыруда. Әсіресе, олар нақты жағдайларға бейімделген басқару стилін таңдап, сол стильдің ұйым мәдениетіне және қызметкерлердің жұмыс ынтасына қалай әсер ететінін зерттейді. Бұл тәжірибе болашақта магистранттарға білім беру саласында немесе басқа да салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Магистранттар демократиялық және либералдық басқару стильдерінің қызметкерлердің шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесетінін түсініп, осындай стильдердің артықшылықтарын педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолдануда. Олар студенттермен, әріптестермен тығыз байланыс орнатып, жұмыс барысында серіктестік пен өзара сенім негізінде әрекет етуге мән береді. Бұл әдіс қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсартуға да септігін тигізеді.
Университет қабырғасында алынған білімдері мен дағдылары магистранттарға тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де кәсіби маман ретінде қалыптасуға мүмкіндік береді. Басқару психологиясын меңгеру болашақ жетекшілерге әртүрлі жағдайларға бейімделуге, өзгерістерге икемді болуға, қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Сонымен қатар, ұжымды тиімді басқаруға қажетті психологиялық және кәсіби қабілеттерін жетілдіру арқылы олар қоғамдағы көшбасшылық орынды иеленуге үлкен мүмкіндік алады.
Осылайша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары басқару психологиясының негіздерін меңгере отырып, кәсіби дамуға және қоғамда бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуға сенімді қадам жасап келеді.
Дәуренбек Қарақат Аралқызы
География мамандығының 1 курс магистранты
Болтаева Алия Масакбаевна
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Басқару стильдерінің өнімділігі

шағым қалдыра аласыз