жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары
«Келісемін»: «Бекітемін»:
Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры
__________________ ________________
Ж.А.Ашимова Д.Қ.Өмірбаев
«_____»______20____ж «_____»______20____ж
«Васильковка негізгі мектебі» КММ
бастауыш сыныптар бойынша әдістемелік
бірлестігінің 2015 – 2016 оқу жылына
арналған жұмыс жоспары
Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:
Бейсенбаева Салтанат Серикхановна
Әдістемелік бірлестігінің тақырыбы :
«Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу»
Бастауыш сынып бағытының әдістемелік бірлестігінің мақсаты:
«Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу арқылы саралап оқыту принциптерін жүзеге асыру, ұлттық әдістерді дәріптей отырып,
ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу»
Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептік әдістемелік бірлестігі туралы ережелер
1.Негізгі ережелер:
1.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі-оқу-тәрбие үрдісін басқарудың мектепішілік жүйесінің құрылымдық бөлімшесі.
1.2.Әдістемелік бірлестік мүшелері - бастауыш сынып мұғалімдері
1.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі аталған оқу мекемесінің басқа да пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігімен, аудандағы басқа мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері бірлестіктерімен өзара қарым-қатынас жасайды.
2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің міндеттері:
2.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру: нормативтік құжаттармен танысу; заманауи педагогикалық технологияларды игеру; оқу пәндерінің оқытылу әдістемесін жетілдіру; педагогиканың және жеке тұлғаның психологиялық аспектілерін зерделеу;
2.2.Оқушыларды әлеуметтендіру мен білім берудің бірегей негіздегі әдістемелердің орындалуын қамтамасыз ету; әрбір білім баспалдағына өтудегі сабақтастықты есепке алу - мектепалды дайындықтан - орта буынға дейін. Білім беру мазмұнының деңгейі мен оқыту әдістемесі мен жас ерекшеліктеріне сай алынған технологияларды қолдана отырып, оқыту мен тәрбиелеудің бірегей қағидалары сақталған кезде сабақтастық қамтамасыз етіледі.
2.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтық және сабақтан тыс жұмыс түрлерін әр түрлі формаларын (топтық, жеке, өздік, жұптық) игерулері;
2.4. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруын, өткізуін және педагогикалық сараптама жасауын үйлестіру;
2.5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және іс - тәжірибеде қолдану;
2.6.Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысы жүйесінің дамуына және тұрақтануына жәрдемдесу;
2.7.Аталған мектептің басқа да әдістемелік бірлестігімен өзара байланысты үйлестіру;
3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің функциясы:
3.1.Мұғалімдер мен оқушылардың ұжымдық жұмысын жоспарлау мен сараптауды ұйымдастыру;
3.2.Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісін үйлестіру және педагогикалық үрдістегі барлық қызметкерлердің өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
3.3.Оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында оның педагогикалық формаларын, әдіс- тәсілдерін, қағидаларын өңдеп, үздіксіз өзгерістер енгізіп отырады;
3.4.Оқу - тәрбие қызметінің әдіс-тәсілдерін, формаларын, қазіргі заманғы технологияларды игеру мен зерделеуді ұйымдастыру;
3.5.Оқу бағдарламаларын, жоспарларды, сабақ кестелерін талқылау;
3.6.Мектеп ұжымының озық іс-тәжірибесін және басқа мектеп ұжымының озық іс - тәжірибесін жүйелеу және жалпылау;
3.7. Әдістемелік бірлестік мүшелерін марапатқа ұсыныс білдіру; ұжым жұмысын бағалау;
3.8. Мұғалімдердің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;
5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісінің міндеттері:
5.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі жауап береді:
-
Әдістеме бірлестігінің қызметін дайындауға, жоспарлауға, өткізуге және сараптама жасауға;
-
Бастауыш сынып мұғалімдерінің «әдістемелік жинағын» толықтыруға;
-
Әдістемелік бірлестіктің жұмысы мен өткізілген іс-шаралар туралы құжаттамаларды уақтылы дайындауға;
-
Әдістеме бірлестігінің отырыстарын өткізуге;
-
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жөнінде іс-шаралар өткізуге; (сабақтарға қатысу, біліктілігін көтеру, семинарларға қатысу, өз білімін көтеру тақырыбы бойынша жұмыс жүргізу)
-
Әдістеме бірлестігі мүшелерінің кәсіби теориялық және практикалық деңгейлерін көтеруге;
-
Әдістеме бірлестігі мүшелерінің өз функционалды міндеттерін уақтылы орындауға;
-
Сабаққа деген дайындықты жетілдіруге.
5.2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісі ұйымдастырады:
-
Оқу-тәрбие үрдісіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдерінің өзара қарым-қатынас жасауларын;
-
Ашық іс-шаралар, семинарлар, конференциялар, әдістеме бірлестігінің отырысын;
-
Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және таратуды;
-
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша сұрақтарына кеңес беруді.
5.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі бастауыш сынып мұғалімдері өткізетін іс-шараларды жоспарлайды, ұйымдастырады және педагогикалық сараптама жасайды.
5.5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі мектептегі оқу - тәрбие үрдісінің дамуына және тұрақтануына жәрдемдеседі.
Әдістемелік бірлестікте болатын құжаттар реттілігі:
Әдістемелік бірлестік жұмысы қалыпты болуы үшін келесі құжаттар реті болуы керек:
1.Нормативтік құқықтық құжаттар:
-
әдістемелік бірлестік құру туралы бұйрық;
-
Әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық;
-
Әдістемелік бірлестіктің жалпы ережесі;
-
Әдістемелік бірлестіктің міндеттемелері мен жүктемелері.
2. Әдістемелік жұмыс
-
өткен оқу жылының сараптамасы;
-
жаңа оқу жылының бағыттары мен міндеттері, мақсаты;
-
мұғалімдер туралы толық мәлімет;
-
жаңа оқу жылының жылдық жоспары;
-
айлық,апталық, жылдық жоспары;
-
дарынды балалар мен, үлгерімі төмен балалармен, үйде оқытылатын балалармен жұмыс жоспары;
-
жас маманмен жұмыс жоспары;
-
пән апталықтарының жұмыс жоспары;
-
ӘБ мүшелерінің өз мамандығы бойынша қажеттілігі;
-
ӘБ тәжірибелі мұғалімің жұмысын насихаттау;
-
ӘБ мүшелерінің өзіндік білімін көтеру тақырыбы жайлы мәлімет;
-
Аттестациядан өтуші мұғаліммен ағымдық жұмыс жоспары;
-
Сызбалар.
3. Бағдарламалар:
-
авторлық бағдарламалар, үйірмелер мен факультативтер бағдарламалары.
-
оқу жоспары туралы ақпарат, пәндердің оқу жылының әдістемелік –нұсқаулығы;
-
күнтізбелік – тақырыптық жоспарлар.
4. Мектепішілік бақылау
-
ақпараттық және аналитикалық анықтамалар;
-
диагностикалар.
Әдістемелік бірлестік жетекшісінде мынадай
құжаттар мен материалдар болуы керек:
-
Жылдық жоспар
-
Отырыс хаттамалары
-
ТЗЖ бағдарламалары
-
Білім сапасы мен сабақтың жүргізілу жағдайының аналитикалық бақылау материалдары болуы керек: білім деңгейлері, диагностика
-
Оқу бағдарламаларының жиынтығы
-
Мұғалімінің тақырыптық жоспарлары
-
Мұғалімнің инновациялық жұмысының көлемі
-
Сауалнамалар
-
Сараптама сызбалары
-
сабақтың түрлері мен типтері
-
талдау түрлері мен типтері
-
жеке бағытталған сабақты талдау критерийлері
-
сабақтың тәрбиелік бағытын талдау сызбасы
-
психологиялық талдау
-
демократиялық көзқараспен талдау
-
педагогикалық-психологиялық сараптама
-
талдауға арналған карточкалар
-
толық сараптама
-
ӘБ жұмысының талдауы
-
Әдістемелік ақпараттық құралдары
-
Нормативтік құжаттар
Пән мұғалімдерінің, әдістемелік бірлестігінің нұсқауы:
-
ӘБ жетекшісі ӘК мүшесі болуы керек;
Әдістемелік бірлестік:
-
оқу үрдісіне түйінді және қортынды талдау жасайды;
-
оқу мен әдістемелік курстарының құрылымын міндетті түрде әдістемелік жағынан қамту және мазмұнын өзгертуге байланысты ұсыныс енгізу;
-
оқушылардың оқу материалдарын меңгеруі, мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес оқытушы мен оқу бағдарламаларына енгізген нақты өзгерістердің алғашқы сараптамасын жүргізуі;
-
мұғалімдердің аттестациядан өтуін ұйымдастыруы мен мазмұнына ұсыныстар енгізу;
-
инновациялық іс-әрекетке мұғалімдерді тартып, ғылыми және зерттеу жұмыстарын талдап, түсінуге ынталандыру, ұсыныстар дайындап шешім қабылдап, әзірлемелер ұйымдастырады;
-
пәндер мен курстарды тереңірек меңгеру, мәдени оқу еңбегін көтеру және еңбек демалыс тәртібін сақтау мақсатында оқушылар мен ата-анаға әдістемелік ұсыныстар жасау;
-
жас мамандарға әдістемелік семинарлар ұйымдастыру;
-
оқушыларды тиімді ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту;
-
пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарын үйлестіруде пән апталығы мен олимпиадалар өткізу;
-
әдістемелік бірлестік жетекшісі педагогикалық кеңесте есеп беруге міндетті;
Әдістемелік бірлестік құқығы:
-
мектептегі оқу үрдісін жақсартуға ұсыныстарын ұсынуға;
-
оқушылардың оқу - тәрбие ісіндегі мәселелер бойынша мектеп директорының оқу тәрбие жұмысының орынбасарларынан кеңес алуларына;
-
бірлестік мүшелерінің инновациялық іс-әрекетке белсенді қатысуын мадақтауға;
-
әдістемелік бірлестіктің озық материалдарын жариялауға;
-
мектеп ішінде өздерінің біліктіліктерін көтеруге іс - шара нысандарын ұсынуға құқылы.
«Келісемін»: «Бекітемін»:
Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры
__________________ ________________
Ж.А.Ашимова Д.Қ.Өмірбаев
«_____»______20____ж «_____»______20____ж
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің
2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Қыркүйек
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Бірлестіктің отырысы №1 |
1. Әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және оқу бағдарламасымен танысу. Бірлестіктің жылдық жоспарымен таныстыру. 2. Күнтізбелік жоспарларын тексеру,бекіттіру. 3. Сынып оқушыларын қауіпсіздік ережесімен таныстыру 4.Мектеп құжаттары: оқушылардың жеке іс-құжаттарын тіркеу, реттеу. 5. Сынып журналдарын нұсқаудан өткізу, толтыру |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері
|
Хаттама |
Дарынды оқушылармен жұмыс /олимпиада,/ |
Дарынды, үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.Олармен жұмыс ұйымдастыру. |
Сынып жетекшілері |
|
Оқушылармен жеке шығармашылық жұмыстар |
1. Оқушылардың білім, білік дағдысын бақылау: 2.Бастауыш сынып: қазақ тілі, математика /жазба жұмыстары,оқу жылдамдығы/ 2,3,4с |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері |
Анықтама |
Қазан
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Әдістемелік көмек |
1. 3-сыныпта математика, қазақ тілі пәндерінің оқытылуын бақылап, жұмыс проблемасын анықтау /сабаққа қатысу/ 2. Факультатив сабақтарының жүргізілу деңгейі /сабақтарға қатысу/ 3. Сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы: үйірме, секция жұмыстарының ұйымдастырылуы. |
ӘБ жетекшісі |
анықтама |
Оқушылармен жеке шығармашылық жұмыстар |
Оқушылардың білім, білік дағдысын бақылау: |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері |
Анықтама |
Дарынды оқушылармен жұмыс |
Аудандық, облыстық олимпиадаларға, интеллектуалдық сайыстарға, қашықтық олимпиадаларға қатыстырту. |
Сынып жетекшілері |
Анықтама |
Қараша
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Бірлестіктің отырысы №2 |
1.І тоқсан қорытындысын талдау. 2. Бастауыш сынып бірлестігінің апталығын өткізу жоспарын құру. 3.Баяндама «Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін дамыту.» 4. Зерттеу жұмыстары. Тәжірибе алмасу. Бақылау жұмыстарының алыну сапасы. Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш сыныптардағы бақылау жұмыстарының орындалу нормасы (анықтама). Бірлестік жұмыстарындағы жұмыс жоспарының орындалуы. 5. Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. |
ӘБ жетекшісі
Құрмашева С.Т.
|
Хаттама |
Әдістемелік көмек |
Жас мамандарға апталықта өткізілетін ашық сабақтардың құрылымына кеңестер беру, ұсыныс білдіру. |
ӘБ жетекшісі, тәлімгерлер |
|
Дарынды оқушылармен жұмыс /олимпиада / |
Мектепішілік негізгі пәндерден олимпиадаға дайындық деңгейін бақылау, нәтижесін талдау. |
Сынып жетекшілері |
|
Оқушылармен жеке шығармашылық жұмыстар |
1.Бастауыш сынып пәндерінің берілу деңгейі:/сабаққа қатысу/ 1-4-сыныптарда ағылшын тілінің берілу сапасы /ағылш. мұғ. сабақтарына қатысу/ |
ӘБ жетекшісі |
анықтама |
Желтоқсан
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Әдістемелік көмек |
1. 1-сынып оқушыларының бағалау жүйесіне үйрену дағдыларын, оқу және жазу сауаттылығын бақылау. 2.Әліппемен қоштасу ертеңгілігі 4. Сынып журналдарының талапқа сай ұсталымы |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері
Сынып жетекшілері |
анықтама |
Оқушылармен жеке шығармашылық жұмыстар |
1.Бастауыш сынып пәндерінің берілу деңгейі: /сабаққа қатысу/ 2.1-4-сыныптарда көркем жазу дағдысы |
ӘБ жетекшісі |
анықтама |
Педагогикалық-озық іс тәжірибе /авторлық бағдарлама, әдістемелік жинақ, шығармашылық есеп беру/ |
1.Мұғалімдердің шығармашылық портфолиосы. 2. «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» бастауыш сыныптар мұғалімдерінің олимпиадасына қатысу.
|
Сынып жетекшілері Бейсенбаева С.С. |
|
Қаңтар
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Бірлестіктің отырысы №3 |
1. I жартыжылдықтың қорытынды есебі. 2. Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту. |
ӘБ жетекшісі Аштаева Д.С. |
хаттама |
Әдістемелік көмек |
Пәндердің оқу жоспары бойынша берілу деңгейі, ІІ тоқсандық , І жартыжылдық қорытынды сараптамасы . |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері |
анықтама |
Дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс |
1.Үлгерімі төмен оқушыларды бақылауға алу жолдары(педагогикалық көмек) 2. 3-4сыныптар арасында оқу жылдамдығы. |
Сынып жетекшілері |
анықтама |
Ақпан
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Әдістемелік көмек |
1. Оқушылардың сабаққа қатысу рейтингісі 2. «Озық іс-тәжірибе » тәжірибемен алмасу (өзара сабаққа қатысу) |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері |
Сабаққа қатысу
|
Дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс |
1. Үлгерімі төмен оқушыларды бақылауға алу жолдары (педагогикалық көмек) |
Сынып жетекшілері |
анықтама |
Педагогикалық-озық іс тәжірибе /авторлық бағдарлама, әдістемелік жинақ, шығармашылық есеп беру/ |
1.Аудандық семинарларға, әдістемелік күндерге қатысу |
Бастауыш сынып мұғалімдері |
|
Наурыз
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Бірлестіктің отырысы №4 |
1 Әкімшілік бақылау негізгі пәндер бойынша /1-4/ 2. Сынып журналдарының толтырылуы және баға қоры 3. Пәндік жазба жұмыстарының қорытындысы |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері
|
анықтама |
Дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс |
1. Үлгерімі төмен оқушыларды бақылауға алу жолдары (педагогикалық көмек) |
Сынып жетекшілері |
|
Педагогикалық-озық іс тәжірибе /авторлық бағдарлама, әдістемелік жинақ, шығармашылық есеп беру/ |
1.Аудандық семинарларға, әдістемелік күндерге қатысу |
Сынып жетекшілері |
|
Сәуір
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Әдістемелік көмек |
1. Оқушылардың күнделіктерін тексеру. 2-4 сыныптар |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері |
анықтама |
Дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс |
1. Үлгерім сапасы төмен шыққан сыныптарды бақылау |
Сынып жетекшілері |
|
Оқушылармен жеке шығармашылық жұмыстар |
Қашықтықтық сайыстарға, олимпиадаларға қатыстыру. |
|
|
Педагогикалық-озық іс тәжірибе /авторлық бағдарлама, әдістемелік жинақ, шығармашылық есеп беру/ |
Аудандық семинарларға, әдістемелік күндерге қатысу |
Сынып жетекшілері |
|
Мамыр
Жұмыс бағыты |
жұмыс мазмұны |
жауапты |
қайда қаралады? |
Бірлестіктің отырысы №5 |
1.Оқушылардың жеке іс құжаттарын мектеп іс-жүргізушісіне тапсыру. 2. Сынып журналдары бойынша оқушылардың бар-лық пәндерден қорытынды бағаларының нақты қойылуын, оқу бағдарламасының орын-далуын толық тексеріп , мектеп архивіне тапсыруға дайындау |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері
|
Сабаққа қатысу |
Әдістемелік көмек |
1.Мемлекеттік стандарт бойынша оқу жоспарының орындалуы 2. Негізгі пәндердің оқытылу жұмыстарының қорытындысы (пәндік есеп) |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері |
|
Дарынды , үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс |
Дарынды оқушылар мен нашар оқитын оқушылармен жұмыстың есебі |
Сынып жетекшілері |
|
Оқушылармен жеке шығармашылық жұмыстар |
1.Бастауыш сынып оқушыларының арасында «Үздік оқушы» сайысын өткізу, анықтау. 2. Бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігінің өтілуі |
Сынып жетекшілері Арынгазина М.Д. |
анықтама |
Педагогикалық-озық іс тәжірибе /авторлық бағдарлама, әдістемелік жинақ, шығармашылық есеп беру/ |
Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын бекіту. |
ӘБ жетекшісі Сынып жетекшілері |
анықтама |
«Васильковка негізгі мектебі» КММ бойынша
Бастауыш сынып бірлестігі мүшелерінің құрамы
2015 – 2016 оқу жылы
№ |
Мұғалімнің аты - жөні |
Туған жылы |
Білімі (қашан және қандай жоғарғы оқу орнын бітірді |
Қыз меті |
Пед. еңбек өтілі |
Оқу жүкте месі |
Санаты |
Білімін жетілдіру курсынан өтуі (қашан, тақырыбы) |
Мадақтамалары |
Баспа жұмыстары |
Мекен жайы, телефоны, электронды почтасы |
1 |
Бейсенбаева Салтанат Серикхановна |
18.02.1984 |
Жоғары-СМПИ, 2005 ж «Бастауыш сынып мұғалімі» |
Бастауыш сынып мұғалімі/ тәрбие ісінің меңгерушісі |
9 ж |
16 сағ |
2 |
1)2010 ж, ШҚО БАИ, «Бастауыш сыныпта өзін – өзі тану пәнінің оқытылуының өзектілігі». 2)2014 ж. 3.02-27.04, ШҚО БАИ, ІІІ деңгейлі курс |
1)2011 ж., Аудандық ББ Алғыс хаты. 2)2012ж., О.Бөкеев оқуларына белсене қатысқаны үшін Грамота, Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. 3)«Үздік ұйымдастырушы-тәрбиеші» сайысы, ІІ орын, 2013ж., Аудандық ББ. 4)2015 ж., Қалбатау ауылдық округы әкімінің Алғыс хаты. |
1)45minut.kz «Түбір мен қосымша- ның жазылуы», «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері», «8-ге көбейту және бөлу» сабақтары-2012 ж. 2)«Елім менің» тәрбие сағаты, «Мектептегі мерекелер» журналы, №11 (қараша) 2013ж |
Қалбатау ауылы, Киселева к., 36 үй, 2 п. Ү.т.6-26-79 87752738470 |
2 |
Аштаева Дамеш Сарсембаевна |
25.11.1962 |
Жоғары- Н.К.Крупская ат.СПИ, 1988 ж.«Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» |
Бастауыш сынып мұғалімі / кітапханашы |
33 ж |
18 сағ |
1 |
2014 ж., Астана, «Бастауыш сыныптарда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану» |
1)2011-12 оқу жылы –аудандық құрмет грамоталары 2)2011-12 оқу жылы Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ кеңісінің құрмет грамотасы 3)2012-13 оқу жылы –Аудандық білім бөлімінің грамотасы 4)2012-13 оқу жылы-кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай мадақтама 5)2012-13 оқу жылы аудандық пед оқудан ІІІ орын мадақтама 6)2013-14 оқу жылы кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай мадақтама 7)2013-14 оқу жылы аудандық «Үздік педагог-2014» сайысында ІІІ орын мадақтама грамота. |
1)Біржан сал Абай ауылында» сабағы, «Ұстаз» газеті, 2014 ж, №4 2)«Жадыраған жаздың шуақты күндері» мақала –«Қалба тынысы» газеті, 2013 ж 3)Bilimdiler. Kz. Сайтында «Сахна мәдениеті» сабақ-ң жоспарлары. 4)Авторлық әдіст. құрал «Сөз тіркесін дамыта оқыту арқылы оқушыларды шығармашы лыққа баулу», 2014 жыл |
Қапай батыр ауылы, Гагарина к., 6 үй, 1 п. |
3 |
Раисова Анар Аманжоловна |
01.03.1984 |
Орта арнаулы – М.Әуезов ат. СПК, 2004 ж, бастауыш сынып мұғалімі. Жоғары-М.Әуезов ат.Семей универ., 2008 ж.«Бастауыш сынып мұғалімі» |
Бастауыш сынып мұғалімі |
11 ж |
18 сағ |
2 |
2009 ж., ШҚО БАИ, «Бастауышта мектепте білім беру мазмұның өзектілігі» |
|
|
Қалбатау ауылы, Қабанбай к., 216 үй Ү.т.6-15-92 87026783027 Anar.raisova@mail.ru |
4 |
Арынгазина Молдир Дауреновна |
04.06.1994 |
Ор арнаулы-М.Әуезов ат.СПК, 2015 ж.Бастауыш сынып мұғалімі |
Бастауыш сынып мұғалімі |
0 |
17 сағ |
с/з |
- |
- |
- |
Қалбатау ауылы, Достық к., 265 үй. Ү.т. 6-24-21 87786162982 |
5 |
Бегимбетова Камария Жумабековна |
17.06.1956 |
Орта арнаулы-М.Әуезов ат.СПУ, 1993 ж., мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі Жоғары-М.Әуезов ат.Семей универ. 2004 ж., бастауыш сынып мұғалімі |
Бастауыш сынып мұғалімі |
30 ж |
8 сағ |
1 |
2005 ж., ШҚО БАИ, «12 жылдық білім беруге көшудің болашағы» |
|
1)2012 ж желтоқсан «Тәуелсіздік ұранымыз, тәуелсіз елдің ұланымыз» «Қалба тынысы» газеті 2)2012 жыл қазан «Қарттарым аман-сау жүрші» мақала «Қалба тынысы» |
Қапай батыр ауылы, Гагарина к., 8 үй Ү.т.67-3-97 87054995685 |
6 |
Мухаметкалиева Мейрамгуль Советовна |
29.04.1966 |
Орта арнаулы- М.Әуезов атындағы СПУ, 1991ж., мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі Жоғары – Шәкәрім ат.СМУ 2004 ж бастауыш сынып мұғалімі |
Кіші орталық тәрбиешісі |
16 ж |
1 ст |
1 |
2011 ж., ШҚО БАИ, «12 жылдыққа көшу жағдайында ойын технологияларын қолдану арқылы мектеп жасына дейін балалардың ойлау қабілетін дамыту» |
1)2014 ж., қыркүйек. АББ Алғыс хаты. 2)2014ж., «Дарын» респуб.ғылыми-практ.орталығының Алғыс хаты. |
1)2009 жыл «Тәуелсіздік қарсаңында» мақала, «Қалба тынысы» газеті 2)2010 жыл «Жаңа өрлеудегі Қазақстан» атты жолдауға пікір «Қалба тынысы» газеті 3)2011 жыл «Дарынды балаларды жетілдіру мақсатында» мақала «Қалба тынысы» газеті 4)2014 ж., «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мақала, «Қалба тынысы». 5) 2014 ж., «Қазақстан» сабақ жоспары, «Отбасы және балабақша» журналы. 6)2012 ж., «Мақта қыз бен мысық» сабағы, «Қалба тынысы». |
Қалбатау ауылы, Айдаболова к., 6 үй 87776511926 |
7 |
Құрмашева Самал Төлеубекқызы |
01.07.1994 |
Орта арнаулы – М.Әуезов ат.СПК, 2015 ж мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі |
Даярлық тобының тәрбиешісі |
0 |
с/з |
|
- |
- |
- |
Қалбатау ауылы, Саякова к., 46 үй, 23 п. Ү.т.6-18-88 8775 882 42 04 |
8 |
Абильмажинов Нариман Талғатұлы |
23.09.1986 |
Жоғары – СМПИ, 2009 ж музыка пәні мұғалімі |
Музыка пәні мұғалімі /тәлімгер |
6 ж |
9 сағ |
2 |
"2012 ж., ШҚО БАИ; «Музыка пәнін оқытуда АКТ- ны қолданудың ерекшелігі» |
1)2010 ж, наурыз Наурыз мерекесіне орай өткен көркемөнерпаздар байқауына белсене қатысқаны үшін Грамота, Ауд.Мәдениет бөлімі; 2) 2010ж., ІІ орын, «Үздік музыка мұғалімі-2010», АББ Грамотасы; 3) 2014 ж, қазан. АББ Грамотасы; 4)2014 ж, желтоқсан,»Жас өнерпаз -2014», Аудан әкімінің Грамотасы |
|
Қалбатау ауылы, Ахтамберді к., 208 үй Ү.т. 6-17-59 87751307329 |
«Васильковка негізгі мектебі» КММ бойынша
бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі мүшелерінің өз білімін өзі көтеруі
№ |
Мұғалімнің аты - жөні |
Сыныбы |
Жалпы мектеп тақырыбы |
Өзін-өзі білімін жетілдіру тақырыбы |
Тақырып бойынша жұмыс қашан басталды ? |
Жұмыс қай уақытта аяқталуы мүмкін ? |
Өзін – өзі білімін көтерудің мақсаты мен міндеті |
ӘБ, педкеңеске және т.б. қандай материалдар дайындайды ? |
1 |
Бейсенбаева С.С. |
3 |
Оқу – тәрбие үрдісіндегі оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық сана – сезімдерін қалыптастыру |
Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқу әрекеттері арқылы оқушылар- дың ойын дамыту |
2013 ж |
2017 ж |
Баяндама, сабақ жоспары, есеп |
|
2 |
Аштаева Д.С. |
2 |
Жаңа технологияларды пайдалана отырып, сауатты жаза білуге, мәнерлеп оқып, мазмұндап әңгімелей айта білуге, тіл байлықтарын жетілдіруді қалыптастыру |
|
|
|
Баяндама, сабақ жоспары, есеп |
|
3 |
Раисова А.А. |
1 |
Жаңа технологияны пайдалана отырып, өзіндік ой-пікірі рухани ұлттық тәрбиесі бар елжанды азамат тәрбиелеу». |
|
|
|
Баяндама, сабақ жоспары, есеп |
|
4 |
Арынгазина М.Д. |
4 |
Ойын арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту. |
2015 ж |
2020 ж |
|
Баяндама, сабақ жоспары, есеп |
|
5 |
Бегимбетова Қ.Д. |
Үйден оқыту – 1 с |
Жаңа технологияны пайдалана отырып, жан-жақты, ой пікірін еркін жеткізе алатын, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу |
2013 ж |
2017 ж |
|
Баяндама, сабақ жоспары, есеп |
|
6 |
Мухаметкалиева М.С. |
Кіші орталық |
Баланың ой-өрісін ойын технология- ларын қолдана отырып, терең ойлауға, сөйлеуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін ойлау барысында дамыту. |
2013 ж |
2017 ж |
|
Баяндама, сабақ жоспары, есеп |
|
7 |
Құрмашева С.Т. |
Даярлық тобы |
Ойын технологиясы арқылы балалардың танымдық қызығушылығын шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
2015 ж |
2020 ж |
|
Баяндама, сабақ жоспары, есеп |
|
8 |
Абильмажинов Н.Т. |
Музыка |
Оқушылардың музыканы қабылдау дағдыларын заман талабына сай ДЭКО жанрымен қалыптастыру |
2013 ж |
2017 ж |
Жаңа технологияларды жан-жақты зерттеу, танысу, үйрету |
Баяндама, сабақ жоспары, есеп |
«Васильковка негізгі мектебі» КММ бойынша
бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі мүшелерінің шығармашылық белсенділігі
2015-2016 оқу жылы
-
Мұғалімдердің сайыстар мен жобаларға қатысуы
Деңгейі |
Мерзімі |
Сайыстың, жобаның аты |
Қатысатындар аты-жөні |
Орны |
мектеп |
|
|
|
|
аудан |
5 желтоқсан 2015 жыл |
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» |
Бейсенбаева Салтанат Серикхановна |
ІІ орын; Мақтау грамотасы |
қала |
|
|
|
|
республика |
|
|
|
|
-
Мұғалімдердің семинар, конференция, педагогикалық оқуларға қатысуы
Деңгейі |
Мерзімі |
Қатысатындар аты-жөні |
Өтілетін шара |
Қатысу формасы |
аудан |
16.03.2016 |
Бейсенбаева С.С. |
«К.Шәкенов атындағы орта мектебі» КММ «Интербелсенді әдістерді қолдану арқылы сапалы білім алуға бағыттау» аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары |
Іс – тәжірибе алмасу |
15.04.2016 |
Бейсенбаева С.С. Арынгазина М.Д. |
«Бірлік орта мектебі» КММ «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау – оқыту сапасын арттырудың кепілі» аймақтық семинар |
Іс – тәжірибе алмасу |
|
22.04.2016 |
Бейсенбаева С.С. Аштаева Д.С. |
«К.Шәкенов атындағы орта мектебі» КММ «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы критерийлік бағалаудың рөлі» аймақтық семинар |
Іс – тәжірибе алмасу |
|
18.04.2016 |
Бейсенбаева С.С. |
«№236 орта мектебі» КММ «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік оқыту бағдарламасы арқылы отбасы тәрбиесін жүзеге асыру» аудандық семинар |
Іс – тәжірибе алмасу |
|
облыс |
13.01.2016 |
Арынгазина М.Д. |
«Георгиевка орта мектебі» КММ «Бастауыш оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру» облыстық семинар |
Іс – тәжірибе алмасу |
24.02.2016 |
Арынгазина М.Д., Раисова А.А. |
Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы |
Іс – тәжірибе алмасу |
|
республика |
|
|
|
|
-
Әдістемелік материалдарды дайындау
Мұғалімнің аты-жөні |
Әдістемелік жұмыстың аты |
Мақсаты |
Уақыты |
|
|
|
|
-
Мектептің іс – тәжірибесін көрсететін әдістемелік бірлестік мүшелерінің мақалалары
Автордың аты-жөні |
Мақаланың аты |
Баспасы |
Жылы |
Арынгазина Молдир Дауреновна |
«Білім – дүниетанудың кәусар бұлағы» |
Ustazdar-alemi.kz |
12 қараша 2015 жыл |
-
2015 - 2016 оқу жылында ӘБ мүшелерін мақтау қағаздарымен, атақпен марапаттау
Мәртебе |
Марапатталғанның аты-жөні |
Марапаттың аты |
Не үшін марапатталды |
мектеп |
|
|
|
аудан |
|
|
|
қала |
|
|
|
республика |
|
|
|
ӘБ жетекшісі: С. Бейсенбаева
«Васильковка негізгі мектебі» КММ бойынша
Бастауыш сыныптардың 2015 – 2016 оқу жылындағы үлгерім көрсеткіші
Сыныптар |
І тоқсан |
ІІ тоқсан |
ІІІ тоқсан |
ІҮ тоқсан |
Жылдық |
|||||
сапа |
үлгерім |
сапа |
үлгерім |
сапа |
үлгерім |
сапа |
үлгерім |
сапа |
үлгерім |
|
1 |
|
|
|
|
85% |
100% |
|
|
|
|
2 |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
|
|
|
|
3 |
69% |
100% |
69% |
100% |
69% |
100% |
|
|
|
|
4 |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
|
|
|
|
барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ӘБ жетекшісі: С. Бейсенбаева
«Васильковка негізгі мектебі» КММ ______ сынып оқушыларының
2015 – 2016 оқу жылының ІІ тоқсанындағы
пәндер бойынша білім, білік, дағдыларын тексеру мониторингісі
№ |
Оқушының аты - жөні |
Әдебиеттік оқу |
Қазақ тілі |
Математика |
|||||
Шығарма |
Диктант №1 |
Диктант №2 |
Диктант №3 |
Мазмұндама |
Бақылау жұмысы №1 |
Бақылау жұмысы №2 |
Бақылау жұмысы №3 |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«5» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«4» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«3» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«2» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Білім сапасы: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Күні:_________________
Сынып жетекшісі:________________________
«Васильковка негізгі мектебі» КММ бойынша
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігіндегі жас мамандар туралы мәлімет
2015 – 2016 оқу жылы
№ |
Жас маманның аты - жөні |
Туған жылы |
Сыныбы |
Білімі |
Қай оқу орнын, қай жылы бітірді ? |
Диплом бойынша мамандығы |
Тәлімгері |
1 |
Арынгазина Молдир Дауреновна |
04.06.1994 |
4 |
Арнайы орта |
М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, 2015 ж. |
Бастауыш сынып мұғалімі |
Аштаева Дамеш Сарсембаевна |
2 |
Құрмашева Самал Төлеубекқызы |
01.07.1994 |
Даярлық тобы |
Арнайы орта |
М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, 2015 ж. |
Мектепке дейінгі мекемелеріндегі тәрбиешісі |
Мухаметкалиева Мейрамгуль Советовна |
ӘБ жетекшісі: С. Бейсенбаева
«Васильковка негізгі мектебі» КММ бойынша
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігі
2015 – 2016 оқу жылы
Пән олимпиадаларының қорытындысы
Этаптары |
Пәні |
Оқушы саны |
Жеңімпаздар (аты-жөні) |
сыныбы |
мұғалімі |
мектеп |
Қазақ тілі |
3 |
Қауаш Бақжол- ІІ орын |
3 |
Бейсенбаева С.С. |
Ана тілі |
6 |
|
|
|
|
Ағылшын тілі |
2 |
Бақытбек Қанат- І орын |
3 |
Бейсенбаева С.С. |
|
Математика |
10 |
Макеш Аружан- І орын; Әбидолла Ержанат-ІІ орын |
3 |
Аштаева Д.С. Бейсенбаева С.С. |
|
аудан |
Қазақ тілі |
2 |
Қауаш Бақжол |
|
|
|
Математика |
2 |
|
|
|
|
Дүниетану |
1 |
|
|
|
|
Бейнелеу өнері |
1 |
|
|
|
қала/ облыс |
|
|
|
|
|
республика |
|
|
|
|
|
Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық,
шығармашылық және басқа сайыстарға қатысу көрсеткіштері
Этаптары |
Сайыстың аты |
Қатысқандар саны, аты - жөні |
Сыныбы |
Жеңім- паздың аты -жөні |
Мұғалімнің аты - жөні |
мектеп |
|
|
|
|
|
аудан |
«Ауыл тазалығы-ұлт саулығы» экологиялық жоба қорғау |
Теңіз Жайнар |
Даярлық тобы |
|
Бегімбетова Қ.Ж. |
қала/ облыс |
«Айналайын» |
3 (Әбидолла Ержанат, Қауаш Бақжол, Тұрсынғали Дарын) |
3 |
Әбидолла Ержанат- ІІ орын; Қауаш Бақжол- ІІІ орын; Тұрсынғали Дарын – ІІІ орын; |
Бейсенбаева С.С. Аштаева Д.С. |
1 Макеш Аружан |
2 |
Макеш Аружан – ІІ орын |
|||
«Ақбота» |
7 (Әбидолла Ержанат, Қауаш Бақжол, Тұрсынғали Дарын, Қадылбек Динара, Дәулетбекұлы Бағдел, Айқын Дариға, Бақытбек Қанат) |
3 |
|
||
«Балапан» |
19 |
Кіші орталық – 8 бала; Даярлық тобы- 7 бала; 1 – сынып-4 оқушы; |
Кіші орт. б-ша: Қарынбай Аяла-ІІІ орын, Дель Тимур-ІІІ орын, Азамат Ақерке-ІІІ орын, Жашын Аяжан-ІІІ орын; Даяр.т. б-ша: Жұмабек Мақпал-ІІІ орын; Теңіз Жайнар-ІІІ орын; Советхан Диас-ІІ орын; Ербол Таңат-ІІІ орын; Арынғазы Ислам-І Іорын. |
Мұхаметка- лиева М.С., Құрмашева С.Т.; Раисова А.А. |
|
|
«Бритиш Енглиш» ағылшын тілінен |
2 (Әбидолла Ержанат, Бақытбек Қанат) |
3 |
|
Айжанова Ж.Н. |
|
«Пони» орыс тілі пәнінен |
1 (Әбидолла Ержанат) |
3 |
|
Каримова М.Н. |
|
«Малахит» |
11 |
2-сынып бойынша: Қайрол Ақмарал, Макеш Аружан, Сайақат Еркеқұлан; 3-сынып бойынша: Бақытбек Қанат, Тасқын Ертай, Қадылбек Динара, Әбидолла Ержанат, Тұрсынғали Дарын; 4-сынып бойынша: Нұрғалый Қарақат, Сайақат Бота, Тасқынбек Таңнұр |
Әбидолла Ержанат- ІІІ орын, Бақытбек Қанат-ІІІ орын, Макеш Аружан- ІІІ орын. |
Аштаева Д.С., Бейсенбаева С.С., Арынгазина М.Д. |
|
«Leader» ағылшын тілінен |
|
3-сынып бойынша: Әбидолла Ержанат, Бақытбек Қанат |
|
Айжанова Ж.Н. |
|
«Кенгуру-математика барлығы үшін» Математика пәнінен |
|
3 –сынып бойынша: Әбидолла Ержанат, Бақытбек Қанат, Қауаш Бақжол, Тұрсынғали Дарын, Тасқын Ертай |
|
Бейсенбаева С.С. |
республика |
|
|
|
|
|
ӘБ жетекшісі: С. Бейсенбаева
______ сынып оқушыларының оқу дағдысын тексерудің
САРАПТАМАСЫ
2015 – 2016 оқу жылы
Мерзімі: «______» _______________ 2015 ж
Оқу шапшаңдығы:
І жартыжылдықта – __________________
ІІ жартыжылдықта - __________________
№ |
Оқушының аты - жөні |
1 минутта оқыған сөз саны |
Оқу дағдысы |
||||||
Тәсілдері |
Дұрыстығы |
Мәнерлеп оқуы |
|||||||
Буындап оқиды |
Буындап және кейбір сөздерді толық оқиды |
Толық сөздерді оқи алады |
Қатесіз оқиды |
Талапқа сай |
Талаптан жоғары |
Мәнерлеп оқыды |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сынып жетекшісі:________________________________
2015 жылдың 18 қыркүйек күні өткізілген
бастауыш сынып мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестік отырысының
№1 хаттамасы
Қатысқандар – 7
Қатыспағандар – 0
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
-
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «2015 – 2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатымен, нормативтік құжаттармен, оқу бағдарламасымен, бірлестіктің жылдық жоспарымен таныстыру (Жауапты ӘБ жетекшісі Бейсенбаева С.С.).
-
Күнтізбелік – тақырыптық жоспарларды бекіту (Жауапты бірлестік мүшелері).
-
Мектеп құжаттарын реттеу жұмыстары: оқушылардың жеке іс -құжаттары, сынып журналдарын толтыру (сынып жетекшілері).
-
Жас мамандарға тәлімгерлер бекіту (Жауапты ӘБ жетекшісі Бейсенбаева С.С.).
Тыңдалды:
-
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің Бейсенбаева Салтанат Серікханқызы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2015 – 2016 оқу жылына арналған Оқу бағдарламасы және Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып өтті. Әдістемелік нұсқау хатта көрсетілгендей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігін, мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әр түрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым – қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс деп атап өтті. Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың негізгі міндеттеріне тоқталып өтті. Бастауыш білім беру деңгейіндегі тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытуда мұғалімдер жаттығулар, тапсырмалар орындатқанда, есептер шығартқанда және әр түрлі мәтіндер оқытқанда, оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға аса көңіл бөлу керектігін айтып өтті:
-
Сауат ашу мен әліппе бойынша буындап оқу даярлықтан басталынып, оқушы 1 сыныпқа келгенде буындап оқи білу керектігі; мәнерлеп оқу, сөйлем түрлерін меңгерту кезінде дауыстың өзгеретіндігін үйретіп, көп көңіл бөлу керектігі, әрбір сыныптың жас ерекшелігіне сәйкес оқу техникасының мөлшері айтылды;
-
Математика пәні бойынша дәптерге есептің тек нөмірін белгілеу, есептің шартын қысқартып жазу керектігіне, бағыттардың дұрыс сызылу ережелері, 4 сыныпта математикалық формулаларды үнемі жаздырту арқылы орта буынға даярлау туралы талқыланды;
-
Қазақ тілі пәні бойынша әрбір сыныпта қанша сынақ хат, мазмұндамалар мен шығармалардың көлемдері еске түсірілді;
-
Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың оқу шапшаңдықтарын тексеру аптасына 1 рет сабақтан тыс уақытта тексеру керектігі жөнінде айтылды;
-
Оқушылардың дәптерлерін тексеру шарттары мен сынып журналын толтыру мәселелері талқыланды;
-
Үй тапсырмасының көлемі, орындау ұзақтығы мен мөлшері де оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс;
-
Қабілетті және үлгермейтін оқушылармен жұмыс жоспарын құру, сондай – ақ ол оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізілу керектігін айтып өтті;
-
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарымен таныстыра отырып, әрбір мұғалімге тапсырмалар бөліп берді.
-
Күнтізбелік – тақырыптық жоспарды құру кезінде әрбір пәннің оқу жүктемесі қатаң назарға алыну қажеттілігі, мереке күндері ескерілу керектігі, осы жоспар бойынша сынып журналдары толтырылатыны, қателік жібермеу туралы ескертілді.
-
Мектеп құжаттары: оқушылардың жеке іс –құжаттары іс – жүргізушінің нұсқауы бойынша толтырылуы тиіс деп ескертілді.
-
Жас мамандардың саны анықталып: оларға еңбек өтілі көп тәлімгерлер бөлінді:
-
Даярлық тобының тәрбиешісі Құрмашева Самал Төлеубекқызына – Мухаметкалиева Мейрамгүл Советқызы;
-
Бастауыш сынып мұғалімі Арынгазина Мөлдір Дәуренқызына – Аштаева Дәмеш Сәрсенбайқызы бекітілді.
Шешімі:
-
2015 – 2016 оқу жылына арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау, әрбір сабақты жоспарлау Әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес құрылсын.
-
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015 – 2016 оқу жылына құрылған жұмыс жоспары бірауыздан мақұлданып, қолдау тапқандықтан, мектеп директоры мен оқу ісі меңгерушісіне бекітілуге жіберілсін.
-
Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер жұмыс жоспары жүйелі түрде құрылып, жұмыс жүргізілсін.
-
Оқушылардың жеке іс қағаздары мен сынып журналдары талапқа сай толтырылып, уақытында тапсырылсын.
ӘБ жетекшісі: Бейсенбаева С.С.
Хатшы: Аштаева Д.С.
2015 жылдың 6 қараша күні өткізілген
бастауыш сынып мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестік отырысының
№2 хаттамасы
Қатысқандар – 7
Қатыспағандар – 0
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
-
І тоқсан қорытындысын талдау (Жауапты сынып жетекшілері, тәрбиешілер).
-
Бастауыш сынып бірлестігінің апталығын өткізу жоспарын құру (Жауапты ӘБ жетекшісі Бейсенбаева С.С.).
-
Баяндама: «Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін дамыту» (Жауапты даярлық тобы тәрбиешісі Құрмашева С.Т.).
-
Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш сыныптардағы бақылау
жұмыстарының орындалу нормасы (Жауапты ӘБ жетекшісі
Бейсенбаева С.С).
5.Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуы (Жауапты сынып жетекшілері).
6. Бастауыш сынып оқушыларының мектепішілік негізгі пәндерден олимпиадаға дайындық деңгейі (Жауапты сынып жетекшілері).
Тыңдалды:
-
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Бейсенбаева С.С. 1 – 4 сынып жетекшілерінің есебі бойынша бастауыш сыныптардың білім сапасы 84% құрағанын, оның ішінде 2-сынып оқушыларының білім сапасы 100%, 3 – сынып оқушыларының білім сапасы 69%, 4 – сынып оқушыларының білім сапасы 100% құрағанын айтты. Үздік оқушылардың саны: 2-сыныпта – 5, 3 – сыныпта – 3, 4- сыныпта -2 оқушы. Үлгермейтін оқушы жоқ. 4 – сыныптағы оқушылар саны 1 оқушыға кеміді (Рахимбаева Шұғыла Өскемен қаласына кетті).
-
Мектептің 2015-2016 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес қарашаның 16 – 23 аралығында бастауыш сыныптардың апталығы өтілуі керек деп ӘБ жетекшісі хабарлады. Алда келе жатқан 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні және ҚР Тәуелісіздігінің 24 жылдығы мерекелеріне орай онкүндік ұйымдастырып, әрбір сыныпта 1 ашық сабақ, 1 тәрбие сағаты, кіші орталық пен даярлық топтарында 1 ашық сабақ және 1 ертеңгілік, музыка пәні бойынша 1 ашық сабақ өткізу туралы ұсыныс білдірді. Әрбір сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге қай пәннен ашық сабақ өткізу жөнінде тапсырмалар берілді.
-
Даярлық тобының тәрбиешісі Құрмашева С.Т. «Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін дамыту» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада көркем әдебиеті сабағы кезінде көркем шығармалармен таныстыру арнайы сабақтармен қоса тіл дамытуға берілген білімдермен іске асырылады, ал, жұмбақ шешу мақал-мәтел, жаңылтпаш оқу жұмыстары әр сабақтың мазмұн, мақсатына қарай таңдап алынып сабақ жоспарларында көрсетіледі. Түрлі заттармен іс-әрекетке байланысты тәрбиеші балаларға өздігінен жұмбақ құратып айтқызады. Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, тәрбиеші балаларды шығарма жанрларын ажырата білуге үйретеді. Олардың тілін ширатып көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілікке тәрбиелейтінін айтты.
-
Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш сыныптарда математика пәнінен бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстары, қазақ тілінен диктант, мазмұндама, ана тілінен шығарма жұмыстары күнтізбелік – тақырыптық жоспарға сай уақытында өткізіледі. Әр сынып жетекшісі алынған бақылау жұмыстарына талдау жасап, олардың мониторингісін шығарып отыратындықтарын айтып өтті. Сынып журналындағы бақылау жұмыстарының бағасы дәптердегі бағалармен сәйкестігі тексерілді.
-
Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуы туралы әрбір сынып жетекшісі есеп берді. Атап айтсақ, 1-сынып бойынша Ахметолла Әлішер, Логунов Алексей, Садыков Ернұр, 3-сынып бойынша Умирбаев Сейілхан мен Броварь Маркпен жүргізілетін жұмыстар күнделікті жүргізілетіндігі, оларға қосымша тапсырмалар беріліп отырылатындығы және ата – аналарымен тығыз байланыс жасалынатыны туралы есеп берілді. ӘБ жетекшісі тарапынан оқушылардың үлгерімін арттыру жөнінде кеңестер, тапсырмалар берілді.
-
Бастауыш сынып оқушыларының мектепішілік негізгі пәндерден олимпиадаға дайындық деңгейі. Мектепішілік олимпиадаға 2-3-4 сынып оқушылар арасынан үлгерімі өте жақсы оқушылар іріктеліп алынды. Олармен қосымша жұмыстар жүргізу жөнінде ӘБ жетекшісі Бейсенбаева С.С. сынып жетекшілеріне тапсырма берді. Сондай – ақ, олимпиада тапсырмаларын жас ерекшеліктерін, мемлекеттік білім беру стандартын ескере отырып, мұқият, зерделеп барып, құру керектігін ескертті.
Шешімі:
-
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасы І тоқсан бойынша қанағаттанарлық деп есептелінсін.
-
Бастауыш сыныптар апталығының жоспары құрылып, оқу ісінің меңгерушісінің келісімімен бекітілсін. Апталыққа әрбір сынып жетекшісі жауапкерілікпен қарап, дайындық жұмыстары жүргізілсін.
-
Даярлық тобы тәрбиешісі Құрмашева С.Т. оқыған баяндама қанағаттанарлық деп есептелінсін.
-
Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш сыныптардағы бақылау
жұмыстарының орындалу деңгейі қанағаттанарлық деп есептелінсін.
-
Ынтасы төмен оқушылармен жұмыс күнделікті жүргізіліп, олардың үлгерімі арттырылсын.
-
Мектепішілік олимпиадаға тапсырмалар уақытында дайындалып, қатысатын оқушылармен күнделікті қосымша жұмыстар жүргізілсін.
ӘБ жетекшісі: Бейсенбаева С.С.
Хатшы: Аштаева Д.С.
2016 жылдың 8 қаңтар күні өткізілген
бастауыш сынып мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестік отырысының
№3 хаттамасы
Қатысқандар – 7
Қатыспағандар – 0
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
-
І жартыжылдықтың қорытынды есебі (жауапты сынып жетекшілері).
-
Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту» (жауапты Аштаева Д.С.).
Тыңдалды:
-
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Бейсенбаева С.С. 1 – 4 сынып жетекшілерінің есебі бойынша бастауыш сыныптардың білім сапасы 84% құрағанын, оның ішінде 2-сынып оқушыларының білім сапасы 100%, 3 – сынып оқушыларының білім сапасы 69%, 4 – сынып оқушыларының білім сапасы 100% құрағанын айтты. Үздік оқушылардың саны: 2-сыныпта – 5, 3 – сыныпта – 3, 4- сыныпта -2 оқушы. Үлгермейтін оқушы жоқ.Сондай – ақ, сынып жетекшілері І жартыжылдықта оқу – тәрбие бойынша жүргізген жұмыстары туралы есеп беріп, ІІ жартыжылдықта атқаратын жұмыстары туралы айтып өтті.
-
2 – сынып мұғалімі Аштаева Д.С. «Бастауыш сынып оқушыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту» тақырыбында дайындаған баяндамасын оқыды. Бастауыш сынып оқушыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы қалай дамыту керектігі жөнінде анықтама беріп, тапсырмалар қалай ойластыру керектігі жөнінде ұсыныстар айтып, өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Яғни, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтқанда, деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы. Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру талаптарын басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік түрде оқушы деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы сұранысын қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта болуы қажет. Тапсырмаларда мәтін жұмысы, ситуациялық әңгіме т.б. көркемдік жағы ескерілуі тиіс. Тапсырмалардың тартымды, қызықты болуын қадағалау қажет, оған қойылатын талаптардың толық сақталуы тапсырманың сапасын арттырып, оқушының сөйлеу тілін дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан оқулықта, сабақта кездейсоқ алынған жаттығулар болмағаны тиімді екенін ескертті.
Шешімі:
-
2015 – 2016 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша бастауыш сыныптардың білім сапасы қанағаттанарлық деп есептелінсін.
-
Оқушыларды жан – жақты дамыту үшін деңгейлік тапсырмаларды дұрыс, тиімді қолданылсын.
ӘБ жетекшісі: Бейсенбаева С.С.
Хатшы: Аштаева Д.С.
2016 жылдың 28 наурыз күні өткізілген
бастауыш сынып мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестік отырысының
№4 хаттамасы
Қатысқандар – 7
Қатыспағандар – 0
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
-
Негізгі пәндер бойынша алынған әкімшілік бақылаудың қорытындысы (жауапты ӘБ жетекшісі).
-
Сынып журналдарының толтырылуы және баға қоры (жауапты ӘБ жетекшісі).
-
Пәндік жазба жұмыстарының қорытындысы (жауапты сынып жетекшілері).
Тыңдалды:
-
ӘБ жетекшісі Бейсенбаева С.С. негізгі пәндер 2,3,4-сыныптардан алынған әкімшілік бақылаудың қорытындысымен таныстырып өтті. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен білімдері жақсы деңгейде, алайда оқушылардың сауаттылықтарын дамыту үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу керектігін, каллиграфиясын түзету

