Бастауыш білім берудегі жаңашыл әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Чапай Анаргүл Сапарқызы, «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы,
эҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптасыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» делінген.Оқыту – арнайы танымдық іс-әрекет. Ол – негізгі ойдың, ақылдың жұмысы. Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Оқытудың жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын арттырады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Заман талабына байланысты білім беру саласында әлемдік білімге бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде. Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие үдерісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, тіл шеберлігін, білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын жетілдіру — жаңа ғасыр мектебінің мақсаты. Бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Оқу-тәрбие үдерісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу — оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге жол салу болып табылады. Оқушылардың ізденгіштік қабілеттерін дамытуда логикалық тапсырмалар, қызықты есептеулер, дидактикалық ойын түрлерін пән сайын қолдану зор нәтиже береді. Оқыту үдерісінде жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану-сабақтың тартымды өтуіне ықпалын тигізеді. Оқытудың жаңа технологияларының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады. Өз тәжірибемде ойын арқылы оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқыту(интерактивті), сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс технологияларының элементтерін енгіздім. Мақсатым – оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, қабілеттерін дамыту, іздендіру, сол арқылы өз беттерімен еңбектенуге дағдыландыру. Оқушылардың сөздік қоры байыса, ой қабілеті шынықса, білімі де артады, тереңдейді және сапалы әрі тиянақты болады.
Инновциялық әдіс-тәсілдер оқушының ойлау, ізденушілік, зертттеушілік қабілеттері артып,талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауыш мектеп-оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»-деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру,оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Оқу-тәрбие үдерісінде инновциялық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы негізінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын болса, оқу-тәрбие үдерісіне олар біртіндеп оқу әрекетін орындауға бейімделеді. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойынның негізгі мақсаты:алған білімдерін қалыптастырып, ойын тиянақтап, пысықтайды.Ойын міндеті:баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады. Сабақта ойындардың қолданудың түрлі жолдары бар. Ойын сабақтың басында өткізілсе,өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасындағы ойын баланың көңіл-күйін сергітеді, ерік жігерін дамытып, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңына қарай өткізілсе тақырыпты бекітіп,сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Төменгі сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы жоғарлаған сайын 2-4 сыныптарда баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, оқушыларды саналы түрде ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде оқушылардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады.Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Мысалы,1-ші сыныпта сандарды санауға,заттарды,олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне,пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орнын тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын-халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалануда оқушының білімін күнделікті өмірмен берік ұштастырған қолайлы. Мысалы, математика сабағында балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның ерекшелігі оқушының ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушы сан үйренеді, санға ұқсас заттарды танып біледі. Ойын оқушының ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология. Оқытудың ақпараттық технологиясы — ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар. Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берудің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр. Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Мектебіміздің жаңа заманға сай жабдықталған үш информатика кабинеті бар. Информатика кабинеттеріне локальді желі орнатылған. Онда мектеп оқушылары мен мұғалімдердің ақпараттық оқу құралдарын пайдалануға және әлемдік ақпарат жүйесіне еркін еніп, өз білімдерін тұрақты жетілдіруге жағдай жасалған. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер болып саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға қолданылады. Компьютердің көмегімен түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдісіне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Сабақты түсіндру барысында интерактивті тақтаның көмегімен ақпаратты және обьектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақ соңында қолданған материалды есте сақтап, қайталап қолдана алады. Оқушылардың көпшілігі естігеннің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын арттыру процесінде жиі қолданып жүрген технологияның бірі «Сын тұрғысынан ойлау». Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастырудың тиімділігі зор. Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп,қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікір алмасады,мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады,топпен жұмыс істеуге үйренеді,жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады,қызығушылықты арттырады, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушыларды еркін сөйлеуге, сөздік қорын байытуға, өз ойын жеткізе білуге мол әсері бар. Бұған сын тұрғысынан ойлау сабақ құрылымы да әсер етеді.1.Қызығушылықты ояту. Бұл кезеңде бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау», «Еркін микрофон», «Болжау», «Кубизм» әдістер жинақталған. 2.Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады. Танысу барысында ДЖИК СО, «Түртіп алу», «Серпілген сауал», «Ойлаудың алты қалпағы» әдіс-тәсілдері арқылы оқу,іс-әрекет тапсырылады. Оқушылардың өздігінен білім алу,танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің ояну, өзіндік еңбек ету дағдысын дамытады. 3.Ой-толғаныс. Оқуды қорытындылау – рефлексия кезеңі. Эссе, «Венн диаграммасы», «Ыстық орындық», бес жолды өлең, «Бес саусақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды. Бұл кезеңде игерілген жаңа білім өз біліміне айналады. Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп,қызығушылығын оятып, еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына,достарының ойын тыңдауға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады.Осы орайда, дүниетану оқу пәні бойынша 4 сыныпта «Дала өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбында ашық өткіздім.Сабағымның мақсаты: далалық белдеу,оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы білім беру, пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін,есте сақтау,өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту,қоршаған ортаға,өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қамқорлықпен қарауға, ұжыммен,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
а/ Дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі.
в/ Білімдері табиғатты қорғауға бағытталады.
с/ Білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Сабақ барысында сабаққа психологиялық дайындық ретінде шаттық шеңберін құрдым.«Серпілген сауал» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексердім.Бұл әдіс арқылы оқушылардың білімдерінің қандай деңгейде екенін білуге болады.Оқытуда бағалау-оқушы қазіргі уақытта нe оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқушы саналы ойлануының нәтижeсі көрінеді.Сонымен қатар жeтістіккe жeткeндігін көрсeтeтін кeрі байланыс болады. Мысалы, жоғарғы жәнe төменгі дәрeжeлі сұрақтар қойғанда оқушылардың алған білімдeрі көрінеді. Сауал арқылы оқушылар осыған дейін не білетіндерін ортаға салды,пікірталас жүргізілді. Біз үнемі балаға қолдау көрсeтіп отырсақ қана жаңаны үйрeнeтін болады. Әрі бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды дeгeн. Оқушылардың білімін «жарайсың, дұрыс, әлі де ойланып көр»мадақтау сөздерімен бағаладым.Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді жәнe олардың қабылдауын, түсінуін жeңілдeтугe мүмкіндік бeріп, мұғалімдeргe сабақ бeрудe көмeктeсeтін маңызды құрал болатын АКТ-да жаңа сабақ туралы мәлімет берілді, бейнефильм көрді. Кеңейтілген тапсырмалардың «бастапқы және соңғы тақырыптар арасындағы байланыс идеясы бойынша көрген бейнефильмнен не түсінгені, қандай ой түйгені талқыланды, өз ойларын ортаға салды.
-Балалар, фильмде көрген өсімдіктер, жануарлар қайда өмір сүреді? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? -деген сұрақтар арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбы аталды және жаңа білім берілді. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады.Сол себепті проблемалық сұрақтар қойылып, дала белдеуінің негізгі сипаттары анықталды. Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының жас eрeкшeліктeрін eскeрe отырып, ынтымақтастық атмосфeрасын қалыптастыру үшін топ eрeжесін құру, оң ахуал тудыру, бірлeскен іс-әрeкeт, топтық жұмыс, қолайлы орта туғызу кeрeк болды. Ол үшін оқушылар «Сиқырлы сандықтан» түстерді алып, топқа бөлінді. Топтарға «Жауқазын», «Қыран» атаулары берілді. Әр топ өз атауларын не себепті осылай аталғанын жаңа сабақпен байланыстырды. Топ басшысын сайлады. Бұдан күтілетін нәтижe: бірлeсіп жұмыстанады; қызығушылығы, ынтасы артады, өзін-өзі рeттейді.Оқулықтан әр топқа тапсырмалар берілді.
1-ші топ.- Сары гүлді қазжуа мен жауқазындар туралы мәлімет алу.
2-ші топ.- Суыр мен борсық туралы мәлімет алу.Бұл жерде оқушылар жауаптарын топпен пікірлесіп, өмірмен байланыстыра алды. Осы топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірінің жылуын сeзініп,ұйымшылдықпeн бірлeсіп, жұмыс жасауға үйрeнсe, бірін-бірінe сeнім білдіріп және көмeктeсті. Оқушылар бұл жeрдe зeрттeушілік әңгімeгe тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтты, болжамдар ұсынып, талқылады, олар шапшаңдық танытып, өз ойларын тұжырымдап жеткізе алды. Топтар бір-бірін «бас бармақ» арқылы бағалады. Бaлaлaрғa бірін-бірі бaғaлaғaндaры, қорғaғaндaры ұнaды. Сабақты қорытындылауда «Сөйлемді толықтыр» сұрақ-жауап, «тестік тапсырмалар» берілді. Топ басшысы жұлдызшалар арқылы бағалап отырды.Оқушылaрдың жaс ерекшеліктеріне сaй сaбaқ бaрысындa сергіту сәттерін, тaпсырмaны үйлесімді әрі ұтымды ұйымдaстырылуы керек деп есептеймін. Сaбaқтың соңында «бес саусақ» рефлексия пaрaғынaн оқушылaрдың өз бетімен aлғaн, aшқaн тaқырыптaры мен білімдерінің өздеріне ұнағаны байқалды. Оқушының өзін жеке тұлға, құзырлы екенін сезінуге үлкен мүмкіндік берілді.Қорыта айтқанда, оқушы бойында оқуға, білім алуға деген ұмтылыс күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып,сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып отырады. Сондықтан инновациялық технологиялар және әдіс-тәсілдер арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады,бір –бірімен пікір алмасып, сөздік қоры көбейеді, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады.Инновациялық технологияны және әдіс-тәсілдерді меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сөзімнің соңын қорытындылай келе, жаңаша білім беруде алдымызға бір мақсат қоя отырып, инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.ҚР-ның Білім Беру Заңы. 2.Президент жолдауы.
2.Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Бастауыш сынып»
3.Ж. Садыбекова «Оқу –тәрби үрдісінде ақпараттық-коммуникациялы технологияны қолдану қажеттілігі»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз