№37 мектеп – лицейінің 1-4
сыныптарындағы бастауыш класс бойынша олқылықтармен жұмыстардың жай
күйі туралы
АНЫҚТАМА
Зерттеу
объектісі: Бастауыш сынып
оқушылары
Зерттеу
мерзімі: қараша, 2024 - 2025 оқу
жылы
Тексеру
мақсаты: негізгі пәндер бойынша төмен
нәтиже көрсеткен оқушылармен қосымша жұмыстардың тиімділігін
анықтау
Бақылау
нысаны: Тақырыптық
Тексерді: директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары
Бақылау барысында
анықталды:
2024 жылдың қазан айының 15-і
күні бастауыш сынып бойынша олқылықтармен жұмыстардың жай күйін
анықтау мақсатында бақылау жұмыстары алынды. Өткізілу мақсаты -
негізгі пәндер бойынша төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен қосымша
жгмыстардың тиімділігін анықьау.
1 «А» сыныбы бойынша
оқушылардың оқу жылдамдығын деңгейге сай оқулары үшін буындық
әріптерді, түрлі ойындарды қолдану
ұсынылды.
1 «В» сыныбы бойынша 1 оқушы
ауызша сөйлеу тілі жақсы, барлық әліппе пәнінен дыбыстарды
ажыратуы, сөз бен сөйлемдерді оқуы, әріп элементтерін жазуы әлсіз.
2 оқушы жаза алады, бірақ оқуы әлсіз. Кейбір оқушылардың жазу
мәнері қисық, диктант жазуда қателеседі, қалдырып кетуіне
байланысты қосымша жұмыс жүргізілді, әріптердің біршамасын танып,
дауысты және дауыссыз дыбыстардың кейбір түрлерін және элементтерін
бастырып жазуға дағдыланып келеді.
Сүлеймен Айжанға байланысты
жеке жоспар құрылды. Сөйлеу тілін дамыту мақсатында суретті диктант
қарап сөйлем құрау секілді жұмыс түрлері орындалды. Тұрақты
жұмыстар жүргізілгеннен кейін сөйлем құрай алады, жазу жолына
қатесіз жаза алады. Дыбыстарды, сөздерді буынға бөлу, сөздерден
сөйлем құрау тапсырмаларын орындай алды.
2 «А» сыныбында әдебиеттік оқу
пәнінен жүргізіп оқуы үшін қызықты тапсырмалар, математика
пәндерінен жеке жұмыстар орындатылған.
2 «Б» сыныбында үлгерімі төмен
екі оқушымен қосымша жеке жұмыстар жүргізіліп және аптасына 3 рет
мектебіміздің дефектологына жұмыс жасауға
ұсынылды.
3 «А» сыныбы бойынша қазақ
тілі пәнінен жазу мәнерін, математика пәндерінен олқылықтарды
жөндеу үшін әрбір балаға жеке тапсврма дайындап үнемі алып
отырғандығы нәтижесінде оқушыларыда алға ілгерілеу көрсеткіші бар
екендігі көрінді. Сонымен қатар әрбір оқушыға орындау үшін
логикалық тапсырмалар дайындап берілген.
Тұжырымдар:
Ұсыныстар:
Бақылауды жүргізген
директордың
оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Тауекелов Д
Молдажарова
А