Бастауыш мектептердегі экологиялық тәрбиенің маңызы
п.ғ.м., аға оқытушысы Айтжанова Э.Н.
Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті
Студент: Әмірбекқызы Гүлсезім,
Бектемір Гүлзат
Аңдатпа
Бұл мақалада экологиялық тәрбиенің маңызы,оның оқу процесінде қолданылуы зерттеледі.Сондай-ақ,әлемде болып жатқан жағдайларды ескере отырып,күресу жолдары мен бірнеше кеңестер келтіріледі.Бастауыш сыныптардадағы тәрбие сферасына экологиялық білімнің не мақсатта қажет екені көрсетіледі.
Кілттік сөздер:Тәрбие,экологиялық тәрбие,оқыту процесі,оқушы,экологиялық сауаттылық,табиғат,табиғатты қорғау.
Бала тәрбиесі-болашақ қоғам тәрбиесі.Тәрбиенің қай бағытын алмасақ та ол қоғам мен адамзат үшін ең маңызды фактор. Сол тәрбиенің ішіндегі қазіргі күндегі ең негізгі болып табылатыны-экологиялық тәрбие.
Экологиялық тәрбие– оқытудың, тәрбиелеудің және ғылыми-тәжірибелік білім мен дағды жүйесін, сондай-ақ құндылық бағдарларды, мінез-құлық пен белсенділікті қалыптастыруға бағытталған тұлғаны дамыту. Экологиялық білім беру жүйесі мынадай принциптерді қамтиды: гуманизм, ғылымилық, интеграциялық, сабақтастық, жүйелілік және экологияның ғаламдық, аймақтық және жергілікті аспектілерін ашудың өзара байланысы.
Экологиялық тәрбие - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа деген парасаттылығын, жауапкершілік қарым - қатынасын қалыптастырады.
Экологиялық білім жалпы орта білім берудің бүкіл жүйесінде интеграциялық рөл атқарады. Ол келесі педагогикалық функцияларды орындайды:
- оқушылардың санасында дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді;
- барлық мектептегі білім беруді ізгілендірудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады;
- өзінің және басқа адамдардың іс-әрекетін болжаудың жалпы білім беру және әмбебап дағдыларын қалыптастырады;
- оқу процесінде адамгершілік тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Экологиялық тәрбие қазіргі уақытта мұғалімнен оқушыға бір жақты ақпарат ағынының ескі парадигмасы емес, екі жақты қарым-қатынасқа негізделген барлық жастағы адамдарға қатысуға және оқуға мүмкіндік беретін құрал мен процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық білім берудің мазмұны мен мәні де қайта қаралып, өзгеру үстінде. Білім беруді қайта бағдарлау жалпы алғанда, тұрақты даму қоғамның жалпы деңгейлеріндегі формальды, бейресми және бейресми білім берудің әртүрлі деңгейлерін қамтиды.
Әлемде болып жатқан жағдайларды ескере отыра,қазіргі күнде экологиялық тәрбие өзекті мәселеге айналып,маңызы күннен күнге өсуде.Атап айтсақ ғаламшарымыз силиконды пакет, пластик бөтелкелермен,адамзат қалдықтарымен,қайта қалпына келмейтін зиянды заттармен ластануда.Сондай ақ,климат өзгеріске ұшырап,біраз жағдайлар өзгеру үстінде.Міне осы жағдайларды ескере отырып қазіргі күнгі экологиялық тәрбие мен білімді қолға алып,барынша адамзатқа ғаламшарымызды сақтап қалу тек біздің қолымызда екенін түсіндіру өте өзекті жағдай болып отыр.Бұл туралы 4-сыныпқа арналған «Дүниетану» оқулығы бойынша «Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні» тақырыбында көруге болады.[1]
Экологиялық тәрбиенің маңызы:
қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге
тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері
мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың
орталығынаайналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен
ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады,
жорықтар, саяхаттар ұйымдастыруда.Осыған орай елімізде «Жасыл ел»
ұйымы құрылып,әр мезгіл сайын ауылдық,қалалық жерлерді қоқыстан
тазарту жұмыстары
жүзгізілуде.
Экологиялық тәрбие баланың табиғатты қорғауға деген құштарлығын қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар бала бойында адамгершіліктің негізін қалайды. Бізді қоршаған әлем және онда болып жатқан процестер туралы жаңа білім интеллект пен аналитикалық қабілеттердің дамуына ықпал етеді.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне-қоғам мен табиғаттың өзара байланысы туралы түсінікті, жаратылыстану-ғылыми білімдерін дамыту мен тереңдету, қоғам мен табиғатқа деген құндылық көзқарасын қалыптастыру, табиғи ортаны күту мен қорғауда белсенді өмірлік ұстанымын дамыту, экологиялық сенім мен жауапкершілікті қоса алып,сол арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелейді. Экологиялық білім беру процесінде оқушылар адамның іс-әрекетінің нәтижесі адамның өзіне, оның біліміне, осы нәтижелер мен салдарды болжай білуіне байланысты екеніне көз жеткізуі керек.
Мектептегі экологиялық тәрбиенің басты
міндеттері:
• өмірде және нақты іс-әрекетінде
экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке
төселу;
• табиғатты қорғау және өзгертуге
байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке
қосу;
• мектепте экологиялық білім және
тәрбие қорамын
ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды
табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және
тәжірибелік біліммен
қаруландыру.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек.Соңғы болып жатқан су тасқыны,күннің күрт ысуы,ауаның жаппай ластануы,адамзат қалдығының көбеюі,жер сілкінісінің жиі болуы сынды жайттардың барлығы адамзат есебінен,экологияның құнсызданғанын байқатады деп санаймыз.
3-сыныпқа арналған «Дүниетану» оқулығының «Табиғат және менің қауіпсіздігім» тақырыбы бойынша берілгендей бастауыш мектептерде экологиялық білім негізінде «Табиғаттың берген сыйы-жер,су,ауа және от.Осы сыйдың адамзат дұрыс қолданбауы есебінен адам өміріне қауіп төндіретін апатты жағдайға жеткізетінін, табиғаттағы бар нәрселерді дұрыс қолданып,оны барынша аялау керек екенін оқушыларға барынша тиімді түрде жеткізу қазіргінің міндеті екенін естен шығармаған жөн»,-деп білеміз.[2]
Қорытындылай келе: біздің ойымызша «Экологиялық білім мен тәрбие қоғамның экологиялық салауаттылығының негізі болып табылады және көптеген ғылымдардың жетістіктерін пайдаланатын табиғи және әлеуметтік білімдердің ерекше дамып келе жатқан жүйесін білдіреді. Табиғат сұлулығына құштарлық – адам баласының, әсіресе балалардың табиғи қажеттілігі. Ал балаларымыз тұтынушы емес, саналы адам, жақсы азамат болып өссін десек, қазір осыны қолға алып, олардың толыққанды экологиялық тәрбиесі мен білім алуына қолдан келгеннің бәрін жасайтын кез келді. Демек, экологиялық білім мен тәрбие адам мен қоғамның қоршаған ортаға қатынасының сапалық параметрлерін өзгертуге арналған мақсатты педагогикалық қызмет саласы болып табылады».- деп аяқтағымыз келеді.
Пайдалынылған әдебиеттер:
-
Тұрмашева Б. т.б. T 86 Дуниетану: Жалпы білім беретін мектептің, 4-сыныбына арналған оқулық / Б. Тұрмашева, С. Салиш, В. Пугач. - Алматы: Атамұра, 2019. - 144 бет.
-
Тұрмашева Б. К., т.б. Т86 Дүниетану:Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық/Б.К. Тұрмашева, С.С. Салиш, В.Г. Пугач. -Алматы: Атамұра, 2018. - 96 6.
-
к.т.н. Питак И.В., к.т.н. Моисеев В.Ф., к.т.н. Питак О.Я. Национальный технический университет «Харьковский политехнический институт», Украина «Экологическое воспитание в процессе обучения»
-
Ситак Л. А. Формирование экологической культуры студентов педагогических вузов средствами внеклассной работы// Крымский научный вестник. — №4 — 2015 г., Том 2.
-
https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3264-ekologialik-tarbie.html
-
EDUCATION, INFORMATION AND AWARENESS мақаласы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз