Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік біліктілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік біліктілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік біліктілігі, шығармашылық бағыты, кәсіби жоғарылауы, зерттеушілік қабілеттері.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Адильбекова Замира Жаңабекқызы

Тараз қ.
№69 келешек мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Қоғамымыздағы түбірлі өзгерістер, әсіресе, оқу ағарту, білім беру саласындағы ізгілендіру мен демократияландыру процестері мектептерде білім мазмұнын жаңартуды, білім беруді басқару жүйесін жетілдіруді, мұғалімге қойылатын талап деңгейін өзгертуді қажет етіп отыр. ХХІ ғасыр шебінде мұғалімдер даярлау жұмысында қазіргі жаңа оқыту технологияларының дамуына байланысты студенттерді педагогикалық оқу орындарында дәріс алып жүргеннің өзінде-ақ болашақ мамандарды даярлау сапасына ықпалын бұрынғыдан да күшейте түспек. Өйткені, ХХІ – ғасыр табалдырығында білім өзінің маңыздылығы жөнінен елдің стратегиялық ресурстарымен бәсекелесе алатын капиталға айналады. Ғылыми теорияның, практиканың, техниканың жетістіктерін игерудің және жаңа технологияларды жасаудың, әрбір маман иесінің өз мамандығына толыққанды жауап бере алуын, жоғары білікті мамандарды қажет ететіні айқын болып отыр.

Болашақ және қазіргі заман мұғалімдері қоғам дамуының деңгейінен қалыспай отыратын, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, ғылымға, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық, адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұжыммен, педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімділігі бар, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы керек.

Қазіргі білім беру қоғамымыз мен мәдениетіміздің құрамдас бөлігі ретінде еліміздің әлеуметтік─мәдени ерекшелігін сақтауға қабілетті жас ұрпаққа халықтың құндылықтарына сәйкес салауатты өмір салтын таңдауға көмектеседі. Білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңіне қатысу үшін мұғалімге зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруды күрделі мәселе етіп отыр. Сондықтан ұсынылып отырған оқу құралы мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары, оның теориясы мен әдістері, формалары, заңдылықтары, принциптері мәселесі жөнінде болып отыр.

Бұл жөнінде білім беру қызметкерлерінің, болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлау кезінде оның зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының мазмұны мен оны қалыптастырудың әдістемесін теориялық әдіснамалық тұрғыда қарастырдық.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп ─ бұл болашақ мектебі: мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, бала жеке басының дамуына педагогикалық жағдай және өзін─өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп.

Мұндай өнімді және нәтижелі мектепті басқару білім саласындағы қызметкерлерден мейлінше инновациялық дамуды көздейді. Инновациялық процестердің білім саласындағы күрделілігі және қайшылықтары мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуының қажеттігін көрсетеді. Бұл мәселе тек қана оны әсер етудің құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар жалпы орта білім беру саласындағы білімнің гуманитарлық үлгісін көрсетеді.

Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалім де, оның кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді талап етеді.

Ертеңгі күннің болашағын бүгінгі жастарымыздың білімділігі мен тәрбие, парасаттылығынан, олардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінен, жауапкершілігінен байқап тұжырым жасауға болады. Өйткені, бүгінгі күннің жастары, яғни студенттер ертеңгі болашақтың көш басшысы, ел тұғырын биік ұстар азаматтары.

Қазіргі күннің студенттері өз болашағының биік шыңына өзі білімі мен парасаттылығы, іскерлігі мен дағдысының шеберлігіне, шығармашылық белсенділігін бір іске жұмылдырғанда ғана жетпек. Демек, студент білім қуушы, қоғам жасаушы, дамушы тұлға.

Студент (латынша Studens – шұғылданушы, оқып-білуші, үйренуші) – Ежелгі Римде таным процесімен айналысқан адамдарды «Студент» деп атаған. Қазір бұрынғы арнаулы орта білім беру оқу орындарында, яғни қазіргі колледждердегі оқушыларды да «студент» деп атайды.[ ]

Студенттер – жастардың танымдық, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеті жоғары, қоршаған әлеуметтік орта, қоғамдық болмыс туралы өзіндік ішкі ой-пікірлері жүйелі түрде қалыптасып келе жатқан, өзгермелі қоғамда өздерін қарқынды, жылдам дамытуға ұмтылған алдыңғы қатарлы дамушы жеке тұлғалар. [ ]

Сондықтан кел-келген қоғам үшін студентер оның интеллектуалдық потенциалын үнемітолықтырып отыратын, қайнар бұлақ көзі болып табылады. Демек, студенттер алған білімдерінің сапасының жоғарылығы, әлеуметтік-адамгершілік тұғырының биіктігі, кәсіптік біліктіліктері мен рухани жан дүниесінің байлығы қоғамның ілгері қарай прогрессивтік жолмен қарыштап дамуының кепілдік-тұтқалық сүйеніші .[ Мұхам. 11бет]

Бүгінгі колледж студенті:

  • Мемлекеттік білім стандарттары ауқымында оқуға және қосымша (соның шінде ақылы) білім беру қызметін алуға;

  • Оқудан бос кезінде оқуын жұмыспен ұштастыруға;

  • Орта арнаулы оқу орнының қоғамдық ұйымдары мен басқару органдары арқылы орта арнаулы оқу орындары қызметінің, студенттік өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау мен шешуге қатысуға;

  • Орта арнаулы оқу орындарының кітапханаларынан ақпарат қарап, оқу ғылыми және басқа да бөлімшелердің қызметін оның жарғысында белгіленген тәртіппен тегін пайдалануға;

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға өз жұмыстарын жариялауға;

  • Жеңілдікпен медициналық қызметті пайдалануға, мемлекеттік көлікте жеңілдікпен жүруге:

Оқудағы табыстары және ғылыми-зерттеу жұмысы мен шығармашылық қызметке белсене қатысқаны үшін моральдық жағынан көтермеленуге және материалдық сыйлық алуға құқылы.



Студент үшін басты мақсат – оқу. Өзі игеріп жүрген мамандықты толық меңгеру, біліктіліін практикада шңдай отырып, кісңптңк кемелден шыңына жету. Болашақ мамандық туралы, оның даму тарихы, қазіргі жағдайы, болашағын болжап піщу арқылы іскерліктер мен дағды компоненттерін меңгеру. [ 13]

Қазіргі уақыттағы білім беру ісінің түбегейлі өзгерп отырған кезеңінде қоғам дамуына пара-пар, бәсекеге қабілетті, қоғамның әдеуметтік-экономикалық мақсат, мүдделерін қорғай алатын жеке тұлға тәрбиелеу – заман талабы болып отыр. Отандық білім беру беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу мәселесі қолға алынып, жұмыстар жүргізлуде. Соның бір себебі ретінде әлемнің елу озық мемлекеттер қатарына қосылуын көздей отырып, білім беру ісінде де түбегейлі оң істер қатары алға жылжуда.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады», - деп көрсетілген.

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызғушылығының басымдығы.

Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызды зор.

Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.


Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.

Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:

  1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.

  2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.

  3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.

  4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.

Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.

Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.



Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, тұтас педагогикалық процестің қыр-сырын толық зерттеп, меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайдан өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерліктері мен дағдыларының, педагогикалық шеберлігінің арқасында педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы мен әдістерін, оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары қалыптасқан мұғалім қажет.

Мұғалімнің іс-әрекеті туралы мәселелерге Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, П.П.Блонский, М.Жұмабаев, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский және т.б. ғалым-педагогтар көңіл бөлді. Олар өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек деді. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, іскерліктері мен дағдылары мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында және өз біліктілігін қайта көтеру кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Мұғалімнің кәсіптік даярлығы мен оның білімін көтеру мәселесі ғылымда терең зерттелген. Педагогикалық ғылымда А.И.Пискунов, О.А.Абдуллин, З.И.Василева, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, П.В.Худоминскийлердің ғылыми мектептері бар.

Қазіргі уақытта үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімнің тұлғалық мәдениетінің әр түрлі аспектілері қарастырылуда. Бұл мәселе жөнінде мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің тенденциялары мен болашағы зерттеушілердің негізгі зерттеу объектісіне айналған..

Бұл мәселе жөнінде Қазақстандық ғалымдар да өз үлестерін қосуда: тұтас педагогикалық процесс (Н.Д.Хмель және т.б.); болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы (А.Е.Абылкасымова, М.А.Құдайқұлов, И.Н.Нұғыманов, Т.С.Сабиров, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан және т.б.); эстетикалық мәдениет жөнінде (М.Х.Балтабаев, Э.И.Шыныбекова, С.А.Ұзақбаева және т.б.); мұғалімнің саяси мәдениеті (К.К.Жампеисова және т.б.); кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті (Д.Г.Мұхамедханова, А.К.Рысбаева және т.б.); мұғалімнің экологиялық мәдениеті (М.Н.Сарыбеков және т.б.); мұғалімнің инновациялық мәдениеті (Д.М.Жусубалиева, С.Н.Лактионова, Е.Гаевская және т.б.); мұғалімің адамгерішілік мәдениеті (В.В.Трифанов, К.С.Успанов, Э.А.Орынбасарова және т.б.); мұғалімнің әдістемелік мәдениеті (М.Ж.Қозыбақова және т.б.); мұғалімнің еңбек мәдениеті (К.А.Дүйсенбаев, А.П.Сейтешов, Г.Т.Хайруллин) және т.б.); мұғалімнің мәдениеті (И.Н.Нұғыманов, Ж.Шоқыбаев және т.б.); мұғалімнің экономикалық мәдениеті (А.К.Ахметов, А.П.Сейтешов, Қ.Ж.Аганина және т.б.); дене мәдениеті (Т.Ш.Қуанышев, М.Б.Сапарбаев және т.б.); мұғалімнің педагогикалық мәдениеті (А.А.Молдажанова және т.б.).

Жеке тұлғаның зерттеушілік мәдениеті, іскерліктері мен дағдылары мәселесі әлеуметтік гуманитарлық пәнердің зерттеу пәніне айналып отыр. Бұл мәселе жөнінде талдау және оның дамуы жөнінде ғылымдардың жіктелуі танылды. (Әл-Фараби, Б.М.Кедров және т.б.); мәдениеттің жалпы әлеуметтік тұжырымы әлеуметтік құбылыс ретінде түзілді. (Л.Н.Коган, Э.С.Маркарян және т.б.); философия және әдіснама ғылымдары негізделді (В.С.Степен және т.б.) және ғылымның жалпылама пәндік моделі құрылды (У.Ж.Алиев жәе т.б.); ғылым іс-әрекет құрылымы анықталды (М.Г.Ярошевский жәнет.б.); тұлғаның зерттеушілік мәдениетімен тұтас қоғам мәдениетінің өзара байланысы, бір-біріне әсері анықталды (Б.Л.Бенин және басқалар), әлеуметтік жүйедегі зерттеу әдіснамасы мен қайта білім беру мәселесі (В.С.Дудченко және т.б.); тұтас ғылымда ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің теориялық негізі анықталды (И.Г.Герасимов, Г.И.Рузавин және т.б.), педагогикалық ғылымның бөлімдері (Ф.Ф.Королев, М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, В.И.Зягвязинский және т.б.).

Мұнымен қоса педагогикада дәстүрлі білім беру жүйесіндегі зерттеушілік мәдениетті оқып меңгеру де қамтылған. Білім жүйесінің қазіргі даму тенденциясы оның қызметтік және жаңалық жағдайындағы дамуы сипатталады.

Қазіргі білім беру гуманитарландыру, әлеуметтендіру жағдайында мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, іскерліктері мен дағдылары бүгінгі күнде мәдениет феноменінің оның мәдениеті құзіретімен байланысты теориялық зерттеулерді қажет етеді. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, іскерліктері мен дағдылары мәселесі кешенді мәселе болып табылады. Бұл жөнінде зерттеулер барысында бізге ғылыми әдебиеттердің кең шеңберімен танысуға мүмкіндік берді, және ол әртүрлі ғылым салаларымен байланысты, бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болатынына көз жеткіздік. Зерттеудің әдіснамалық мәселелерін шешуде Г.И.Рузавин, В.П.Кохановский, В.С.Степин, В.И.Черников философия және әдіснама ғылымдарын зерттеуге көмектесті, ғылымтанушылар Г.Н.Волков, Г.М.Добров, В.А.Дмитренков және т.б. еңбектерінде ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы ұйымдастыру мәселесіне де тоқталған. Ғылыми-зерттеушіліктің әдіснамасын оқып меңгеруге И.Г.Герасимова, К.М.Варшавский, Т.Кун, М.Полани, К.Поппер, И.Лакатос, Д.Пельц, Ф.Эндрюсса еңбектеріне тоқталдық. Бұл еңбектердің барлығы да ғылыми зерттеудің логикалық анализін ашып бере отырып, ғылымды ұйымдастыру мәселесі, құрылымы, ғылыми кадрлардың динамикасы (қозғалысы), ғылымдардың типологиясы, ғылымның психологиялық аспектілері, оның нәтижелігін бағалау әдістері, ғылымдардың дарындылығының дәрежесін көрсетті тәсілдері және тағы басқа құнды пікірлерді зерттеуге көмектесті.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі