Материалдар / Бастауыш сынып оқушылары арасында көшбасшылық қасиетті қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушылары арасында көшбасшылық қасиетті қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас баланың бойында ерте жастан көшбасшылық қасиетті қалыптастыру оныңкелешектегі өмірінде,мінез-құлқының қалыптасуында үлкен рөл атқаруына және оның бойындағы алғырлық,орындата алушылық қабілеттерін шынайы мақсаттарға пайдалана білуіне көмектесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2018
966
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өтінім нысаны

1

Аты, тегі, акесінің аты

Алтынбаева Эльмира Жайлаубаевна

2

Жұмыс орны, лауазымы

Бастауыш сынып мұғалімі

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Б. Майлин атындағы

3 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ


3

Курсттық дайындықтан өту, тақырыбы, күні мен толық орны


4

Оқытылатын сыныптар (жаңартылған бағдарламамен сыныптарда сабақтар жүргізіледі ме, қандай?)

4 сынып

5

Байланыс телефоны

87781751298

6

e-mail (жұмыс істейтін)

Altynbaeva87.87@mail.ru

7

Мақаланың атауы

Жаңартылған жаңа бағдарламаның тиімділігі





















«Бастауыш сынып оқушыларының бойында

Көшбасшылық қасиетті қалыптастыру»

Алтынбаева.Э.Ж

Бастауыш сынып мұғалімі

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің

Б.Майлин атындағы

3 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ

Қостанай облысы, Арқалық қаласы

Ключевые слова: лидерские навыки,талант и поведение.

Кілтті сөздер: көшбасшылық қасиет, алғырлық, мінез-құлық.

Keywords:Ieadership skills, talent and behavior.

Аннотация

Прития в раннем возрасте ребенку лидерских качеств играет большую роль в жизни,помогает выполнить поставленные задачи перед собой,формирует характер,способности вести за собой,заставляет выполнятьпорученное дело.

Аңдатпа

Жас баланың бойында ерте жастан көшбасшылық қасиетті қалыптастыру оныңкелешектегі өмірінде,мінез-құлқының қалыптасуында үлкен рөл атқаруына және оның бойындағы алғырлық,орындата алушылық қабілеттерін шынайы мақсаттарға пайдалана білуіне көмектесу.

Annotation

Encouraging a child to become a leader from early days in his life by help-ing to set goals, developing character, abilities to persuade anybode and resuade anubode and responsibility for fulfilling any task.

Елбасы  өз сөзінде: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, бола-шақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»  деп  атап көрсетті.   Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас  ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру. Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі  таңда оқушыға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәде-ниеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен  білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті  қоғамның міндеті  болып табылады. Елбасының  «Қазақстан-2030»  басты  стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген.  Сондықтан жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде  ғылыми  білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге  халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен  денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық тал-ғамын дамытуға ынтызар, өмірдің қилы кезеңдерінде  дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу - ең басты өзекті мәселе.  

Әрбір ата ана өз баласын әр істе белсенді,белгілі бір мақсатқа ұмтылғыш,өз-өзіне сенімді қалпында көргісі келеді.Жас баланың бойында ерте жастан лидерлікқасиетті қалыптастыру оның келешектегі өмірінде,мінез-құлқының қалыптасуында үлкен рөл атқарады.Әрине,барлық балалардың бойында лидерлікке тән қасиеттер кездесе бермейді.Сондықтан баланың бойындағы лидерлік қасиетті дамытуда жеке ерекшеліктері кеңінен ескерілетіні анық.Сынып оқушылары арасынан лидер оқушыны анықтап,оның бұл қасиетін жетілдіру үшін оқушымен қарым-қатынаста мынадай жағдайларды ескеріп отыру қажет деп есептеймін:

-Баланың кішкентай жетістігін атап өтіп,бұл жетістікке өз еңбегімен жеткенін айта отырып оның бойында өзіне деген сенімін қалыптастыру;

-Баланы қателесемін деп қорықпай,қандай болса да шешім қабылдай білуге ұмтылдыру;

-Кезіккен қиындықтар мен кедергілерден шығу үшін тәуекел етіп шешім қабылдай білудің маңыздылығын түсіндіру;

-Баланы жетістікке жететініне сендіру,сенімін қалыптастыру.Сол жетістікке жетудің мүмкіндігі бар екенін,оның сыныптастары үшін де маңызды екенін сезіндіру.

-Кез-келген қиын жағдайлардан шығудың жолын табуда баланыңөзіне мүмкіндік беріп,ол үшін шешім өабылдамау қажет.

-Баланың көпшілік алдында орындаған өнерлерін мадақтап,марапаттап отырған жөн.

-Баланың сенімді түрде қызыға орындайтынын жұмыс түрлерін дұрыс таңдауға бағыт беріп отырған жөн.

-Лидер оқушы-өз достарын сыйлай білетін,кез-келген міселелерді шешуде жаңаша жол табуға ұмтылатынын,өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатын оқушы.

Лидер балалар өзін қоршаған ортадан жаңалықтар іздеп қызыға зерттеуге,көп оқуға ұмтылатын,спорттық,көркемөнерпаздар үйірмелеріне белсене араласатын оқушылар.

Баланы лидерлікке тәрбиелеу дегеніміздің өзі оның бойындағы алғырлыққа орындата алушылық қабілеттерін шынайы мақсаттарға пайдалана білуіне көмектесу.Бала бойындағы лиерлікті анықтаудың,оны жетілдірудің дайын үлгісі,әдіс-тәсілдері жоқ.Біздің міндетіміз лидерлік тұлғалық,даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық қасиеттерінің ашылуына жағдай жасау.Ол үшін мектепте,сынып ішінде өткізілетін сайыстар,зерделік тәрбиелік шаралар,олимпиадалардың маңызы зор.Сапалы да,саналы ұйымдатырылған сыныптан тыс шаралар мен үйірме жұмыстары оқушы бойындағы лидерлік қасиеттер мен дарынын ұштаудың негізгі алаңы.

Оқушыларға осы бағыттағы жұмыстарға қатыса отырып өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамыта алады.

Осындай оқушыларымның бойындағы көшбасшылық қасиетті келесі бағыттарда дамытып отырмын.

Мектеп қабырғасында өтетін әрбі шараға оқушыларым белсене қатысты десем артық болмайды.Сыныптан,мектептен тыс шараларға қатысу оқушы бойындағы лидерлік қасиетті дамытып бәсекелестікке қабілеттілін, ғана арттырмайды,оларды болашақ өмірге дайындап,мамандық таңдауына да әсер етеді деп ойлаймын.

Оқушылар шығармашылық ізденіске түсіп,өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады.Қоғамдық жұмысқа белсенділігі артып лидерлік қабілеттері есептелінеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Оспанов М. Пәнаралық байланыс арқылы тұлғаны қалыптасрыу//

Қазақстан мектебі.-2004.№4-Б.50-52

2.Асқарова кіріктірілген сабақ//Бастауыш мектеп.-2004.-№2-Б.45-46

3.Жұмажанова Т.Қ. «Мектепте әдебиетті оқыту сапасын арттырудың кейбір жолдары»











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!