БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЖОЛДАРЫ
Сариева
Б.П. Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық
университеті, Шымкент, Қазақстан.
Аңдатпа. Қазігі білім беру
процесінде оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру басты
назарда. Бұл мақалада логикалық ойлаудың негіздері және
оның күнделікті өмірде
қолданылуы мен пайдасы туралы қарастырылады. Бастауыш сынып
оқушылары арасында логикалық ойлауды дамыту жолдары және оның
жолдарын қарастырған еңбек сіңірген ғалымдардың ой-пікірлері
қысқаша қарастырылған. Авторлар математикалық
ойлаудың негізгі аспектілерін атап оларға түсінік берген. Мысалы;
логика,абстракция, жүйелік.. Мақалада логикалық ойлау
ұғымы мен олардың өмірдегі
байланысын, оны түсінудің маңыздылығы, сондай-ақ балалардың
математикалық мәліметтер негізінде
кеңістіктік, сыни, логикалық тұрғыдан ойлау және тұжырымдау
қабілетін дамыту қажеттілігі
қарастырылған. Зерттеу нәтижелері
білім беру процесінде балалардың логикалық ойлауын арттыруға ықпал
ететін әдістер мен технологияларды ұсынуға
негізделеді.
Тірек
сөздер: ойлау, логика,
логикалық ойлау, есептер, , математикалық ойлауды
дамыту.
Кіріспе Білім беру жүйесінде
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту басты міндеттердің бірі болып
табылады. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау
дағдыларын қалыптастыру – олардың танымдық қабілеттерін
жетілдіруге, шығармашылық белсенділігін арттыруға және
математикалық сауаттылығын нығайтуға үлкен әсер
етеді. Математика – тек сандар
мен есептеулер жиынтығы ғана емес, ол логикалық ойлауды дамытудың
маңызды құралы болып табылады. Бастауыш сыныптағы оқушылардың
математикалық ойлау қабілетін қалыптастыру олардың болашақтағы
жетістіктеріне негіз болады. Сонымен қатар, тиімді әдіс-тәсілдер,
заманауи педагогикалық технологиялар және олардың оқушылардың оқу
үлгеріміне әсері талданады да ұсыныстар беріледі. Бастауыш сынып
оқушыларының логикалық ойлау дағдысын қалыптастырудың теориялық
негіздері мен практикалық әдістерін талдап, математика пәніне
болған қызығушылықтарын арттыру, осы салада еңбек еткен ғалымдадың
көзқарастарын салыстырып, олардың ұсыныстарын қысқаша талдау жасау
арқылы заманауи әдістерді ұсыну болып табылады.
Материялдар мен
әдістер. П.Т. Досанбай
Математикалық логика еңбегінде ойлау логиканы дамытудың бірден-бір
негізгі құралы деп есептегенін айтады. Математикалық логика пәнінің
әдістері мен алгоритмдердің ерекше табыстылығы соңғы кезде қарқынды
даму үстіндегі ақпараттық технологиялар мен теориялық
информатиканың қажеттіліктерінен айқын байқалады дейді.[1,256 б].
Бұл курста оқытылатын мәліметтер математика факультетінде
оқытылатын барлық пәндер үшін аса маңызды, сондықтан математикалық
логиканы АКТмен уштастыру маңызды болып табылады.
Математикалық логика
және предикаттар логикасы, пікірлер алгебрасы, аксиомалық теориялар
және есептеу жүйелері өзара байланысты деп қарастырылған
Қ.Жетпісов. Автор математикалық логиканың әдістерін қолдана отырып,
дәлелдеу техникасын түсіндіреді және оның информатика, жасанды
интеллект, есептеу теориясы сияқты салалардағы маңыздылығын
көрсетеді. Ол логикалық жүйелердің құрылымын, олардың ақиқат
мәндерін, логикалық операторлар арасындағы байланысты талдай
отырып, формалды ойлау мәдениетін қалыптастыруға басымдық
береді.[2,42 б]. Оның еңбегі математикалық логиканы терең түсінгісі
келетіндер үшін құнды оқу құралы болып табылады.
Р.Ысқақова және
Т.Ғабитовтің пікірінше Логика олар логика- дурыс ойлау заңдарымен
формалары туралы философиялық ғылым дейді. Адамдар қай тілде
сөйлемесін олар барлық жерде де бір формада әрі бірдей сөйлейді деп
қорытындайды олар.[3,96 б]. Логиканың белгілі бір ғылым ретінде
қарастыруды алға тартады.
Математикалық логика
шығармасында Ж. Батарбек Математикалық логика курсы тек мектеп
оқушыларына ғана емес барлық мамандықтары үшін аса қажетті -
математикалық мәдениетті дамытудың бірден-бір негізгі құралы деп
есептеді. Математикалық логика пәнінің әдістері мен алгоритмдердің
ерекше табыстылығы соңғы кезде қарқынды даму үстіндегі ақпараттық
технологиялар мен теориялық информатиканың қажеттіліктерінен айқын
деп тужырымдады.[4,132 б]. Жаңа технологияларды қолдануды алға
тарту қызығушылықтың артуына себеп болады.
Ш.Ш. Онтуғанова және
бірлескен авторлар пікірінше біз алдағы уақытты бастауыш сынып
оқушыларының логикалық әдіс-тәсілдер арқылы тілі мен ойын дамытудың
теориялық негіздері мен логикалық әдіс-тәсілдерді қолданудағы сабақ
түрлері жаңа тиімді технологияларды анықтап, тәжірибелік
эксперимент негізінде, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлары
арқылы тілі мен ақыл-ой қабілетін дамытудың әдістемесін ұсынуды
жоспарлап отырмыз деді.[5,96 б]. Бүгінгі күні білім беру
мекемелерінде оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдер өзекті
мәселелердің бірі болып отыр.
Бастауыш мектепте білім
беру мазмұнын құру кезінде оқыту мақсаттарында көзделген есептерді
шешу үшін жоспарланған пәндік материалмен жұмыс істеу үшін қажетті
логикалық ойлау тәсілдерінің барлық жүйесін қарастыру қажет деп
қарастырды А.Қ. Бекболғанова өзінің мақаласында . Егер ойлаудың
қандай да бір логикалық тәсілдері бұрын қалыптасқан болса, онда
оларды қайта қалыптастырудың қажеті жоқ. [6,86 б]. Демек
математикалық білім берудің міндеті оқушылардың ойлау, кеңістікте
елестете алу сияқты жалпы тәсілдерімен қарулануы логикалық ойлау
дағдыларын меңгеру болып табылады. М.М. Төлеуова және Н.Ж.
Жанатбековна айтуынша білім беру жүйесінде кеңістіктік тұрғыдан
ойлау мен тұжырымдау қабілетін дамытуға бағытталған әдістемелерді
енгізу маңызды деп тұжырымдады. Мысалы; интерактивті тақтадағы
берілетін тапсырмалар, ойындар, тәжірибелер және жобалық жұмыстар
арқылы бұл қабілеттерді нығайтуға болады деп қорытындылайды.[7,56
б]. Демек интерактивті тапсырмалар, ойындар және жобалық жұмыстар
арқылы бұл қабілеттерді нығайтуға көмегі мол.
Логикалық ойлау
математиканың негізін құрайтынын және оның дұрыс қорытындылар
жасауға көмектесетінін И.С. Хесс атап айтқан болатын. Хесс
логикалық ойлауды дамытудың келесі негізгі аспектілерін белгіледі:
математикалық ойлау нақты анықтамалар мен дәлелдерге сүйенеді. Кез
келген тұжырым бұрын дәлелденген аксиомалар мен теоремаларға
негізделуі керек, логикалық ойлау үздіксіздік пен құрылымдылықты
талап етеді, математикалық объектілер нақты құбылыстардан бөлек
қарастыратынын алға тартты. [8,12 б]. Хесс математикалық және
логикалық ойлаудың өзара байланысын көрсетіп, олардың ғылым мен
күнделікті өмірдегі рөлі ерекше екенін ескерген.
Т.Қ. Оспанов
Құрманалина логикалық ойлау «логикалық іс - әрекет үрдісінде
қарастыру керек дейді, логикалық сызба арқылы екінші ретті образды
қалыптастыру, тұрақты белгілерге сәйкес жалпылау, сонымен бірге осы
пәнді жеке белгілері және белгілі бір логикалық бірізділік образдық
операциялары арқылы анықтау немесе нақтылау», - деп түсінеді.[9,11
б]. Логикалық ойлауды дамытуда әрекет жасау өте
маңызды.
Өз көзқарастарында С.С.
Елифантьева логика ойлау үдерісі ең алдымен дүниені танып-білудің
нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада
бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен
заңдарын, ережелерін қарастырды. Логикалық білімдер ойлаудың
логикалық амалдары мен қалыптары, тәсілдері, ғылыми танымның жалпы
әдістері, ғылым негіздерінің табиғаты туралы білімдер жиынтығы деп
түсінеді.[10,96 б ]. Логикалық ойлауды тек математикамен
байланыстыруға болмайды, ол тек еңбекпен өседі.
Қорытындылай келе: логикалық
ойлау-математиканың негізгі дағдысы ғана емес, сонымен қатар,
күнделікті өмірде де маңызды болып табылатын, түрлі логикалық
есептерді шешіп, ойындар ойнап, өмірлік жағдаяттарға сыни тұрғыдан
қарауға мүмкідік беретін дағды.
Зерттеу жұмысына №23
мектеп-лицейінің 2-сыныптың («вҚ» сыныбы) оқушылары қатысты.
Зерттеу жұмысы анықтау кезеңі бойынша жүргізілді. Оқушылардың
логикалық ойлау кезіндегі қиындықтар мен логикалық ойлау дағдыларын
анықтау мақсатында «Логикаға көзқарас» сауалнамасы
жүргізілді.Сауалнама нәтижесін келесідей кестеде
ұсынамыз.
Кесте 1-
Логикаға көзқарас.
Сұрақтар
|
Иә
|
Жоқ
|
Саған математика сабағы
ұнайды ма?
|
57.8%
(11)
|
42.2%
(8)
|
Математика сабағында
логикалық есептер беріледі ма?
|
78.9%
(15)
|
21.1%
(4)
|
Математика сабағында
логикалық есептерді шешу ұнайды ма?
|
42.2%
(8)
|
57.8%
(11)
|
Математика сабағында
орындау қызықты ма?
|
63.1%
(12)
|
36.9%
(7)
|
Логикалық
есептер қажет деп ойлайсың ба?
|
68.4%
(13)
|
31.6%
(6)
|
Сауалнама нәтижесі
орташа көрсеткішті көрсетті. Бұл дегеніміз оқушылардың логикалық
тапсырмаларға деген қызығушылығы орта деңгейде және логикалық
ойлауға деген түсінік қалыптасқан.Нәтиженің диаграмма түріндегі
көрінісі төмендегідей( сурет 1).

Сурет 1 –
Сауалнама нәтижелері (экспериментке
дейін)
Нәтижелер. Алынған деректерді
талдау нәтижесінде бірінші сураққа оң жауап бергендер 57,8%, екінші
сұраққа 78,9%, үшінші сураққа 42,2%, төртінші сұраққа 63,1%,
бесінші сұрққа 68,4% жауап берді. Біз алған мәліметтер оқушылардың
логикалық тапсырмаларды орындау білімі орташа деңгейде екенін,
бірак әлі де жұмыстар жүргізу керектігін
көрсетеді.
Оқушылардың логикалық
ойлау дәрежесін дамытуға және математикалық сауаттылыққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында мен оқушыларға "Күнде логика"
парақшасын ұсынамын. "Күнде логика" парақшасы — бұл балаларды
сабақтың тақырыбымен, мазмунымен, барысымен қызықтырудың,
өткендерін бекітуге және білімдерін тексеруге көмектесетін ыңғайлы
әдіс. Оларда қызықты және әдеттен тыс логикалық тапсырмалар мен
сабақ тақырыбына арналған қосымша сурақтарға жауап беру арқылы
логикалық ойлау дағдысын дамытып отырады. Бұл әдісті күнделікті
пайдаланған жағдайда нәтижесін беретіні анық. "Күнде логика" парағы
мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларына арналады. "Күнде
логика" парағы 2-3 тапсырмадан 3-4 сұрақтан және қызықты
деректерден, және жауаптары бар беттерден құралады. Барлығы 1 бетті
құрайды.
№1 тапсырма.
"Геометриялық фигураларны сал"
№2 сұрақ. "Сыныпта нелер
бар?"
№3 тапсырма. "Қолыңмен
сана "
№
4 сұрақ . "Қандай фигура
артық?"
№5 сұрақ "Неше түсті
білесің?"
№6 тапсырма. "Сөздерді
кері айт"
№7 дерек. Ай жердің
жасанды серігі.
Тапсырмалар сұрақтары
жеңіл, балаларға интуитивті түрде түсінікті түрде беріліп жас
ерекшелігіне қарай күрделеніп отырады. Біз бұл парақты сынып
тапсырмасын жылдам орындап біткен оқушыға да ұсынуымызға
болады.
Қорытынды
Тұжырымдай келе,
бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын қалыптастыру күрделі
мәселе. Логикалық ойлау оқушының оқу қызметінде жаңа идея ұсынатын,
зерттеу қызығушылығын тудыратын іс-әрекеті болып табылады. Ал, оны
дамытуда "Күнде логика" тапсырмасын қолдану тиімді. Бұл тапсырма
оқушының логикалық ойлауын іске асыруға мүмкіндік беріп, сапалы
жұмыс жасауға көмектеседі. Зерттеу барысында талданған ғалымдардың
еңбектерінен, біздің байқағанымыз жаңа иновациялық техологиялар
арқылы логикалық ойлауды қалыптастыру оқушының талдау, салыстыру,
жүйелі ойлау және қорытынды жасау қабілетін арттырады. Бұл
технологиялар оқушының белсенділігін ғана емес, сонымен қатар
мектеп белсенділігін дамытады. Оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін дамыту үшін жүйелі түрде ойлау жаттығуларын орындау,түрлі
логикалық тапсырмалар шешу, кітап оқу және талдау жасау
қажет.
Әдебиеттер:
1.Досанбай П.Т.
«Математикалық логика» \Оқулық\ -Алматы 2011. 256
б.
2.Ысқақова Р, Ғабитов Т
«Логика» \ оқулық қуралы\ -Алматы 2004. 2, 42 б.
3.Бекболатовна А.Қ.
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту\\ Қазақ
ұлттық қыздар педогогикалық университетінің Хабаршысы№1(81),2020.
3, 96 б.
4.Батарбек Ж. «
Математикалы логика» \ электронды оқулық\-Көкшетау 2021. 4, 132
б.
5.Жетпісов Қ.
«Математикалық логика және дискретті математика» \оқулық\ Алматы
2011. 5, 92 б.
6.Жумалиева Л. Д. Орта
мектепте математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік
негіздері 6, 86 б.
7.Онтуғанова Ш.Ш
Жапбаров.А Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру\\ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика
университеті, Шымкент. 7, 56 б.
8.Төлеуова М.М ,
Жанатбекова Н.Ж. Математикалық ойлау- логикалық және абстракты
түсініктерді қолдану\\ Международный научный журнал « ВЕСТНИК
НАУКИ» №11 (80) Том. 8, 12б.
9.Оспанов Т.Қ.,
Құрманалива Ш.Қ., Құрманалива С.Қ. (2015) Математиклық теорияның
негіздері. 9,
11б.
10.
Елифантъевна
С.С. элементов
математической логики Теория и методика обучения и
воспитания (математика).10,
96 б.