Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларында түсініп оқу дағдысын қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларында түсініп оқу дағдысын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» білім беру мазмұнына қойылатын талаптарда көрсетілгендей, бастауыш білім беру мақсаты – оқушылар бойында кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады. Сол дағдының ең бастысы – білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу. Ал бұл дағдыны қалыптастыру үшін бастауыш мектепте барлық пәндерді оқуда ақпаратпен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Авторы:
10 Қырқүйек 2023
404
25 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларында түсініп оқу дағдысын қалыптастыру


Кәрім Жанар Нышанқызы, бастауыш сынып мұғалімі


Бала жүрегі - кішкентай күйсандық.

Сол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.

Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек.

Мұхтар Шаханов


«Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» білім беру мазмұнына қойылатын талаптарда көрсетілгендей, бастауыш білім беру мақсаты – оқушылар бойында кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады.

Сол дағдының ең бастысы – білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу. Ал бұл дағдыны қалыптастыру үшін бастауыш мектепте барлық пәндерді оқуда ақпаратпен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Оқытудың бастапқы кезеңінде кез-келген баланың талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, жүйелеу, қорытындылау, жіктеу, қабылдау сияқты логикалық әдістерді қолдана отырып ойлау қабілетін жетілдіру. Нақты білім, білік, дағдылардан бастап оқу объектілері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту және қалыптастыру процесі ойлау қабілеттерін дамыту негізінде жүзеге асырылады. «Мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу» (PIRLS) қорытындысы бойынша оқушылардың барлық пәндер бойынша пәндік білім дағдысы мықты көрсеткіштер көрсетіп, бірақ оны нақты өзекті жағдайларда қалай қолдану керектігін ескермейтіндігі байқалды.

Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді.

Мәтінді толық түсіну – әр тұрғыдан қарағанда оқушы құзыреттілігі мен оның оқу сауаттылығы деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, мектептегі оқушының үлгеріміне 200 –дей фактор әсер етеді екен. Соның ішінде бірінші фактор– оқу дағдысы. Басқа пәндерден және кейін де өмірде құзіретті болу үшін, адам минутына 120-150 сөз оқуы керек дейді зерттеушілер. Ендеше бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы екенін ескере отырып, оқушының оқу сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыруды төменгі сыныптардан бастап дұрыс жолға қою керек. Сондықтан оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін бастауыш мектеп мұғалімінен оқу қызметінің формасын, әдіс-тәсілдерін тауып, кіші сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу, оқу сауаттылығын арттыру талап етіледі. «Оқу сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым оқу біліктілігімен емес, мәліметтерді айқындай білу қабілетімен анықталуда. Мектеп жасындағы балалардың тек оқу техникасын меңгеруі қазіргі таңда қабілеттілік болып есептелмейді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында үлкен мақсат бар: 4-сыныптың аяғына дейін оқушыларды сөйлеу жылдамдығымен бірдей жылдамдықта оқуға үйрету. Оқу техникасының төмендігі мектеп жүйесіндегі барлық кедергілер мен қиындықтарға алып келеді. Яғни, оқу жылдамдығы - оқу үлгеріміне тікелей әсер етуші ең негізгі фактор. Бастауыш сыныпты минутына 100-170 сөзге дейін оқып бітірген оқушы жоғары сыныптарда да жақсы оқиды. Сондықтан жылдам оқуды зияткерлік әуелетті көтеру үшін және жадының мүмкіндіктерін кеңейту үшін таптырмайтын құрал деп қарастыруға болады.

Бірақ бастауыш сыныпта оқушыны тек жылдам оқып қана қоймай, оқығанын түсінуге, мәтіннің не туралы екенін айтып беруге, кейіпкерлерін танып үлгеруге, оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруге де қоса үйрету керек. Міне, нағыз қиындық осы кезде туындайды. Себебі, балалар, сөздің санын көбейту үшін оқу барысында оның не туралы екеніне мән беріп жатпайды. Сол себепті кейбір сөздерді қате оқып, немесе буын соңын жұтып қойып жатады. Үтір, нүктеге қарамай, яғни пунктуацияны сақтамай, сөйлемдердің арасын жіктемей, логикалық, интонациялық үзілістер жасамай оқығандықтан, мәтін мағынасын жоғалтып алады немесе мүлде түсінбей қалады.

Әрине, оған қоса оқып шыққан мәтіннің мазмұнын мүлде есте сақтамайды. Осы кемшілікті жою үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданамыз. Мысалы, мәтіндегі қажетті мәліметті табу біліктілігін анықтау үшін оқушы назарын мәліметке сұрақ қою арқылы аудару қажет, ол үшін мәтінге көз жүгіртіп, оның негізгі элементтерін анықтап, қажетті мәліметті табу талап етіледі. Сонымен қатар, отбасылық оқу мәдениетін дамыту мақсатында ата-аналар қауымымен жұмыс жүргізеді. Бірақ соны бәрі бірдей тиімді бола бермейді.

Бастауыш мектептегі тілдік пәндердің бірі - «Әдебиеттік оқу» - маңызды жеке пән ғана емес, ол сонымен қатар мақсаты – қазақ тілін үйретуге негіз қалау, оқушылардың функционалды сауаттылығы негізін қалыптастыру, тілдік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту болып табылатын оқытудың құралы да болып табылады. Неғұрлым оқушылар толыққанды оқу дағдысын сәттірек меңгерсе, соғұрлым ертерек және толығырақ олардың басқа оқу пәндерінен қабілеттері іске асады. Ендеше, білім алушылардың оқу дағдысы, оның ішінде түсініп оқу білігін қалай көтеруге болады?

Оқушы өз оқығанынан ләззат алады, еңбегінің жемісін жетістік ретінде қабылдайды. Өздігінен оқыған кезде оқушының оқып отырған материалға қатысты өзіндік көзқарасы, әлемтанымы, кейбір адами құндылықтар түзіледі.

Әдістемеде оқу дағдысын сипаттағанда оның негізгі критерийлеріне назар салу керек: дұрыс оқу, жүгірте оқу, саналы оқу және мәнерлеп оқу.

Мәжбүрлеуді қажет етпейтін, өздігінен қызыға оқуды әдетке айналдырған оқушыларға бұларды ескертіп жатудың қажеті жоқ, аталған дағдылар өздігінен пайда болуы - заңдылық.

Тек шығарма таңдағанда келесі ережелерден ауытқымау керек:

  • Мәтін түсінікті тілмен жазылған.

  • Көлемі жас ерекшелігіне сай.

  • Сөйлемдері баланы жалықтырып жібермейтіндей шағын, қысқа.

  • Әңгіменің кейіпкерлері балаларға жақын, сүйікті, түсінікті болуы тиіс.

Сөзімді қорыта келе оқу ортасын ұйымдастыра білсек және оқу мотивациясын тудыра білсек нәтижеге жетеміз дегім келеді. Кітапты түсініп оқитын бала бүгін – табысты оқушы, ал ертең – табысты, бәсекеге қабілетті, қалыптасқан тұлға екенін ұмытпайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!