БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ЭМОЦИОНАЛДЫ
КӨҢІЛ-КҮЙІН
ДАМЫТУ
Бекмурзинова А.Ж., директордың
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
«МДШО бар №9 орта мектеп» КММ
Талдықорған қаласы
Қазіргі таңда мектеп жасына
дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалды,
рухани-адамгершілік мәдениеті өзекті мәселелер қатарында тұр десе
де болады. Эмоциялар балалардың өмірінде
маңызды рөл атқарады.
Баланың мектепке келуі
барысындағы іс-әрекет мазмұнының күрделенуі мен эмоциогенді
нысаналардың санының артуына байланысты оның эмоционалды аясына аса
мол әсер етеді. Мектепке келген бала үшін эмоционалды реакциялардың
басым көпшілігі ойын әрекеті мен қарым-қатынас барысында емес, ең
алдымен оқу-таным әрекеті барысында, бағалауға
қа
емес,рдың басым көпшілігі ардың санының артуына байланысты
мгершілік мәдениеті өзекті
мқққққққққққққққққанағаттану мен айнала
қоршағандардың жақсы қарым-қатынасынан
туындайды.
Кейде мектепке жаңа келген
балаларда оқуға немқұрайлы қарау жағдайлары өте сирек кездеседі,
бастауыш сынып балалары көпшілігі мұғалімнің бағалаулары мен
пікірлеріне өте эмоционалды жауап береді.
Бұл орайда, кітап оқу (еретегі
әлеміне саяхат) – адамгершілік және эмоционалды дамудағы тиімді
құрал болып табылады. Ертегілер арқылы бала өздерін, айналадағы
адамдарды түсінуді үйренеді.
Ал, бастауыш сынып
оқушыларының эмоционалды қайырымды болып өсуіне балаларға арналған
әңгімелер, ол жердегі кейіпкерлерің іс-әрекеті ерекше әсер етеді.
Кітап оқу мен қарым-қатынас жасау арқылы өткенді ғана емес, бала
сонымен де осы шақ пен келешекті де танып-біледі, ойлануды үйренеді
және шығармашылық жағынан дамиды. Осылайша мәдениетті-рухани тұлға
қалыптасады.
Бала өмір сүру барысында өзара
қуаныш пен бауырмалдық, ашулану, қайғы мен ұят, қорқыныш пен үрей,
сенім, қанағаттанушылық пен мақтаныш білдіріп, әр түрлі эмоцияларын
сезінеді. Эмоциялар балаларға олардың жағдайы туралы ақпарат
береді.
Н.А.Степанованың
зерттеулерінде сыныптағы жалпы жайлы эмоционалдық жағдай 1-ден
4-сыныпқа дейінгі оқушылардың оқу қызметіне оң қатынасты қамтамасыз
ететіні анықталған[3].
Бастауыш сынып жасында (I-II
сыныптар) – бала ұжым өміріне ене бастап, өзара құрмет арқылы
қарым-қатынас орнатуды үйренеді. III-IV сынып оқушыларында ұжымдағы
моральді қарым-қатынастар айтарлықтай байып, баланың мінез-құлықтың
адамгершілік сапаларының қалыптасуына әсер ете
бастайды. Осылайша, мектеп балаларда
жоғары моральдық, интеллектуалдық және эстетикалық сезімнің дамуына
ықпал етеді.
Бастауыш сынып жасы –
рухани-адамгершілік, эмоционалы-бағдарлы дамудағы аса қолайлы кезең
болып табылады. Бастауыш сынып жасында бала бойына сіңген
адамгершілік сапа-қасиеттер оның азамат болып қалыптасуының
іргетасы екенін есте сақтаған жөн.
Ертегі тыңдауға бала сәби
кезінен-ақ құмар болып, аса үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Түрлі
ертегі-әңгімелер оқып берсе, ол жылдам қабылдайды. Бала кітап оқу
үрдісінде әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимыл-қозғалысынан түрлі
эмоциялар алады. Балада жақсы және жаман іс-әрекет туралы түсінік
тереңдеп әрі баланың сөйлеу тілі жетіле
түседі.
Көптеген зерттеу жұмыстары
баланың эмоционалдық аясын қалыптастыру және дамыту үшін және де
эмоциялардың мазмұны мен экспрессивті жағы өзгеретін – бастауыш
сынып жасы сензитивті кезең екенін дәлелдейді[4]. Мамандар баланың
мектепке түсу кезеңінде психикалық өмірі күрделі сипатқа ие
болатынын, оның қоршаған ортамен әлеуметтік байланысы кеңіп,
қоршаған орта тәртібін бағалау баланың мінез - құлқының маңызды
элементі болып және оның сезімінің сипатына да, оның әрекеттерінің
эмоционалды мотивациясына да әсер ететіндігін ерекше атап
өтеді.
Мектепке келу барысында
балаға: белгілі уақыт бойы сабақта отыру, ол жердің тәртібіне
бағыну, оқу үлгерімі сияқты түрлі міндеттер жүктеледі. Бала осы
жерде өз орнын іздейді. Осы кездегі тәрбиенің басты шартына баланың
эмоционалды дамуы жатады.
Бұл жағдайда бастауыш сынып
жасындағы бала білім алу қуанышын сезініп, өз қабілетіне сенімді
болуы керек. Бала үшін жағымды жетістіктер қаншалықты көп болса, ол
алда кездесетін қиындықтарды жеңе біледі.
Бала әр түрлі әдебиеттен,
әсіресе ертегілерден шыға алады. Бала әр түрлі шығармадан, әсіресе
ертегіге тыңдау барысында, аяушылық, қуаныш, көңілсіздік, ұят,
ашулану, кінәрат, қорқыныш, таңқаларлық, өкініш сияқты сезімнің
тұтас палитрасын сезініп, қоршаған әлемді
түсінеді.
Балаларға арналған әдебиеттер
баланың қызыға да сүйсіне тыңдайтын, еліге де еліктей орындайтын,
логикалық ойлау қабілеті мен тілін дамытатын құнды
жанр. Кейіпкерлерімен бірге
қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің айналасындағылардың,
жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды, қайырымдылық қасиет,
әділетсіздікке қарсы тұру, адалдық қасиеттері
қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.
Выготский Л.С. Собр. соч.: в 6 т. М., 1992.Т. 2.С. 377
2.
Ильин Е.П. Эмоции и чувства. – СПб: Питер, 2008. - С.
414-418.