|
Білім беру ұйымының
атауы
|
«Әлімхан Ермеков атындағы
мектеп-лицейі»КММ
|
Мұғалім
|
Бастауыш сынып
мұғалімі
Омирбаева Майгуль
Рымбековна
|
Кезеңі
уақыты
|
Педагогтің
әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
|
|
|
|
Тақырыбы: Бастауыш
сынып оқушыларының функционалдық оқу
сауаттылығын қалыптастыру.
|
|
|
Мақсаты:
Әдіс тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын
арттыру
|
|
Басы
|
Білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның басты
талабы.
Педагогтың шеберлігі, яғни
шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман
талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін
оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай
табады, азамат болып қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны
ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін
танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани адамгершілік,
этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, басты міндеті болып
танылады. Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр
сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп
қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай
жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Тұлға құзіреттілігін
дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық
сауаттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең
тиімдісін пайдалану, жоғарғы нәтиже
береді.
|
|
|
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ
НЕ?
Жалпы функциональдық
сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ,адамдардың (жеке
тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге
белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторы.
Яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына қарай
ілесіп отыруы. Сонымен,
функциональдық сауаттылық адамның мамандығына,жасына қарамастан
үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
|
|
|
«Оқу
сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым
оқу біліктілігін емес, мәліметтерді айқындай білу қабілеттімен
анықталады.
Мектеп жасындағы балалардың
тек оқу техникасын меңгеруі қазіргі таңда қабілеттілік болып
есептелмейді. Оқу сауаттылығы туралы түсінік білім алушылардың
әртүрлі форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні
мен мазмұнын түсініп тұжырымдауы және білім алушылардың мектептен
тыс уақыттарда, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын
қолдана білу іс-әрекеттеріндегі қызметтерін бағалауға
негізделген
|
|
|
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық
сауаттылығының негізі оқу
сауаттылығы.
Функционалдық оқу
сауаттылығы
Мәтінді,аудио және видео
ақпаратты түсіну.
Мәтіндегі ақпаратты қабылдау,
қолдану және қайта өңдеп пайдалану
Ауызша және жазбаша қортынды
жасау,күнделікті өмірде алған білімі мен біліктілігін пайдалану
жатады. Оқу сауаттылығын дамытуда бастауыш сыныпта өтетін барлық
пәнді қамти отырып кешенді түрде қалыптатыру өте маңызды. Себебі
Пиза халықаралық зерттеуі оқушылардың мәтіннен ақпаратты іздеуі
және алу,ақпаратты кіріктіру және түсінік беру мәтіндегі хабарламны
ойлану және бағалануын тексереді
|
Оқу сауаттылығын қалай
қалыптастыруға болады?
|
|
Мәтіннен ақпаратты іздеу және
алу бөлігінде мәтінге көз жүгіртіп,сөз сөйлем немесе сандық мән
ретіндегі қажет ақпаратты анықтауға мүмкіндік
береді.
|
|
|
Ақпаратты бірнеше мәтіннен
іздеу тапсырманың шартына неғұрлым сәйкес келетін мәтінді таңдау
мүмкіндігін молайтады.
Әдебиеттік оқу қазақ тілі оқу
бағдарламасының мазмұны оқу сауттылығына
бағытталған
Оқу сауаттылығының маңызды
компаненті
Мәтіндер.
Біз мәтінді жанр бойынша
жіктеуге дағдыланғанбыз. Алайда оқушының өмірде жиі кездесетін
тұтас мәтін, тұтас емес мәтін ,аралас мәтін форматтарына назар
аудару керек.
Оқу бағдарламасына сай тұтас
мәтін кезең кезеңімен қалыптастырылады.
Тұтас емес мәтін түрлі ақпарат
көзінен құралады.
|
|
|
Аралас мәтін тұтас және тұтас
емес мәтіннен құралады.
Кез келген мәтінді оқығанда
мағынасын түсіну қажет.
|
|
|
Аралас мәтін тұтас және тұтас
емес мәтіннен құралады.
Аралас мәтін негізінде кешенді
тапсырмалар
Оқушыларға ас мәзірін зерттеу
ұсынылады.Оқушылар тапсырыстың неше нұсқасын құрастыруға болатынын
анықтайды. Ең арзан және ең қымбат тапсырыстығ құнын
есептейді.
|
|
|
Мәтінмен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру кезеңдері
1-сынып:
1-сынып
Оқып үйрену, оқыған мәтіннің мазмұнын
түсініп,сұраққа жауап беру
2-сынып:
Мәтінмен жұмыс істеудің
бастапқы дағдыларын қалыптастыру:
Мазмұндау,бөлікке бөлу,жоспар
құру, тірек сөздерді табу, кейіпкерлерді анықтау,оларға мінездеме
беру,іс-әрекеттерін сипаттау
3-4
сынып
Ақпарат таба алу,ойын монолог
түрінде жеткізу,мәтіндегі негізгі ойды анықтау, мазмұнын болжау,
сұрақ құрастыру,
тақырыбы ұқсас түрлі жанрдағы
мәтіндерді салыстыру
|
|
Ортасы
|
Мәтін мағынасын түсіну ретінде
қандай әдістер қолдануға болады?
Мәтінді толық меңгеру үшін
оқушыларға сюжетті суреттер мен уақыт сызығы ұсынылады. Оқушылар
ақылдаса отырып суреттерді ретімен қоюы қажет. (алғашқы сурет оқиға
неден басталды? Ең оңғы сурет Оқиға немен
аяқталды?)
|
Мәтін мағынасын түсінуде
қандай әдістер қолдануға болады?
|
|
«Бағытталған
оқу»
Бұл әдіс –мәтінді оқу
барысында сұрақтар арқылы оны түсінуге бағыттайтын
стратегия
«Жетелеуші жеті сұрақ»
стратегиясы
|
|
|
Иллюстрациялық
бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет,
сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп
көріңіз.
|
|
|
«Балық қаңқасы»
әдісі
Бұл әдіс негізінде білім алушы
мәтіндегі ақпаратты терең меңгереді.
Топпен, жұппен талқылайды,
қорытынды жасайды және бағалайды. Жаңа ақпаратты меңгеріп кету үшін
ықыласпен жұмыс жасайды.
|
|
|
«Қатені тап»
әдісі
Бұл әдісте білім алушылар
алдымен мәтінді өздері оқып шығады, сонан соң үш топқа өз қалаулары
бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға
белгілі уақыт беріледі.
1-топ тапсырмасы: ертегінің
кез келген үзіндісін сурет арқылы беру.
2-топ берілген мәтіндегі
қатені табу 1-2 қате болуы керек.
3-топ берілген үзіндіні
саханалау
|
|
|
Келесі дамытушы тапсырма
берілген
Саралау
тапсырмасы
Оқиғаның себебі мен нәтижесін
сәйкестендіру, оқушылардың ойлауының жоғарғы деңгейін талап
етеді.
Сондықтан нәтижесі бойынша
себебін анықтауға сөйлемдер ұсынылады.
Оқушылардың оқу сауаттылығын
қалыптастыру мақсатында оқушыларға осылайша күрделендіріліп ұсынуға
болады
|
|
|
Оқу сауаттылық қоғамдық
мәдениеттің ажырамас элементі. Оқу, тәрбие ,білім беру жаңа тұлғаны
дамыту құралы. Қазіргі уақытта оқу адамның кіші мектеп жасында
алған дағдысы ғана емес ,үздіксіз білім білік дағдыларының жиынтығы
болып табылады.
|
|
Соңы
|
Қорытындылай
келе Жоғарыда айтылған жұмыстардың
барлығынан көретін нәтижеміз, тұлғаның; сөздік қоры молаяды,
ізденімпаздыққа үйренеді, ойлау қабілеті артады, ойын еркін айтады,
белсенділігі артады, шығармашыл жұмыс істейді, қиялы ұшталады,
тапқырлыққа үйренеді.
Сөзімнің соңында көнеден келе
жатқан «Қыран-түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне
талмайтын талап сыйлайды»,-деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде
де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншылықты
жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.
Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда Елбасының биылғы «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық
болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың функционалды
сауатты болуын біз назарда ұстауымыз керек
|
|
|
Кері байланыс бүгінгі
вортшоптан алған әсеріңіз
|
|
|
Құрметті әріптетер,
баршаларыңызға еңбектеріңізге сәттілік
тілеймін!
|
|