Тақырыбы: «Балалардың оқу мен жазуының бұзылуы, оны түзетудің әдіс-тәсілдері»
Қайырлы күн, құрметті семинарға қатысушылар! Орталығымызға қош келдіңіздер! Менің аты-жөнім – Әйгелова Сандуғаш Жамалбекқызы, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының логопеді.
Жоғарыда айтып өткендей біздің орталыққа 3-18 жас аралығындағы балалар әр түрлі жағдайлармен келіп түседі. Тәрбиеші-аналар мектепке орналастырады, медициналық тексерістерден соң немесе мектеп мұғалімдермен байланыс орнату арқылы қажет болған жағдайда ПМПК мамандарына қаралып, қорытындылар алынады. Сол қорытындылар бойынша балалар логопед сабағына тіркеледі. Қазақстан Республикасының
инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Логопедиялық тексеру барысында баланың дыбыс айтуы, сөздік қоры, байланыстырып сөйлеу тілі мен жазбаша сөйлеу тілі тексеріліп, жеке бағдарлама құрылады. Көбіне мектеп жасына дейінгі балаларда ЖСТД деген қорытынды беріледі, ал мектеп жасындағы балаларда сөйлеудің фонетика-фонематикалық дамымауы мен оқу мен жазуының бұзылысы деген қорытынды беріледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда жалпы сөйлеу тілінің дамымауы әр түрлі деңгейде кездеседі, соған сәйкес жеке бағдарлама құрылып деңгейіне қарай жеке немесе топтық сабақтар өтіледі. Ол сабақтарда артикуляциялық мүшелерін жаттықтыру, дыбыс қою, ірі-ұсақ моториканы дамыту, байланыстырып сөйлеу тілі мен сөздік қорын, таным қабілеттерін дамыту және т.б жұмыстар жүргізіледі.
Ал, мектеп жасындағы балалардың кейбірінде ПМПК мамандарының қойған «Психикалық дамуының тежелуі» қорытындысы бар, ол балалар мектептегі психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша негізгі орта білім беретін мектептің арнайы сыныбы жағдайында оқытылады.
Әдетте, ПДТ балалардың сөйлеу тілінде және оқу және жазуының бұзылысында қиындықтар кездеседі. Бұл логопедияда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысына жатады. Жазбаша сөйлеу тілі ұғымына оқу мен жазу кіреді.
Ғылыми түрде оқуының бұзылуы – дислексия, жазу бұзылысы – дисграфия деп аталады.
Дислексия – тұрақты сипаттағы қайталанатын қателермен белгіленетін және жоғарғы психикалық функциялардың қалыптаспағандығымен (бұзылысымен) шартталған, оқу үрдісінің жартылай спецификалық бұзылысы.
Оқу процесі қалай дамиды?
Оқу процесі алдымен көріп қабылдаудан, әріпті ажырату және танудан басталады. Одан кейін әріпті дыбыстармен сәйкестендіру жүреді және оның оқылуы іске асырылады. Соңында сөздің дыбыстық түрін оның мағынасымен сәйкестендіру салдарынан оқығанды түсіну іске асырылады.
Дислексияның негізгі белгісі - буындар немесе әріптер бойынша баяу оқу. Бала жазылған сөзді толық оқымай сөздерді өзгертіп жібереді, сөздегі әріптерді шатастырады немесе қайта реттейді - оқудың бұл түрі «болжау» деп аталады.
Дислексия қалыпта оқу үрдісін іске асыратын, психикалық функциялардың қалыптаспауынан пайда болады (көріп талдау мен жинақтауы, кеңістіктік түсініктері, фонематикалық қабылдау, фонематикалық талдау мен жинақтау, сөйлеу тілінің лексикалық- грамматикалық жетілмеуі).
Оқуы бұзылған балада барлық кеңістіктік түсініктерінің қиындықтары, оң және сол, жоғары және төменді, түстерді, көлемді ажыратуда қиындықтар байқалады.
Сонымен қатар бұл балаларда дыбыс айтуда бұзылыс, сөздік қорының кедейлігі байқалады. Олар өзінің сөйлеу тілін дұрыс әсерлей, көркемдей алмайды, күрделі сөйлемнен бас тартып, қысқа сөйлемдермен шектеледі, байланыстырып сөйлеу тілінде бұзылыстар кездеседі.
Дислексиясы бар балаларда мына қателіктер жиі кездеседі:
-
Баяу оқу, сыныптан тыс әдебиеттерге қызығушылық танытпау, дауыстап оқуды ұнатпау;
-
сөздер мен мәтін үзінділерін өткізіп жіберу;
-
кері қарай оқу немесе жазу;
-
жұптастырылған дауыссыз дыбыстарды нашар ажырату;
-
парақтың сол жағында не орналасқанын байқамайды;
-
дыбысы ұқсас сөздерді шатастырады;
-
күндерді, телефон нөмірлерін, істер тізімдерін есіне түсірмейді.
Егер аталған белгілердің кем дегенде үшеуі балаға тән болса және үнемі пайда болса, бұл дислексияға күдіктенуге және невропатологтан, нейропсихологтан немесе логопедтен кеңес алуға негіз болады.
Оқу бұзылысының бірнеше түрі бар: фонематикалық, оптикалық, аграмматикалық, семантикалық. Баладағы оқу бұзылысының қай түрі екенін білген соң сол бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Түзету жұмыстарының негзгі мақсаты төмендегідей болады:
-
Кеңістікті бағдарлай алу (заттардың кеңістіктегі орнын анықтау, т.б)
-
Өз дене мүшесін бағдарлау (оң және сол мүшелерін ажырату)
-
Түстер мен көлемді ажырату
-
Жыл мезгілдерін, апта, ай аттарын ажырату
-
Әріптердің графикалық элементтерін ажырату
-
Әріптерді ұқсас әріптерден ажырату.
Енді жаздың бұзылысына тоқталсақ,
Дисграфия – жазу процесінің ішінара спецификалық бұзылуы.
Дисграфиясы бар бастауыш сынып жасындағы балалар жазуды меңгеруде мынандай қиындықтарға тап болады: олар орындаған жаттығулар мен диктанттарда көптеген грамматикалық қателер жібереді, бас әріптерді, тыныс белгілерін қолданбайды және қолжазбалары өте түсініксіз каллиграфяға сай емес.
Дисграфияның негізгі белгісі (симптоматикасы) жазуда кездесіп тұрақты және қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады.Ондай қателерді төмендегідей топтастыруға болады: әріптерді алмастыру және шатастыру, сөздің дыбыстық, буындық құрамының бұзылуы, сөйлемде сөздердің бірге жазылуы, аграмматизмдер.
Дисграфиясы бар балаларды мынандай қателіктер кездеседі:
-
Әріпті немесе буынды тастап кету (түсіп қалуы). Мысалы, есік-еск; балапан-бапан, кітап-ктап, орындық-орндқ, алма-ама.
-
Әріптер мен буындардың орнын ауыстыру. Мысалы, қарлығаш-қарғылаш,бәйшешек-бәйкешек, жаңбыр-жамбыр.
-
Әріптерді қосып жазады. Мысалы, ақша-ақыша,
Дисграфияның 5 түрі бар. Осы түрлерін ажыратып алсақ баламен жұмыс жасау жеңіл болады.
-
Артикуляциялық дисграфия – бала дыбысты қалай айтса, солай
жазады. Мысалы, бұл бала «С» дыбысын айта алмағандықтан, оны жазуда да солай бейнелеп жазады. «Шана» сөзін – сана деп айтады, және тура осылай жазғанда да «сана» деп жазады.
Бұл жағдайда, шатастыратын дыбыстарының артикуляциясымен толық таныстырамыз. Оның жасалу жолын, дыбысты айтқандағы тілдің, еріннің, жақтың қалпына назар аудартып, айырмашылығын сезіндіреміз.
-
Оптикалық дисграфия - көру гнозисінің, талдау мен жинақтау,
кеңістікте бағдарлаудың дамымауымен байланысты, жазуда әріптің алмасуымен және шатастыруымен бейнеленеді. Көбінесе графикалық ұқсас қол жазбалық әріптер алмастырылады. Мысалы, Б-Д, Т-П, Л-М әріптерінің таңбалары ұқсас келеді.Бұл жағдайда әріптердің графикалық элементтеріне, олардың орналасуына, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Көру гнозисін қалыптастыру мақсатымен қолданатын тәсілдер:
-
контурмен сызылған заттарды атау;
-
бірінің үстіне бірі сызылған суреттерді атау;
-
заттың жетіспейтін бөлшегін толықтырып сызу, атау;
-
түрі, түсі, көлемі бойынша заттарды іріктеу;
-
суреттегі айырмашылықтарды табу.
Көріп есте сақтауын (көру мнезисін) дамыту:
-
10 шақты суреттің ішінен 4-5 суретті есте сақтап атау, көрсету;
-
әріптердің ішінен тек дауысты, дауыссыз әріптерді есте сақтап атау;
-
алғашқы кезектілікті сақтап әріптерді, сандарды, фигураларды орналастыру;
-
«не өзгерді?», «не жоғалды?» ойындары.
Әріпті тануын, әріп бейнесін ажыратуын қалыптастыру:
-
графикалық ұқсастардың арасынан әріп табу Л-М; А-Д; К-Ж; Ж-Х; П-Н; Ш-Щ;
-
бірінің үстіне бірі жазылған әріптерді атау;
-
дұрыс, қате жазылған әріптерді анықтау;
-
элементтері бойынша әріп құрастыру;
-
бір әріптен екінші әріп құрастыру (х-ж; т-г; р-в, т.б.);
-
әріптердің ұқсастығын, айырмашылығын анықтау.
-
Акустикалық дисграфия – фонетикалық жақындығы бойынша сәйкес
әріптерді алмастыру, тастап кетумен сипатталады. Бұл жағдайда алдымен ұқсас дауысты дыбыстардан бастап, одан әрі ұқсас дауыссыз дыбыстарды ажырату жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл кезеңде баланың естіп-қабылдауын дамыту жұмыстары жүргізіледі. Түзету сабақтарының тапсырмалары қарапайымнан күрделіге қарай ауысады.
«Айнытпай қайтала» ойыны - балаға алдымен қарандаштың көмегімен партаны ритммен бірнеше рет соғып, балаға осы тапсырманы айнытпай қайталауды сұрау. Одан кейін тапсырманы күрделендіру үшін музыкалық құралдардың көмегімен қайталау.
«Қай дыбыстан басталған?» - алдымен балаларға сөз беріледі, сол сөздің бастапқы дыбысын анықтап оның дауысты не дауыссыз дыбыс екенін анықтайды. Дауысты дыбыс болса қызыл қоңырауды, дауыссыз дыбыс болса көк қоңырауды соғады.
«Сөз ойла, тез ойла»
Логоритмикалық жаттығулар
-
Аграмматикалық дисграфия – сөйлеу тілінің грамматикалық
жағының дамымауымен байланысты. Жазуда сөйлем деңгейіндегі жалғау, жұрнақтарды алмастыру, септік жалғауларды дұрыс қолданбау, сөйлемдегі сөздердің орнын алмастыруда байқалады. Бұл жағдайда түзету жұмыстары төмендегідей болады:
-
Түбір мен қосымшаны, жалғау мен жұрнақты ажырату;
-
Сөз таптарын ажырату;
-
Септік жалғауларды дұрыс қолдану;
-
Сөздік қорындағы сөздердің мағынасын анықтау;
-
Затты, іс-әрекетті, құбылыстарды ажырату;
-
Байланыстырып сөйлеу тілімен жұмыстану: әңгіменің кезектілігін сақтау, сөйлем құрау үлгісін дұрыс пайдалану.
-
Тілдік анализ-синтез дисграфиясы - сөйлемдерді сөздерге бөлу,
фонематикалық талдаулар мен жинақтау, дауыссыздар қатар келген жағдайда тастау, дауыстыларды тастау, әріптерді алмастыру, әріп қосу буындарды алмастыру, қосу не тастап кету секілді қателер кездеседі. Буындық талдау жасау барысында дауысты дыбысты анықтауға және буынға бөлудің негізгі ережесін меңгеруге бөлу қажет.
Дыбыстық талдау
Буындар санын тап.
Тасымалдау
Міне, осымен біз балаларда кездесетін оқу мен жазуының бұзылысы туралы білдік.мен өз тәжірибемде қолданатын жаттығулармен бір сәт сіздермен жасап көрсек деген ұсынысым бар. Ол үшін маған ортаға 2 педагог шығып менімен бірге жаттығуларды жасау керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
бастауыш сынып оқушыларының оқуы мен жазуының бұзылысы

шағым қалдыра аласыз