Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамыту мүмкіндіктері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамыту мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамыту мүмкіндіктерін қарастырады. Проблемалық оқытуға теориялық талдау жасалынады және бастауыш сынып білім алушыларының сыни ойлауын проблемалық оқыту арқылы дамытудың әдістемелік ұстанымдары және бағыттарын қамтиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамыту мүмкіндіктері



КІРІСПЕ

І. Проблемалық оқытуға теориялық талдау

 

1.1“Проблемалық оқыту”, “сыни ойлау” ұғымдарына толықтай анықтама көрсету;

 

II. Бастауыш сынып білім алушыларының сыни ойлауын проблемалық оқыту арқылы дамытудың әдістемелік ұстанымдары және бағыттары

 

2.1 Қоғамда сыни ойлау қабілеті бар ұрпақ тәрбиелеудің маңызы;

 

2.2 Бастауыш сынып білім алушысының сыни ойлауына әсер ететін әдістемелік жобаны ұсыну.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ













КІРІСПЕ

І. Проблемалық оқытуға теориялық талдау

1.1 “Проблемалық оқыту”, “сыни ойлау” ұғымдарына шолу, зерттеуші ғалымдардың көзқарастары 

Ең басты мазмұн бұл : егер бастауыш білім алуышылар білім алушылар не істеу керектігін, тапсырманы қалай атқару керектігін білетін болса, онда, бұл жағдайда проблема туындамайды. Проблема туындамаған жағдайда баланың сины ойлау қабілеті төмендейді. Себебі, бала тапсырма орындалу жолына бас қатырмастан, оңай түрде тапсырманы аяқтауы, логикалық немесе сыни ойлауын жүзеге асырмайды. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл проблемалы жайттары, білім алушылардың белсенді танымдық қабілетін ұйымдастыруға негізделген технологиялық әдіс. Проблемалы оқыту әдістемесі кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, интеллектуалды ойлау қабілеттерін дамытады. Проблемалы оқыту - ынталандырудың ерекше түріне негізделеді, сондықтан материалдық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблематикалық деңгейде болуы тиіс. Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасын талқылау және шешу болады. 

Байқап көру және қателік тәсілі. Торндайктың (1913) мысықтарға жасаған зерттеуі  кезінде туындаған бір мәселе бар еді. Ол — тордан қалай шығудың амалы. Торндайк мұны "байқап көру және қателік тәсілі" деп атады. Мысық торда отырған кезде бірнеше әрекетті іске асыра алды. Яғни, ол бір әрекет жасап, оның қиындықтарын басынан өткізді. Осылайша бірнеше рет талпыныс жасағаннан кейін, мысық торды ашып, қашып шықты. Тордан қашып шығуға талпынған уақытпен салыстырғанда, қашып шыққаннан бұрын мысық аздаған қателік жасады, оған уақыт та аз кетті. Демек, қашып шығуға қатысты әрекеттің тордағы белгімен байланысы нығайды. Мұның нәтижесінен біздің санамыздың түкпірінде проблемаға сыни ой болатынын және ол проблема туған кезде, шығу жолының жауабын көрсететін, өте таңғажайып құрылым. Осы зерттеудің нәтижесінде: біздің санамыздың кез-келген проблемаға өзіндік жауабы болатынын дәлелдейтін функция анықталды.

Ал біз проблеманы шешу үшін байқап көру мен қателік тәсілін үнемі қолдана бермейміз. Біз, негізінен, бір нәтижеге жеткенге дейін бір әрекетті қайталай береміз. Алайда қорқыныш пен қателікке тым сенуге болмайды және шегіну үнемі тиімді тәсіл деп түсіну — қате түсінік. Ол үшін біраз уақыт қажет, оның нәтижесінде еш шешім табылмауы да мүмкін, шешім табылса да, көңілге қонбауы және тигізер әсері де жағымсыз болуы ықтимал. Сондықтан бастауыш сынып білім алушысының сыни ойлауын дамыту әрекетінде, балаға көрсету керек пактика байқап көру және қателесу тәсілі болмақ.

 

Сыни ойлау

 

Сыни ойлау дегеніміз — не істеу керек және неге сену керек дегенді білдіретін рефлективті танымдық әрекет. Сыни ойлау — не жайында ойлауды емес, қалай ойлауды қамтиды. Басқаша айтсақ, бұл терең ойлау дегенді білдіреді.

Мәселенің шешімін табуды көздейтін проблеманы шешу тәсілінен айырмашылығы — сыни ойлау мәселенің табиғатын түсінуге көңіл бөледі. Проблеманы шешу нақты бір салаға бағытталса (мысалы, ғылым, математика), сыни ойлау жалпы деңгейде орын алады (мысалы, ластанудың әсері) және бірнеше саланы қатар қамтиды. Сыни ойлау, әрине, проблеманы шешудің кейбір аспектілеріне де назар аударады. Біз ластанудың әсерін түсініп қана қоймай, оның әсерінен пайда болатын проблемаларды шешу жолдарын да қарастырамыз. Алайда сыни ойлау үшін шешім шығарудың қажеттігі жоқ, керісінше, ол проблеманы толық түсінуге көңіл бөледі.

Зерттеушілер сыни ойлаудың түрлі компоненттерін алға тартады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы: білім, инференция, бағалау және метатаным. Мәселеге қатысты кейбір білім жеке адамдардың сұрақ қойып, жаңа ақпаратты бағалауына көмектеседі. Осы және басқа тарауларда сөз етілген тәсілдер жайлы білім назарды сыни ойлауға бағыттауға түрткі болады. Сыни ойлаудың нәтижесінде адамдар жаңа білім алады.

 

Сыни ойлаудың әдістері:

Инференция дегеніміз — екі немесе одан көп білім бірліктерінің арасындағы байланысты орнату. Инференция жасау адамдардың проблеманы жақсы және тереңірек түсінуіне әсер етеді. 

Бағалау — талдау, шешім шығару және деректерді салыстыру сияқты процестерді білдіреді. Біз талдау арқылы шешілу қажет мәселеге қатысты ақпаратты анықтап, таңдаймыз. Ал шешім шығару ақпараттың дұрыстығын бағалау арқылы қате пікірді жоюды білдіреді. Салыстыру дегеніміз — қолдағы ақпаратты салыстырып, оны өзімізге түсінікті түрде ұйымдастыру.

Метатаным — сыни ойлау үшін аса маңызды процесс. Біз метатанымның «ойлау туралы ойлау» екенін айтып өткен болар едік. Метатанымдық әрекеттер бізге ойлау процесін бақылап, шығарған шешімдеріміздің дұрыстығын білуге көмектеседі. Біз метатанымдық әрекеттер арқылы «мәселе жайында толық ойладық» деген шешімге келе аламыз. Мұндай шешімге келмеу — шешім шығаруға дайын еместігімізді және әлі де көп ақпарат керек екенін білдіреді.

 

Пайымдау деп - логикалық шешім шығаруға және оны бағалауға қатысты менталдық процестерді айтамыз. Пайымдау қорытындысы ойға, түйсіктерге және қолдауға сүйенеді және қандай бір жағдайдың неге орын алғанын немесе қандай жағдай орын алатынын түсіндіреді. Пайымдау дағдылары анықтауды, негізді, инференцияны және бағалауды қамтиды. Бұлардың кейбірінің сыни ойлау кезінде де болғанына назар аударыңыздар.

 

Анықтау сұрақтарды нақты қоюды, элементтерді талдауды, терминдерді анықтауды білдіреді. Бұл дағдылар белгілі бір жағдайда қай элементтің маңызды екенін, олардың нені білдіретінін және олардың өзара қалай байланысты екенін анықтаудан тұрады.

 

Кейде ғылыми сұрақтар қойылса, тағы бірде оқушылар: «Проблема, тұжырым немесе тезис деген не?» — деген сұрақтарды қою керек. Анықтау проблеманы шешу әдісінің сипаттау кезеңіне ұқсайды — бұл кезде оқушылар нақты бір түсінікке қол жеткізу үшін проблеманы анықтайды. Мәселе дұрыс анықталмаған жағдайда пайымдаудың нәтижесі төмен болады.

 

Негіз. Мәселе жайында адамдардың қорытындыларын олардың өздерінің бақылаулары, басқалардың тұжырымдары, одан кейінгі инференция толықтырып отырады. Ақпарат алынған кезде дұрыстығы аса маңызды. Сол арқылы фактілерді, пікірлерді және нақты болжамдарды ажырата аламыз. Мысалы, мылтығы бар күдікті адам өлтірілген жердің маңында тұтқындалды деп ойлайық. Тұтқындалған кезде онда мылтықтың болғаны — факт. Зертханалық мылтыққа, оққа және құрбан болған адамға жасалған зерттеу осы мылтықпен құрбан болған адамды елтірген деген нақты болжам шығарады. Ал істі қарастырып жатқан тергеуші осыдан кейін «күдікті адам өлтірген» деген шешімге келуі мүмкін.










2.1 Қоғамда сыни ойлау қабілеті бар ұрпақ тәрбиелеудің маңызы

 

Қоғам күннен күнге жаңаруда. Соған орай қоғам талаптары да әлемдік жаңаруға, дамуға ұмтылуда. Осы қоғамды қалыптастыратын және даму қоғамына өзінің үлкен үлесін қосатын, сыни ойлауға қабілетті жас буын тәрбиелеу маңызды. Себебі әр проблеманың жақсаруына немесе ғаламның жаңаруына әсер ететін ол адамзат. Әр пайда болған болған пролема міндетті түрде зардап әкелетіні сөзсіз. Осы орайда зардаптың алдын алу үшін бізге білікті, сыни ойға қабілетті жастар керек. Ал тәрбие тал бесіктен демекші, сыни ойға қабілетті етіп жас талаптарды тәрбиелеуді Біз педагогтар жаңару мен жақсаруға өз үлесімізді – болашақ сыни ойлауға, проблемаларды түсініп оларды шешуге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеу арқылы өз үлесімізді қоса аламыз. Бұл біздің басты міндет.

 

 

 

 

2.2 Бастауыш сынып білім алушысының сыни ойлауына әсер ететін әдістемелік жобаны ұсыну.

Оқыту уақыты

 

Оперантты теория бойынша сыртқы факторлар оқушылардың сыни білімді дамытуға және жаңа білім алуына әсер етеді. Оның бірі –  сыни білімге жұмсалатын уақыт.  

Англиялық жазушы Кэрролдың айтуы бойынша білімге жұмсалатын уақытқа негіздей отырып, мектепте білім беру үлгісін жасап шығарды. Бұл бойынша оқушылар білім алуға жұмсалған уақыт көлемінде ғана білім алады. Уақыт деп білім алуға жұмсалған немесе білімге көңіл бөлінген уақытты айтып отырмыз. Уақыт сыртқы (бақылауға болатын фактор) дегенімізбен, бұл анықтама танымдық сипатта, себебі бұл уақыттың қарапайым мінез-құлық көрсеткішінен басқа да факторларды қамтиды. Осыған сүйене отырып, Кэррол оқытуға жұмсалатын уақытқа әсер ететін факторлармен бірге, оқытуға жалпы қанша уақыт кететінін де анықтады.

 







Білім алуға кеткен уақыт

 

Оқушының білім алуға қанша уақыт жұмсайтыны оған бөлінген уақытқа байланысты. Мектеп бағдарламасында пәндер өте көп болғандықтан, белгілі бір пәнді оқытуға жұмсалатын уақыт оған жұмсалуға тиіс уақыттан аз.  

Мұғалімдер сабақта барлық балаға бірдей түсіндірген кезде, кейбір оқушылар жаңа сабақты түсінбей қалады, осыған байланысты оларға қосымша уақыт қажет болады. Ал оларды қабілет деңгейіне қарай топтастырған жағдайда, түрлі тақырыпты түсіндіруге жұмсалатын уақыт балалардың оны қаншалықты жылдам қабылдауына байланысты.  

Екінші әсер ретінде оқушының білім алу үшін жұмсайтын уақытты айтамыз. Оқушыларға білім алу үшін жеткілікті уақыт берілгенімен, олар бұл уақытты оқуға жұмсай алмайды; ықтимал. Қызығушылықтың төмендеуіне, тапсырманың күрделілігіне және басқа да факторларға байланысты, оқушылардың бөлінген белгілі бір уақыт аралығында тапсырманы орындауға деген ықыласы болмайды. Кэррол осы факторларды байланыстыра отырып, оқушының белгілі бір тапсырманы орындауға қажетті уақытын есептейтін формула құрды:

 

Негізінен, білім алуға қанша уақыт қажет болса, оқушы сонша уақыт жұмсай алады (білім алу деңгейі = 1.0), алайда кей жағдайларда олар қажетті уақыттан не көп уақыт жұмсайды (білім алу деңгейі < 1.0), не аз уақыт жұмсайды (білім алу деңгейі > 1.0).  

Кэрролдың үлесі білім алуға қажетті академиялық уақыт пен білім алуға жұмсалған уақыттың және білім алуға қажетті уақыттың маңыздылығына ерекше мән береді. Үлгі психологиялық принциптерді қолданғанымен, ол тек білім беру мен мотивациялық фактор сияқты жалпы деңгейлерді ғана қамтиды. Аталған тәсіл танымның орнын терең зерттемейді. Уақыттың өзгеруін жүйелі түрде анықтай отырып, білімді жетілдіру жолдарын зерттейтін ғалымдар одан да нақты тәсілдерді ұсынды.























Қорытынды: 



Дәстүрлі бағдарламаға сай білім алатын оқушыларға қарағанда, дағдыны игеру сабағына қатысып жүрген оқушылар білім алуға көбірек уақыт жұмсайтыны анық. Мектеп уақытын тиімді пайдалану аса маңызды болғандықтан, дағдыны игеру мектептен тыс жерлерде көбірек орын алуы керек. Кейбір зерттеулер дағдыны игерудің академиялық нәтижеге қарағанда аффективті нәтиже (мысалы, пән тақырыбына қатысты қызығушылық және көзқарас) аз әсер ететінін көрсетіп отыр.

Дағдыны алғаш игере бастаған кезде мұғалімдер дағдыны қалай игеру керектігін барлық балаға, шағын топқа және жеке балаға арналған әрекеттер негізінде түсіндіреді. Формативті бақылау жұмыстарын беру арқылы қай оқушының дағдыны жақсы игергенін тексеруге болады. Нәтижесі төмен оқушыларды шағын топқа қосып, оларға қиындық туғызған мәселелерге көңіл бөлінеді. Мұндайда тәжірибелі мұғалімдердің көмегіне сүйенген дұрыс. Мұғалімдер үй тапсырмасымен бірге, оқушылар қиындық туғызатын тақырыпты қайталауға да тапсырма береді.

Дағдыны бағалауда қорытынды емтиханды жатқызуға болады. Қажетті деңгейді көрсеткен немесе одан жоғары балл алған балаларға бестік баға (А) қойылады. Төмен нәтиже көрсеткендер де критерийлерге сай бағаланады.

Оқыту нәтижесінде балалардың қабілеті аса көп өзгеріп кетпейтінін ескерсек, балалардың қабілетін оқытудың детерминанты ретінде қабылдау дұрыс емес сияқты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Григг Расселл «Бастауыш мектеп мұғалімі», «Ұлттық аударма бюросы» 2020 ж

2. Дейл Х. Шунк «Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі», «Ұлттық аударма бюросы» 2019 ж

3. Зина Олири «Зерттеу жобасын жүргізуі: негізгі нұсқаулық» Нұр-Сұлтан 2020 ж

4. Стив Бартлетт, Диана Бертон “Білім берудегі зерттеулер” Төртінші басылым 

https://ulagat.com/2020/08/13/%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%BE%D2%9B%D1%8B%D1%82%D1%83-%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B/

https://vk.com/wall-135534527_130

 

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2025
101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі