Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін қалыптастыру әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін қалыптастыру әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін қалыптастыру әдістерін қолдану арқылы зерттеушілік іс-әрекеті, оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды. Ғылыми дүниетаным тек теориялық білім алу арқылы емес, сонымен қоса, дәйекті дәлелдер және зерттеушілік іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Оқушылар өздігінен жүргізген зерттеушілік іс – әрекет нәтижесінде нақты шындыққа көз жеткізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2021
1223
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аманбаева Перизат Өміртайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі


Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін қалыптастыру әдістері


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына сәйкес, қазіргі білім берудің мақсаты әлемдік талаптарға сай мобильді, жаңаны қабылдауға бейім, креативті, сыни ойлай алатын, поликоммуникативті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігі туындауда.

Бастауыш сыныпта мұғалім оқушының зерттеушілік дағдысын дамыту барысында әртүрлі әдістерді қолданады. Пән мазмұнына байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Білім, ақпарат, дайын күйінде берілмейді, оқушы үнемі ізденеді, сондықтан да зерттеушілк жұмыс оның күнделікті іс-әркетіне айналады. Педагогикалық тәжәрибеде оқушылардың зерттеушілік дағдылардың дамытудың әртүрлі әдістері қалыптасқан. Солардың бірі-жоба әдісін айтуға болады. Жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу іскерлігін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылыми техниканың жетістігіне сәйкес өзінің кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі. Жоба әдісісінде мына міндеттер жүзеге асады:

-Оқушылардың танымдық іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

-Ақпараттық кеңістікте бағдар ала білу;

-Өз бетінше жоспар құра білу;

-Ғылымның түрлі салаларынан білімді біріктіре білу;

-Сын тұрғысынан ойлау қабілеті;

Келесі әдістердің бірі – саяхат. Саяхат сабағы көбіне Жаратылыстану пәнінде жүргізіледі. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, табиғатта болатын әр түрлі құбылыстардың өзгерістерін анықтау барысында «Күздің белгілері», «Күз мезгіліндегі өзгерістер», «Жыл мезгілдері» т.б тақырыптарда саяхат өткізуге болады. Оқушылар тақырып барысында ақпарат ресурстарын жинау арқылы белгілі бір сұрақтарға жауаптар табады. Бақылау нәтижелерін қағаз бетіне түсіреді. Оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы ұжымдық қарым-қатынасты дамытады. Саяхат сабағының нәтижесінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарында жалғасын табады. Математика сабағы оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытатын негізгі интеграциялық пән болып табылады. Математикалық ойлау, сандық түсініктер, қарапайым математикалық ұғымдар оқушының зерттеу қабілетін дамытады. Сұрақтардың жауабын іздеу арқылы проблеманы шешуге үйренеді. Дүниетану сабағында адам, табиғат, қоғам арасындағы интеграциялық байланысты және табиғи үйлесімділікті  оқушылар көреді. Қоршаған ортада болатын әртүрлі құбылыстарды сезіну арқылы олардың таным мүмкіндіктері артады. Дүниетану пәнінде оқушылардың алғашқы зерттеу әрекеттері қалыптасады. Бақылау, талдау, эксперисмент сияқты әдістерді қолдану арқылы оқушылар мәліметтерді жинақтап, талдап, тұжырым жасауды үйренеді. Бұл пәннің мазмұнында тәжірибе жасау, зерттеу жұмысын жүргізу, сарамандық жұмыс түрлері басым болады. Сабақта бақылау, эксперимент әдістерін қолдана отырып, зерттеу жұмысының қағидаларын игереді. Экологиялық проблемалармен танысу, табиғатта болатын өзгерістер мен құбылыстардың сырын білуге деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар оқушыларға мынандай дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі: зерттелетін тақырыпты таңдау; сұрақ қойып, оған жауап беру тәсілдерін табу; зерттеу жүргізу жоспарын құру; болжам жасау; сұраққа жауап беру үшін зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған түрлі деректерді жинау, өндеу және түсіндіру. Бұл пән биология, химия және физика пәндерінің негізін қалайды. Сонымен қатар терең білім алып, пәнді түсіну үшін жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Бастауыш сыныпта зерттеу әрекетінің дағдылары біртіндеп қалыптасады. Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану зерттеу жүргізудің қағидаларын үйретеді. Мысалы, сабақ барысында қоршаған ортаны қорғау туралы мәселені талдайтын болсақ, мұғалім оқушыларды шағын топтарға бөледі, бірінші топ табиғатқа, қоршаған ортаға зиян келтіретін адамдардың әрекетін анықтайтын болса, екінші топ табиғатты сақтауға, аялауға әрекет  етеді. Екі топты салыстыру негізінде ұжымдық зерттеу жұмысы жүргізіледі.Оқушыны зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ол мектепте оқып жүргенде-ақ қоғам мүшесі екенін сезініп, өз бетінше шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге, әдебиеттермен жұмыс істей білуге, талдауға қатысуға, басқаларды тыңдауға үйренуі қажет
Зерттеудің қол жетімді әдістері:

1.дербес ойлау

2.кітаптан оқып білу

3.кино, теле фильмдерден білу

4.интернет желісінен іздеп табу

5.басқа адамдардан сұрап білеу

6.байқау

7.эксперимент жүргізу.

Зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық,байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып, олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда, бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар.Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине, ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болады, болжамды калай құрылымдау керек, байқауды, эксперементті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы, оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген ұмтылысы негізінде құрылған оқытуда зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Балаларды оқуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бола болмысының білмекке құмарлығымен, оны қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде» алмай, өз бетімен ашады. Кіші жастағы балалар тәжірибесінде жеке және ұжымдық зерттеулер қолданылады. Мұғалім оқушыларға ақпарат жинау бойынша, жоспар құру жөнінде проблемалық сұрақтар қоюға болады. Мәленен, «Біз алдымен не жасай аламыз?», «Зерттеуді неден бастаймыз?» т.б. Әдетте балалар зерттеудің әдістерін нақты айтып жатады. Кітаптан оқитынын, жануарлар туралы телехабардан көретінін, бақылау жасайтынын т.б. түрлі нұсқада жауап беруі мүмкін. Сондықтан мұғалім олардың әрекетін жүйеге келтіру үшін алдын ала дайындалған карточкаларда көрсетілген әдістерді ұсынады, яғни жоспар кұрудың жолдарын көрсетеді. Зерттеуді бастау үшін алдымен ең маңызды тәсіл – өзбетімен ойлана білу екенін кез келген бала айта қоймайды. Сондықтан мұғалім оқушыларға зерттеуді әркім өз бетінше жүргізетінін, қандай жаңа идея келсе де, қорытындысын өздері сынап отыратындығын естеріне салып отырғаны жөн. Осылайша А.И.Савенковтың зерттеуге үйрету әдістемесі бойынша бірізді жоспар құрылуы тиіс. Ойлану қажеттігін түсінгеннен кейін ғана оқушыларға «Ойлану керек!» деген карточка ұсынылады. Мынадай сұрақ қоюға болады: «Тағы не білуге болады?», «Қоян туралы қайдан білуге болады?» т.б. Балалармен бірге сұрақтарға жауап бере отырып, «Ойлану керек!» деген карточканың жанына «Адамдардан сұрау керек», «Кітаптан қарау керек», «Интернеттен қарау керек», «Бақылау жасау», «Эксперимент жүргізу» т.б.карточкаларды тізіп орналастырған соң, жоспар құруға болады: 1. Өз бетімен ойлану 2. Өзіне өзі сұрақ қою 3. Адамдардан сұрау 4. Кітаптан қарау 5. Интернетті қарау 6. Бақылау жасау 7. Материал жинау 8. Қорытынды жасау 9. Презентация 10. Рефлексия. Сауалнамалар жүргізу, видео-аудио материалдарды жинақтау, тақырыпқа байланысты ақпарат құралдарынана материалдар іздеу, осының бәрін оқушы өзі қызығып жасайтында болуы керек.

Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін қалыптастыру әдістерін қолдану арқылы зерттеушілік іс-әрекеті, оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды. Ғылыми дүниетаным тек теориялық білім алу арқылы емес, сонымен қоса, дәйекті дәлелдер және зерттеушілік іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Оқушылар өздігінен жүргізген зерттеушілік іс – әрекет нәтижесінде нақты шындыққа көз жеткізеді.



































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары

  2. Я.А. Коменский «Ұлы дидактика»-Алматы, 1998. 140 б

  3. Братусь Б.С. Аномалии личности-М; Издательство «Мысль», 1998. Стр 35-38

  4. «Білім берудегі менеджмент» журналы, №4-2006 ж «Исследовательская деятельность младших школьников как способ развития их креативности» мақаласы, авторы: Голопятова Н.А

  5. Арынгазин К.М. Становление новой образовательной парадигмы-Караганда, 1997 г. Стр 122-126

  6. Әбілқасымов Ә. Е. «Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру», Алматы, Білім, 1994 ж 192 б

  7. Орысша-қазақша сөздік-Алматы, 2001

  8. Оқушылардың ғылыми ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар-Астана, 2006

  9. Аренова А.Х. Научно-педагогические основы самостоятельной деятельности младших школьников-Алматы, 2004 г, 46 стр





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!