Түркістан облысы Мақтаарал
ауданы
«С.Мұқанов атындағы N40
жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
бастауыш сынып
мұғалімі
Ахназарова Эльмира
Мырзахановна

Бастауыш сыныпта сан есімді
оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану
жолдары
Қазақ тілі пәнін тиімді оқыту
негізінде ол оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге, ұлттық
дүниетанымын кеңейтуге коммуникативтік дағдыларын қалыптастырып,
арттыруға және игерген білімін қоғамның кез келген саласында ұтымды
қолдануға ықпал етеді.
Оқу мақсаттары негізінде
жасақталған қысқа мерзімді сабақ жоспары оқушылардың айтылым,
тыңдалым, оқылым, жазылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік
дағдыларын сенімді қалыптастыруға түрткі
болады.
Қазіргі уақыттта білім беруді
ақпараттандыру мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар
дүниежүзілік білім кеңістігіне кіруге байланысты оқыту үдерісін
жаңа заман талабына сай құруға бағыттап отыр. Соған орай қазақ
тілін оқыту үдерісінде оқушыға білімді өздігімен игеруге
бағытталған интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданған
тиімді.
Интербелсенді оқыту білімді
меңгерту үдерісінде оқушылардың тиімді қарым-қатынасына
негізделеді. Ағылшын тілінен енген бұл «интерактив» сөзіндегі
«inter» өзара, «act» әрекет жасау дегенді білдіреді.
«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы, әңгіме, сұхбат, бірлескен
оқу негізінде үйрету. Бұл үдерісте оқушылар бірлескен таным
үдерісіне белсенді араласа алады және әр оқушы өзінің игерген
білімін ортаға салып талқылап, ой толғау жасай алады. Интербелсенді
оқыту процесінде оқушы бірлескен әрекет негізінде, басқа
оқушылармен өзінің идеясымен, білімімен, түсінгенімен, сұрақтарымен
пікір алмаса отырып, жоғары ойлау деңгейіндегі тапсырманы қалай
орындай алатындығын айқындайды. Бұл процесс – әдетте ынтымақтастық
ахуал да өтіп, жаңа білімді қызығушылықпен оқушылардың игеруіне
мүмкіндік туғызады, жағдай жасайды.
Интербелсенді әдістерді
қолдану ақпарат ұстаздан оқушыға, оқушыдан ұстазға беріліп отыруына
ықпал етеді. Бұл интербелсенді оқыту кезінде оқушы өз пікірін еркін
жеткізе білуге, өзге оқушылардың пікірін тыңдай білуге, өзгелерге
құрметпен қарауға үйренеді.
Мәселен, «Дербес пікір жазу»
тәсілін қолдану кезінде әр оқушы тақырыпқа қатысты өз көзқарасын
білдіреді. Оқушы 7-8 минут ішінде қарастырылған тақырып бойынша өз
ойын жазады. Ой өзіндік пікірді 1 сөйлеммен білдіру, дәлелді 2
сөйлеммен келтіру, өз пікірін дәлелдейтін мысалды 2 сөйлеммен, өз
пікіріне қарсы дәлелді 1 сөйлеммен білдіру, қарсы дәлелді жоққа
шығаратын мысалды – 1 сөйлеммен келтіру және қорытындыны 2
сөйлеммен жеткізу сияқты құрылымдардан тұрады. Бұл әдісті қолдану
кезінде мұғалім әр оқушыға өз ойын айта алуына мүмкіндік
береді.
Мәтінді талдау үшін
қолданылатын «ПОПС» формуласы әдісінде бірінші «Біздің ойымызша:»
деп басталатын сөйлемді жалғастырады, екінші «себебі, біз оны былай
түсіндіреміз» деген сөйлемді жалғастырса, ал үшінші «оны біз былай
дәлелдейміз» дей келе, фактілер мен дәлелдер келтіреді. Әдістің ең
соңында оқушы ойын жинақтап, қорытынды ойын жеткізеді. «Бес қадам»
әдісінде ортаға табан іздері сияқты жасалған табан іздері
тасталады. Ортаға 5 оқушыдан шығады. Әр оқушыға сол күнгі
лексикалық тақырып бойынша 1 сұрақтан қойылады. Оқушы берілген
табан іздерін басқан сайын сұраққа жылдам жауап беріп отырады. Осы
сияқты әдістерді қолдана отырып, сабақты ұйымдастыру – мұғалім мен
оқушының өзара тиімді қарым-қатынас жасауына және оқушының сыни
ойлау дағдыларының қалыптасып жетілуіне, әрі өз бетінше талдау,
қорытынды жасай білуіне ықпал етеді.
Сабақ барысында «Миға
шабуыл», «Автор орындығы», «Ыстық орындық», «Уақыт тізбегі», «Хикая
картасы», «Балық қаңқасы», «Дара диаграмма», «Буриме», «INSERT»,
«Аквариум». Пікірталас, дөңгелек үстел, диалог, оқушы тұлғасының
үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан
ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс
жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана
білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту
әдіс-тәсілдері оқушылардың қызығушылығын туғызады, әрқайсысының оқу
процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді, әрбір оқушының сезіміне
назар аударады және оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді,
оқушыларға көп жоспарлы әрекет етуге әсер
етеді.
Оқыту процесінде кері
байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады және
оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады,
өмірлік машықтарды қалыптастырады, мінез-құлықтың өзгеруіне
көмектеседі.
Қазіргі уақытта сабақтарда
жаңартылған бағдарламаның жүзеге асыру шеңберінде оқытудың
интербелсенді әдістері және интербелсенді құралдардың көмегімен
мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып
отыр. Сондықтан оқу тәрбие процесінде үнемі жаңа оқыту құралдарының
мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету
– әр педагогтің басты міндеті. Осы шарттарды дұрыс орындағанда ғана
біз күтілетін нәтижеге қол жеткізіп, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын тудыра аламыз.
Қазіргі қоғам жеке адамнан
прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап
етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген
сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп
отыр.
Бүгінгі заман талабы білімді,
білікті өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер және
өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан мұғалімнің
басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін
қалыптастыру.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат
сыйласа, ұстаз шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты
сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын
меңзеген. Олай болса, мұғалім әрдайым бала жанының тамыршысы болып,
бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білуі керек.
Сондықтан «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр
құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім әрдайым
ізденіс үстінде болуы маңызды.
Қазіргі оқу үрдісінде түрлі
инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Жаңа
педегогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдарды
іс-әрекеттермен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның
нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол
арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғары көрсеткіш білім
деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізу болып саналады. Бала білімін
оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетуде В.П.Беспальконың
еңбегі бойынша оқушының білімді меңгеру сатысы төмендегі үлгіде
былай көрсетуге болады.
Интербелсенді әдістерді
сабақта қолдану барысында оқушылардың өздері негізгі іс-әрекетке
қатысуға мүмкіндік алатын болғандықтан, бірнеше интербелсенді ойын
түрлері арқылы әдісті жандандыруға болары
сөзсіз.
1. Қазақ тілі сабағындағы
рөлдік ойындар әдісі. Қазақ тілі сабағындағы рөлдік ойындар әдісі –
тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдердің бірі.
Оны тиімді қолдана білген оқытушы оқушыларға білім мен тәрбие
беруде табысқа жетіп, сол арқылы олардың ойын өз бетінше жеткізу
қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын
дамытуға, сұхбаттық қарым-қатынас негізіндегі сөйлеу тілін байытуға
ықпал етеді.
Рөлдік ойын – оқыту мақсатында
қолданылатын, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал. Оның
негізіне өзара рөлдегі және ойындық көріністерді бөліп алып, соған
сәйкес оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы
ұйымдастырылған жұмыс жатады.
Рөлдік ойын сөйлеу тілін
дамытудың тиімді де қызықты тәсілі екені белгілі. Оған мысал
ретінде мына факторларды келтіруге болады: рөлдік ойындарда сөзге
араласушы жандардың басты назары әңгіменің мазмұнына ауады, рөлдік
ойындар тілді әлеуметтік тұрғыдан қолдануда барынша сезімтал болуға
үйретеді, оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруға оң әсерін
тигізеді, әдеттегі жағдайға қалыптасуы қиын қабілеттерді бойға
сіңіруге кең жол ашады, ойындық рөлдерді жүргізу кезінде
оқушылардың бойында тілді үйретуге байланысты шығармашылық қабілеті
дамиды, ойында оқушылардың барлығы жұмысқа белсене кіріседі,
ойындар тілді үйренушілердің бір-бірімен және оқытушылармен
қарым-қатынасқа түсу ынтасын арттырады, әңгімелесушілердің сөзге
бейімділік қабілетін танытудағы теңдік жағдайын жасайды, жағымды да
әсерлі қарым-қатынас тудырады.
Мұндай жаттығуларда тек қана
оқытушының тарапынан болатын сөздер ғана қалыптасып қоймайды,
сонымен бірге оқушылар тарапынан болатын кері реакция орнығады.
Тілде Оқу барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік
пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын
дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді
сыйлауға үйренеді. Ал, мұндай азамат бәсекеге қабілетті, білімді,
білікті, өресі жоғары, ел болашағын ойлайтын тұлға болып қалыптаса
алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
-
Әлімов А.қ.
Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы –
Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» . 2014. – 188
бет
-
Н.А.Волгина. Организация,
формы и методы проведения учебных занятий и самостоятельной работы:
требования, условия, механизмы:Учебно методическое пособие / Под
ред. Н.А.Волгина.Ю.Г.Одегова. –М.:Изд-Рос.экон.акад.,
2004–136с
-
Рысбаева А.Қ. Білім
алушылардың оқу-танымдық іс –әрекеті табыстылығын интерактивті
оқыту арқылы қалыптастыру: Оқу-әдістемелік құрал./ Рысбаева А.Қ.,
Құлмышева Н.А., Исмайлова А.Т.,ТұңғатоваН.Ә. –Алматы,2010–
221б
-
Абдуллина Г. Интерактивті
оқыту таным белсенділігінің қазіргі бағыты./ Абдуллина Г // Ұлт
тағылымы –2009–№2–36-39б.
-
Бағиева Ш.М. Интерактивті
әдістер – өмірлік дағдыны қалыптастырудың тетігі / Бағиева Ш.М //-
Білім – 2007– №6 –57-60б