ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ»
Корчиева Мехрихан Рустамовна
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
(әдістемелік көмекші құрал)
Шымкент, 2025
Әдістемелік көмекші құрал Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының сараптау кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылды(хаттама № 2 23.04.2025ж.).
Құрастырушы:
Корчиева Мехрихан Рустамовна - Шымкент қ., С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Пікір жазған
Барпиева Гульнара Ускенбаевна – «№99 мектеп-гимназия» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, педагогика ғылымының магистрі.
Г. К. Уристенбекова - Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының кандитаты.
Бастауыш сыныатар үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс: (әдістемелік көмекші құрал) /құраст. Корчиева М.Р..,/– Шымкент, 2025. – 29 б
Бұл әдістемелік көмекші құрал бастауыш сыныптағы үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыруға арналған. Онда оқушылардың ерекшеліктері, оқуындағы қиындық себептері, жұмыс бағыттары мен қолдау әдістері қарастырылған. Құралда мұғалімнің тәжірибесі негізінде тапсырмалар үлгілері мен тиімді тәсілдер берілген.
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Аңдатпа
Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мектептердегі үлгерімі төмен оқушылармен тиімді жұмыс жүргізуге арналған. Құралда оқушылардың оқу үлгерімінің төмендеу себептері жан-жақты қарастырылып, олардың психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық ерекшеліктері ескеріле отырып жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері мен әдістері ұсынылады.
Оқушының жеке тұлғалық даму ерекшеліктері мен оқу мотивациясының деңгейіне байланысты үлгерімді арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені баяндалады. Сонымен қатар, оқыту процесінде сарланған және тұлғалық – бағдарлы әдістерді қолдану, жеке білім беру троекторияларын құру, ата-аналармен және мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс жүргізу жолдары нақты мысалдармен көрсетіледі.
Құралда үлгерімі төмен оқушыларды қолдауға арналған практикалық тапсырмалар, жұмыс формалары мен әдістемелік ұсыныстар қамтылған. Мұғалімдерге, психологтарға, сынып жетекшілеріне және педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге ұмтылатын мамандарға арналған бұл әдістемелік құрал білім беру процесінің сапасын арттыруға, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын жандандыруға, олардың әлеуетін ашуға бағытталған.
Мазмұны
|
I. Кіріспе..................................................................................... |
4 |
|
II. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың теориялық негіздері..................................................................................... 2.1 Үлгерімнің төмен болуының себептері........................... . |
7 |
|
2.2 Психологиялық-педагогикалық ерекшеліктер................ |
9 |
|
2.3 Диагностика және талдау әдістері.................................... |
11 |
|
III. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың әдістемелік тәсілдері..................................................................................... 3.1 Жеке оқу бағыттары........................................................... |
14 |
|
3.2 Мотивация және қолдау әдістері....................................... |
16 |
|
3.3 Ата-аналар және мұғалімдермен жұмыс.......................... |
19 |
|
IV. Жұмыстың тиімділігін бағалау және мониторинг........... 4.1 Жетістік критерийлері және нәтижелерді бақылау......... |
23 |
|
4.2 Мониторинг нәтижелері негізінде әдістерді түзету......... |
24 |
|
V. Қорытынды ........................................................................... Қорытындылар мен ұсыныстар................................................ |
27 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................... |
29 |
Кіріспе
Бүгінгі таңда мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Ұстаздарда білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Қандай пән болмасын, ең алдымен сол пәнге деген қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды.
Техника мен білімнің қарқынды дамуы барысында оқушылардың білім үдерісінен қалып отырмауы маңызды. Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады.Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл- ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған ,білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек.
Әдістемелік көмекші құрал өзектілігі: үлгерімі төмен оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан қүрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Математиканы оқытуда деңгейлік тапсырмалардың маңызы зор.Оқушының тақырыпты жете түсініп, терең меңгеруі үшін әр бір деңгейде берілетін тапсырмалар өзіндік үлес қосады. Сондықтан әр деңгейде орындалатын тапсырмалар түрлі талап -тілектерді қамтиды. Әр деңгейдің талап тілегін қамтитын түрлі тапсырмалар арқылы оқушының білім көлемінің қай деңгейге сай келетінін анықтауға болады.
Зерттеудің басты мақсаты – төменгі нәтижелі оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету және оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін жан-жақты қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу барысында келесі негізгі міндеттер қойылды:
-
Оқушылардың оқу нәтижелеріне әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
-
Төменгі нәтижелі оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін оңтайландыру әдістерін зерттеу;
-
Оқушылардың мотивациясын арттыруға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдерді талдау;
-
Замануи технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;
-
Оқу процесінде әртүрлі педагогикалық ықпалдастық пен аралас әдістерді енгізу тәжирибесін жүйелеу.
Зерттеу барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдер көпқырлы және кешенді зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Алдымен, мәселені теориялық тұрғыдан қарастыру мақсатында әдеби шолу жүргізілді. Бұл әдеби шолу барысында педагогика саласындағы халықаралық және ұлттық зерттеулер, ғылыми мақалалар мен практикалық нұсқаулықтар талданды. Әдеби шолу негізінде төменгі нәтижелі оқушылардың проблематикасы, олардың оқу процесіндегі ерекшеліктері және тиімді педагогикалық әдістер айқындалды.
Келесі әдіс ретінде сауалнама және сұхбат жүргізу тәсілдері қолданылады. Бұл әдістер арқылы оқушылардың, ата-аналардың және мұғалімдердің көзқарастары мен тәжірибелері жинақталып, білім беру процесіндегі нақты қиындықтар мен мәселелер анықталды. Сауалнама нәтижелері мен сұхбат мәліметтері талдау барысында статистикалық әдістер мен сапалы талдау әдістерімен үйлестіріп, жүйелі қорытындылар жасалды.
Сонымен қатар, эксперименттік зерттеу әдісі де маңызды орын алды. Эксперимент барысында төменгі нәтижелі оқушылармен жұмыс істеудің арнайы бағдарламалары мен педагогикалық әдістері қолданыла отырып, олардың оқу нәтижелеріндегі өзгерістер бақыланды. Бұл кезеңде педагогиқалық интервенциялардың тиімділігі мен қолданылатын әдістердің практикалық маңыздылығы сыналды. Эксперимент нәтижелері оқушылардың оқу жетістіктерінің артуына, мотивациясының жоғарылауына және оқу процесіне белсенді қатысуына айқын үлес қосты.
Зерттеу барысында қолданылған заманауи техологиялар мен инновациялық әдістер де ерекше назарда болды. Интерактивті оқыту платыормалары, онлайн ресурстар және мультимедиялық құралдар төменгі нәтижелі оқушылардың оқу процесіне қызығушылығын арттыруға септігін тигізді. Бқл технологиялар мен әдістер оқу процесін тартымды әрі тиімді етуге мүмкіндік беріп, оқушылардың өз білімдерін тереңдетуіне ықпал етті.
Зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері төменгі нітижелі оқушылармен жұмыс істеудің өзекті мәселелерін кешенді түрде қарастыруға және оларды шешуге бағытталған педагогикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз болады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері білім беру жүйесінде заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Осыған орай, докладта ұсынылған зерттеу жұмысы төменгі нәтижелі оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жетілдеру және оқушылардың мотивациясын арттыру мақсатында заманауи әдістерді қолданудың маңыздылығын дәлелдейді. Негізгі зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар негізіндегі келекшекте педагогикалық тәжірибені жетілдіруге және оқыту процесінде тиімді педагогикалық тәжірибені жетілдіруге және оқыту процесінде тиімді педагогикалық интервенцияларды жүзеге асыруға бағытталғын нақты шаралар ұсынылады.
Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдеріне дайын дидактикалық материал ретінде пайдалануға өте ыңғайлы. Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстар ескеріледі.
Қортындылай келе, төменгі нәтижелі оқушылармен жұмыс істеу мәселені кешенді зерттеудің талап ететін өзекті сала болып табылады. Әрбір оқушыныі білім алудағы ерекшеліктерін ескеру, оларға жеке көзқарас таныту және тиімді педагогикалық әдістерді енгізу арқылы оқу процесінің сапасын арттыру мүмкіндігі бар. Бұл зерттеу жұмысында анықталған мақсаттар, қойылған міндеттер, қолданылған ідңстер мен тәсілдер білім беру жүйесінде тиімді педгогикалық тәжірибену қалыптастыруға үлкен үлес қосады деп сеніммен айтуға болады.
II Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың теориялық негіздері.
2.1 Үлгерімнің төмен болуының себептері
Бастауыш сыныпта төмен үлгерімі бар оқушылармен жұмыс істеудің теориялық негіздері оқу процесін әртүрлі аспектілерін кешенді талдауды талап етеді. Бұл бөлімде үлгерімнің төмен болуының себептері жан-жақты қарастырылып, оқу үрдесіндегі жеке, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық факторлар талданады. Зерттеушілердің пікірі бойынша, оқушылардың төмен үлгерімінің себебі көбінесе бірқатар факторлардың өзара ықпалының нәтижесі болып табылады. Төменде осы себептердің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері баяндалады.
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттері, оның қабілеті мен менталитеті білім сапасына елеулі әсер етеді. Төмен үлгерімнің пайда болуында генетикалық ерекшеліктер, мидың дамуы, есте сақтау мен ойлау қабілеттері, сондай-ақ эмоционалдық тұрақтылық маңызды рөл атқарады. Кейбір оқушылардың танымдық процестері бая жүруі, ақыл – ой белсенділігінің төмен болуы, жаңа ақпаратты тез меңгере алмауы, есте сақтау қабілетінің шектеулі болуы сияқты жеке ерекшеліктер олардың оқу үлгеріміне тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар, жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы, мотивация деңгейі және мақсатқа жетуге деген ынтасы да үлгерімнің төмен болуына себеп болуы мүмкін.
Отбасының әлеуметтік -экономиқалық жағдайды, ата-аналардың білімі, олардың тәрбиелік көзқарасты мен үйрену үлгілері оқушының оқу жетістігіне айтарлықтай әсер етеді. Отбасында қолдау мен түсінітік болмауы, ата-аналардың оқуға деген қызығушылығының төмен болуы, балаға жеткілікті білім беру материалдарының болмауы сияқты жағдайлар оқушылардың оқуға деген ынтасын азайып, үлгерімнің төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуы, ата-аналардың жанжалдары мен дауалар оқушының эмоционалды жағдайна кері әсер етіп, оқу үрдісіне назарын бөлуіне себеп болады. Зерттеулер көрсеткендей, тұрақты және қолдау көрсететін отбасы ортасы балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, оқу үлгерімін жақсартуға ықпал етеді.
Мектептің білім беру процесіндегі ролі, мұғалімдердің кәсіби дайындығы мен педгогикалық әдістері де оқушының үлгеріміне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мұғалімдердің сабақ беру тәсілдері, оқу материалын түсіндіру әдістері, сыныптағы тәртіп пен елиматтың қалыптастуы оқушылардың оқу мотивациясына және олардың білім деңгейіне тікелей әсер етеді. Төмен үлгерімнің себептерінің бірі-оқытудың біржақты әдістемемсі, инновацияларға ашықтықтың болмауы, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескермейтін педагогикалық әдістердің қолданылуы. Мұғалімдердің оқушылардың жеке қабілеттерін анықтап, оларға сәйкес оқу бағдарламаын ұсынбауы, оқушылардың оқу үрдісіне қатысуын ынталандырудың болмауы үлгерімнің төмен болуына себеп болмақ. Сонымен қатар, сыныптағы қарым-қатынастың нашар болуы, топтық жұмыс жүргізудің тиімсіздігі және оқушылар арасындағы бәсекелестіктің жетіспеушілігі де маңызды фактор болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, төмен үлгерімнің пайда болуында оқушының өзін – өзі бағалауы, өзіндік сенімділік деңгейі және эмоционалдық тұрақтылығы маңызды орын алады. Өзіндік сенімнің төмен болуы, қорқыныш, стресстік жағдайлар мен эмоционалдық күйзелістер оқушылардың оқу үрдесіне теріс әсер етеді. Оқушылардың оқу мотивациясының төмен болуы, мақсат қоюдың әлсіздігі, сабаққа деген қызығушылықтың болмауы олардың оқу үлгеріміне кері әсерінтигізеді. Зерттеушілердің пікірі бойынша, мотивацияның жетіспеушілігі мен психологиялық қолдаудың болмауы оқушының оқу процесінен бас тартып, үлгерімнің төмендеуіне әвеледі. Оқу мотивациясын арттыру мақсатында педагогикалық интервенцияларды қолдану, оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған әдістерді енгізу қажет.
Оқу бағдарламарының мазмұны мен құрылымы, оқу әдістерінің үйлесімділігі де оқушылардың үлгеріміне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Кейбір жағдайда оқу бағдарламалары оқушылардың білім деңгейіне сәйкес келмей, тым күрделі немесе, керісінше, тым қарапайым болып келеді. Мұңдай жағдайларда оқушылардың оқу үрдісі қиындып, мотивациясы төмендейді. Сонымен қатар, оқыту әдістерінің әртүрлілігі мен инновациялық технологиялардың жетіспеушілігі оқушылардың білімге деген қызығушылығын жоғалтуына ықпал етеді. Педгогикалық әдістердің жаңашылдығы, интерактивті оқыту әдістерін қолдану, жеке және топтық жұмыс жүргізу үлгерімді арттыруда маңызды рөл атқарады. Оқу материалын жеткізудің біржақты тәсілі оқушылардың есте сақтау мен ойлау қабілетін шектеп, олардың оқу үлгерімін төмендетеді.
Қоғамда көпұлтты, көптілігі ортада оқитын оқушылардың үлгеріміне мәдени және тілдік факторлар да әсер етеді. Әсіресе, негізгі оқу процесіне кедергі келтіруі мүмкін. Оқушылар өз ана тілінде сөйлемей, оқыту тіліне бейімелуде қиындықтарға тап болады, бұл олардың түсіну және меңгеру процестерін тежейді. Мұндай жағдайда, оқушылардың үлгерімінің төмен болуының себептерінің бірі – тілдік кедергілер мен мәдени ерекшеліктердің өзара ықпалы болып табылады. Оқу бағдарламаларын беймдеу, қосымша тілдік және мәдени қолдау көрсету арқылы бұл мәселені шешуге болады.
Қоғамдық – саяси жағдай, экономиялық қиыншылықтар мен әлеуметтік проблемалар да оқушылардың үлгеріміне әсер ететін маңызды факторлар қатарына жатады. Экономикалық тұрғыдан қиын жағдайда өмір сүретін отбасылардың балаларына арналған білім беру ресурстарының жетіспеушілігі, сапасыз білім беру материалдары мен құралдарының болмауы, оқушылардың психологиялық және әлеуметтік қолаулың аздығы үлгерімнің төмен болуына себеп болады. Сонымен қатар, қоғамдық өмірдегі тұрақсыздық, золық-зомбылық, қылмыстық оқиғалардың жиі орын алуы, әлеуметтік теңсіздік оқушылардың эмоционалдық және психологиялық жағдайын нашарлатып, оқу үрдісіне кері әсерін тигізеді.
Оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығы олардың оқу процесіне тікелей әсер етеді. Денсаулықтың төмен деңгейі, жиі аурулар, созылмалы аурулар немесе психологиялық мәселелер оқушылардың сабаққа қатысуын, концентрациясын және зейнін төмендетеді. Оқу үрдісіне денсаулықтың теріс әсерін болдырмау үшін мектептерде денсаулықты күту және психологиялық қолдау көрсету шараларын енгізу қажет. Мұндай шаралар оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға, олардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуы оқыту әдістерін түбегейлі – өзгертуге ықпал етті. Алайда, технологияларды дұрыс қолданбау, компьютерлік құралдардың жетіспеушілігі немесе тиімсіз пайдалану оқушылардың оқу үрдісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқушылардың ақпаратқа қол жеткізуі, оқу материалдарын меңгеру және өз бетімен ізденуі үшін заманауи технологияларды тиімді қолдану өте маңызды. Егер де технологиялық құралдар мен электронды ресурстар тиімді пайдаланылмаса, оқу үрдісі бірқалыпты жүрмей, оқушылардың үлгерімінің төмендеуіне себеп болады.
Оқушылардың үлгерімін анықтауда қолданылатын диагностикалық құралдар мен бағалау жүйесінің әділдігі де маңызды фактор болып табылады. Кейбір жағдайларда диагностикалық әдістер оқушылардың нақты қабілеттерін немесе жетістіктерін көрсетуге жеткіліксіз болып, бағалау нәтижелері объективті емес болады. Бұл өз кезегінде оөушылардың өзіне деген сенімін төмендетіп, олардың оқу мотодикасына кері әсерін тигізеді. Сапала диагностикалық әдістерді енгізу, бағалау жүйесін жетілдіру арқылы оқушылардың нақты қабілеттері мен жетістіктерін анықтап, қажетті педагогикалық интервенцияларды жүзеге асыруға болады.
Жоғарыда айтылған әртүрлі факторлардың өзара әрекеттесуі үлгерімі төмен оқушылардың оқу үрдесіндегі қиындықтарын түсіндіруге мүмкіндік береді. Әрбір фактордың өзіне тән ерекшеліктері мен салдары бар, сондықтан да кешенді зерттеу мен жан-жақты талдау жүргізу қажет. Жеке тұлғалық ерекшеліктерден бастап, отбасылық орта, мектеп және қоғамдағы жағдайларға дейінгі барлық факторлар оқушының оқу үлгеріміне әсер ететінін ескеру керек.
2.2 Психологиялық - педагогикалық ерешеліктер
Бастауыш сыныпта үлгерімі төмен оқушылармен жүмыс барысында олардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін ескеру – табысты оқытудың маңызды шарты. Мұндай оқушылардың білім деңгейінің төмен болуы көбінесе танымдық процестердің баяулығы, назар тұрақсыздығы, есте сақтау қабілетінің әлсіздігі, логикалық ойлау дағдыларының жеткіліксіз дамуы сияқты факторлармен байланысты болады.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда, үлгерімі төмен оқушылардың өзін-өзі бағалауы жиі төмен, өз-өзіне сенімсіз болып келеді. Олар көбінесе сабақта белсенділік танытпайды, жаңа материалды меңгеруге қорқақтай қарайды, қате жіберуден қорқады. Бұл жағдайда олардың ішкі мотивациясының әлсіреуіне, білімге қызығушылығының төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, оқушылардың эмоциялық жай-күйі де олардың оқуына тікелей әсер етеді. Көп жағдайда оларда күйзеліс, қорқыныш, уайым басым болады.
Педагогикалық ерешеліктерге келетін болсақ, мұндай оқушылардың көпшілігіне оқытудың дәстүрлі әдістері тиімді бола бермейді. Олар үшін сабақтың құрылымы, мазмұны мен әдіс-тәсілдері барынша қарапайым, көрнекі және тәжірибеге жақын болуы керек. Оқушылардың оқу материалын қабылдауына әсер ететін тағы бір фактор – олардың жеке ерекшеліктері мен оқу стилі. Бірі есту арқылы жақсы меңгерсе, екіншісі көру арқылы немесе қолмен істеп көру арқылы жақсы түсінеді. Мұны ескермей оқыту оқушыны одан әрі қызығушылықсыздыққа итермелеуі мүмкін.
Сондай-ақ үлгерімі төмен оқушылардың бойында келесі киындықтар жиі байқалады:
1) есеп шартын оқығанда әріп , буын немесе сөз қалдырып оқу.
2) кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу. Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.
Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді:
1.педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар;
2. нашар оқитын оқушылар.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу- тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Осы қиыншылықтардың себебі –баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Мұндай ерешеліктерді ескере отырып, мұғалім оқушыға жеке көзқараспен қарап, оқыту мен тәрбиелеудің икемді және сараланған тәсілдерін қолдануы тиіс. Дифферециалды оқыту, жеке оқу траекториясын құру, қолдау мен мадақтау жүйесін енгізу – бұл бағыттағы тиімді әдістердің бірі. Сонымен қатар, ата-анамен байланыс орнатып, оқушыны ортақ күшпен қолдау да маңызды рөл атқарады.
Үлгерімі төмен оқушылардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктеріе терең түсіну – олардың дамуына бағытталған тиімді жұмыс жүргізудің негізі. Әр оқушының мүмкіндігін дұрыс бағалап, оған сенім артып, оқу процесін оңтайландыру арқылы ғана біз білім алуға деген құлшынысты оята аламыз.
2.3 Диагностика және талдау тәсілдері
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың тиімділігі, ең алдымен, олардың оқу жетістіктері мен психологиялық жағдайына дұрыс диагностика жүргізу арқылы анықталады. Диагностикалық жұмыс-оқушының даму деңгейін, білім иегеру қарқынын, танымдық процестерін, әлеуметтік – психологиялық ахуалын, сонымен қатар, үлгерімнің төмендеуіне себеп болатын факторларды анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүйесі.
Диагностика – бұл нақты педагогикалық мәселені (мысалы, үлгерімнің төмендеуі) анықтап, оның себептерін жүйелі түрде зерттеу мен талдау процесі. Оқу процесінде жүргізілетін диагностика мұғалімге:
-
оқушының білім деңгейін бағалауға;
-
оқу қиындықтарының себептерін анықтауға;
-
жеке оқу траекториясын құруға;
-
оқушыға қолдау көрсету бағыттарын белгілеуге;
-
оқу – тәрбие процесін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысында диагностика тек бәләм деңгейімен шектелмей, оқушының жеке тұлғалық, эмоционалдық, мәнез-құлықтық және әлеуметтік ерекшеліктерін де қамтиды. Сондықтан бұл жұмыс кешендітүрде, яғни педгогикалық және психологиялық әдістерді қатар қолдану арқылы жүзеге асады.
Диагностика келесі түрлерге бөләнеді:
-
Бастапқы диагностика – оқу жылының басында немесе жаңа оқуш келген кезде оның бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілдеді.
-
Ағымдағы диагностика – оқу процесінің барысында оқушының білім деңгейінің өзгерісін, прогресін немесе кері кетуін бақылау мақсатында жүргізіледі.
-
Қортынды диагностика – оқу жылының немесе белгілі бір кезеңнің соңында оқу нәтижелерін бағалау үшін жүргізіледі.
Қолданылатын диагностикалық әдістер:
-
Тест тапсырмалары – оқу материалын меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Олар түрлі пәндер бойынша құрастырылып, оқушының нақты білімін, түсінуін және қолдану қабілетін тексереді.
-
Сауалнама (анкета) – оқушының қызығушылықтарын, оқу мотивациясын, мектепке көзқарасын, өзін-өзі бағалауын анықтауға арналған. Мұғалім үшін оқушының ішкі күйін тануға мүмкіндік береді.
-
Бақылау әдісі – сабақ үстінде немес сыныптан тыс уақытта оқушының тәртібін, оқу белсенділігін, тапсырма орындауғв қатысын зерттеу.
-
Әңгімелесу – оқушымен жеке немесе топтық түрде өткізілетін еркін сипаттағы сұхбат. Бұл әдіс арқылы оқушының ішкі уәждерін, оқу процесіне деген көзқарасын, қиынддықтарын білуге болады.
-
Психологиялық тесттер – оқушының интеллектілік деңгейін, зейнін, жадысын, эмоционалдық жағдайын анықтауға арналған арнайы құралдар. Психологтармен бірлесіп жүргізіледі.
-
Диагностикалық карталар мен мониторинг – әр оқушының оқу жетістігін, даму динамикасын тіркейтін жүйелі кестелер мен бағалау құралдар. Бұл әдістер ұзақ мерзімді бақылауға ыңғайлы.
-
Портфолио әдісі – оқушының оқу жетістіктерін жинақтап, талдауға мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Оқушының жұмыс парақтары, шығармашылық жқмыстары, жобалар, рефлексиялан қамтылады.
Жиналған диагностикалық ақпараттар мұғалім үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыруда таптырмас құрал болып табылады. Диагностикалық мәліметтер:
-
үлгерімі төмен оқушыларды анықтау;
-
әр оқушыға жеке тәсіл табу;
-
сабақтың мазмұнын және әдісін саралау;
-
оқушылардың дамуындағы прогресті бақылау;
-
ата-анамен жұмыс бағыттарын белгілеу үшін қолданылады.
Диагностика нәтижелерін талдауда мұғалім мынадай сұрақтарға жауап іздеуі тиіс:
-
Қандай пәндер бойынша үлгерімі төмен?
-
Қиындық қай тақырыпта немесе дағдыда байқалады?
-
Бұл қиындықтар жүйелі ме, әлде уақытша ма?
-
Оқушының жеке психологиялық жағдайы үлгерімге әсер етіп отыр ма?
-
Қандай қосымша қолдану немесе тәсіл қажет?
Мысалы, оқушының математикалық ойлауы нашар болса, визуалды әдістерді, практикалық тапсырмаларды көбейту керек. Егер зейін тұрақсыз болса, қысқа мерзімді тапсырмалар беріліп жиі мадақтау арқылы белсенділік арттырылуы мүмкін.
Диагностикалық және талдау нітижелері оқыту дараландыру мен саралауға, яғни:
-
Оқушыларды білім деңгейі мен қабілетіне қарай топтарға бөлуге;
-
Қосымша сабақтар ұйымдастыруға;
-
Оқушының жеке оқу жоспарын құруға;
-
Арнайы тапсырмалар мен әдістемелер таңдауға негіз болаы.
Диагностикалық мәліметтер мұғалімге ғана емес, ата-аналар мен мектеп әкімшілігіне де пайдалы болуы мүмкін. Оқушының дамуына оң өзгерістерді көру үшін мұғалім ата-ана және оқушы арасында өзара тығыз байланыс қажет.
Диагностика мен талдау – үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың негізін құрайтын маңызды қадам. Бұл процесте мұғалім тек бағалаушы ғана емес сонымен қатар бағыт беруші қолдаушы дамытушы тұлға ретінде әрекет етуі тиіс. Оқушының шынайы әлеуетін ашу үшін оны түсініп мүмкіндіктерін дұрыс бағалап дер кезінде және тиімді әдістерді қолдану – басты міндеттердің бірі.
Үлгерімі төмен оқушылардың табысты оқуы ең алдымен, олардың ерекшеліктерін нақты анықтап, соған бейімделген жеке жұмыс нітижесінде жүзеге асады. Сондықтан диагностика – жай ғана тексеру құралы емес, оқушыны табысты болашаққа жетелейтін педагогикалық көпір деп айтуға толық негіз бар.
III Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың әдістемелік тәсілдері
3.1 Жеке оқу бағыттары
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың әдістемелік тәсілдерінің бірі – бұл әр оқушының жеке ерекшеліктеріне негізделген жеке оқу бағыттарын анықтау және соған сәйкес тапсырмалар беру. Бұл тәсіл оқушылардың оқу қабілеттерін жетілдіру, олардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін өте маңызды. Бастауыш сынпта оқушылардың ақыл – ойы мен оқу дағдылары әлі толық қалыптаспағандықтан, әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Мен өз тәжірибемде 1 «Д» және 2 «Ғ» сыныптарында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу барысында жеке оқу бағыттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлдім. Бұл сыныптарда оқу процесінде қиындықтар туындайтын, бірақ білімге деген құштарлығы жоғары оқушылар көп болды. Сол себепті әр оқушының оқу деңгейін, оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, жеке тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер қолдануды қолға алдым.
1 «Д» сыныбының оқушыларының арасында оқу дағдысы әлсіз, сөздік қоры аз оқу жылдамдығы төмен оқушылар бар еді. Әсіресе жазу және оқуда қиналатын балалар көп болды. Бұл сыныптағы оқушылармен жеке оқу бағыттарын іске асыру үшін олардың қиындықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсіну қажет болды.
Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру мақсатында мен әр оқушы үшін жеке кітаптар таңдап бердім. Кітаптар баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды және үлкен әріптермен жазылған мәтіндермен басталды. Мысалы Жасмина мені қызықтырған кезде оқуға арналған суретті кітаптар берілді. Оған әрбір сөйлемді бірге оқып мәтінді мәнерлеп айту тапсырылды. Бастапқыда ол тек бірнеше сөзді ғана оқып мәтіннің мазмұнын түсіну қиын болды. Алайда бір айдан кейін ол кітаптың мазмұнын толық айтып оқуды әлдеқайда жылдамдата бастады.
Оқушылардың оқу қабілеттерін дамыту үшін мен тақырыптық карточкалар қолдандым. Карточкаларда әртүрлі суреттер мен сөздер жазылып балалар суретке қарап, ол тұралы оқып, өз сөздерімен әңгімеледі. Мысалы, Бехрузге көктем туралы карточкалар берілді. Ол көктемнің белгілерін айтып, осы тақырыпта кішкене әңгіме құрауға тырысты. Бұл тапсырма оған өз ойын толық жеткізуге, сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектесті.
Сабақтарда мен әр оқушыға жеке назар аударып, оның оқу деңгейіне сәйкес тапсырмалар бердім. Мысалы, Шахнурға қарапайым сөздер мен сөйлемдер беріліп, оларды оқығаннан кейін сұрақтар қойылды. Осылайша, оның мәтіннің мазмұнын түсіну дағдылары жақсарды. Сонымен қатар, оған үйде оқу тапсырмаларын орындауда көмек көрсетілді. Бір айдан соң ол өз бетінше оқуды тездетті және мәтіннің мазмұнын толық айтып бере бастады.
2 «Ғ» сыныбында оқушылардың оқу дағдылары біршама қалыптасқан, алайда бірнеше оқушының үлгерімі төмен болып, олар оқу және жазу кезінде қиналып отырды. Бұл сыныпта оқушылардың оқу деңгейі әртүрлі болғандықтан, жеке оқу бағыттарын жүргізу үшін мен тапсырмаларды деңгейлер бойынша бөлдім.
Мен осы сыныпта оқушыларға көбіне мәтіндерді оқығаннан кейін мазмұнын сұрау тапсырмасын бердім. Мысалы, оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілер мен әңгімелер беріліп, олардан негізгі идеяларды, кейіпкерлерді атап шығу сұралды. Жеке жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушыларға көбірек уақыт бөлінді. Бұл оқушылар бастапқыда мәтінін түсіну қабілеттері айтарлықтай жақсарды. Кейбір оқушылар бастапқыда мәтіннің негізгі ойын айтып беруде қиындықтар көрген болса, уақыт өте ол мәтіннің негізгі тақырыбы мен кейіпкерлерін анық көрсетіп, сұрақтарға толық жауап беруге дайын болды.
Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін мен олармен әр сабақта жаңа сөздер мен тіркестер таныстрыдым. Мысалы, өлеңдер мен қысқа әңгімелер арқылы жаңа сөзді жеке түсіндіріп, оныі мағынасын көрсетіп, сөйлемдерде қолдану тапсырмаларын бердім. Бұл тәсіл сөздік қорын дамытуға жақсы көмектесті. Оқушылар жаңа сөздерді тез меңгеріп, олардың қолданылуын сабақтарда дұрыс көрсете алды.
Бұл сыныпта оқушылардың жазу дағдылары әлсіз болғандықтан, мен әр оқушыға жеке жазу тапсырмаларын бердім. Тапсырмалар әртүрлі деңгейде болды. Мысалы, Раянаға әріптер және сөздер мен жқмыс жасауды тапсырдым, ал басқа оқушыларға қарапайым мәтіндер жазу тапсырылды. Бір ай ішінде олар жазу процесіне белсенді қатысты, жазу жылдамдығы артып, қателер саны азайды. Оқушылардың жазуы жақсарған сайын, мен тапсырмаларды күрделендіріп отырдым, бұл олардың өз-өзіне деген сенімін арттырды.
Оқушылардыі оқу және жазуға деген қызығушылығын арттыру үшін мен әртүрлі ойынлар мен шығармашылық тапсырмалар қолдандым. Мысалы, оқушыларға шығармашылық тапсырма ретінде «Менің арманым» тақырыбында жазу тапсырмасы берілді. Бұл тапсырма оқушылардың өз ойын еркін білдіруіне мүмкіндік берді. Тапсырманың нәтижесінде оқушылар өз армандарын ашық жазып, бұл олардыжазуға деген қызығушылығын арттырды.
Жеке оқу бағыттарын жүргізу барысында менің сыныптарымда оқу дағдыларының дамуы байқалды. Оқушылардың оқу жылдамдығы артты, олардың жазу қабілеттері жақсарды, сөздік қоры кеңейді. Ең бастысы, балалардың оқу мен жазуға деген қызығушылығы өсті, ал өздеріне деген сенімділік арта түсті. Оқушылардың жақсы нәтижеге жетуі менің берген жеке тапсырмаларым мен жеке көңіл бөлуімнің арқасында мүмкін болды.
Жалпы алғанда, жеке оқу бағыттарын іске асырудың мағызды аспектісі – әр оқушының жеке қажеттіліктеріне назар аудару. Бұл тәсіл оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға, олардың өз мүмкіндіктеріне сенімін арттыруға және оларды оқу процесіне белсенді тартуға мүмкіндік береді. Менің тәжірибемде осы тәсілдердің тиімділігін көріп, оларды өз сабақтарымда қолдануды жалғастыратын боламын.
3.2 Мотивация және қолдау тәсілдері
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуде оқу мотивациясын арттыру мен психологиялық –педагогикалық қолдау көрсету-басты бағыттардың бірі болып табылады.Себебі оқуға деген қызығушылықтың болмауы, өз күшіне сенімсіздік,мектепке деген жағымсыз көзқарас –үлгерімнің төмендеуінің басты себебтері.Сондықтан мұғалімнің ең маңызды міндеттерінің бірі –оқушыны ынталандырып, қалыптастыру, сонымен қатар үнемі қолдау көрсету арқылы оның оқу процесіне қатысуын белсендіру.
Мотивация –оқушыны белгілі бір әрекетке итермелейтін ішкі немесе сыртқы қозғаушы күш.Білім беруүдерісінде мотивация –оқуға деген ұмтылысты ,қызығушылықты, табысқа жетуге талпынысты білдіреді. Үлгерімі төмен оқушылар көбінесе өз мүмкіндіктеріне сенбейді, сәтсіздіктен қорқады,мұғалімнің немесе ата-ананың қолдауын сезінбейді.Мұндай жағдайда оқу мотивациясын арттыру –олардың үлгерімін жақсартудың кілті.
Мотивация екі тұрге бөлінеді: «Ішкі мотивация»-оқушының білім алуға деген жеке қызығушылығы ,жаңа нәрсені білуге деген құлшынысы.
«Сыртқы мотивация»-марапат,баға,ата-ананың немесе мұғалімнің мақтауы,жарыста жеңу секілді сыртқы ынталандырулар.
Үлгерімі төмен оқушылардың мотивациясы көбіне сыртқы факторларға тәуелді болады.Сондықтан мұғалімнің мақсаты –сыртқы мотивацияны ішкі мотивацияға айналдыру,яғни оқушыны өздігінен оқуға қызықтыру.
Мотивацияны арттыру әдістері:
-
«Жетістікке жету жағдайын жасау»
Оқушының сәттілік сезімін сезінуі- мотивацияны арттырудағы маңызды фактор.Сабақта қарапайым ,жеңіл тапсырмадан бастап ,біртіндеп күрделенген тапсырмалар беру арқылы оқушыға «мен де жасай аламын»деген сенім ұялату керек. Бұл тәсіл «жетістік баспалдағы»деп аталады.
-
«Мадақтау мен оң кері байланыс»
Үлгерімі төмен оқушыла жиі сынды естіп үйренген , сол себепті оларды жиі және орынды мадақтау –өте маңызды. «Сен бүгін өте белсенді болдың», «Дұрыс жауапқ жақын қалдың», «Кереметтырыстың» секілді қолдау сөздері оқушыны ынталандырады.
-
«Тапсырмаларды саралау және таңдау еркіндігі»
Оқушыларға мүмкіндігіне қарай тапсырма таңдауға мүмкіндік беру, мысалы: «жеңіл», «орташа», «күрделі» деңгейдегі тапсырмаларды ұсыну арқылы олар өз қабілетіне сәйкес жұмыс жасай алады. Бұл- өз қабілетін бағалауға үйретеді.
-
«Ойын элементтері мен шығармашылық тапсырмалар»
Әсіресе бастауыш және орта буын оқушылары үшін ойын арқылы оқыту – өте тиімді әдіс. Рөлдік ойындар, жарыс түріндегі тапсырмалар , «мозайка», «қатесін тап», ребус шешу сияқты әдістер мотивацияны арттырады.
-
«Оқушының қызығушылығына сүйену»
Оқушының хоббиі, сүйікті мультфльмі немесе спорт түрі руралы тапсырма беру-оның пәнге қызығушылығын арттыру мүмкін. Мысалы , математикалық есептерде футболмен байланысты мысалдар қолдану.
-
«Өзін –өзі бағалау және рефлексия»
Оқушы өз әрекетін бағалауды үйренген сайын , ол өз жетістіктері мен қателіктеріне сын көзбен қарай бастайды. «Мен бүгін не үйрендім?», «Маған не қиын болды?», «Кімге көмектесе алдым?» деген сұрақтар арқылы өзін тануға бағытталады.
-
«Жеке оқу траекториясын құру»
Әр оқушының ерекшелігіне қарай жеке даму жоспарын жасап ,оған нақты ,қолжетімді мақсаттар қою –мотивацияны арттырады. «Келесі аптада сен диктантта 2 қате ғана жібересің» -деген нақты мақсат оқушыны алға жетелейді.
Қолдау көрсету әдістері: мотивацияны қалыптстырумен қатар , оқушыға тұрақты түрде «психологиялық және педагогикалық қолдау» көрсету –оқыту процесінің ажырамас бөлігі. Қолдау көрсету –бұл оқушыны түсіну, қабылдау ,сенім білдіру, қиындық кезінде жанына болу деген сөз.
-
«Жеке қолдау көрсету»
Мұғалімнің оқушыны жеке қабылдауы, оны тыңдай білуі, қажет кезінде кеңес беруі-оқушы үшін үлкен қолдау. Әсіресе үлгерімі төмен оқушылар өз проблемаларын айтуға әрдайым дайын бола берейді , сондықтан сенім атмосферасын құру маңізды.
-
«Эмоционалдық қолдау»
Оқушының күйзелісін , сенімсіздігін сезіне отырып , оны жылы сөзбен , мейріммен ,жай ғана «бәрі жақсы болады» деген сөзбен де қолдау көрсету –оның ішкі күйіне оң әсеретеді.
3 . «Ата –анамен бірлескен жұмыс»
Үлгерімі төмен оқушылардың отбасында жиі қолдау жетіспейді. Мұғалім ата-анамен тұрақты байланысның кішкентай жетістіктеріен айтып, оларды да мадақтауға бағыттауы керек . Ата –анамен серіктестік –қолдаудың маңізді тетігі.
4.«Сынып ортасында қолдау көрсету»
Кейде сыныптастар тарапынан келемеж, мазақ секілді жағдайлар кездесіп жатады. Мұғалім оқушының сыныптағы орнын нығайтып , қолдаушы атмосфера қалыптастыры тиіс. Бірге жұмыс істеу ,жұптық немесе топтық тапсырмалар-осындайда көмекке келеді.
5. « Психологиялық тренингтер мен жаттығулар»
Өзін-өзі тануға ,сенімділікке жектелейтін жаттығулар ,топтық ойындар, «Мені тыңда», «Жылы сөздер», «Сен ерекшесың» сияқты тренингтер –қолдаудың бір түрі.
6. «Мектепішілік ресурстарды тарату»
Психолог , әлуметтік педагог , дефектолог сынды мамандармен біллесіп жұмысістеу –қолдаудың кешенді үлгісі бола алады . Оқушыға тек мұғалім емес , мектептегі басқа мамандар да қолдау көрсетуі қажет.
Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері:
1- топ. Нашар оқитын балалар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.
2-топ
Бұл топтың оқушыларына материалды естеріне сақтау үшін көп рет қайталау қажет. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындығынан, жоғары эмоционалдығынан,зейінінің төмендегінен және жинақы еместігінен байқалады.Олар үшін жинақтауға берілген тапсырмалар қиын. Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін.Мұндай оқушыларға әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.
3-топ
Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе -тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар.
Сараланған тапсырмалар -бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, кәртішкеде, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс.
Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет. Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру — мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Бүгінгі таңдағы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол — өз жұмысын орынды және бүкіл технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын қолдану. Сабақ үрдісінде небір күрделі қиындықтар кездеседі. Қашанда шебер ұстаз барлық қиындыққа төтеп беріп, сабақ үрдісін тиімді ұйымдастырып, тақырыпты жүйелі түсіндіріп отырады. Мұғалімі ретінде барлығымыздың мақсатымыз – сабақ барысында оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Өз сабақтарымда деңгейлеп — саралап оқыту технологиясының әдіс — тәсілдерін жиі пайдаланамын. Әр өткен жаңа тақырыпты оқушыларға шығармашылық ізденіс үстінде меңгертуге тырысамын. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға үнемі проблемалық сұрақтар қойып отырамын. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.
Мотивация мен қолдау –үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың табысты болуына жол ашатын негізгі факторлар. Мұғалімнің міндеті –оқушны тыңдай білу, қиындықтарына бейжай қарамау , оны түсініп ,сеннім білдіру және өз күшіне сенуге үйрету. Оқушы өзін түсініп ,қабылдайтын ,қолдайтын ортада ғана алға үмтылады, дамиды.
Мотивацияны арттыру –ұзақ әрі жүйелі жұмысты қажет ететін процесс. Мұнда әр оқушы ның жеке ерекшеліктері , қызуғушылығы , қабілеті мен психологиялық жағдайы ескерілуі тиіс. Қолдауды үздіксіз көрсету арқылы ғана оқушы өзін қажетті , бағалы тұлға ретінде сезінеді . Оқыту процесінің әрбір кезеңінде мұғалім мен оқушы арасындағы сенім мен қолдау –табысты білімнің кепілі болмақ.
3.3 Ата-аналар және мұғалімдермен жұмыс
Бастуыш сынып оқушылары үшін ата-ананың қолдауы мен мұғалімнің бағыт-бағдары – оқу үдерісіндегі ең басты тіректердің бірі. Бұл жастағы балаларда өзін-өзі басқару, жауапкершілік пен дербестік әлі толық қалыптаспаған. Сондықтан үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысында мұғалім мен ата-ана арысындағы тұрақты және сенімді қарым – қатынас – табыстың кілті болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысы үшін отбасының атмосферасы, ата-ананың қарым – қатынасы мен көзқарасы – баланың өзін – өзі бағалауына, сабаққа деген ынтасына тікелей әсер етеді. Көбіне үлгерімі төмен оқушылар отбасынан қажетті қолдау мен түсіністік таппай жатады. Кейбір ата-ана баланың мүмкіндіктерін шектен тыс асыра бағалап, балаға шамадан тыс талап қояды, енді бірі баланың оқуына мүлде мән бермейді, мұндай жағдайларда балада қорқыныш, сенімсіздік, қызығушылықтың төмендеуі сияқты мәселелер туындайды.
Ата-анамен жұмыстың негізгі мақсаттары:
-
Бала тәрбиесіне ата-ананың белсенді араласуын қамтамасыз ету;
-
Ата – аналарға педагогикалық кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-
Үлгерімі төмен оқушыны бірлесіп қолдау,ынталандыру;
-
Мектеп пен ата-ана арасында сенімге негізделген серіктестік орнату.
Үлгерімі төмен оқушының ата-анасымен жеке әңгімелесу арқылы балада кездесіп жатқан қиындықтарды бірлесіп талқылау, шешу жолдарын іздеу – ең тиімді тәсілдерін бірі. Кеңес барысында ата-анаға баланың күшті және әлсіз жақтары туралы нақты мәлімет беріледі, оны қалай қолдау қажет екені түсіндіріледі.
Ата-аналардың кейбір баланың даму ерекшеліктері мен қажеттіліктер туралы білмей жатады. Сол себепті оқушылардың жас ерекшеліктері, үлгерімнің төмендеу себептері, тиімді оқу дағдылар туралы семинарлар, тренингтер, жиналыстар ұйымдастыру – маңызды.
Ата-ананың баласының сыныптағы іс-әрекетін өз көзімен көруі – оның қызығушылығын арттырып, балаға деген қолдауын нығайтады. Баланың жетістігін тікелей көру – ата-ананың сенімін күшейтеді.
Бұл шаралар мұғалім мен ата-ана арыснда бейресми, еркін диалог орнатуға мүмкіндік береді. Өзара сенім артқан сайын балаға қолдау да нәтижелі болады.
Ата-аналарды бір ортада біріктіріп, тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Бір ата-ананың үлгісі, көзқарасы басқаға оң әсер етуі мүмкін.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушының жақсы танығанымен, баланың кейбір мінез – құлықтық ерекшеліктері басқа мұғалімдері, психолог, әлеуметтік педагог, логопед, мектеп әкімшілігі – барлығының үлгерімі төмен оқушымен байланысы бар. Сол себепті жүйелі жұмыс үшін педагогтер арасындағы ынтымақтастық маңызды.
Бастауыш сыныптарда үлгерімі тқмен оқушыларға психологиялық диагностика жүргізіп, оның ішкі жағдайын анықтау, жеке коррекциялық жұмыс жоспарлау – мұғалім үшін үлкен көмек. Психолог оқушының сенімін арттыруға бағытталған жаттығулар мен ойындарды ұсына алады.
Басқа мұғалімдердің тиімді әдістерәмен танысу, нақты оқушымен жүргізген жұмыстарының нәтижесін талқылау – кәсіби дамудың бір бөлігі. Мұғалімдер кеңесінде немесе әдістемелік отырыстарда үлгерімі төмен оқушымен жұмыс үлгілерін көрсету пайдалы. Сабақтан тыс уақытта да баланың дамуына жағдай жасау үшін қосымша оқу әдебиеттерін таңдау, мектептегі тәрбие жұмыстарына қатыстыру – жан-жақты қолдаудың бір жолы. Үлгерімі төмен оқушылардың жалпы жағдайын, үлгерімін, мінез-құлқын талқылауға арналған арнайы отырыстар ұйымдастыру – бірізді, жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптағы үлгерімі төмен оқушылармен жұмы тек мұғалімнің жауапкершілігі емес. Бұл ата-ана, мұғалім және мектептің барлық мамандарының бірлескен әрекетін талап ететін күрделі де маңызды үдеріс.
Тәжірибеден мысал: Бастауыш сыныпта үлгерімі төмен оқушымен ата-аналар және мұғалімдер арасындағы бірлескен жұмыс.
Менің 4-сыныбымда оқу үлгерімі төмен ,сабаққа қызығушылығы әлсіз бір оқушы болды. Бұл оқушы – Бехруз есімді бала ,өте ашық , белсенді , бірақ оқу тапсырмаларын орындауға келгенде енжер, сабақ үстінде ойынға тез берілетін ,кейде тәртіп бұзатын жағдайлар да байқалатын . Ата-анасымен әңімелесу барсында баланың үй жағдайында да оқуына жеткілікті көңіл бөлінбейтіні, балаға бақылаудың әлсіз екені анықталды. Ата-анасы баланың «ерке» екенін, «көңілі тұрақсыз», «өзі біледі» деген сипаттамаларды жиі қолданады.
Диагностикалық кезең:
Оқушының үлгеріміне әсер ететін себептерді анықтау үшін мектеп психологымен бірлесе отырып диагностикалық жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда : «Мектеп мен үшін қандай орын?» тақырыбында сурет салу тапсырмасы берілді. Бұл тапсырма арқылы оқушының мектепке деген ішкі көзқарасы бағаланды. Суретте мектеп қараңғы түстермен салынған ,сынып өте кішкінтай ,балалар көңілсіз бейнеленген. Бұл баланың мектепке жағымсыз көзқарасын көрсетті.
«Сенің күнің» атты әңіме жазу тапсырмасы берілді. Әнгімеде оқушы негізінен ойын ,мультфилм, достврымен серуендеу туралы жазды, ал сабақ туралы бірде-бір жағымды сөз айтылмаған. Бұл да оның оқу процесіне бейтарап не жағымсыз көзқарасын көрсетті.
Оқу жәнетүсіну деңгейін тексеру жұмыстары өткізілді. Оқушы сөздерді буындап оқиды,мәтінді оқыған соң оның мазмұнын айтып бере алмайды, логикалық байланыс орнату қиын. Жазуда орфографиялық және грамматикалық қателер жиі кездеседі.
Ата-анамен жұмыс:
Диагностикалық нәтіжелерден кейін ата –анамен жеке кездесу өткізіледі. Бұл кездесуде балаға қолдау көрсету қажеттігі,оны жиі мақтап ,жетістіктерін атап отырудың маңіздылығы түсіндірілді. Ата-ана бастапқыда баланың жалқаулығын алға тартқанымен , психологпен және мұғаліммен бірлесе отырып ,баланың мінезі мен оқу әрекетіндегі қиындықтар түсіндірілген соң, көзқарастары өзгеріп , белсендірек араласа бастады.
Мұғалім ретінде мен ата-анамен келесі жұмыстарды жүргіздім:
Аптасына бір рет «оқушы күнделігін» толтырып беріп отырдым. Онда баланың қандай жетістігі болғаны, қай пәннен қиналғаны қысқаша сипатталып отырды.
Ата-анаға үй тапсырмасын орындау кезінде бағыт беру үшін қысқа әдістемелік нұсқаулық әзірлемедім. Онда «Сурақ қойыңіз», «Дұрыс жауап бергенде мақтаңіз», «Жазба жұмысты бірге тексеріңіз» сияқты кеңестер болды.
«Балаға қалай көмектесе аламыз?» атты шағын тренинг ұйымдастырдым . Бұл тренингте ата –аналар өз балаларына қалай қолдау көрсете алатынын біліп ,бір-бірімен пікір алмасты.
Мұғалімдермен және мамандармен жұмыс.
Мектеп психологымен ,әлеуметтік педагогпен ,кітапханашымен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Психолог әр аптада оқушымен жеке жұмыс жасап ,сенімді қарым –қатынас орнатты. Бала өзін еркін ұстай бастады. Мектеп кітапханашысы оқушының жасына және қызығушылығына сай қызықты кітаптар ұсынды. Осылайша оқуға деген ынта біртіндеп қлыптаса бастады.
Сабақтағы жұмыс
Оқушыны мотивациялау үшін келесі әдістер қолданылды:
«Жетістік ағашы» бұршы жасалды. Оқушы әрбір жақсы әрекеті үшін жапырақ ілді. Бір аптада бірнеше жапырақ жинаған кезде шағын сыйлық немесе мақтау қағазымен марапатталды.
Жеке тапсырмалар беру-барлық сыныппен бір уақытта емес, оқушыға арнайы жеңілдетілген тапсырма ұсынылып , оны орындау арқылы өзіне деген сенім нығайды.
Құпия көмекші рөлі берілді –ол бір күн бойы басқа оқушыға көмектесу міндетін атқарды,бұл оның жауапкершілігін арттырды.
Нәтіже
1 айдан соң оқушының сабаққа қатысуы тұрақталып , белсенділігі артты .
Үй тапсырмасын орындау көрсеткіші 30%-дан 80%-ға өсті. Сабақта қол көтеріп жауап беруге тырыса бастады. Ата-анасы да өзгерісті байқағанын айтты.
VI Жұмыстың тиімділігін бағалау және мониторинг
4.1 Жетістік критерийлері және нітижелерді бақылау
Бастауыш сынып оқушылармен, соның ішінде үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс барысында жұмыстың тиімділігін нақты бағалау мен жүйелі мониторинг жүргізу өте маңызды. Себебі оқушылардың білім деңгейін арттыру үшін қолданылған әдіс-тәсілдердің нәтижелігін анықтау – келесі қадамдарды жоспарлаудың негізгі алғышарты. Жұмыстың тиімділігін бағалау және нитижелерді бақылау барысында жетістік критерийлерін айқынап, нақты өлшемдер арқылы нәтижелерді талдау – тәжірибеде оң әсерін береді.
Бұл бөлімде мен 1 «Д» және 2 «Ғ» сыныптарында жүргізілген жеке тәжірибеме сүйене отырып, жетістік критерийлерін қалай анықтағанымды, нәтижелерді қалай бақылағанымды және қандай қортындыларға келгенімді баяндап өтемін.
Жетістік критерийлері – оқушының оқу процесінде қандай нәтижеге жетуін көрсететін, нақты өлшемдермен жұмыс жасауда бұл критерийлер айқын әрі қолжетімді болуы тиіс. Мен өз жұмысымда жетістік критерийлерін қолдандым, олар мәтіннің мазмұнын түсініп, қысқаша мазмұндап беруі, дауыстап оқу кезінде интонацияны сақтауы, диктанттарды грамматикалық және орфографиялық қателер санының азаюы, өз ойын ауызша еркін жеткізе алуы, сандық қатынастарды түсіну, сабаққа деген қызығушылығының артуы, сабаққа деген қызуғышылығының артуы.
Жоғарыда келтірілген критерийлер әр тоқсан сайын бағаланып отырды. Бұл үшін оқушылардың оқу процесіндегі әрбір қадамы мұқият бақылауға алынып, жазбаша, ауызша, шығармашылық жұмыстар, диктанттар, сауалнамалар мен диагностикалық тесттер арқылы тексерілді.
Әр критерий бойынша оқушы жетістігі мынандай деңгейлерге бөлінді:
-
Жоғары деңгей – тапсырмаларды өз бетінше, қателіксіз және уақытылы орындауы.
-
Орташа деңгей – тапсырмаларды жеңілдетілген түрде, кейбір мұғалімнің көмегімен орындай алуы.
-
Төмен деңгей – тапсырмаларды толық орындай алмауы, жиі көмек қажет етуі.
Мысалы, 1 «Д» сыныбында Шахнур есімді оқушы оқу жылдамдығы жағынан тоқсан басында минутына 12 сөз оқыса, төртінші тоқсанда бұл көрсеткіш 38 сөзге дейін өсті. Мәтінді түсіну деңгейі ортадан жоғары деңгейге көтерілді. Бұл нақты жетістік болып бағаланды.
Мониторинг – оқушының оқу барысындағы өзгерістерін бақылап, оны талдау процесі. Мониторинг үздіксіз жүргізіліп отырды. Оқу жылыы барысында келесі кезеңдерде нәтижелер жиналды:
-
Бастапқы мониторинг қыркүйек – оқушылардың білім деңгейін, дағдысын анықтау.
-
Аралық мониторинг желтоқсан, наурыз – оқу барысындағы өзгерістерді бақылау.
-
Қорытынды мониторинг мамыр – оқу жылының соңындағы жетістікті бақылуы.
Әр кезенде оқушыларға тапсырмалар берілді, олардың орындалу сапасы арнайы кестелер мен дәптерлерде тіркелді. Әр оқушы үшін жеке бақылау парақшалары жасалып, онда келесі көрсеткіштер белгіленді:
-
Оқу жылдамдығы
-
Қатерлер саны
-
Тапсырмаларды
-
Орындау уақыты
-
Ауызша жауап сапасы
-
Шығармашылық ойлау деңгейі
Жұмыстың тиімділігін бағалау және мониторинг – оқушының білім жолындағы әрбір жетістігі мен қиындықтарын дәл анықтауға көмектесетін маңызды құрал. Менің тәжірбемеде бұл жұмыс үлгерімі төмен оқушылардың алға жылжуына үлкен септігін тигізді. Әрбір өзгеріс, әрбір сәтті қадам мұқият бақылауға алынып, уақытында қолдау көрсетілді.
Жетістік критерийлерін нақты айқындау және мониторингті жүйелі түрде жүргізу арқылы мұғалім: жұмыстың нәтижелілігін көреді, оқушылардың қандай бағытта жетілдіру қажет екенін біледі, болашақтағы жұмыс жоспарын түзете алады, әр оқушының даму динамикасын қадағалап, қолдау шараларын уақытылы ұйымдастырады.
Осындай жүйелі жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу сапасын арттыруға, олардың жеке қабілетін дамытуға жіне үлгерімі төмен оқушыларды негізгі деңгейге жеткізуге болады. Ал мұғалімнің кәсіби шеберлігі осы процесті дұрыс басқаруда көрінеді.
4.2 Мониторинг нәтижелері негізінде әдістерлі түзету
Бастауыш сынып оқушылармен, соның ішінде үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуде қолданылған әдістердің тиімділігін тексеру үшін мониторинг жүргізу маңызды. Бұл жұмыс нақты нәтиже беріп жатқанын, қандай әдістердің нәтижелі екенін және қай бағыттарды өзгерту немесе жетілдіру қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Менің тәжірибемде 1 «Д» және 2 «Ғ» сыныптарында жүргізілген жұмыс барысында алынған мониторинг нәтижелері білім беру процесіне түзету енгізуге негіз болды.
Мониторингтің негізгі мақсаты – оқу процесіндегі оң жіне теріс тенденцияларды бақылау, үлгерімі төмен оқушылардың даму динамикасын қадағалау, қолданылған әдістердің тиімділігін саралау және болшақтағы жұмысқа нақты бағыттар белгілеу.
Мен өз тәжірибемде үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде мынандай сұрақтарға жауап іздедім:
-
Қолданылған әдістердің қайсысы нақты нәтиже берді?
-
Қандай оқушыларда оң өзгерістер байқалды?
-
Қай бағыттарда әлі дде қиындықтар бар?
-
Қандай әдістерді өзгерту немесе қосымша қолдау көрсету қажет?
Мониторинг барысында әртүрлі формалар мен құралдар қолданылды. Олар: жазбаша және ауызша тексеру тапсырмалары, сөйлеу мен жазу дағдыларына арналған бақылау парақтары, сабақтағы жеке жұмыс нәтижелері, әр тоқсан сайынғы бақылау жұмыстары. Мен оқушылардың оқу дағдысын тексеру үшін ай сайын «оқу минутын» өткіздім: әр оқушы 1 минут ішінде мәтінді оқып, содан кейін оның мазмұнын түсінуге баға беруге көмектесті. Сонымен қатар, жазу дағдыларын бағалау үшін диктанттар, шығармашылық жазба жұмыстары қолданылды.
1 «Д» сыныбы бойынша мониторинг нәтижелері. Бұл сыныпта мен 5 оқушымен жеке жұмыс жүргіздім. Жұмыстың бастапқы кезеңінде бұл оқушылардың оқу мен жазу қабілеттері төмен болды. Олар оқу жылдамдағы бойынша нормаға сай келмеді, сөздік қоры аз болды, жащу кезінде көп қате жіберді. 3 ай бойы жүргізілген жеке оқу бағыттары нәтижесінде мониторинг мынандай өзгерістерді көрсетті:
-
Оқу жылдамдығы: барлық 5 оқушыда оң динамика байқалды. Мысалы, Робия бастапқыда минута 10-12 сөз оөыса, 3 айдан кейін бұл көрсеткіш 25-30 сөзге дейін өсті.
-
Мәтін түсіну: бастапқыда оқығанын түсіну өте төмен болды. Мониторинг нәтижесі бойынша 3 оқушы мазмұнын қысқаша айтып бере алатын деңгейге жетті.
-
Жазу дағдылар: диктанттарда жіберілетін қателер саны 30-40%-ға қысқарды. Еркін жазба жұмыстары кезінде сөйлем құруда анық ілгерілеу байқалды.
Осы нәтижелерге сүйене отырып мен кейбір әдістерді түзету қажеттігін анықтадым. Мысалы сөздің қорын арттыру әдістері жеткіліксіз болды сондықтан оқу лексикасына бағытталған арнайы ойындар мен жаттығулыр енгізілді. Сонымен қатар мотивацияны арттыру үшін мадақтау жүйесін кеңейттім: оқушы жетістігіне сәйкес «апта оқушысы» белгісін енгіздім.
2 «Ғ» сыныбы бойынша мониторинг нәтижелері. 2 Ғ сыныбында 4 оқушымен белсенді жеке жұмыс жүргізілді. Бұл оқушыларда сөйлеу, жазу және есептеу дағдыларына байланысты қиындықтар болды. Мониторинг үшін тоқсан сайын оқу, жазу және логикалық тапсырмалар бойынша нәтижелер жиналды.
-
Оқу көрсеткіштері: бастпақыда 2 оқушы мәтінді өте баяу оқып, мазмұнын жеткізе алмайтын. 2 айдан кейін олар 40-50 сөз оқуға қол жеткізіп, негізгі идеяны айтуға үйренді.
-
Жазу сапасы: қате санын азайту бағытында жүргізілген жұмыс нәтижесінде диктанттағы қателер саны екі есеге қысқарды.
-
Мотивация деңгейі: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Мониторинг кезінде байқалған басты өзгеріс – өз бетінше жұмыс істеуге деген ұмтылыстың пайда болуы.
Алайда осы сыныпта да кейбір әдістердің нәтижесіз болғаны анықталды. Мысалы, жазу дағдысын дамытудағы бірқалыпты диктант жұмыстары барлық оқушыларға бірдей әсер етпеді. Сондықтан бұл әдісті өзгертіп, оның орнына шығармашылық жазбалар мен суретпен жұмыс түрлерін енгіздім. Бұл тәсіл оқушылардың қызығушылығын оятты және ойлау қабілетін дамытты.
Мониторинг жүргізу және оның нәтижесіне қарай оқыту әдістерін түзету – бұл үздіксіз процесс. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысында қолданылған әр әдіс пен тәсілге бақылау жасап, оның нәтижелілігін бағалау – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызды бөлігі. Менің тәжірибемде бұл тәсіл өзін толығымен ақтады: оқушылардың жетістігі артты, мотивация мен сенімділік пайда болды. Әрбір баланың әлеуетін ашу үшін мұғалім үнемі бақылап, икемдеп, қолдап отыруы керек. Ал бұл үшін мониторинг нәтижелері негізінде әдістерді түзету – маңызды әрі тиімді қадам.
Қортынды
Бастауыш сыныпта үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс – бастауыш білім беру жүйесінің маңызды әрі күрделі саласы. Бұл бағытта тиімді жұмыс жүргізуі үшін мұғалім жан-жақты тәсілдерді қолданып, әр баланың жеке ерекшелігіне сүйене отырып әрекет етуі қажет. Менің тәжірибем көрсеткендей, жүйелі жоспар, әдістемелік құралдар мен мониторинг арқылы оқушының даму деңгейін арттыруға болады.
Жұмыс барысында алдымен үлгерімі төмен оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері зерттелді. Мұндай оқушылардың есте сақтау қабілеті, зейні, оқу мотивациясы, эмоциялық күйі өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті олармен жұмыс жасауда мұғалімнің шыдамдылығы, тұрақта қолдауы мен ынталандыруы басты орында тұрады. Бұл оқушылардың кейбірі баяу оқиды, мәтінді түсінуде немесе өз ойын жеткізуде қиналады. Басым бөлігі өз-өзіне сенімсіз болып келеді. Осыған орай оларға арнайы қолдау қажет.
Диагностика және талдау әдістері арқылы оқушылардың нақты қандай салада қиындық көріп жүргені анықталады. Оқу жылдамдығы, мәтінді түсінуі, есеп шығару қабілеті, жазу сауаттылығы - бәрі бақылауға алынады. Бастапқы, аралық және қортынды мониторинг нәтижелері оқушының даму динамикасын анықтауға мүмкіндік берді. Осы нәтижелер негізінде оқу әдістеріне түзетулер енгізілді.
Жұмыс тиімділігін арттыру үшін мотивация мен қолдау әдістері кеңінен қолданылды. Мадақтау, ойын элементтері, қызықты тапсырмалар, жұптық және топтық жұмыс тәсілдері үлгерімі төмен оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына әсер етті. Сонымен қатар ата-аналармен және пән мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатылып, бірлескен жоспар құрылды. Бұл да оқушылардың жетістікке жетуіне оң әсер етті.
Әдістемелік тәсілдер ретінде жеке оқу бағыттары қолданылды. 1 «Д» және 2 «Ғ» сыныптарында нақты мысал ретінде, оқушыларға жеке тапсырмалар, қайталау сабақтары, логикалық және креативті тапсырмалар ұсынылды. Нәтижесінде кейбір оқушылар оқу жылдамдығын арттырып, сөйлем құрау дағдыларын жақсартты, өз ойын еркін жеткізе бастады.
Мониторинг нәтижелері негізінде кейбір әдістерге өзгерістер енгізілді. Мысалы, белгілі бір ойындар тиімсіз болса, олар мазмұндық жағынан өзгертілді немесе басқа тәсілдермен алмастырылды. Мұндай икемділіік оқушылардың қажеттілігіне сай жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді.
Жалпы, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау - үздіксіз қолдауды, шығармашылық ізденісті және кәсіби шеберлікті қажет ететін жауапты іс. Бұл бағытта мұғалімнің мақсаты - баланың мүмкіндігін ашып, сенім ұялату, оның білім алу жолында нақты жетістікке жетуіне жағдай жасау. Осындай жүйелі, мақсатты жұмыстың нәтижесінде оқушылардың оқу процесіне қызығушылығы артып, үлгерім деңгейі жоғарылады.
Ұсыныстар:
«Үлгермейтіндерге арналған ереже»:
1. Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды.
2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру
3. Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы
4. Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.
5. Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек
6. Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек
7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру
Оқыту тиімділігін арттыру үшін берілген психологтың нұсқаулары
1. Әр түрлі жағдайларға сәйкес мұғалім өз
жеке ережесін қолдануы
керек
2.Мұғалім сынып тазалығын бақылауы керек
3.Мұғалім тәртіпті қадағалауы керек
4.Сыныпта мұғалім үнемі қозғалыста болуы керек
5. Мұғалім ашық және эмоционалды түрде жанжал жағдаяттарын сабақта шешпеуі керек (нұсқау: Көзбе-көз сөйлесу).
6. Мұғалім оқушымен жеке жұмыс жүргізген кезде, берген тапсырмасы оқушыны қызықтырды ма , соған көңіл бөлу керек
7. Мұғалім көбіне оқушыларға тапсырма берген кезде, белгілі бір ережелерге сәйкес , оқушыларға үнемі көмек бермеуі керек
8. Оқушының жіберген қателігі үшін қатты сөкпеуі керек
9. Сұраққа жауап беру кезінде оқушыға қателігін өзі дұрыстауы үшін уақыт
беруі керек
Үлгерімі нашар оқушылардың мықты жақтары да
болады:
- үйде олар оқшауланбай жұмыс
жүргізе береді;
- олардың белсенділігі кеш пайда болады,
әрі көпке дейін
сақталады;
- олар бірізділік жұмысқа бейімделуі
байқалады;
- олар өздері жеке өз жұмысын ұсынуға
мүмкіндігі бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері
бар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. - Педагогика - Алматы: Дарын, 2021.
2. Жанпейісова М. М. - Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде - Алматы: 2020.
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. - Педагогика: оқуқұралы Алматы: 2022.
4. Мұқанова Б. - Бастауыш сынып оқушыларымен жеке жұмыс жүргізу жолдары - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021.
5. Сейталиева К.Ж. - Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру жолдары - Шымкент: ОҚМПУ баспасы, 2020.
6. Атамұратова С.және басқалар. - Бастауыш Білім беру әдістемесі-Алматы: Рауан, 2019.
7. Құрманалина Ш. Ш. және т.б. - педагогтардың Біліктілігін Арттыру мен оқытудың заманауи әдістері-Астана: 2022.
8. Қазақстан республикасы білім және ғылым Министрлігінің стандарттары мен әдістемелік нұсқаулықтары үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру туралы ереже, 2021 ж.
9. Білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік ұсынымдар-инклюзивті және жеке бағытталған оқыту-Астана: Ы.Алтынсарин атындағы НБА, 2023.
10. Сатыбалдиева Н.-басында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары-Алматы: 2022.
24
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз