Түркістан облысы Мақтаарал
ауданы
«С.Мұқанов атындағы N40
жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
бастауыш сынып
мұғалімі
Турекулова Лауракул
Азимхановна
Бастауыш сыныптарда ғылыми
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазіргі оқыту үрдісінің
мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке
тұлға тәрбиелеу. Осыны еске ала отырып бастауыш сыныптардан бастап
ғылыми жұмыстармен айналысқан дұрыс екендігіне көз жеткіземіз.
Ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, оқушылардың танымдық
дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін
қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан
ойлауларын дамыту жатады. Бастауыш сынып оқушылары арасында ғылыми
жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық
дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін,
ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни
тұрғыдан ойлауын дамыта аламыз. Сонымен қатар оқушы ізденіп,
болжап, белгілі бір білім жиынтығына ие болып, өзінің іс -
әрекеті арқылы шешімін табуды, алған білімдерін тәжірибе жүзінде
қолдана білуді үйренеді. Ғылыми жұмыстармен, жобалармен айналысатын
бала- ол дарынды бала. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті
қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен
жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар
қажет.
Зерттеу жұмысының бастамасы
ретінде белгілі бір тақырыпты немесе тарауды өткен кезде
оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын ұсынуға болады. Әдебиеттік оқу,
қазақ тілі сабағы барысында хабарламалар жазу, шағын әңгіме
құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс қою сияқты шығармашылық
жұмыстарды айта аламыз. Балаларға дүниетану пәні бойынша да өте
қызықты жобалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстар ұсынуға болады.
Осылардың бәрін зерттеу жұмыстарының бір бөлшегі деп қарастырамыз.
Зерттеу жұмыстарын топтасып, жұптасып немесе жалғыз да орындауға
болады. Көрген, білген, естіген ақпараттарын суретке салып,
өз ойларын қағаз бетіне жазып, кітапша жасауларына болады.
Мүмкіндіктері болса, бейнежазбалар жасап, суретке де түсірулеріне
болады. Шағын болса да осындай жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі
пайдалы, әрі көп еңбекті талап етеді.
Шағын зерттеу жұмыстарын
жүргізу арқылы балалардың қызығушылықтары артады (мысалы:
ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы, балалық шағы). Мұғалім
ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті
бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Мұнан
кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді.
Бұл жағдайда әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар
жинақтайды. Нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша шағын зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде жұмыс жасай алатын ұқыпты, жинақы,
еңбекқор, талапты баланы анықтау қиынға
соқпайды.
Осындай шағын зерттеу, бақылау
жұмыстары арқылы көзге түскен оқушылардың дарындылық қабілеттерін
ашу мақсатында біздің мектепте оқушылардың ғылыми қоғамы құрылуы
қажет. Оқушылардың ғылыми – шығармашылық қоғамы өз алдына мақсаттар
мен міндеттерді айқындап алу керек. Ғылыми қоғам мүшелігіне оқушы
өз-өзін ұсынуына болады. Ол үшін оқушы өзінің шағын зерттеу
жұмыстары мен шығармашылық еңбектері жиынтығын
көрсетеді.
Оқушылардың ғылыми қоғамы
дарынды жастардың ғылымға деген қызығушылығын дамытып, ғылыми –
зерттеулермен шұғылдануды үйреніп, шығармашылық машықтарын
қалыптастырады. Сонымен қатар ғылыми қоғам жұмысын әрі қарай
жандандыру үшін мектепішілік
Дөңгелек үстел -
Оқушылардың ғылыми – шығармашылық қоғамы өз алдына мақсаттар мен
міндеттерді айқындап, жоспар құрады. Сонымен қатар дарынды оқушылар
өз-өздерін ұсынады.
Семинар – оқушылар мен
мұғалімдер арасында өткізіледі. Зерттеу жұмысымен айналысқан
оқушылар өз еңбектерін ортаға салып, кемшіліктері қаралып, пікірлер
ұсынылады.
Конференция – оқу жылының
соңында мұғалім, оқушы, ата-аналардың қатысуымен өтеді. Бұнда
«Дарын» орталығы өткізген конференцияға қатысқан жас зерттеушілер
өз жұмыстарын жан-жақты көрсетеді.
Осындай жұмыстар өткізуді
қолға алсақ бірнеше оқушы өздерінің жұмыстарын дайындап отыру
мүмкіндігіне ие болады. Және жүлделі орындардан да үміткерлер
көбейер еді. Сондай ақ жас зерттеушілерге арналған кітапша
шығарылып таратылса. Оның ішінде оқушының фотосуреті, оқушы туралы
анықтама, оның шығармашылығы жарияланса және мектеп ішінде
таратылса, оқушының мәртебесі өсіп, басқа да оқушылардың
қызығушылығын оятады. Көрінбей жүрген оқушылар көзге түсу үшін
еңбектеніп, талпынады.