|
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН САБАҚ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ |
|
Адаева Айганым Матмуратовна Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі,жоғары санатты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »деп атап көрсеткеніндей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Қай елдің болмасын өсіп өркендеуін ,өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезде білім беру саласын ,қамтудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтанда ,уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің басты міндеті. Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі –бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып,дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына ,жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі әдістеме жасау. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту,оқу материалын қаншалықты меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру ,жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы әдістеменің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының жұптаса жұмыс атқаруы.Оқу әдістері мәселесі теоретикалық әрі іс-тәжірибелік тұрғыдан өзекті мәселе болып қала береді .Оқу үдерісінің өзі, ұстаз бен оқушының қызметі ,осыған сәйкес ,оқу нәтижесі де оның шешіміне тәуелді. Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Қазақ тілі сабағында сөздік қорын дамытуда мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс,мәтінмен жұмыс әдістері. Әр мұғалім мектептегі білім сапасын арттыру үшін: Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану. Әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді , жүйелі пайдалану керек. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу уақыт талабы. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса,ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, еркін ойлаушы азамат екендігіне мән беруіміз керек.Қазіргі оқушы: Дүниетанымы, қабілеті жоғары . Дарынды өнерпаз. Ізденімпаз ,талапты. Ойы ұшқыр. Еркін ойлай отырып,ойын еркін жеткізе алатын. Өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет. Әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе ,сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылатынына көзіміз жетіп отыр.Осы технологиялар арқылы оқушылардың сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып,тұжырымдау, пайымдау, дәлелдеу,салыстыру дағдыларын дамыта алдым.Жаңа технологияларды ,техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану ,мұғалімнің көптеген қиындығын қызметтерін жеңілдетіп,осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасау керек ,» деп көрсетілген. Білім беру мен білім алудың жаңа әдіс –тәсілдері Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны-диалог .Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін ,сұрақтарды дұрыс қоя білуде ,ақпарат алмасуда ,жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі.Әртүрлі тақырыпта диалог құру мынадай нәтиже береді: - Сабақта белсенділік жоғарлайды. -Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды. -Дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады. -Оқуға қызығушылықтары артады. Сонымен қатар оқушылар жұпта және топта өзара диалогты жүзеге асырады. Диалогтік оқытуда жүзеге асыруда пікірталас, рөлдік ойын, зерттеушілік әңгіме әдістерін пайдалануға болады. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының қандай деңгейде тұрғанын білуге көмектеседі. Барлық оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Бағдарламаның құрылымы үш деңгейден тұрады. 1.Қызығушылықты ояту. Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады,белсенділігі артады, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындай отырып,қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін таңдай отырып,қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту.Бұл қызығушылықты ояту кезеңі-« жаңа білімге көпір салу» 2.Мағынаны ашу. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра түседі.Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар.Олар болжау кестесі ,ойлан,жұптас,ортаға сал,өзара оқыту т.б . Осы әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге яғни оқушының өздігінен білім алу өзін-өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму ,шығармашылық іс-әрекетінің ояну бір сөзбен айтқанда өзіндік еңбек ету кезеңіне айналады. 3.Ой толғаныс . Оқуды қорытындылау . Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп,өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды ,топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса өздері дәлелдейді,көрсетеді, бағалайды. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту » технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді: Білім алушының белсенділігі артады. Пәнге қызығушылығы оянады. Өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру . Зерттеуге икемділігін дамыту. Сөйлесу әрекеті белсенділігін арттыру. Білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі. Басқаларды тыңдай білуді ,кез-келген жауапқа түсіністікпен қарауды біледі. Жалпы, сыни тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақтарды қойып дәлелдерді талдайды. «Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес ,шыңдалған ойлау» Сыни ойлау –бұл қабылдаудың ,түсінудің ,өзін қоршаған ақпараттық кеңістікке деген объективті көзқарасымен сипатталған адамның зияткерлік қызметінің бір түрі бұл-жаңа мағынаға толық сұрақтар қою,әртүрлі нақты дәлелдер шығару,тәуелсіз ойластырылған шешім қабылдау қабілеттері. Аталған тәсілдерді сабақтың үш сатылы құрылымы мен мәтінінінде қолдану, технологиялық циклді толық жаңғырту болып табылады.Ол:Шақыру-Ұғыну-Рефлексия. «Шақыру »кезеңі тақырыпты талқылауға ұсынады және оқушылардың осы тақырыпқа ойлануына ,мәселелерін қарастыруына септігін тигізеді. «Ұғыну » кезеңі –ақпаратпен тікелей жұмыс жүргізіледі.Технология әдістері мен тәсілдері оқушының белсенділігін сақтауға ,оқудың немесе тыңдаудың мәнін арттыруға мүмкіндік береді. «Рефлексия» кезеңі –ақпарат талданады,түсіндіріледі,шығармашылық тұрғыдан өңделеді. Өз сабақтарымда сыни ойлауға бағытталған түрлі тапсырмалар арқылы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі-бір жетістіктерге жететініне көз жеткіздім.Бағалау нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл,оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда ,оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор,мектеп тәжірбиесіндегі бағалау баға қоюмен шектелетін нәрсе емес,ол материалды меңгеру фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. СТО технологиясының артықшылықтары : Өз білімінің сапасына деген жауапкершілік артады. Кез-келген мәтін түрімен және ауқымды ақпарат көлемімен жұмыс істеу машықтары дамиды. Оқушылар ақпаратты ықпалдастыру дағдысын меңгереді. Әртүрлі тәжірибені,идеялар мен түсініктерді ұғыну негізінде өз пікірін қалыптастыру ,ой қорытындылары мен дәлелдердің логикалық тізбектерін құру дағдысы туындайды. Шығармашылық және талдау қабілеттері ,өзге адамдармен тиімді жұмыс істеу машықтары дамиды,айналасындағыларға қатысты өз ойын нақты,сенімді әрі дұрыс жеткізу дағдысы қалыптасады.Аталған стратегияларды пайдалан отырып,мен көп жетістіктерге жеттім. Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың тиімділігі келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық - психологиялық жағдай жасауында. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші ,серіктес рөлін атқарады.Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып,бірін-бірі қолдау,толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Бұл әдістің негізгі мақсаты –оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау . Интерактивті әдістердің мәні –әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесе отырып,компьютермен жұмыс жасап, оқу-танымдық нәтижеге жетуі. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді. Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс: мақсатты нақты белгілеу,мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек. Заман талабына сай технологияларды қолдану арқылы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ басты технологияларды тиімді жүйелі қолдану керек . Инновациялық технологиялар: -Жобалау технологиясы. -Саралап-даралап оқыту технологиясы. -Дамыта оқыту технологиясы. -Модулдік оқыту технологиясы -Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы -Сатылай комплексті талдау технологиясы -Деңгейлеп оқыту технологиясы. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.Оқушылардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың,оқушылардың көбін бағалай аласың. Оқушыларды ізденіске баулып ,өз бетімен жұмыс істеуге үйретесің.Олардың қабілеттері ,сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы ,шығармашылық белсенділігі артады .Жеке тұлғалық сипатын дамытуға ,шығармашылығын шыңдауға ,өзіне деген кәсіби шеберлігін жетілдіруге көмектеседі . Бастауыш білім –үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.Осыған сәйкес оқушыны шығармашылық бағытта жан-жақты қабілетін дамыту-бүгінгі күннің талабы.Осы талап тұрғысынан алғанда ,оқу –тәрбиесін ұйымдастырудың түрлі әдіс –тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы зор.Өз тәжірибемде оқушыларымды шығармашылыққа баулу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қою. Қиялдау арқылы рөлге бөліп оқыту. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру. Ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру. Өз ойларын еркін жазу. Ситуациялық сұрақтар қою. Тақырыпты жан-жақты қарау,сұрақ –жауап әдісімен талдау. Сөз соңында айтарым ,қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып жүр. Сабақты әртүрлі әдіс –тәсілдерді қолданып ,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық .Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң ,ұлылыққа жетесің»деп данышпан ақындарымыз айтпақшы ,барлығымыз бірге күш жұмсап,ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын. Әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сай болатын ,ең алдымен ұлттық жаңа әдістемелердің бүр жаруына ,оның өркендеп,тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей қатайып,нығаятынына нық сенемін . Мұғалім ақпараттанушы емес ,оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы .Әлемдік деңгейге сай жаңарған әдістемемен оқытуды меңгеру үшін мұғаліммен жоғары құзырлықты ұйымдастырушылықты қабілеттілікті ,оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, оларды зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыты талап етіледі.Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты,жан-жақты маман болу мүмкін емес .Ал жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық ,кәсіптік ,адамгершілік,рухани,азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,білімгер тұлғасын дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес ,жалпыазаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін ,жаны да тәні де таза,білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз »деген еді.Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын –балаларын оқытып,тәрбиелеуде бізге мұғалімдерге тапсырған .Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім беру сапасын арттыру,баланы жеке тұлға ретінде алып қарап тәрбиелеу-мұғалімдер қауымының міндеті. Әдебиеттер тізімі:
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН САБАҚ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ

шағым қалдыра аласыз