Материалдар / Бастауыш сыныптардағы функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары.

Бастауыш сыныптардағы функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланың өзектілігі білім беру мекемелерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен анықталады. Функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөлігі оқу сауаттылығы болғанымен, көбінесе бастауыш сынып мұғалімдері оқу сауаттылығын интегративті компонент емес, пән ретінде қабылдап, оны қалыптастыру жұмысы тек көркем мәтінмен жұмыс істеуге дейін қысқарады. Көбінесе мәтіндерге арналған тапсырмалар жүйесінде проблемалық өмірлік жағдайды шешуде оқырман тәжірибесін қолдану мүмкіндігі ретінде функционалдық аспектіні жүзеге асыратын тапсырмалар іс жүзінде жоқ. Мақалада «функционалдық сауаттылық» және «оқу сауаттылығы» ұғымдарына талдау жасап, функционалдық оқу дағдыларын дамыту мәселелерін қарастырады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Павлодар педагогикалық университетінің студенті,

Д. Б. Сыздыкова


ғылыми жетекшісі: А. М. Утилова




Бастауыш сыныптардағы функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары.



Аннотация: Мақаланың өзектілігі білім беру мекемелерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен анықталады. Функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөлігі оқу сауаттылығы болғанымен, көбінесе бастауыш сынып мұғалімдері оқу сауаттылығын интегративті компонент емес, пән ретінде қабылдап, оны қалыптастыру жұмысы тек көркем мәтінмен жұмыс істеуге дейін қысқарады. Көбінесе мәтіндерге арналған тапсырмалар жүйесінде проблемалық өмірлік жағдайды шешуде оқырман тәжірибесін қолдану мүмкіндігі ретінде функционалдық аспектіні жүзеге асыратын тапсырмалар іс жүзінде жоқ. Мақалада «функционалдық сауаттылық» және «оқу сауаттылығы» ұғымдарына талдау жасап, функционалдық оқу дағдыларын дамыту мәселелерін қарастырады.

Тірек сөздер: оқу сауаттылық, функционалды сауаттылық, интегративті компонент, бастауыш сынып оқушылары, PIRLS-тесті.

Аннотация: Актуальность статьи определяется государственными общеобязательными образовательными стандартами всех уровней образования для формирования функциональной грамотности в образовательных организациях. Основным компонентом функциональной грамотности является читательская грамотность, но зачастую учителя начальных классов воспринимают читательскую грамотность как предметный, а не интегративный компонент, и работа по его формированию сводится к работе только с художественными текстами. Зачастую в системе задач к текстам практически отсутствуют задания, реализующие функциональный аспект как возможность использовать читательский опыт в решении проблемной жизненной ситуации. В статье анализируются понятия «функциональная грамотность» и «читательская грамотность», а также рассматривается развитие функциональных навыков обучения.

Ключевые слова: читательская грамотность, функциональная грамотность, интегративный компонент, учащиеся начальных классов, тест PIRLS.

Abstract: The relevance of the article is determined by state compulsory educational standards of all levels of education for the formation of functional literacy in educational organizations. Although the main component of functional literacy is reading literacy, primary school teachers often perceive reading literacy as a subject rather than an integrative component, and the work on its formation is reduced to working only with literary texts. Often, in the system of tasks for texts, there are practically no tasks that implement the functional aspect as an opportunity to use the reader’s experience in solving a problematic life situation. The article analyzes the concepts of “functional literacy” and “reading literacy”, and also examines the development of functional learning skills.

Key words: reading literacy, functional literacy, integrative component, primary school students, PIRLS test.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мектептерде жеке адамдардың да, тұтас мемлекеттердің де нақты бәсекеге қабілеттілігінің негізі құрылатынын атап өтті. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар – 2030-2050 жылдардағы Қазақстанның адам капиталы. Еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуының басты шарты – бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру ісіне батыл кіріскен білім беру саласындағы жаңа үрдістерге қоғам болып қолдау таныту [1].

Бастауыш мектеп оқушыларында көлемді ақпаратпен жұмыс істеу кезінде көптеген қиындықтардың туындауы - қазіргі балалардың өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Оның ішінде: ақпаратты сыни тұрғысынан қарастырып, бағалау, әртүрлі стильдегі мәндермен жұмыс жасау, сұрақтардағы проблемаларды анықтау, ақпаратты түрлі дереккөздерден іздеу мен іріктеу.

Ресейдегі білім беруді дамыту стратегиясы институтының бастауыш жалпы білім беру зертханасының меңгерушісі Н.Ф.Виноградова бастауыш білім беру жүйесінде жағымсыз рөл атқаратын қарама-қайшылықтарды көрсетеді. Солардың бірі – қоғам қажеттіліктері, балалрдың мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеруінсіз жиі қарастырылатын «ХХІ ғасырдағы бастауыш мектеп оқушыларына білім берудің басым мақсаттарын жариялау мен олардың функционалдық сауаттылықты жүзеге асыруға прагматикалық бағыттылығы арасындағы қайшылық» болып табылады [2].

Сауаттылық - адамның әдеби тілдің нормаларына сәйкес ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларының меңгеруі. Әлеуметтік - мәдени дамуының көрсеткіштерінің бірі, ал мектепте қолданғанда оқыту сапасының маңызды шарттары мен көрсеткіштерінің бірі [3].

Функционалды сауатты адамды қоғамның барлық мәселелеріне өз үлесін қоса алатын тұлға деп қарастырсақ болады. Яғни, бүгінгі барлық оқу орындарының басты мақсаты – ұлттық құндылыққа негізделген, функционалдық қабілеті дамыған болашақтын іскерін дайындау.

Оқу сауаттылығы, қарапайым тілмен айтқанда, бала бойында өзі оқып отырған ақпаратты жүйелі түрде толыққанды қабылдау дағдысын қалыптастыру және мәтіннің ішіндегі жасырын түрде берілген айтылмақ ойды ұғыну. Функционалдық сауатылық – жеке тұлғаның қазіргі заман талабына, жаһандану дәуіріне сәйкес түрлі әлеуметтік қажеттіліктеріне бейімделуі. Бастауыш мектепте функционалды сауаттылық математика, жаратылыстану және тіл сабақтарының материалдарында кездесетін проблемалық мәселелерді шешу мен оларды өмірмен байланыстыру дағдыларының қалыптасуы арқылы жетіледі.

Бастауыш сынып мұғалімі Жамалова І. К. «Сауаттылық – адамның одан арғы өмірі дұрыс өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасау, тез бейімделу және сол ортада әрекет ете алу қабілеттілігі. Қазіргі сауаттылық баланың тек оқу және жазуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікте өмірде еңбек әрекетіне араласу барысында түрлі жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауы. Яғни, кез келген ортада алған білімін, мүмкіндігін көрсете алуы» [4].

Бастауыш жалпы білім беру деңгейінде біз үшін «функционалдық сауаттылық» ұғымын нақты өмірлік жағдайларда білім, білік және дағдыларды қолдана білу деп түсіндіріледі. Сонымен бірге бастауыш сыныптағы оқушылардың дайындық деңгейіне және олардың қоғамда өнімді әрекет ету қабілетін дамытуға интегративті көзқарастың маңызы зор.

Қазіргі мұғалімдердің, зерттеушілердің, білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және халықаралық PISA зерттеуінің анықтамаларында жаңа мағыналық мазмұнды анықтау үшін «функционалдық сауаттылық» ұғымына мазмұндық анализ жүргізейік

(1-кесте).

Автор

Анықтама

А.А. Леонтьев

Функционалдық сауаттылық - адамның мәтіннен ақпарат алу үшін, яғни оны түсіну, жинақтау, трансформациялау және т.б. (оқу) және осындай ақпаратты нақты қарым-қатынаста (жазбаша) беру үшін оқу мен жазу дағдылары мен біліктерін еркін пайдалану қабілеті.

В.В. Гаврилюк Г.Г. Сорокин Ш.Ф. Фарахутдинов

Функционалдық сауатсыздық деп қарапайым әлеуметтік міндеттерді орындау үшін қажетті деңгейде оқу және жаза алмау деп түсіндіріледі; Функционалды сауаттылық: мәтінді оқу, іс-әрекетке қажетті ақпаратты табу, оқылған кітаптың немесе нұсқаулықтың мағынасын түсіну, логикалық байланысқан мәтінді тиімді қолдану.

Г.С. Қаратаев

Функционалдық сауаттылық түсінігі тұлғаның қалыптасуының күнделікті өмірде, сонымен қатар, кәсіби қызметте сипаттауға мүмкіндік беретін біріктірілген көрсеткіш болып табылады.

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

Жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы және дамуы, білімді функционалды және шығармашылық қолдану, сыни тұрғыдан ойлау; тілдік дағдыларды қоса алғанда, қарым-қатынастың әртүрлі әдістерін қолдану[5].

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарымқатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі.

Надира Абикенова,

2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Талдықорған қаласы

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарай ілесіп, мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы[6].

[7].

Келтірілген анықтамалардағы «функционалдық сауаттылық» ұғымының негізгі семантикалық аспектілерін бөліп көрсетейік. Бұл аспектілерге алған білімдері мен дағдыларына сүйене отырып, қызметтің әртүрлі салаларындағы мәселелерді шеше білуі жатады. Сонымен, қазіргі кезеңдегі функционалдық сауаттылықты мұғалімнің өмірді сәтті шешу үшін тек пәндік ғана емес, сонымен қатар мета-пәндік және әмбебап әдістер негізінде қоршаған әлеммен және өзімен сәтті әрекеттесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілеті ретінде қарастырған жөн.

Зерттеушілер оқу мен жазуды қамтитын негізгі дағдылар негізінде функционалдық сауаттылық әртүрлі сабақтан тыс жағдайларда әрекет ету қабілеті ретінде қалыптасады деп есептейді. Функционалдық сауаттылықты дамыту интегративті мазмұнға көбірек сәйкес келеді. Н.Ф.Виноградова функционалдық сауаттылықтың келесі мазмұндық компоненттерін анықтайды: пәндік (лингвистикалық, әдеби, математикалық, жаратылыстану, әлеуметтік, денсаулық сақтау, технологиялық, көркемдік сауаттылық) және интегративті (коммуникативтік, оқу, ақпараттық сауаттылық). Оқу сауаттылығының интегративті мазмұны бастауыш мектептің барлық пәндерінің пәндік компоненттерінің сүйемелдеуінен көрінеді, сондықтан функционалдық оқу сауаттылығын функционалдық сауаттылықтың интегративті компоненті ретінде қарастырған жөн [8].

«Оқу сауаттылығы» ұғымының мазмұнын анықтаудың алғашқы тәсілдері мектеп оқушыларының PIRLS және PISA (1991) жетістіктерінің халықаралық зерттеулеріне дайындық кезінде, сондай-ақ халықаралық ересек халық арасынан сауаттылық деңгейін зерттеуге дайындық кезінде талқылана бастады (IALS, 1994, 1997 және 1998). Егер бастапқыда PISA зерттеулерінде жеке мәтіндерді түсіну, түсіндіру және ой елегінен өткізу қабілетіне баса мән берілсе, осы кезеңде «оқу сауаттылығы» ұғымы бірнеше мәтіннен алынған ақпаратты талдау, жинақтау, біріктіру қабілеті арқылы кеңейеді.

PISA зерттеуіндегі «оқу сауаттылығы» түсінігінің өзгеруі мен кеңеюіне талдау жасайық (2-кесте).

2000 жыл

2009 жыл

2018 жыл

«Оқу сауаттылығы – адамның жазбаша мәтіндерді түсіну және олар туралы ой елегінен өткізу, оның мазмұнын өз мақсатына жету, білімі мен қабілеттерін дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін пайдалану қабілеті» [9].

«Оқу сауаттылығы – адамның жазбаша мәтіндерді түсіну және пайдалану, олар туралы ойлау қабілеті және мақсатқа жету, білім мен мүмкіндіктерді кеңейту, қоғамдық өмірге қатысу үшін оқумен айналысу» [10].

«Оқу сауаттылығы – өз мақсаттарына жету, өзінің білімін және мүмкіндіктерін дамыту мен қоғам өміріне белсенді қатысу үшін - мәтіндерді түсіну, пайдалану, бағалау, ой елегінен өткізу және мәтіндермен өзара әрекеттесу» [11].

Көріп отырғанымыздай, анықтамаларда көрсетілген PISA зерттеуінің тұжырымдамасындағы оқудың негізгі мақсаттары жалпылама ұқсас және 18 жыл бойы жүргізілген зерттеулерде түбегейлі өзгерген жоқ. Оқу сауаттылығы – адамның мәтінді түсіну және өз мақсаттарына жету үшін, білім және қоғам өміріне белсенді қатысу үшін ақпаратты пайдалану қабілеті. Дегенмен, негізгі мақсатты нақтылауда соңғы бірнеше жылда біраз өзгерістер болды. 2009 жылғы анықтамада оқу мақсатына «оқумен айналысу» қосылды, оған оқуға деген мотивация мен ықылас кіреді. 2018 жылғы анықтамада бұл мағына «мәтіндермен өзара әрекеттесу» сөз тіркесі енгізілген. 2018 жылғы анықтамада оқу сауаттылығының «мәтіндерді бағалау» критерийі пайда болды, ол оқығандарыңызды қоғам өміріне қатысу үшін өз мақсаттарыңызбен және тәжірибеңізбен салыстыруды қамтиды. Сол арқылы, оқудың функционалдық сипатын көрсететін оқу мотивациясына, өз мақсатына жету үшін оқу-анализге баса назар аударылғанын көреміз. PIRLS және PISA халықаралық зерттеулеріндегі оқу сауаттылығының анықтамаларын талдай отырып, тұжырымдаманың негізгі аспектісі – адамның оқу әрекетіне қатысуы, бұл әрекеттің мақсатты және функционалдық сипаты. Функционалдылықты бұл жерде нақты өмірге жақын сабақтан тыс мәселелерді шешу қабілеті ретінде түсінеміз. Оқу сауаттылығы бұл анықтамаларда адамның қоғамдағы табысы тұрғысынан түсініледі және әлеуметтік мәртебенің маңыздылығына әсер етеді.

Төртінші сынып оқушыларының оқу сапасы мен мәтінді түсінудің даму динамикасын көрсететін халықаралық PIRLS зерттеуінде анықтамада графикалық түрде құрастырылған сөйлеуді білдіретін «жазбаша сөйлеу» ұғымы бар. Яғни, оқу сауаттылығы ұсынылған әртүрлі формадағы көркем әдеби мәтіндермен жұмыс жасағанда қалыптасады

Сонымен, бастауыш сынып оқушысына қатысты біз функционалдық оқу сауаттылығын оқу және өмірлік мәселелерді шешу үшін мәтінді түсіну, талдау, түрлендіру және пайдалану қажеттілігі, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу, сондай-ақ табысты әлеуметтену үшін дайындығы және қабілеті ретінде қарастырамыз.

Зерттеуде «функционалдық оқу сауаттылығы» тіркесін қолдану – оқу сауаттылығын қолданудың қолданбалы сипатын атап көрсету қажеттілігінен туындайды. Пәндік құрамдас бөлігі ретінде тек жаңа білімді меңгеруді ғана емес, сонымен бірге алынған оқу тәжірибесін болашақ өмірде проблемалық жағдайларды шешуде пайдалануды да ескеру қажет. Бастауыш мектепте тек семантикалық оқуға ғана назар аударуға болмайды, оқушыларды алынған ақпаратты талдауға және бағалауға, түрлендіруге және өзін-өзі тәрбиелеуде пайдалануға үйрету маңызды.

Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық оқу сауаттылығын қалыптастыруда қандай мәселелер туындайды? Халықаралық PIRLS оқу сауаттылығының халықаралық зерттеуі бастауыш сынып оқушыларының оқу және мәтінді түсіну сапасын бағалауға бағытталған зерттеулердің нәтижесінде: 2001 жылдан 2016 жылға дейінгі зерттеулер мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытудың оң динамикасын көрсетеді 2001-2016 жылдар аралығында айтарлықтай сапалық өсу орын алғанын, бұл бастауыш мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған тапсырмаларды орындау кезіндегі жұмыс тәсілдерін меңгеруіне байланысты.

Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің 4 «А» сынып оқушыларының функционалдық оқу сауаттылығын зерттеу барысында бірінші күні сыныптағы 27 оқушының арасында (8 үздік және 15 екпінді оқушы бар) 18 оқушы тест пен тапсырмалардың қорытындысы бойынша 85%-дан жоғары(баға – 5) нәтижеге ие болды. Қалған мектеп оқушылары келесі қиындықтарға тап болады:

мәтінді бірінші рет оқығаннан толық түсінбеу;

мәтіндегі негізгі ақпаратты таба алмау.

мәтіндегі ақпарат пен өз білімі мен тәжірибесін ажыратпау;

толық жауаптарды тұжырымдау алмау;

анық түрде берілген керекті ақпаратты таба алмау

Осы нәтижені ескере отырып балалармен екі апта бойы функционалдық оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған түрлі тапсырмалар мен дайындық жұмыстары жүргізілген.

Балалардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту үшін келесі тапсырмалар мен әдістер қолданылған:

1) «Кім? Қандай? Не істеді?» әдісі.

2) «15/15» әдісі.

3) Мәтіннің баяндалу түрін өзгерту.

4) Мәтінге сәйкес мақал-мәтелді тап.

5) «Деформацияланған мәтін» әдісі.

«Кім? Қандай? Не істеді?» әдісі. Әдістің басты мақсаты – оқушыларды мәтіндегі негізгі ақпаратқа назар аударуға, оны анализдеу мен қорытындылауға үйрету. Әдістің ерекшелігі оқушылар «Кім?», «Қандай?», «Не істеді?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі ақпаратты бір рет оқығаннан түсінеді және негізгі ақпаратты тіз әрі оңай табыға жаттығады.

Мысалы, «Серік пен Берік – тату дос. Олар үйлеріне келсе, Беріктің әкесі баласын тосып отыр екен. - Кел, балалар, - деді жұмысқа қамданып. – Күннің ашық кезінде бітіріп тастайық, шешең дәрігерге кетіп еді. Қап, кірпіш әперіп тұратын бір адамның жоқтығын қарашы! Әзірше өзіміз амалдай тұрайық. - Кірпіш әперетін кісі бар, әке, - деді Берік қасындағы баланы нұсқап. – Мына Серік көмектеседі. Абдолла ағай Серікке қарады. - Мен көмектесейін, - деді Серік өз ниетін білдіріп. - О, міне азамат! – деп қауынды Абдолла ағай. – Достар осындай болады! Рақмет» мәтініндегі негізгі ақпаратты анықтау үшін оқушылар «Мәтін кім туралы?», «Серік пен Берік қандай балалар?», «Олар не істеді?» деген сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде оқушылар мәтінді зерттеу, талдау, талқылау арқылы негізгі ойды анықтайды және оны өмірмен байланыстыратын болады[12, 23б.].

«15/15» әдісі. Әдістің басты мақсаты – ақпаратты тез қабылдауға, мүмкін болатын жағдайларды қарастырып, өмірмен байланыстыру және шығармашылық дағдыларды қалыптастыруға үлес қосу. Әдістің ерекшелігі

мәтіндегі 15% негізгі ақпаратты пен 15% қосымша ақпаратты білдіретін сөздер жасырылады. Балалар өздерінің сыни ойлау қабілеттері арқылы мәтіннің жүйелілігі сақталатындай етіп толтырады.

Мысалы, «Ақ ... бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр ... тұрып, оны ұстап алады. - Мені жеме, ... ! – деп жалынады ақ ... . - Жарайды, жіберейін. Бірақ сен мынаған жауап берші: ... сендер әр уақытты шат болып жүресіңдер? Сонда ақ ... : - Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын. Әйтпесе жүрегім ... сөйлей алатын емеспін, - дейді. Қасқыр оны босатады. Ақ ... ағаш басына шығып алып: - Сен, қасқыр, ... , залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан ... жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта ... , шат болып жүреміз, - депті». Осы мәтіндегі қалдырылған сөздерді оқушылар өмірмен байланыстыра етіп анықтайтын болады. Нәтижесінде оқушылардың шығармашылық дағдылары, сыни тұрғысынан ойлауы мен ақпаратты анализдеу арқылы өмірмен байланыстыра алу дағдылары қалыптасады[12, 27б.].

Мәтіннің баяндалу түрін өзгерту. Әдістің басты мақсаты – ақпаратты зерттеу мен өмірмен байланыстыра алу, шығармашылық дағдыларды қалыптастыру мен мәтіндегі ақпаратты тезірек қабылдауға үйрету. Әдістің ерекшелігі мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекетін І-жақтан оқып айту.

Мысалы, «Азамат қара жіп пен ине тауып алып, шолақ шалбарының жыртылған жерін тігіп келді. Тігілген жерді Балқадиша көріп: - Әкел, жөндеп тігіп берейін. Қолдан келгенше адамдар бір-біріне қолғабыс етулері керек, - деді. Нұржан аула сыпырғанда, Азамат қаз-үйрекке жем шашып, су құйып, жеміс-жидек ағаштары мен гүлдерді суғарды. Ертеңіне әжесі де жетті. Азамат әжесіне Балқадиша мен Қалқаман ағайдың жақсы адамдар екенін айтып еді, әжесі: - Жақсы азамат бола бастаған, қарағым, сен өзің екенсің. Еңбек ел құрметіне бөлейді. Еріншек адам әрдайым көпшіліктің сыйлауынан, алғысынан құр алақан қалады. Балам, шама-шарқыңа қарай үйренгенің өзіңе жақсы, - деді.» Мәтіндегі Азаматтың рөлін әр оқушы өзі атқарып, «Мен қара жіп пен ине тауып алып, шолақ шалбарының жыртылған жерін тігіп келдім.» деп оқиды. Осы тұста балалар оқиғаның өмірмен байланысы мен тілдік ерекшеліктерді (жалғауларды) бірден анықтайды[12, 27б.].

Мәтінге сәйкес мақал-мәтелді тап. Әдістің басты мақсаты – мәтіннен негізгі ойды анықтау мен өмірмен байланыстара алуды жаттықтыру. Әдістің ерекшелігі – берілген мәтіннен негізгі ақпаратты іріктеу мен оны бір сөйлем төңірегінде ашу.

Мысалы, «Бір жолаушы екі кітап тауып алды. Біріншісінің қалыңдығы екі қарыс. Екіншісі сіріңкедей ғана кішкене әрі жұқа. Қария екі кітапты таразыға салып өлшеді. Қария басын шайқады да: - Сені жазған кім, үлкен кітап? – деп сұрады. - Мені мылжыңбай деген біреу жазды. Отырды да, ойына келгенін жаза берді, - деді. - Ал сені кім жазды, кішкене кітап? - Мені ғұлама білгір жазды. Ол көп жыл еңбек етіп, сөз асылын ғана хатқа түсірді, - деді. - Міне, енді ұқтың ба? – деді қария жолаушыға. – Мына кітапта ақылдының асыл сөзі ғана бар. Ал мына кітаптың іші толған бос сөз. Сондықтан жеп-жеңіл. Мағынасыз сөзде не салмақ болсын!» мәтініне сәйкес келетін мақалды бірнеше нұсқаның ішінен табу арқылы оқушылар өздерінің сөздік қорларын дамытады, сыни ойлау дағдыларын жаттықтырады және өмірмен байланысын қарастырады[12, 95б.].

«Деформацияланған мәтін» әдісі. Әдістің басты мақсаты – балалардың зейінін дамыту, мәтіндегі ақпаратты зертеу және қолдануға үйрету. Әдістің ерекшелігі – балалардың оқуға деген қызығушылығын оятады, сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін кез келген мәтінді басып шығарымыз және оны бірнеше бөлікке кесеміз. Тапсырма – бөлшектерді мағынасы бойынша қосу.

Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің 4 «А» сынып оқушыларының функционалдық оқу сауаттылығын зерттеу барысында екі апталық жұмыстан кейін сыныптағы 27 оқушының арасында (8 үздік және 15 екпінді оқушы бар) 22 оқушы тест пен тапсырмалардың қорытындысы бойынша 85%-дан жоғары(баға – 5) нәтижеге ие болды. Сонымен қатар сыныптың жаратылыстану мен математика бөлімдеріндегі функционалдық сауаттылық көрсеткіші 12%-ға өсті. Яғни оқушылар жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындаудың нәтижесінде жалпы мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын, функционалды оқу сауаттылық дағдыларын жақсартқан. (диаграмма-1)

Диаграмма-1

Қорытынды: Құзіреттілікке негізделген көзқарас шеңберінде функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның қоғамда табысты қызмет ету мүмкіндігін қамтамасыз ететін негізгі құзыреттілік. Оқу және сабақтан тыс міндеттерді шешу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу, сондай-ақ табысты әлеуметтену үшін мәтіндік ақпаратты түсіну, талдау, түрлендіру және пайдалану қабілетін анықтайтын функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөлігі – «оқу сауаттылығы». «Функционалды оқу сауаттылығы» тұжырымында оқу сауаттылығын қолданудың қолданбалы сипаты – оқу іс-әрекетінен алған білімдерін, дағдыларын өмірде пайдаланумен байланысты ұғым екенін атап өттік. Халықаралық және отандық зерттеулер деректерін талдау негізінде анықталған функционалдық оқу сауаттылығын дамыту мәселелері бастауыш мектепте оқу сауаттылығын дамыту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді: мектепте функционалдық оқу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар банкін әзірлеу, бастауыш мектеп оқушыларының функционалдығы мен жас ерекшеліктері тұрғысынан мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту, оқу сауаттылығын дамытуға интеграциялық көзқарас, бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуіне жағдай жасау және оларға функционалдық оқу бойынша курстық оқытуды ұйымдастыру. Функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде функционалдық оқу сауаттылық бойынша тапсырмаларды құрастыру және бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс жүйесін әзірлеу кезінде оның жалпы барлық пәндерде мәтінмен жұмыс жасауға оң әсері етуі мүмкін.

Оқу сауаттылығын интегративті компонент негізінде қарастыра отырып, функционалды оқу сауаттылығының оқушылардың тұлға болып қалыптасуы мен қоршаған ортамен әрекет етуіне әсер ететінін ескеріп, оның бастауыш білім берудегі маңыздылығына көзіміз жетті.










Пайдланылған әдебиеттер тізімі:


[1] «Мемлекет басшысы дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияға барды» Павлодар,5 қазан 2022, https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-abay-atyndagy-daryndy-balalarga-arnalgan-gimnaziyaga-bardy-592138

[2] Н. Ф. Виноградова. «XXI ғасырдың бастауыш мектебі», Вентена – Граф, 2017 ж., 64б.

[3] Ж. Қ. Түймебаев. Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздік. Алматы, 2009 ж., 302 б.

[4] І. К. Жамалова «Оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс пен тәсілдер»/ Білімді ел.10.06.2021 https://bilimdinews.kz/?p=140192

[5] «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»/ Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы заң.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017669#z199

[6] «Функционалды сауаттылық дегеніміз не?» Надира Абикенова, 25.06.2021 https://7-su.kz/news/cat-1/11428/

[7] Авдрасоль Сайлаугуль. «Информатикадан критериалдық тәсіл негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау жүйесін дамыту» Алматы,2022ж. file:///C:/Users/qwerttt/Downloads/1%20%D0%94%D0%B8%D1%81%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%90%D0%B2%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%81%D0%BE%D0%BB%D1%8C%20%D0%A1%20..pdf

[8] Н. Ф. Виноградова «Бастауыш мектеп оқушысының функционалды сауаттылығы: мұғалімге арналған кітап» Ресейлік оқулық. Вентана-Граф. 2018, 288б.

[9] Г. C. Ковалева, Н. В. Нурминская «Аналитикалық есеп. Он бес жастағы оқушылардың оқу жылдамдығын зерттеу» // Білім сапасын бағалау орталығы. 4б., 2001 ж., http://www.centeroko.ru/public.html

[10] И. Д. Фрумин, М. С. Добрякова, К. А. Баранников және т.б. «Әмбебап құзыреттер және жаңа сауаттылық: ертең табысқа жету үшін бүгін нені үйрету керек. Мектептегі білім беруді өзгерту тенденциялары туралы халықаралық баяндаманың алдын ала қорытындылары» 5 б., 2018 ж.,

[11] PISA 2018. Draft Analytical Frameworks // OECD https://www.oecd.org/pisa/data/PISA-2018-draft-frameworks.pdf

[12, 23б., 27б., 95б.] «Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер» file:///C:/Users/qwerttt/Downloads/%D0%9E%D2%9B%D1%83%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD%D0%BC%D3%99%D1%82%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80.pdf

ЖИ арқылы жасау
23 Сәуір 2025
161
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі