БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ
ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Сағынтай
А.Б
Балқаш қаласы
С.Сейфуллин
атындағы №7
мектеп-гимназиясы
Бастауыш сыныпта оқушылар
бір-бірімен бәсекелесіп ата-аналарының,мұғалімдерінің көзінше үздік
болуға тырысса,орта буынға келгенде олардың оқуға деген ынтасы
кеміп, мектепке тек ата-аналарының,мұғалімдердің ескерпелерінен
қаймыққаннан және достарымен болу үшін келетін тәрізді. Тек жоғарғы
буынға келгенде болашақта мектеп бітіріп арнайы орта немесе жоғарғы
оқуға түсу керек екенін ұғынып оқуға бет бұрып талпынады. Алда
ҰБТ-дан жақсы бал алу мақсат тұрады және қазіргі интернет,
әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқа да жағдайлар
оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белгілі.
Осындай кезде оқушыға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін
жеткізу өте қиын.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық
және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді апараттандыру, халықаралық,
ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін
одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Қазіргі иновациялық
технологиялар-білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде
пайдалану- оқушы шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор.
Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа
технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі-оның
оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғыни тек білімді немесе оқу
бағдарламасын меңгертіп қоймай,жеке тұлғаның танымдық қабілеттерінғ
танымдық процестерін (есту, көру), өзін дамытуға, өз бетімен білім
алу,а, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын
жетілдіру, әр жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға
жетелейді.
Заман талабына сай әрбір ұстаз
сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын.Өз
біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін
шыңдап, білімін жетілдірп отыруы керек. Сонда ғана өзін-өзі дамыта
алатын, өзін-өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке
тұлғасын қалыптастыра алады.Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім
бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе-жеке
тұлғаның қабілетін ашу.
Ұлы педагог Д.Ушинскийдің
пікірінше бастауыш сыныптағы оқыту процесі салалы және дамыту
сипатында болуы қажет. Ал бастауыш сынып оқушыларының қабылдау
мүмкіндіктері түрліше. Сондықтан олардың жас және жеке
ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын жеткізудің сан түрлі тәсілі
қолданылады.
Бастауыш білім-бар білімнің
бастауы деп жатамыз. Осыған сәйкес бастауыш сынып оқушыларына білім
беру мен білім, білік дағдыларын жетілдіре отырып,оларды жан-жақты
дамыту бұл біздің, яғни бастауыш сынып ұстаздарының басты
мақсаты,талабы.Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда
қолданылатын жаңа әдіскерлік тәсілдердің талбы қандай болмақ деген
сауал туындайды. Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ
беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын
өнер»деген екен. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін
дамыту-басты қағидам. Оқушы тұлғаның дамуына, қабілетінің артуына
жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс
тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.
Әдебиеттер
тізімі:
-
Сарбасова Қ. Иновациялық педагогикалық
технология. –Алматы,2006.
-
Мұсаева С.А.,Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік
педагогикасы.- Астана,2006.
-
Г.Қ. Нұргалиева, А.Қ. Құсайнова,
Қ.С.Мусин-«Салыстырмалы педагогика».-Алматы,1999