МАДс
және бастауыш
сыныптар апталығының
өткізілуі бойынша қорытынды
2024-жылғы 22-26 қаңтар аралығында мектебімізде МАДс және бастауыш сынып
апталығы өткізілді. Апталық жоспары
құрылып, мектеп басшысымен
бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Жаңа
технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың танымдық,
шығармашылық қабілеттерін
дамыту».
Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың
шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра,
рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету
керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын
құра отыра, алдына келесі міндеттер
қойды:
- оқушының
оқуға деген оң мотивациясын
қалыптастыру;
- сабақ
және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана
отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне
тарту.
Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық
шараларына белсене қатысушы болып табылуы
керек.
Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып
оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық
кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары
құрылып, мектеп басшысы Т.Ш Коскадамовамен бекітілді. Әр
бастауыш сынып мұғалімі бір ашық сабақ немесе бір іс-шара өткізуге
тиісті еді.
Апталығы 22-қаңтар күні апталықтың ашылуын
өткізуден басталды. Ашылу салтанатына барлық
Мадс пен
бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Апталық 4-сынып оқушысы Берік
Нұрнияздың әнін тамашалап, әртүрлі қызықты
тапсырмаларды орындап, ұпай жинады. Тәтті сыйлықтарға ие
болды.
Апталықтың екінші күні 23.01.
Сапабекова.Ж.Ж даярлық сыныбында сауат ашу пәнінен ашық сабақты
«Біз нені оқып білдік?» тақырыбында өткізді.
Мақсаты: Дауысты дыбыстардың
түрлерін анықтай отырып, буынға бөлу дағдыларын жетілдіру. Сөздердің жалпы атауын
атауға, сөздерді буынға бөлгізуге, сөздің дыбыстық сызбасын сызуға
жаттықтыру арқылы зейіндерін
дамыту.
үйрету. Оқушылардың сабаққа деген зейінін аудару
мақсатында психологиялық дайындық өткізілді. Сабақ ертегіге саяхат
ретінде өткізілді. Балалар «Ертегі табайық»
түрлі
ертегілер желісімен тапсырмаларды орындады,
аңдармен кездесіп, олардан қалай құтылатынын айтты. Сабақ соңындағы
кері байланыс және қалыптастырушы бағалау қолданылғаны сәтті
болды.
Апталықтың үшінші күні 24.01.Бақыт Г.А 2-сыныпта Әдебиеттік оқу пәнінен Сабырлы
бала тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ психологиялық ахуалдан
басталып, топқа бөлінумен жалғасты. Мұғалім оқушыларды гугл форма
арқылы топқа бөлді. Үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы тексеріліп,
жаңа сабаққа тоқталды. Оқушылар жеке, топтық, жұптық жұмыстар
жасады. Сабақтың рефлексиясын Ми заряды арқылы өтті. Сабаққ өз
мақсатына жетті.
Осы күні Галимжанова.Б.Б
3-сыныпта «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөз алтын» атты сыныптан
тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушылардың өнерге деген
қызығушылықтарын арттырып, өнерлі болуға баулу. Сыныптағы әр оқушы
өз өнерін көрсетіп , ортаға салды. Мұғалім оқушыларға өнер туралы,
өнерлі адамдар туралы түсінік берді. Іс-шара соңында оөушыларға
өнер туралы бекіту сұрақтары
қойылды.
Орынбай.Т.О 1-сыныпта «Көңілді
мәре» атты сыныптан тысіс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушылардың
шапшаңдылықтарын арттыру. Көңілді мәре оқушылар алдымен жаттығу
жұмыстарын орындап, 3-топқа бөлінді. Әр топқа түрлі тапсырмалар
беріліп, 5 тапсырмадан тұратын спорттық ойындар ойнатылды. Ойын
қорытындысы бойынша 3-ші топта жоғары ұпа алып жеңіске жетті.
Көңілді мәреге қатысқан топтар
марапатталды.
Апталықтың төртінші күні
25.01.Жумашева.О.О 4-сыныпта математика пәнінен ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Математикалық мазмұндағы
пікірлер құрастырып, олардың ақиқаттығын және жалғандығын
анықтайсың. Сабақта топпен, жұппен, жеке жұмыстар жүргізілді.
Wordwoll, elearning apps платформасымен жұмыс жасалды. Дартс ойыны
бойынша есептерді шығарды.Жаңа тәсілдегі әдістер, шаттық
шеңбері, топтық жұмыс оқушылардың қызығушылығын
оятты.
Орақбайұлы Е. 3-сыныпта «Дене
жаттығулар кезінде өзін-өзі басқару. Жүгіруден кейін жүрек қағысын
тексеру» Сабақ жаттығудан басталып, топтық жұмыстармен ұласты.
Мұғалім дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару туралы түсінік
берді. Жүгіруден кейін оқушылардың жүрек қағыстарын
тексерілді.
Бесінші күні.
26.01.Айтуганова. Г.Н. Сыныптан тыс іс-шара өткізді. Тақырыбы:
Играй, учись. Мақсаты:в
игровой форме привить учащимся интерес к изучению русского языка,
сформировать у них желание тақырыбында өткізді.
Қолданылған (миға шабуыл, лезде сұрақ, мәтінді бөліп оқу,
топтастыру), сабақта сәтті болды.
Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылды. Оқушылар
сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын оята алды. Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас
ерекшелігіне сай, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрды.
Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне
сүйене отырып жүргізді.
Сапаабекова.А.С 1-сыныпта
«Жүректен жүрекке атты» ата-аналармен
оқушылар арасында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сабақ отбасылық
құныдылықтарды насихаттау түрінде өтті. Тапсырмаларды орындап,
балалар мен ата-аналар білесіп тапсырмаларды орындады. Сабақтың
дәстүрлі емес түрі, өткізген формасы балаларды өте
қызықтырып, ата-анамен баланың
арасындағы бақытты күндері естерінде
қалдыратындай болды.
Айтуаров.А.А 4-сыныпта шетел
тілінен «Funny english» тақырыбында сыныптан-тыс іс-шара
өткізді. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік
тұрғыдан дұрыс құрылған. Сабақта «Жұлдыз» шаттық шеңбері, «Ойлан,
тап» ойыны, топқа бөліну, сергіту сәті, ойтолғаныс, түсіндіру,
сұрақ-жауап, әдістері барынша қолданылды.
Оқушылар топта жұмыс жасады.
Сабақ қызықті өтті.
Апталықтың жабылу салтанатында
апталық кезінде өткен күнделіктер мен оқушылардың дәптерлері
арасында үздік дәптер мен үздік күнделіктердің иелерін мақтау
қағаздарымен марапаттады және апталықты
қорытындылады.
Апталықты қорыта келе,
жоспарланып өткен іс-шараларға барлық бастауыш сынып мұғалімдері
қатысып, талқылаған кезде өз ойларымен
бөлісті.
Апталықтың мақсатын орындауды есте сақтап отырып,
барлық мұғалімдер өткізген ашық сабақтар мен іс-шараларда жаңа
технологияларды тиімді қолданды.
Сонымен қатар, ашық сабақ, шараларды
өткізгенде, мұғалімдерге, әсіресе жас мамандарға, ерінбей еңбек
етіп, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуі арқасында ғана
жетістіктерге жететінімізге көз
жеткіздік.
МАДс және
бастауыш сынып ӘБ жетекшісі:
О.О.Жумашева
Ашық сабақтар мен сыныптан тыс
іс-шаралардың фотолар.
Әлеуметтік желідегі
жарияланымдары