Бастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, ақ
жаулықты апалар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін
ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп
табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын
бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен
қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші
түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 – сынып түлектерін ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым
шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!» атты
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
Армысыздар жас достар,
Болашаққа жол бастар.
Білім деген ғажаптың,
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Ортаға ертекші шығады:
Оқушылардың
тақпақтары.
Жүргізуші: «Ұстаз!» Осы бір
сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз
алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» -
деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса,
мұғалімсіз
білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар,
қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір
адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау
мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен
күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Мектебім, алтын ұям, нұрын жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Өтті мұнда сан сабақ,
Жаныма сіңді сенің асыл киен,
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім, саған мәңгі басымды ием.
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым көктедім,
Өмірде алғашқы өткелім, МЕКТЕБІМ!
ән:
Мектебім
Өнеге ошақ тәрбиең, бір сене қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием, таудай ғой менің талабым.
Мектебім – мәңгі бапкерім, қарызбыз саған бәріміз,
Өзіңе деген парызды, ақтаймыз әлі талай біз.
3. Айжан:
Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
----------- Бағып – қағып, күндіз – түн мәпелеген,
Болғаның жоқ анадан, әкеден кем.
Ұстазым, керек десең самғап барып,
Көктегі күннің нұрын әперер ем.
----------: Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
Жаслан: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Ән: «Ұстаз
ана»
«Жақсы мұғалім - мектептің
жүрегі» - деп бекер айтылмаған. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз
білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Бастауышта түрлі пәнді
оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай,
Нүрзия
апай осындай.
Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Күніміздей жарқылдап.
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой сананы.
Біздермен ойнап – күледі,
Сырымызды біледі.
сандуғаш
апай қашанда,
Қамқор болып жүреді.
Баулыған әрбір өренді,
Жанар
апай өнерлі.
Өз ісінің шебері,
Әр сөзі мәнерлі.
Қызықтырып өмірге,
Әнді үйретіп келеді.
Мінезі сондай сабырлы,
Сізге ұқсағым келеді.
Мінезі жайлы, жайдарлы қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Ержан
ағай
Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!
. Білімнің байыбына барып терең,
Арна апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.
Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, өзіңізбен
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
Оқытты ұстаз – анамыз
Өсті білім санамыз,
Білгіш ер боп өсетін,
Біз бақытты баламыз.
Бойымызда бұлан күш,
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу-білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс!
Хор :Ұстаздарға мың алғыс!
: Ендеше 4 жыл бойы
ұстаздарымыздан алған білімдерімізді көрсетейік.
«Не үйрендік , не білдік?» деп келесі «Білім» орталығына
көшеміз.
Көрініс: «Пәндер айтысы»
Математика: Достар, жүріңдер. Ғылымға барып ақыл – кеңес алып,
даудың төрелігін сұрайық.
Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Математика (тізерлеп амандасып, қолын көкірек тұсына қойып):
- Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай
келдік.
Ғылым: Ендеше, баяндаңдар.
Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені
адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты,
сауданы, жерді т. б. ғалымдар есебін қалай есептей алады.
Ана тілі: Жоқ, Мәртебелі Ғылым, адам баласы ана тілі болмаса тіл
қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.
Қазақ тілі (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында):
- Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді.
Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді. Буын, жұрнақты
ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Ағылшын тілі:
- Тоқтаныз, Қазақ тілі. Сен осылай сайрап тұрғанда мен де қарап
қалмаспын. Әлемде үш тұғырлы тіл жайлағанда ағылшын тілінің орны
ерекше. Өйткені, мен арқылы компьютер, бүкіл дүние жүзі ғаламторға
еркін самғай алады.
Орыс тілі (басын иіп): Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс
тілі болмаса, қалайша ол үш түрлі тіл болмақ? Мен арқылы адамзат
баласы сөз мәтінің аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі
көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Дүниетану:
- Ал, мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын
нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра
алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің
күндеріңіз не болмақ?
Дене тәрбиесі (спорттық қимыл көрсетіп):
- Қымбатты достар, барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға
калдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене
қозғалысы ширақ, шымыр болу керек қой.
Ғылым: Өнер, сен неге үнсіз қалдың?
Өнер: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір -
бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған
жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті
сөйлеу, сыпайы, тәртіпті, үлгілі болуды қалаймын.
Ғылым: Барлығынның жауаптарынды тыңдадым. Десек те өмірде адам
баласына әрқайсыңның керекті екендерінді ескертемін. Сондықтан
«Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды
қағида етіп, татулықпен тарқасайық,
достар.
Ән:
Әкелер
Мұғалім: Мен қазақ қыздарына
қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайрандаған.
«Қыз өссе» елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам! – деп мың бұралған бишілерімізге
кезек береміз.
Корей
биі
Ән:
Анажаным
Сынып ұлдар биі
:Флешмоб
ән: Мектеп
кеме
Тынымсыз атып жатыр әрбір
таңын
Басқарып меңгеруші боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе келесі сөз кезегін
мектебіміздегі оқу ісінің меңгерушісі
-----------------------------------------------сөз
береміз.
- Бүгінгі мерекемізге
өздерінің әлпештеп өсірген балаларының мерекелерін қызықтауға
ата-аналарымызда келіп отыр . Ендеше сөз кезегін ата-аналарымызға
берейік.
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
хормен
Мектеп – кеме, білім –
теңіз!
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
Осымен «Бастауышым -
балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін
шексіз алғысымызды білдіреміз.