400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батагөй бабаларым бар

Материал туралы қысқаша түсінік
Нұрсұлтан Әбішұлына бата берген қария туралы.Есімі:Зиғалладин Құлмағанбет Тұңғыш елбасымыздың Арал ауданы,Сексеуіл ауылындағы сапарында осы қария бата берген болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАТАГӨЙ БАБАЛАРЫМ БАР!

Үш жүзінің жайын үш бидің айналасында шешкен Билер қоғамының билік құрған уақытында кіші жүзге би болған Әйтеке биден Әжібай мен Арал деген кісі сәлем беріп, бата сұрап барған екен. Сонда Әйтеке бидің ақылы толысып, айтқаны анық, сөзіне халқы қанық болып отырған тұсы болса керек, көп созбай бір-екі ауыз сөзбен бата берген екен, «Жанған шырақ жарық берер, жарық берген шырақты халық көрер. Тек лап етіп жанып, жалп етіп сөнуден сақтасын, өздеріңді, аумин»,- дейді. Риза болған Әжібай мен Арал ел арасында бұл батаны айта жүріп, ауыздан ауызға таралып, күні бүгінгі біздерге дейін жеткен екен. Жалпы бата беру табиғаты да мысалымыз секілді қысқа-нұсқа, мән-мағыналы болу керек деп ой айтсақ жаңылмаймыз. Қаншама ғасырда түрлі уақытты бастан өткерген қазақ халқының баталарының өзі бір ғылым, оны зерттей келсек зердемізге ұғар білім мол. Бұл тұста елаузынан бата жазып, оны көпшілікке таратып жүрген жандар да бар. Солардың бірі - Құрмағанбет Зағаладин.

Кейіпкеріміз 1934 жылы Бұхан дейтін таудың етегінде дүниеге келген. Тағдыр парағы қазақ тарихындағы аласапыран шақпен тұспа-тұс келіп, балалық шағы аштық жайлаған сәттермен ұштасады. Осы кездерде Зағаладин Құрмағанбет атамыздың ата-анасы қазіргі Қызылорда облысы, Арал қаласының маңайына қоныс аударады. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» дегенді мақсат етіп келген олар, аштық жылдарынан бастап осы мекенде өмір сүреді. Жастайынан аралдық батагөй ақсақалдардың аузынан естіген аңыз-әпсаналарға сусындап өскен кейіпкеріміз мектеп жылдарында да тағдырдың қиындау тұстарын өткереді. Ол жайлы «Ұрпаққа аманат» атты кітабында «Жасым жетіге келгенде Бөген елді мекеніне мектепке бардым. Мектеп барды деген аты. Қолымызда қағаз, қалам болмайтын. Қамыстан қаламсап, білте шамның күйесін қолға түскен қанттың шырынына араластырып, сия жасап аламыз. Дәптер деген түске кірмейді. Көне кітаптармен газеттердің арасындағы ақ жолдарға жазып, сабақ оқимыз. Киімдеріміздің бәрі жамау, жұп-жұқа»,- деп естеліктейді. Осындай ауыр жағдайда білім алған ата кейіннен мектепті үздік бітіріп, 1952 жылы Қазалыдағы №3 Теміржол техникумына түседі. Алған білімінің арқасында оқу бітіргеннен кейін машинист көмекшісі, машинист, бас машинист қызметтерін абыроймен атқарады. Жұмыс жасап жүріп жартысын тауып, 7 баланы өмірге әкеледі. Одлан 7 бала, 12 немере, 20 шөбере тараған.

Кейіпкеріміз көненің көзі болған батагөй. Аузын ашса тарих ақтарылып, әңгімелесе жер-су аттарына қатысты түрлі аңыз-әбсаналар айтылады. Керемет қартаюдың озық көрінісі дерсіз. Осысын білген журналистер атамыздан бірнеше мәрте сұхбат алғанымен, белгілі себептермен бұқаралық ақпарат құралдарына шықпай қалады. Осындай сәтсіздіктерден кейін атамыз білгенімді өзім ғана білмей, басқағада үйретейін деген ниетпен жоғарыда айтқан «Ұрпаққа аманат» кітабын жазуды ұйғарады. Бұл кезде кейіпкеріміз 81 жастан асқан шағы еді. Кітап жазуға белбуған шағы туралы автор:

Бисмиллә, Зиғаладдин қалам ұста,

Біраз күн өтіп жатыр бекер босқа.

Мінекей келдің бүгін 82 жасқа,

Үлгілі сөзің болса шығар тысқа.

Сүлеймен Әнпәдиша Пайғамбарға,

Айтыпты көп насихат бір құрмырсқа.

Дүниеден өзің кетсең де, сөзің қалсын,

Болатын үлгі етер жақын досқа,.

Бұл күнде жақсы сөздің бағасы аз,

Күледі сықақ етіп, ақылы қысқа.

Ел іші алтын кеніш деген сөз бар,

Жүзден жоқ, мыңнан біреу ұғар ұқса – дейді.

Кітабында автордың түрлі жағдайда, мәселен қайтыс болған үйге, той иелеріне, жастарға бата секілді түрлі бағытта баталар жинақталған. Сонымен қатар ел ішіндегі түрлі оқиғалар туралы баяндалған қысқаша әңгімелер жинағы да оқырман назарына ұсынылады.

Кейіпкеріміз ҚР Тұңғыш Президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа да бата берген екен. Президент болып тұрған тұсында Сыр еліне сапар шеккен Нұрсұлтан Әбішұлына берген батасында:

Заманның таптың амалын,

Есіктің бұздың қамалын.

Есігін аштың даланың,

Қақпасын аштын қаланы,

Бақытың аштын баланың,

Қабағын аштың ананың,

Жарқырады заманым,

Жібектей болып самалың,

Кіргіздің елдің ажарын.


Тарқамасын базарың,

Ортаймасын қазаның,

Биіктей берсін байрағың,

Ел үшін туған қарағым,

Ел үшін тыным таппаған,

Ел сенімін ақтаған,

Ынтымағын сақтаған,

Қазақтан туған қаһарман,

Шалдырмайтын ақтабан,

Берік болсын босағаң,

Қолдай берсін, жасаған. Әмин – деп бата береді. Бата аясында ол жайлы естеліктеп, «Қазіргі Елбасы Н.Назарбаевтың барлық жасаған тірлігіне көңіліміз толады, елді алға бастап келеді»,- деп ризашылығын білдіреді.


Қазірде Құлмағанбет Зиғаладин өмірден өткенімен артынан мол мұра қалдыра алған мәуелі бәйтеректей болған ақсақал. «Ұрпаққа аманат» кітабы бүгінгі ұрпақта өнегелі тәрбие беретін құрал.

Диляра АҚЫЛБЕК



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі