Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Батыс Қазақстан аймағындағы әскери полигондардың зардабы."
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан аймағындағы әскери полигондардың зардабы
Тақырыптың өзектілігі: Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын (Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары. Шығыс Қазақстанның 19 млн. гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада -27, жер бетінде -183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды.
Жобаның негізгі мақсаты: Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім болды. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі, сондықтан бұрынғы әскери полигон аймақтарында мемлекеттік радиоэкологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу обьектісі: Зерттелетін обьекті Ақтөбе облысы Байғанин ауданы «Қалдайбек – «Ембі-5» әскери полигонында құпия түрде жүргізілген әскери сынақтың зардабын ашу.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: ҚР Президентінің ядролық сынақты тоқтату туралы Жарлықтарымен ҚР үкіметінің каулылары, отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстары алынды.
Батыс Қазақстан территориясындағы әскери полигондар
Қазақстанда ядролық қаруды сынай отырып, бұрынғы кеңестік жүйе өзінің құрамындағы «одақтас», ал, шынтуайтында, отар елдің халқына қарсы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған аса қатерлі қастандықты шімірікпестен жасады. Қазақ КСР аумағында, ал, нақтырақ айтқанда, Семей облысында 1949 жылдан бастап, 500-дей ядролық жарылыс болды. Біздің республикамызда радиациядан жарты миллионнан астам адам залал шекті. Бұл жүздеген, мыңдаған адамды біржолата денсаулықтан айырып, тіпті өміріне қауіп төндірді. Олардың көпшілігі күш-қуаты тасыған шағында дүниеден өтіп те кетті.
1989 жылы ақпан айында көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің ерік-жігерімен «Невада-Семей» қозғалысы құрылып, оны аждаһа апанындағы Семей жұртшылығынан бастап, Қазақ елінің түкпір-түкпіріндегі озық ойлы азаматтар жан-жүрекпен қолдап, іліп әкеткені белгілі. Уақыт өткен сайын елде қозғалыстың қарқыны күшейіп, полигонды жабуға байланысты халықтан қол жинау акциялары бұқаралық сипатқа ие болды. Ортақ іс-әрекет жоспарын үйлестіру бағытында шетелдік экологиялық қозғалыстармен бірлескен күшке айналып, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстандағы ядролық сынаққа қарсы мораторий жариялауға шақырған ұсыныстар жасалды.
Тыныштықты қастерлейтін, бейбіт халықтың қалауына орай, Қазақ Елінің басшысы Н.Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. Сөйтіп, 42 жыл бойы үздіксіз ажал сепкен аждаһаның аузы мәңгілік жабылды.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық “Капустин Яр” атты әскери полигоны болып келгені кейінгі кезде ғана халыққа белгілі бола бастады. Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғалы аудандарында 24 мың зымыран ұшырылып 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны соңғы уақыттарда белгілі болды. 1988-1991 жылдары аралығында осы аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып айналаны қоршаған сыртқы ортаға 30 мың тоннадай өте улы химиялық заттар шығарылған. Жоғарыда көрсетілген жылдарда жер астында - 18, ал атмосферада-11, қуаты Херосима жөне Нагасаки (Жапония) қалаларының үстінде жарылған атом бомбыларының қуатынан бірде-бір кем емес керісінше күші пара-пар келетін термоядролық жарылыстар өткізілген. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында “Капустин Яр”, Атырау облысының Теңіз ауданындағы “Атырау”, “Азғыр” әскери полигондары болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында ең кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткізілгені туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы заттармен ластанған. Осы күнде бұлақ, өзен, көл не шаруашылыққа, не жуынып-шайынуға жарамай қалаған. Өйткені ондағы улы қосылыстардын (нитраттардың) көлемі 2,6 есе ден 800 есеге дейін өскен. Мысалы, 800 есе, қорғасының мөлшері 206 есе, стронций-90-ның мөлшері 150 есе, темірдің улы қосылыстарының көлемі 5 есе белгіленген деңгейден асып кеткен. Кадмий мен мыс Бисен қалашығының тұрғындарының ішетін ауыз суларында өте жоғары денгейде болғаны байқалған. Бұл суларды адамның және жан-жануарлардың ішуіне болмайтынын арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеулер анықтап шықты. Қорғасын, стронций мен темірдің деңгейі Елқонды қалашығы тұрғындарының, Орда ауданының басқадай ауылдарының ішетін ауыз суларында көп мөлшерде екені тәжірибе жүзінде толығымен дәлелденді.Оларды тұрғын халықтардың өздері де жақсы біледі. Бұл ауданның биосферасын да қорғасын, стронций - 90, темір деңгейлері көрсетілген мөлшерден 6-7 ден 11 есеге дейін өсіп кеткен [ 4 ].
Алматы мемлекеттік медициналық университеттін бір топ доценттері мен профессорлары арнаулы түрде Батыс Қазақстан облысының Орда, Жәнібек, Қазтал қалашықтарының аймақтарында радиоэкологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Олар топырақтың құрамындағы судың ішіндегі радиоактивті элементтері. Стронций -90, цезий-137 анықтаған еді. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, зерттеуге алынған объектілердің құрамында радиоактивті қосылыстар үш еседен артық екені анықталған. Жануарлар денесінен, жерден, судан алынған үлгілерді лабораториялық анализдерден өткізгенде, оларда радиоактивті калий-40, торий-232, радий-236 бар екені анықталған. Жәнібек және Сайхин қалашықтары тұрғындарының тістерін жан-жақты зерттегенде, адамдардын тістерінде радиоактивті сәулеленудің 23-тен 38 Бэрге дейінгі (Бэр радиоактивті сәулеленудің көрсеткіші) көлемінде иондалған сәуле шығаратын заттар бар екені дәлелделінген. Халықаралық үлгі бойынша, егер 7 Бэр көлемінен астам иондалған сәуле шығаратын заттар анықталса, онда ол жерлерді радиациялық қауіпті аймақтар қатарына жатқызып, жергілікті тұрғындарға мемлекет тарапынан әртүрлі жеңілдіктср беріледі.
Ақтөбе облысындағы полигондар зардабы
Сынақ орындарында мүгедек, кемтар балалардың өмірге келуі әлі жалғасуда. Ауру түрлері көбейіп тұр. Мамандардың айтуына қарағанда, бұрынғы полигон аумақтарындағы радиация мөлшері 1992 жылдан бері тексерілмеген. Қазақстанның батысындағы облыстарда Азғыр, Капустин Яр, Тайсойған, Ембі-5, Регион-3, Мир, Жамансор полигондарының аты ғана жария. Қозғалыстың Батыс бөлімшесінің жетекшісі Ізімғали Көбеновтың мәлімдеуінше, кеңес билігі тұсында елдің батыс облыстарында 20-дан астам қуатты ядролық сынақтар жүргізілген. Соның ішінде кеңестік отарлау кезінде Ақтөбе облысының бір ғана Байғанин ауданында 45 жылда 11 ядролық жарылыс жасалған болатын. «Қалдайбек – «Ембі-5» әскери полигонының дәл нүктесі. Ал, шағын ғана Қалдайбек елді мекенінен небары 18 шақырым жердегі сынақ полигонында 1987 жылдың 3 қазанында жойқын термоядролық сынақ жүргізілген [ 2 ].
1991 жылы мамыр айының соңында 30 ақтөбелік азамат, «Жем» қоғамдық экологиялық ұйымының «Невада-Семейдің» белсенді мүшелері, Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округіне қатысты Қалдайбек ауылына келді. Сол жолы соңғы атомдық жарылыс ошағы болған жерде халықпен кездескен патриоттар… ащы да болса, небір ақиқат шындықты көзбен көріп, құлақпен естіді.
Қарттардың айтуы бойынша электр шамы қозғалып, үй теңселген, үй ішіндегі пештер құлаған. Төбеде бұлт пайда болып, ол төмен түсті де, 10 минуттан соң жоғалды дейді. Кейіннен анықталғандай, 4 - 5 балл жер сілкінісі болған.
Байғанин ауданының тұрғыны Бисен Жақанұлы жарылыстардың тірі куәгері. Бұрынғы Кеңестер Одағының әскери сынақ жүргізетін «Ембі-5» полигонында 1956 жылдан бастап әскери техникалар, қуатты қарулар сыналған [ 3 ].
Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының профессоры Т.Үмбетовтың айтуынша, Қазақстанда ядролық қарулар 1962 жылға дейін жер бетінде, ал 1962 жылдан бастап жер астында сыналды. Мұның зардабы бірнеше ұрпаққа жетеді. Радиациядан қорғаныш жоқ. Себебі, радиация ең алдымен адамның гендік жүйесіне әсер етеді. Болашақта дүниеге келер ұрпақ арасында да радиация аурулары көбейіп кете ме деген қорқыныш бар. Даун, қоянжырық, лейкоз аурулары тікелей ядролық сынақ болған жерлерде өршиді.
Ядролық жарылыстан кейінгі кезеңдерде бұл өңірде аналар мен балалардың жағдайы қиындай бастаған. Онда да тек тіркелген деректерге сүйенсек, 1989 жылдан бері босанған әйелдердің елу тоғызы түсік тастаған, 16 ана күнінен ерте босанған, алты нәресте көзін ашпай өмірден кеткен. Соңғы екі жарым жыл ішінде олардан басқа совхоз бойынша 19 бала түрлі аурулардан қайтыс болған. Биылғы жылдың алты айы ішінде үш бала кемтар туылған, бір бала іштей біткен кіндік ісігінен өлген. Рак ауруы көрініс алып келеді. Соңғы алты айда осы аурумен үш адам өмірімен қоштасқан. Оның біреуі отыздан жаңа асқан адам.
1990 жылы мамыр айында арнайы құрылған комиссия тексеруінен өткен үш жүз қырық сегіз баланың үш жүзінің 1991 жылы маусым айында қаралған үш жүз қырық алты баланың 320-ның, 1992 жылы 346 баланың 240-ның қаны аз екені анықталған.
Жарылыс болған аймақтағы пайда болған радиациялық фонның әсері жыл асқан сайын өсіп келеді. Ол 1989 жылы орта есеппен совхоз бойынша 5-10 микрорентген аспаса, 1991 жылдың он үшінші мамыр күнгі арнаулы тексеруде он екі жер 10-16 микрорентген аралығын көрсетсе, бес жер 20-28 микрорентген аралығын көрсетті. Радиациялық фон Қаражар, Қалдайбек елді мекендерінде көбірек мөлшерді көрсетіп отыр [ 3 ].
Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақтада көбеюде.
2015 жылы 2 қарашада, «Невада-Семей» қозғалысының облыстық бөлімшесінің жетекшілігімен Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында ерекше тарихи оқиға орын алды. Кезінде осы Жарқамыс ауылдық округінің бір бөлімшесі болған Қалдайбек елді мекенінің аумағында соңғы атом бомбасының жарылғанына 25 жыл толуына орай, жарылыс құрбандарына арналып тұрғызылған Естелік-белгі салтанатты түрде ашылды. Адам баласын ізгілікке шақыратын Ескерткіш авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жәдігер Кенбаев.
Қорытынды
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі, сондықтан бұрынғы әскери полигон аймақтарында мемлекеттік радиоэкологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Байғанин ауданы территориясында Батыс Қазақстан облыстарына арналған радиактивті қалдықтар көметін орын салынуы туралы әңгіме қозғалуда, егерде мұндай жағдай іске асырылса, халықтың арасында аурудың түрлерін одан әрі ушықтырады.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында ядролық жарылыс болған территорияларда төмендегідей жұмыстар үнемі жүргізілсе, олар:
-
Топырақтың құрамындағы микроэлементтерге радиоэкологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары;
-
Су құрамындағы радиоактивті элементтері анықтау;
-
Жануарлар денесінен, жерден, судан алынған үлгілерді лабораториялық анализдерден өткізу;
-
Аудан тұрғындарының денсаулығын жан-жақты зерттеу (радиоктивті сәулелену мөлшері анықтау).
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі, Атамекен, № 14, 18 тамыз, 2007ж;
-
Г. Наменова «Қадайбек қасіреті»,
-
Б. Жақанов, «Өскенді өңір шежіресі», Ақтөбе баспасы, 2007ж,
-
Республика Казахстан, том 3, окружающая среда и экология, Алматы, 2005 г;
-
Б.Жақанов. «Қасірет пен сенім», Ақтөбе баспасы, 2012 ж
-
О. Жанайдаров «Менің елім — Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003
-
Журнал «Арай», № 10, 18 бет, 1988 ж