АКТЕРЛІК ӨНЕР
Актерлік өнер – орындаушылық өнердің бір түрі, яғни сахналық тұлға жасау өнері. Театр сахнасында актер әрбір рольді ойнау үстінде өзін сол кейіпкерге ұқсатуға тырысады. Актердің осы жолдағы ең негізгі құралы – өз бойындағы табиғи ерекшеліктері, яғни оның сөзі, дене құрылысы мен бет – пішіні, қимыл – қозғалысы мен зеректік- байқағыштығы, сезім дүниесі, қиял елесі мен мимикасы болып табылады. Актерлік өнердің басқалардан басты өзгешелігі - актерлік шығармашылық процесі өзінің нәтижесін спектакль кезінде көрермендердің алдында аяқтайды. Актерлік өнердің негізі – түрлену. Актер осындай түрлену процесінде өзінің қимыл – әрекетін, ой мен сезімін түгел пайдаланады. Актер орындайтын кейіпкердің сырт бейнесін беруде грим – бояу мен киім – кешекті де қолданады. Түрлену прцесінде тек бұлармен ғана шектелмей, қаһарманның рухани дүниесін, мінез – болмысын және ішкі ой – тебіренісін ашып көрсетеді. Сахналық өнер туындылары (драма, опера, балет) мен драматургия жанрына (трагедия, комедия, водевиль) келеді. Мысалы: опералық туындының негізі ән, би. Драматургиялық театрда көрермендерге әсер ететін, қаһарманның ой – сезіміне, оқиғаның мазмұн – желісіне жетелейтін негізгі құрал – сөз. Актерлік өнердің міндеті – сахнада драматург (автор) ойы мен мақсатын, драматургиялық шығарманың көркемдік – эстетикалық мән – мағынасын ашу. Сонымен бірге, актер өзінің өмір тәжірибесімен , жіті байқағыштығымен, терең ой – толғаныстарымен автор ойын және драматургиялық шығарманың мазмұнын толықтырады; әрі өзінің шығармашылық ерекшелігіне сүйене отырып, актер орындайтын роліне белгілі бір ой – түсінік , бағыт – бағдар береді. Актер өзі жасаған сом тұлғалар арқылы көрермендерге ой тастайды, оларды өмірлік мұраттарға жетелейді. Жаңа кезеңдік тарихи дәуірлерде дүниежүзілік репертурадың ірі ролдерінің тың түсініктері жасалады. Мысалы: ағылшын актері Д. Гаррик – король Лир, орыс трагигі П. С. Мочалов – Гамлет, актерлер А. А. Остужев пен А. А. Хорава – Отеллоның сахналық тұлғаларын жасай отырып, У. Шекспир шығармашылығының гуманистік ой – мазмұнын терең ашты. Актерлік өнердің көрермендерді өзіне баурап, ой салатын және қоғамдық тәрбиелік мазмұн – мағынаға ие болған себебі осыдан. Актерлік өнер режиссерлік өнермен тығыз байланысты. Бұл актерді ойын ансамблін терең сезінуге тәрбиелейді. Мұндай қарым – қатынас актер мен режиссерді байланыстырып қоймай, актердің шығармашылық амал – тәсілдері мен спектакльдің режиссерлік шешімдерінің (жанр, қарқын – ырғақ, музыкалық бояулар және сахналықжасау жиһаздары) арақатынасын анықтайды. Әр халықтың ұлттық ерекшелігіне, белгілі бір театрдың эстетикалық принципіне орай сахна өнерінде актерлік түрленудің неше алуан түрлері болған. Бүгінгі сахналық өнерде де актерлік өнердің әр қилы теориялары кездеседі. Европалық театрда актерлік өнердің міндетін рационалистік тұрғыдан түсіндірумен байланысты шабытты санаға бағындыруды ұсынса , енді біреулер шығармашылық ойнау түрлерін қабылдамай, оның орнына ең негізгі интуиция мен эмоция деп түсіндірді. 19 – 20 ғасырларда актердің шығармашылық процесіндегі саналық пен интуициялық бағыттың, актердің шығармашылық қиялы мен техникасының тұтас қарым – қатысын бекіткен актерлік өнердің реалистік теориясы жасалды. Дүние жүзінде және орыс театрларының бай тәжірибелері негізінде жасалған актерлік өнердің реалистік теориясы – К. С. Станиславсий жүйесі көп елдердің актерлік өнерінің дамуына игі ықпалын тигізді. 20 ғасырдың 20 жылдарына дейінгі Қазақстанда қазіргі түсініктегі профессионалды актерлік өнер болмады. Ол кезге дейін актерлік өнердің фольклорлық элементтері ғана кезігеді. Халық шағармашылығы өнерпаздарының бойындағы табиғи актерлік элементтер қазақтың кейін туған актерлік өнеріне негіз болды. Мысалы: халық көп жиылатын жәрмеңкелерде және ел арасында қыдырып жүріп неше алуан ойын –сауық көрсеткен танымал думаншылар – зәрубай Құлсейітов, Қара омар, М. У. Шамсутдинова, Қ. Қуанышбаев, одан кейінгі С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов т.б – лар – ұлттық актерлік өнердің алғашқы өкілдері. Бұлар кейіннен қазақтың актерлік өнерін профессионалдық сахна өнерінде ілгері дамытты. Бүгінгі қазақтың актерлік өнері кәсіби шеберлігі жағынан толысып қалыптасқан, өзіндік бағыт – бағдары мен сахналық – орындаушылық мектебі бар бірнеше буыннан құралады және өте күрделі драматургиялық туындыларды еркін меңгеретін дәрежеде. Қоғамдық ой – сананың түрі есебінде театр, оның ішінде актерлік өнердің кескін – келбеті, бағыт – бағдары, әлеуметтік дамудың дәрежесіне, өмір жайлы заңдылықтың мән - мағынасы мен оның адам тағдырына тигізер әсер ықпалына байланысты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
баяндама

шағым қалдыра аласыз