Ұлттық ойындар - сабақ жүйесінің негізгі
құралы
Ұлттық рухани бейне - күрделі құбылыс. Оның
құралып қалыптасуына әр түрлі сипатты халықтық құбылыстар қатысады.
Бірқатар құбылыстар кешені ұлттық рухани бейнесімен байланысты.
Олардың қатарына ұлттық мүдде, сана-сезім, сезім, мәдениетін,
тілін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін жатқызуға болады. Сондай-ақ,
дене тәрбиесі мен спорт ұлттың рухани бейнесімен тығыз байланысты.
Өйткені, олар ұлттық тұрмыстың элементтерінің бірі болып
табылады.
Осы
заманғы ұлттық проблемалар бойынша, Отандық және ТМД елдерінің
ғалымдары бірқатар еңбектер
жариялады.
Осыған қарамастан, ұлттық табиғатты
әлеуметтік-философиялық және педагогикалық зерттеудің шеңберін
кеңейту қажеттілігі сезіледі. Бұл аталған құбылысты түсінушілікте
алақұлылықтың болуынан туып
отыр.
Дене
тәрбиесімен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені, осы жолдарды жазып
отырған, автордың әр кезде жарияланған кейбір еңбектерін қоспағанда
тіпті аз зерттелді десе
болады.
Күрделі
қоғамдық феномендер ретінде дене тәрбиесі мен спорт өз ішінде
қоғамда жасалған жүріс-тұрыс нормаларын, ал бұлар «адамдардың өмір
тіршілігінде белгіленіп, олардың дағдыларына, олардың тұрмыс –
салтының, ұлттық өмірдің құрамдас бөлігіне айналады. Ұлттық өмірі
дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені анықтай
береді».
Демек, ұлттық тәрбиені және ол қоғамдық
өмірдің басқа құбылыстарымен қатынасын әрдайым даму жағдайында,
нақты жағдайлармен, күллі қоғамның, жеке ұлттың, кемелдену
деңгейімен, олардың өмірлері мен өзара қарым-қатынастарының басқа
жақтарымен тығыз байланыста болуы
керек.
Ұлттық тәрбиенің табиғаты әрі күрделі, әрі
қарама-қайшылыққа толы. Адамдардың «туыстық сезімге» барынша жақын
екендігі қашаннан белгілі. Мұның өзі ұлттыққа байыппен келуді, оны
әрбір халықтың, әрбір ұлттың нақты жағдайларына сәйкес қарастыруды
талап етеді.
Неміс ғалымы В.Зигер
былай деп жазды: «Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен
тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік
топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді (денені)
жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі
бір жеке адамның тарихи тұрғыдан әлеуметтік қалыптасуының жиынтығын
айтамыз. Жалпы адамзаттық және әлеуметтік дамудың тарихи формасы
болған ұлт сонымен бірге халықтың ұлттық ерекше спецификалық
белгілерін алып жүруші де болған, ол жеке адамның тарихи құралуының
(қалыптасуының) негізі болып та қызмет етеді. Жеке адамның
тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған дене тәрбиесі мен спорт өз
ішіне көптеген құбылыстарды алып, ұлт өмірінің құрамдас бөлігі
болып кіреді.
Ұлтттық өмірі дене
тәрбиесі мен спорттың айырмашылық белгілерін, олардың имандылық
негіздерін, педагогикалық процестің ерекшеліктерін белгілеп
береді.
Дене тәрбиесі мен
спорттағы ұлттық тәрбие өзара байланысты процестердің тұтас бір
жүйесін ұсынады, оның басты компоненттері (сыңарлары) жалпы
адамдық, әлеуметтік, ұлттық өзгелік болып табылады. Күллі адам
атаулының дүниені бейнелеу заңдары ұқсас, әрбір жекелеген жағдайда
ұлттық тәрбие жалпы адамзаттық қана емес, ұлттық өзгеше
(спецификалық) тәрбиені де іске асырушы ретінде, көрініс
береді.
Ұлттық тәрбиеде «жалпы
адамдық белгілердің» болуы ұлттық тәрбие ұғымын мазмұны жағынан кең
әрі терең ете
түседі.
Ұлттық тәрбиенің
құрамындағы жалпы адамзаттық қоғам қызметінің нақты саласындағы
өзара әрекеттесудің, өзара кірігудің нәтижесі болып табылады.
Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықты қоғамдық
қатынастардың күллі жиынтығынан оқшау алып қарастыруға
болмайды.
Ұлттық өзгешелікті
құрайтын элементтер алуан түрлі. Кейбір ғалымдар атап көрсеткендей,
өзгеше белгілері болмайтын үлкенді-кішілі ұлттар болмайды.
Сондай-ақ, бір-бірінен ерекшеленбейтін жүйесі жоқ дене тәрбиесі де
болмайды.
Мұнымен қатар шығу тегіне
қарамастан барлық адамдардың шындықты бейнелеу заңдары да, ұқсас
екендіктері де белгілі. А.Г.Агаевтың айтқан пікірі дұрыс, ол
«халықтар аз аралас-құралас болғанына қарамастан, өздерінің ғылыми
танымында бірдей дерлік нәтижелерге қол жеткізеді» деп жазған еді.
(6,77-бет). Бұл айтылғанға дене тәрбиесінің кейбір құралдары айқын
айғақ бола алады. Дене шынықтыру жаттығулары мен арнаулы заттар
(құралдар) немесе ойындар үшін бейімделген құралдар жасаған
(жаратқан) дүние жүзінің көптеген халықтары көптеген жағдайларда
бірдей дерлік қорытындыға, оларды жас ұрпақтың дене тәрбиесі
мақсаты үшін пайдалану заңдылықтарында қайран қаларлықтай ұқсас
нәтижелерге жеткен. Белгілі ғалым М.С.Жүнісовтың атап көрсеткендей
әрбір жекелеген жағдайда ұлттық тәрбие тек жалпы адамдық қана емес,
ұлттық-өзгеше тәрбие түрінде де көрініс береді. Ұлттық тәрбиенің
сипаты ерекшелігі сол, ол ұлттық-өзгеше тәрбиеге қарағанда мазмұны
жөнінен әрқашанда байқалады. Сондықтан ұлттық тәрбие алуан түрлі,
көп элементті құбылыстардан тұрады және ол әр түрлі көрініс
береді. Сондай-ақ оның шығу тектері де, даму
бағыттары да әр
қилы.
Қарастырып отырған мәселеге келетін болсақ,
алуан түрлі аса ірі халықаралық ғылыми конгрестер мен
симпозиумдерде антик дәуірінен бері дене тәрбиесінде жалпы
адамзаттық белгілер бар деген қағида әлденеше рет атап
өтілді.
Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықтың өз даму
заңдылықтары бар, ол ұлттық өмірдің көптеген жақтарын орынды
қозғайды. Бұл жайында кей-кейде аяу және алыс шет ел ғалымдары да
жазып жүр. Солардың бірі, мәселен, ұлттық тәрбиеге мынадай түсінік
береді: Дене мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері ұлттық нақты өмір
жағдайларында тарихи қалыптасқан дене шынықтыру жаттығуларының,
ойындарының, спорттық өзіндік бір формаларын, өзіндік бір ережелері
мен дене қызметін ұйымдастыру тәсілдерін, оған деген дәстүрлі
қатынастарын (бұл қатынастарды ұлттық тұрмыс салты мен психикалық
құрылым ерекшеліктері көрініс береді) білдіреді. Мұндағы
интернационалдық белгілер ұлттық мәдениеттердің өзара әрекетінің,
өзара кірігуінің нәтижесі болып табылады.
.
Бұл
айтылған пікірден шығатын қорытынды, дене тәрбиесімен спорттағы
ұлттық тәрбиені мүлде оқшау құбылыс ретінде қарастыруға болмайды,
өйткені ол өз ішіне мынадай құбылыстар тобын «олар белгілі бір
ұлттың барлық адамдарына тән» құбылыстарды
алады.
Осы заманғы дене тәрбиесі мен спортта ұлттық
тәрбие интернационалдық тәрбиесіз толық мағынасында өмір сүруі
мүмкін емес. өзара бір-бірін байыту, өзара ықпал ету олардың даму
бағыты мен сипатын
анықтайды.
Алайда
нақты өмірде ұлттық форма мен мазмұнның көрінуі субъективтік
факторлармен араласып кетеді. Мұның өзі бұл процестің дамуына
мақсатты түрде ықпал ету мүмкіндіктерін туғызады. Бұл айтылғанның
жарқын мысалы ретінде дене тәрбиесінде сабақ жүргізудің кейбір осы
заманғы тенденцияларын айтуға болады. Мұндай сабақ оқыту кезінде
ұлттық элементтері толық пайдаланылады.
.
Сонымен
дене тәрбиесі мен спортта ұлттық тәрбие ұлттық тіршілік
ерекшеліктерінен туады, онда ежелгі дүниенің қазыналары да болады.
Тарихи көзқарас тұрғысынан алғанда, онда «таза» ұлттық нәрселер
қанша, басқа халықтардан ауысқаны қанша, бұл жайтты түсіндіру көп
қиындық келтіреді. өйткені, басқалардан алынған дүниелердің өзі
тұрмысымызға өзіміздікіндей болып сіңісіп кеткен. Мәселен, көкпар,
қыз қуу, аударыспақ, күміс алу, тоғыз құмалақ, жарға жарыс сияқты
ұлттық ойындарға қазақтың немесе Орта Азия халықтарының, бізге
іргелес шығыс елдерінің қосқаны қанша, әлбетте, анықтау қиын. Қиын
болатын себебі, ежелден бұл халықтар ауылы аралас, қойы қоралас
өмір сүріп келеді, олардың арасында ежелгі замандардан бері келе
жатқан этномәдени байланыстар бар. Алайда, қазіргі ұрпаққа тарихи
тамырлардан гөрі, оларда осы заманғы дене тәрбиесінің мазмұнын
байытатын қаншалықты озық құндылықтар бар. Міне, оларды осы мәселе
қызықтырады.
Дене
тәрбиесі және спорт үйлесімді жан-жақты адам тәрбиелеуге
бағытталған. Бұл міндетті шешуге ұлттық, халықаралық,
интернационалдық тәрбиенінің күллі әдістерімен құралдары
бағытталғн. Нақ осында, дене тәрбиесі мен спорт саласында жүзеге
асырылған терең процестің мән-мағынасы
жатыр.