жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама «Ағылшын тілі сабақтарында оқу мақсаттарына жету жолдары»
Баяндама «Ағылшын тілі сабақтарында оқу мақсаттарына жету жолдары»
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша заманауи сабақтар өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Бүгінгі күні қысқа мерзімді сабақ жоспарында төмендегі ұсыныстар басшылыққа алынады:
Сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу. Яғни, дәстүрлі оқытуда сабаққа үш мақсат қойып, оны өзіміз анықтасақ, қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әр пән бойынша тақырыптарға оқу мақсаты нақты берілген.
Осы оқу мақсатына сәйкес, сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою. Жаңартылған оқу бағдарламасында көрсетілген пәндік оқу мақсаты мен күнделікті сабаққа қойылатын мақсаттар бір мазмұнда, жүйеленген, дайын мақсаттар. Әрі барлық мақсаттар сөйлеу әрекетінің 4 дағдысын, яғни тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мақсаттың қолжетімділігі дегеніміз – мақсат мазмұнының ықшам, нақты болуы; бір тақырыпқа берілген оқу мақсатының бір тоқсанда, тіпті оқушы мектеп қабырғасын аяқтағанға дейін бірнеше рет қайталанып келуі. Бұл оқушының бір сабақта жете алмаған оқу мақсатына келесі сабақтарда қол жеткізуіне мүмкіндік береді, әрі оқушының оқуға деген оң мотивациясына ықпал етеді, өз-өзіне деген сенімін нығайтады.
Осы жерде айтып өтерлік нәрсе, оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақ мақсаттары өзгеріске түсуі ықтимал.
Оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін код енгізілді. Код бойынша бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар-бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан-оқу мақсаттарының реттік санын білдіреді. Мысалы, 7.2.1.2 кодировкасында: “7”-сынып, “2.1.”- бөлім мен бөлімше, “2”- оқу мақсатының реттік саны.
Мысалы ағылшын тілінде 5-8 сыныптар арасында 6 оқу дағдысы бар. Олар: Content, Listening, Speaking, Reading, Writing және Use of English. Осы алты дағдыда 61 оқу мақсаты бар. Жаңартылған білім мазмұнына көшкен 5-8 сыныптарында оқу мақсатының саны бірдей болғанымен, ішіндегі мазмұны сынып жоғарылаған сайын күрделеніп беріледі. Осы жерде жанартылған білім мазмұнын спиральді жүйесі бойынша жүргізілетінің аңық көре аламыз.
Енді осы оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарына жетуді көздейтін оқытудың тәсілдері мыналар:
-
Сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-
Әрбір оқушының жеке пікірін тыңдау және алынған білімдер мен түсініктерді қолдану мен оларды дамыту маңыздылығына мән беру;
-
Іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;
-
Оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуін қажет ететін проблемалық жағдаяттар туындату және проблемаларды шешу стратегияларын модельдеу және көрсету;
-
«Оқу үшін бағалауды» қолдану арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсету;
-
Белсенді оқуға және зерттеу жобаларын орындауға негізделген оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін қолдау;
-
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
-
Өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға ынталандыратын жағдайлар жасау;
-
Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу;
-
Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқыту әдістері белсенді қолданылатын жалпы сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Өзімнің мұғалім ретінде басты міндетім – ағылшын тілі сабағының ерекшеліктерін арттыру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы сабақ барысында мен оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттыруға ұмтыламын, пәнге деген қызығушылығын оятуға тырысамын. Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар оқыту тиімділігінің негізін құрауға бағытталган.
Әр сабақта менің алға қойған мақсатым: технологиялардың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, ағылшын тілінде сауатты жазу, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды сөйлемдерде дұрыс орналастырып, сөйлем құрау, сөйлем арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де – оқушының тілін дамыту. Сабақта бағдарлама талабына сай оқушылардың сөйлеу әрекетін айтылым, оқылым, жазылым, тындалым сондай-ақ тілдік дағдыларында қалыптастыру.
Қорыта келе, белгілі шығыс ойшылы Конфуций: «Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз» деген екен. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру — жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген