400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Ахмет Байтұрсынұлы -ұлт ұстазы"

Материал туралы қысқаша түсінік
9-11 сыныптар. Дөнгелек үстел. Тақырыбы:"Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы".Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне, шығармаларына тоқталып: қазақ балаларына істеген еңбегі, өнер-білімі, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының біртуар азаматы, яғни Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Арғы атасы Үмбетай батырдың ұрпағы Ахмет бір мүшелге толмастан тірі жетім боп ерте есейді. Әкесі Байтұрсын турашыл, әрі осы мінезімен жергілікті әкімдерге ғана емес, сұлтан, ояздарға да «жақпайды». Анасы Күңше - өжет, ел сыртынан «Сары уезд» деп атайтын. Әкесінің інісі Ерғазының көмегімен Ахмет 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс - қазақ училищесіне түседі. Бертін келе Ерғазы қайтыс болған соң да Ахмет қинала жүріп оқуын тәмамдайды. Өз бетімен білімін жетілдіру жолында көптеген қиындықтарды көре жүріп Орынбордағы 1891-1895 жылдары қырғыз- қазақ мұғалімдер мектебін бітіріп шығады. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Шығыс пен Батыстың рухани мәдениетін жетік игеріп, соның арқасында «Мәдениет тарихы» атты кітап жазды.

Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді.

Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсынұлының жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.

1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.

Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929- 1934 жылдары айдауда болған қуғын- сүргіннің жаңа толқынына ілігіп біржолата кете барды. Халықаралық Қызыл Крест арқылы М. Горькийдің әйелі Е. П. Пешкованың жәрдемімен кесімді мерзімі бітпей, 1934 жылы босанып, әуелі Батыс- Сібір өлкесіне, кейінірек Алматыға оралады. Бірақ ол бостандық баянды болмай, 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.

А. Байтұрсынұлы - қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В. Затаевичтің айтуынша ол шебер домбырашы, әрі әнші болған. «Қазақ халқының жүз әні» атты еңбегінде А.В.Затаевич былай деп жазды: «А.Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол - жақсы домбырашы»-деген. Енді Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне, шығармаларына тоқталатын болсақ: қазақ балаларына істеген еңбегі, өнер-білімі, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер. Автордың еңбектері өзінің қарапайымдылығы, ішкі мазмұны және көлемі жағынан қазақ әдебиеті жағынан алғашқы орынды алады.































«Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі» КММ









Баяндама

Тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы»













Орындаушы: тарих пәні мұғалімі Джолумбетова А.Т













2021-2022 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.10.2022
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12