«Ш.Башиков атындағы негізгі мектеп» КММ
Баяндама
«Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану»
Дайындаған:информатика
пәні мұғалімі.Үсенова Айым Үсенқызы
2017-2018 оқу жылы
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі - электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік, білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек.
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді.
Өндірістік оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрi.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары:
Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:
- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру,
- пәнаралық байланысты тереңдету,
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерді дамыту,
- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру,
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу.
Қазіргі ақпараттық
технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін
оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі - болашақ мұғалімнің
кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті
ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық
іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде
қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын
талаптар қатарына енеді. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері
және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық
формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық
технологияларын (АҚТ) меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен
сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде
оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат
алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АҚТ төңірегіндегі
білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби
іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа
білім беру формаларында қолданылатын АҚТ құралдарының негізгі
түрінің бірі электрондық басылымдар болып
табылады.
Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық
мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана
алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, математикалық
өлшем бірліктер, графиктер, сызбалар және суреттер т.б. жатқызуға
болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті
ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық
техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде
ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе
кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәні сабақтарында
пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін
педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту
формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай
мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе
жатқан электрондық оқыту құралдары бере
алады.
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:
- Ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау;
- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасы мен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасайды.
Мысалы: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды математика сабағында қолдану, біріншіден, оқушылардың танымдық ұмтылыстарын күшейтеді, екіншіден, олардың ойлау қабілеттерін, математикалық логикаларын дамытады, үшіншіден, оқушылардың ойлау қызметтерін ізденіс және зерттеушілік салаларға бағыттайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін әлемдік деңгейдегі зерттеулердің нәтижелері естіген материалдың 25 %-ы, көрген материалдың 33 %-ы, көрген және естіген материалдың 50 %-ы, ал оқушы оқу процесіне тікелей қатысқан жағдайда материалдың 75 %-ы оқушының есінде қалады деген мәліметтер бар.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын пән бойынша оқытуда қолдану мұғалім баяндап отырған материалдың оқушыларға қол жетімді болуын, көрнекі болуын, осы құралдарды басқарып отырған мұғалімнің қызметін, компьютердің интерактивті қасиеттері арқылы оқушылардың бойында пайда болатын оқуға деген құлшыныстары мен белсенділіктеріне жағдай жасау үшін компьютердің мүмкіндіктерін пайдалануға негізделеді. Компьютерлік графика оқушыларға компьютер дисплейінің экранындағы әртүрлі нысандарға әртүрлі әрекеттерді қолдану арқылы, мысалы, олардың өлшемдерін, түстерін, қозғалыс жылдамдықтарын, орналасқан жерлерін және т.с.с. өзгертулер арқылы қарастырылып отырған оқу материалдарын «байқаусыз» меңгеруге мүмкіндік береді. Компьютерді оқытудың барлық сатысында қолдануға болады: жаңа материалды түсіндіргенде, материалды бекітуде, өтілген материалдарды қайталауда, білім деңгейін қадағалау мен тексеруде; және осылардың барлығында оқушы әртүрлі қызметтерді атқара алады: зерттеу нысанының қызметі, мұғалімнің қызметі, жұмыс құралының қызметі, ұжым мүшесінің қызметі. Математика сабағында компьютерді қолданудың пайдасы зор. Әрине, математика сабағындағы негізгі құралдар тақта мен бор екендігін жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі заманда математика сабағында классикалық тәсілмен қатар компьютерлік технологияның жетістіктерін қолдану өз жемісін беретіндігі сөзсіз. Оқушымен белсенді диалог арқылы, ақпараттың әртүрлілігі мен әдемілігі (мәтін, сурет, дыбыс, түс, бейнематериал) арқылы, оқушыны жетістікке бағыттау арқылы (қажетті көмекті бере отырып, кез келген мәселені щешуді аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік береді), электронды-есептегіш машинаның адаммен байланысын ойын бағытына аудару арқылы және машина мен оқушының бірқалыпты тыныш және достық қарым-қатынасы арқылы компьютер оқушының бойында оқуға, білімге деген құлшыныстарын арттырады.
Интернет ресурстарын математика сабағында қолданудың тиімділігі неде?
Интернет ресурстарын математика сабағында қолданудың тиімділігі мыналарда:
сабақта кең көлемдегі ақпараттарды қолдану мүмкіндігі пайда болады;
-
оқу материалдарын жаңа мәліметтермен тез толықтыру қамтамасыз етіледі;
-
сабақтар қызғылықты, сапалы, нәтижелі болады;
-
оқушының бағасы мұғалімнің ойына тәуелсіз және әділ болады;
-
оқушыда оқуға деген құлшыныс артады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды математика сабағында қолдану оқытуда жаңа жарқын бағыт ашатын сияқты. Дегенмен, математика сабағында тек АКТ мүмкіндіктерін қолдану мұғалімнің де, жалпы математикалық білім беру саласының да барлық мәселелерін шешіп тастай алмайтындығын түсіну керек. Сондықтан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды керек жерінде, керек уақытында және қажетті көлемде қолдану керек. Сонда ғана білім сапасы артып, оқушылардың бойларында өздеріне деген сенімділіктері күшейеді де, оқуға, білімге деген құлшыныстары арта түседі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешеді. Сондай-ақ өндірістік оқыту шеберінің компьютерлік сауаттылығы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Әр өндірістік оқыту шебері сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдаланса, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Қорыта келгенде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Жанұзақ ауылы
Ұлан ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.
2. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
3. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
4. Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007
жыл
5. «Қазақстан - өз дамуында жаңа серпіліс
жасау қарсаңында» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2006
жыл
6. Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық –
коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі. «Информатика
негіздері» 2008 жыл, №4
Ж.Сатыбекова
7. ҚР білім беру жүйесін 2010 жылға дейін
дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы.
8. «Интерактивті тақтаны қолдану жолдары»,
Мектеп республикалық ғылыми әдістемелік журнал
№9-72.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Акпараттык коммуникациялык технологиялар"

шағым қалдыра аласыз