Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама Алты Алаштың қайсар ұлы-Тұрар Рысқұлов
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№11жалпы білім беретін мектеп
Алаш зиялыларының 130 жылдығына арналған ғылыми-танымдық байқау.
Баяндама
Тақырып: Алты Алаштың қайсар ұлы-Тұрар Рысқұлов
Баяндаманы құрастырушы: Сариев Рамазан Саламатович
10 сынып оқушысы
Жетекшісі: Туляева Жанар Солдатовна
Мазмұны
Жоспар:
I.Кіріспе
Сталин сескенген қазақ-Тұрар Рысқұлов
II.Негізгі бөлім.
1. Қазақты аштықтан құтқарған Тұрар
2. Тұрар «алашордашыларға» қалай көмектесті?
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бағбаннан Лениннің оң қолына дейін көтерілген қазақтың баласы бар ол кім? Баяндамамыздың барысы осы кісі жайлы болмақ.
Қазақ жеріне Кеңес билігі өз билігін жүргізе бастаған кезінде қазақ дәстүрлерімізбен, тарихымызға ,тілімізге көптеген бұрмалаушылық жасады және Кеңес үкіметі арнайы комиссия құрып ,одақтың түпкір түпкірінен мүйізі қарағайдай тарихшыларды жинап ,қазақ тарихын мүлдем басқа арнаға бұру жоспары қызу талқыланып кетті.Олар жау жүрек қазақтарды өз ырықтарына көндіру мақсатында түрлі жолдарды қарастырды.Қазақ оңайлықпен беріле салатын халық болмағандықтан оларға күшпен сес көрсетті,қолдан ашаршылық жасады,мал жайлымдарын тартып алды,салықтарды көбейтті.Бірақ қазақ халқы олардың қанішер саясаттарына сынбады,уақыт өте келе қазақтың тарихы бұрмаланып, байырғы жасқаншақ халық,тарихта «қазақ» деген халық болмаған,олар тек рудан жиналған этностар деп түрлі алып қашпа әңгімелер таратты.Бірақ қазақтардың батыр тұлғалары ел билігінде жүріп түрлі сорақы саясаттарды болғызбады.Осы қиын қыстау заманда ел үшін ,жер үшін аянбай еңбек еткен тарихи тұлғамыз - Тұрар Рысқұлов.
Сіздер білесіздер ме, Тұрар Рысқұлов Кеңес билігінде Лениннің оң қолы көмекшісі болған.Лениннің өзі Тұрардан ақыл кеңес сұрап отырған. Сталин ол кезеңде Ленин мен Тұрар Рысқұловтың қол астындағы көмекшісі болып жұмыс жасаған.Тұрар Рысқұлов- озық ойы,батыл әрекеттері,жан жақты білімімен Ленин де,Сталин де санасып,тіпті сескенетін тұлға болған.
Сталин мен Лениннің секенетін жері Тұрар Рысқұлов Түркі автономиясын құрса кеңес үкіметінің басты жауы болады және бүкіл Ресейді жоқ қылады деген тұжырымға келеді.Сөйтіп Ленин мен Сталин Тұрарға қарсы іс әрекеттер жасай бастайды.Олардың көздегені Тұрарды кеңес билігінен алыстатып қоймай, тірі жүрмеуіне де ықпалдарын жүргізе бастады.Сол кездерде Тұрар Рысқұловты Моңғолияға басшылық етуге жіберді.Осы кезде Тұрар Моңғолияның астанасына Ұлан Батор деген атау берген.Осындай кереметтей тарихи тұлғамыздың өміріне тоқталар болсақ Тұрар Рысқұлов 1894 жылдың 26 желтоқсанында Жетісу облысында (қазіргі Алматы облысы) бостандық пен теңдік жолында талмай күрескен қазақ отбасында дүниеге келген. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 1859 жылы Сырдария облысы Черняев уезі, Майлыкент болысында (қазіргі Түлкібас ауданы) туған. Жергілікті би-болыстардың қысымына шыдай алмаған әкесі осында қоныс аударған екен. Елге аты мәлім кәнігі аңшы Рысқұл жергілікті жер жағдайын жетік білгендіктен, 1903 жылы зерттеуші ғалым С.Д.Димитриев Талғар тауын зерттегенде жол бастаушы болыпты. Есіл өзенінің бастауындағы мұзды алқап «Рысқұл алқабы» деп аталады.
Жаңа қонысында да әділетсіздікке тап болған Рысқұл 1904 жылдың желтоқсанында халыққа тізесі батқан әрі өзіне нақақ жала жапқан болысты атып өлтіріп, Верный түрмесіне жабылады. Бұл жайында жазушы М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» шығармасының желісі бойынша фильм түсірілген. Он жастағы ойын баласы Тұрар әкесімен бірге түрмеде отырғанда орыс тілін меңгереді, әріп танып, сауатын ашады.Сол кезде «түрме баласы»атанып ,түрме бастығының ауласын сыпырып күнін көрген. Бір жылдан соң әкесі Сібірге айдалғанда қорғансыз қалған жас бала туыстарының көмегімен 1907 жылы Меркедегі орыс-түзем бастауыш мектебіне «Қырғызбаев» деген бүркеншек фамилиямен қабылданып, оны үздік бітіреді.
1910 жылы Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне оқуға түсіп, 1914 жылдың қазанында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіреді. Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне арнайы жолдама берілгенімен, училище директоры «көшпелі қазаққа жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ» деп қабылдамайды. Тауы шағылған Тұрар 1915 жылы Ташкентте жаңадан ашылған мұғалімдер институтына оқуға түсуге ниеттенгенімен, оны «бұратана» деген сылтаумен жолатпайды. Осы жылдары теміржол құрылысының Түлкібас бөлімшесінде қызмет бабымен жүрген қазақтың тұңғыш инженері М.Тынышбаевпен жолығады. Ол Тұрардың оқуға түсуіне көмек ретінде 100 рубль береді (бұл туралы М.Тынышбаевтың естелік жазбасында көрсетілген). Алған бетінен қайтпайтын Тұрар Оқу министрінің арнайы рұқсатымен емтихан тапсырып, институтқа қабылданады.
Тұрар Рысқұлов жайлы тағы бір дерек ешқашан аппақ көйлегінің жағасы кірлемеген Ташкентте өзбек байының бағбаны болып қызмет атқарған.
Баяндамамның мақсаты: «Ел үшін туған ер озар» демекші, қазақ халқының маңдайына біткен біртуар тұлғалардың тағылымды өмір жолдары мен көрнекті ерен еңбектері ел тарихының беттерінде алтын әріптермен жазылып қана қоймай, мәдениетіміздің зор, рухани құндылықтарымыздың берік болуына ықпал еткенін,бар өмірін ашық аспан астында ұрпақтарының еркін өмір сүруі жолына арнаған ұлы тұлғалардың бірі, елін сүйген ер ұлдарының бірегейі – Тұрар Рысқұловтың ерең еңбегін өскелең ұрпақтарға насихаттау жолында жан жақты зертеу жұмысымды бастадым.
Қазақты аштықтан құтқарған-Тұрар
Туылған тар заманда Тұрар едім,
Елім деп еңіреген ұлан едім.
Қолымда құдіретті билік болса,
Тарихты тура жолға бұрар едім.
Тұрар Рысқұлов
Тұрар Рысқұлов кішкентай кезінен бастап әкесінің қасында абақтыда отырған.Бар балалық шағы абақтыда өткен.Қатал тағдырына налымастан алға қарай жарық күнге ұмтылып,өмірге деген көз қарасы өзгерген.
1916 жылдың жазында қазақ даласында патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ ете қалған. Жалынды жас Әулиеата уезіндегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, өзін қалың бұқараның әділет жолында тайсалмайтын жетекшісі ретінде көрсетеді. Т.Рысқұловты патша үкіметі тұтқындағанымен, іс-әрекетінен кінә таба алмай, босатады. Бұдан былай Тұрардың саяси қызметпен айналысуына қатаң тыйым салады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң қапастағы халқының тағдырына налыған намысты жас азаттық жолындағы күреске белді бекем буып кірісу қажет деген шешімге келеді.
Қазақ халқының бостандығы үшін күрес жолына түскен Т.Рысқұлов 1917 жылы көктемде Меркеге оралып, қазақ жастарының «Бұқара» революциялық одағын құрады. 1917 жылдың жазында Ташкент қаласында қазақ депутаттарының Түркістан өлкелік кеңесі құрылғанда жетекшілерінің бірі Т.Рысқұлов болды.
1927-1930 жылдар Т.Рысқұлов үшін Орта Азия республикаларының түрлі ведомстволары мен үкіметтерінің Түркістан-Сібір теміржол құрылысын үйлестірумен айналысқан қауырт кезең болды. Т.Рысқұлов басқарған Жәрдемдесу комитеті іс жүзінде осынау алып құрылыстың нағыз штабына айналды. Теміржол құрылысын жүргізуге Мұхамеджан Тынышбаевты шақырады.
Кеңестік үкімет М.Тынышбаевты қашаннан «ұлтшыл» ретінде қара тізімге енгізіп, жауапты жұмысқа жақындатпай келсе, Т.Рысқұлов батыл шешім қабылдап, оған жауапты қызметті сеніп тапсырады. Түркістан Сібір теміржолы Сібірді Орта Азиямен жалғастырып,соңғысын жақын аудандардан (Сібір,Қазақстан және Қырғызстан) арзан астықпен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Осылайша мақта-мата өнеркәсібіміздің негізгі шикізат базасы болып табылатын .
1927ж Кеңес үкіметінде қанішер Голощекин қазақтарды қолдан жасаған аштықта қырып жатты.Оған Сталин мен Ленин қолдау көрсетіп отырған.Халқының қырылып жатқанын көрген Тұрар үкімет басында отырып Сталинге ашық хат жолдайды.Сталин жасаған сезьге қатысып қолдан жасалған ашаршылықты анықтап айқындап көрсетіп ашық шайқасқа шығады,ашаршылықты тоқтатуды ұсынады.1932 ж. 29 қыркүйекте Т. Рысқұлов БК(б)П ОК хатшысы И. Сталинге Қазақстандағы мал шаруашылығының жағдайы және ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушіліктер жөнінде хат жазған. Аталған хатта ол Қазақстанда мал саны 1928 ж. 32 миллион бас болғанын (кейбір мәліметтер бойынша 40 миллион), 1932 ж. ақпан айында жүргізілген бүкілодақтық мал санағының есебі бойынша мал санының 5 миллион 397 мың басқа дейін, яғни 83 %-ға дейін кемігенін баяндайды. Мал саны кемуінің басты себебі ретінде малдың жаппай сойылуы мен ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікті көрсетеді. Хаттың соңында 1932 ж. ақпан айында жүргізілген Бүкілодақтық мал санағы бойынша Қазақстандағы мал санының кестесі қоса берілген. 1933 ж. 9 наурыздағы Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында Қазақстандағы ашаршылық пен босқын қазақтардың жағдайы баяндалған. Онда ашаршылық пен эпидемияның салдарынан босып көшкен қазақтардың ауыр жағдайы туралы былай деп жазады: «Қазақстанға көрші орналасқан аймақтардан алынған соңғы мәліметтер бойынша, ондағы босқын қазақтардың саны: Орталық Жайықта – 50 мың адам, Қырғызстанда – 100 мың адам, Батыс Сібірде – 50 мың адам, Қарақалпақстанда – 20 мың адам, Орта Азияда – 30 мың адам. Босқындар сонымен қатар, алыста жатқан Қалмақия, Тәжікстан, Солтүстік өлкелерге және т.б. жерлерге барған. Халықтың бір бөлігі байлармен бірге Батыс Қытайға босып көшкен. Қазақтардың орталық аудандарға босып көшуі сияқты мұндай жағдай Қазақстанда бірінші рет орын алып отыр. Бұл жай ғана көшу емес (малы бар болған жағдайда жазда алыс емес аумаққа көшетін), аштыққа ұшыраған адамдардың ішетін тамақ іздеп босуы. Босып көшу жекелеген аудандарда жалпы халық санының 40-50 %-на дейін жетті...Өткен жылғы көктемде қазақ аудандары мен босқындардың арасында аштық пен эпидемия салдарынан өлім-жітім көп болды...Жергілікті органдардың мәліметтері бойынша Торғай мен Бетбаққара аудандарында халықтың 20–30 %-ы қайтыс болды және қалған халықтың басым бөлігі босып кетті. Шалқар ауданындағы біраз ауылдарындағы халықтың 30-35 %-ы қайтыс болған...Қарқаралы ауданында 1932 ж. мамыр айында 50 400 адам болған, қараша айында 15 900 адам қалды және аудан орталығында күніне 15–20 адам қайтыс болады»деп анық жазылған.
1933 ж. 9 қыркүйекте Т. Рысқұлов БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Л. Мирзоянға Қазақстанмен шекаралас Ортаңғы Еділдегі, Батыс Сібірдегі 30 000 қазақ босқынын тұрақты жұмыспен қамту туралы хат жазған. Сондай-ақ хатта оның 1933 ж. 13 шілдедегі өкімімен босқын қазақтарды тамақтандыру үшін 16 елді мекенде (Ақтөбе, Орынбор, Ор, Карталы, Челябинск, Пермь, Қостанай, Свердловск, Кинель, Уфа, Сызрань, Пенза, Ряжск, Мәскеу, Рузевка, Попорино) тамақтандыру пункті ашылғаны және онда 50 000 адам азық-түлікпен қамтамасыз етілгені баяндалған.
Тұрар Рысқұлов ашаршылық кезіндегі басты идеясы қазақ ұлтының гендік қорын сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 1994 жылы ұлт қайраткерлеріне арналған «Тарих зердесі» атты кеште сөйлеген сөзінде «Тұрар Рысқұловтың асыл аруағына тағзым етіп, атын ардақтағанда біздің ойымызға оның ел үшін еткен ең ересен, ең ірі, ең қасиетті еңбегі алдымен оралады. Қазақ даласына айдың-күннің аманында, қазан ұрмай, қар жаумай-ақ келген нағыз нәубәт – алапат ашаршылық тұсында Рысқұлов тұлғасының шын мәнінде ұлы екені айқын көрінді. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған, қырына алғанның қабырғасын қақыратып, көлденең тұрғанның бәрін көрде шірітіп жатқан Сталиндей тиранға қарсы шабу, қазақ даласындағы қолдан жасалған қырғынды тоқтатуды талап ету өлімге бас тігіп, ажал аузына өзі барумен бірдей ерлік болатын. Осы кезде Сталин тез арада Тұрар Рысқұловтың үстінен арыз шағым түсіріп НГБ мен түрмеге алып кетеді. Сол түрмеде 1 жыл бойы қинап суық тар қапаста ұстап келді.Кеңес үкіметіне қарсысың деп,Түркі халқын жинап ашық соғыс ашпақшысың деп мойындатпақшы болды. Бірақ Тұрар Рысқұлов Кеңес үкіметінен тек өз елі мен жеріне зиянын тигізбеуді сұрайды.Тұрар Рысқұлов өз басын өлімге тікседе ,жанын құрбан етіп тұрып сонғы тілегі еліме,жеріме зияндарыңызды тигізбеңіздер айтып кеткен екен.Осындай ұлы еңбегі үшін Қазақ елі Тұрар Рысқұловтың атын мәңгі-бақи ардақтап өтетін болады!».
Тұрар «алашордашыларға» қалай көмектесті?
Ең әуелі Тұрардың өскен ортасы мықты болды. Өмірдегі қатарлас жолдастарыда осал болған жоқ: Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов, Ораз Жандосов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияров, Нығмет Нұрмақов және тағысын тағылар. Әйгілі Мұхтар Әуезов пен сырлас болды. Әңгімесіне құлақ түріп, әкесі Рысқұлдың ноқтаға сыймас тағдыры туралы қаламгер «Қараш-Қараш оқиғасын» өмірге әкелгенде тамаша туындыны ерекше толқыныспен оқыған Тұрар егіле жылаған екен. «Алашордашыл» деген айыппен қуғындалған Мұхаңды абақтының азабынан арашалап алып, суық тиген өкпесін емдетіп қайтуға Қырымдағы шипажайға жолдама әперіпті. Ахмет Байтұрсыновты да екі рет түрмеден құтқарып қалған. Тұрар бірлесіп, «қазақ халқының отаршылдық саясаттан қысым көріп жатқаны жайлы» Ленинге ашық хат та жазған. Дінмұхамед Қонаевты «байдың баласысың» деп Мәскеудегі түрлі-түсті металдар институтындағы оқуынан шығарғалы тұрған тұста Тұрар көмектесіпті. Қаржылай да қарасқан Қаныш Сәтбаевқа да көп қамқорлық жасаған.
Теміржол құрлысын қажетті шикізаттармен жабдықтайтын 26 өндіріс ошағының сол кезде жаңадан ашылғаны Тұрардың елге сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін білдірмей ме? Орта Азияның өндірісін өрге сүйреген сондағы 26-ның біреуі – Түлкібас әк зауыты күні кешеге дейін даңқы дүркіреп жұмыс істеп тұрды.
Өмірінің біраз жылын Ташкентте, Мәскеуде өткізіп, бұрын-соңды қазақ баласының қолы жетпеген жауапты қызметтер атқарған Тұрар Халық комиссарлар кеңесінің Бакудегі өкілі болды. Монғолияда жаңа өкіметтің жалауы желбіреуіне атсалысып, оның айтуымен мемлекеттің астанасы «Улан-Батор» деп аталынды.
«Сталин қателеседі!» бұл тарихи сөзді Тұрар Рысқұлов Мәскеудегі үлкен жиында айтқан. Сталиннің ұлттық саясаты бұрмаланғанда шыдамай айтқан. Шыншыл қайраткердің осы сөзін ақыры тарихтың өзі дәлелдеді.
Тұрар Рысқұлов азғана өмірінде қаншама жұмыстарды бітіріп,қызметін атқарып кетті. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Рысқұлов Меркеге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрды. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеатада уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге жер-жерді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. Уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар көптеп тартылды. Оның жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орыңдары ұйымдастырылды.
1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 миллион сом салық төлеттірді.
1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етті. Осыған орай 1918 жылы қарашаның 28-інде ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Комиссия Түркістан АКСР-інің 19 уезінде 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты.
1919 жылы наурыздың 14-інде Түркістан АКСР-і Орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Осы жылы наурыздың 14-31-і аралығында Ташкент қаласында өткен Түркістан Компартиясының 2-ші конференциясында Орталық комитет жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Оның жетекшілігіне сайланған Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери бөлімшелерін құрды. 1920 жылы қаңтардың 21-інде Түркістан АКСР-і орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, сондай-ақ оны жергілікті халықтардың құқын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді. Төраға ретінде ол орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының теңестірілуіне, орыс шаруалары мен қазақтардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін кері қайтаруына қол жеткізді. Түркістан АКСР-інің саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. Бұл әрекеттер Мәскеудегі орталық басшылар тарапынан қатты сынға ұшырады. Нәтижесінде, 1924 жылы ақпанның 4-інде РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберіліп, Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді.
1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты
Қорытынды:
Тұрар Рысқұлов – қазақтың ел бастаған
саяси серкелерінің бірі. Тұрар туралы айтқан кезде сол кезеңдегі
биліктің ұстанымына назар аударғанымыз жөн. Ол кезде мәскеулік
саясаттың салдарынан қазақ элитасы екіге бөлініп қалды. Екі
бағыттық ұстаным болды. Біреуі Әлихан Бөкейханов пен Ахмет
Байтұрсынов бастаған алашордашылар болса, екіншісі Тұрар, Сәкен,
Сейітқали Меңдешев сияқты зиялылардың бағыты болды. Екіншілері
Кеңес өкіметінің негізгі қызметінде жүрді. Олардың стратегиясы бір
болды да, тактикалық мәселелері екі түрлі болды. Бірақ екеуі де
қазақ автономиясына, қазақ мемлекетін құру ісіне өз
ой-жоспарларымен адал қызмет етті. Сондықтан да біз осы екі бағытты
ұстанған зиялыларға да аса құрметпен қарауға тиіспіз. Тұрар өз
мақсаттарына «коммунистік партияның формасы арқылы жетеміз» деп
ойлады. Және олар бұл жолда көп нәрсеге қол жеткізді. Сол 1920
жылдары Қазақ автономиясы құрылды. 1936 жылы ол Қазақ Советтік
Социалистік Республикасына айналды. 1936 жылғы Конституция
бойынша Қазақстан кәдімгі республика болып шыға келді. КСРО
құрамындағы республикалардың бірі болғандығымыздың арқасында
біз 1991 жылы Одақ ыдырағанда бұрынғы шекарамызбен тұтастай шығып
кеттік. Яғни өз территориямызға иелік етуіміздегі бұл кісілердің
еңбегі ерекше.
КСРО кезінде қанша жерден көркейді десек
те, дәл сол уақытта біздің қазақ алтын тордағы жолбарыстай күй
кешті. Бас көтерген адамдарды Мәскеу жендеттері қырып тастап
отырды. Қазақ аштық жылы бір қырылса, қуғын-сүргін жылдары бір
қырылды. Сол кезде Алашорданың бірде-бір азаматын билікке
жолатпауға тырысқан. Сталин «Оларды тек кітап жазуға, журнал
шығаруға, әдеби жұмыстарға ғана тарту қажет» деген арнайы нұсқау
берген. Міне, осы тұста большевиктік платформаға кірген Тұрар
сияқты қазақтар сол платформада жүріп, елдік мүдделер үшін
күресті.
Большевизм дегеніміз ол кезде пәрмені
мықты, аса үлкен, керемет күш болатын. Ақшасы да, қаруы да, билігі
де бар дегендей. Сондықтан олармен ашық күреске бару, оларды жеңу
мүмкін емес еді. Алайда орыстардың идеясын айтып, солардың
ұстанымдарын жақтай жүріп, өзінің халқын алға сүйреу осы
Тұрарлардың қолынан келді. Солардың еңбегінің арқасында елімізге
инвестиция келді. Ашаршылық кезінде Мәскеуден көмек сұрау арқылы
Тұрар ашығып жатқан елін құтқарып қалды. Саясатта ашық күресіп
жүріп, мұны істеу еш мүмкін емес еді. Солардың қызметін істей
жүріп, елдік мәселелерде халыққа Тұрар Рысқұлов елеулі пайда
келтірді.
Жарлының отбасында дүниеге келіп, өзінің табандылығы мен
еңбекқорлығы, тұлғалық тегеуріні арқылы көрнекті мемлекет
қайраткері дәрежесіне көтерілген Тұрар Рысқұловтың адами қасиеттері
де ұрпаққа үлгі боларлықтай. Бұл ретте қайраткердің жары Әзиза
Рысқұлова: «Тұрар көпшіл, адал, мейірімді, еңбекқор, өзінен гөрі
өзгенің қажет-мұқтажын көбірек ойлайтын жан еді», – деп еске алған
екен. Мәскеуде тұрған жылдарында үлкен қызмет атқарғанына
қарамастан, Тұрар күйеуі қайтыс болған қарындасы Түйметайды бес
баласымен елден көшіріп алады, одан басқа да немере інісі, өзге де
ағайын-тумалары бала-шағасымен Рысқұловтардың үйін паналаған.
Елден барған зиялы азаматтардың да Тұрардың отбасына соқпай
кетпейтіні сирек болған. Тағы бір қасиеті – Тұрар, ең алдымен,
тазалықты сүйген. Әкесінің «жағаңды кірлетпе» деген ескертуін
есінен шығармаған ол киімін кір шалдырмай, мұнтаздай қалпында
жүретін әдетінен өле-өлгенше танбаған. Тіпті ату жазасына кесілген
кезінде де «ақырғы тілегіңді айт» дегендерге «жуынып-шайынып,
тазаланып алайын» десе керек. Сондай-ақ Тұрар ешқашан атақ-даңққа,
мансапқа қызықпаған. Жетім балаларға арнайы пансионат ашқызған
кезінде көп адам оған Тұрар Рысқұловтың атын беруді ұсыныпты. Бірақ
Тұрар келіспей, пансионатты «Жас Түркістан» деп атауға кеңес
беріпті.
Тұрар Рысқұлов әлемдік деңгейдегі реформаторлығымен бірге,
экономика, мәдениет, дипломатия, тарих, ғылым, білімнің әр
саласын жете меңгерген аса талантты адам болған. Мысалы, «халық
жауы» ретінде ұсталар алдында ол «Қазақстан тарихы» атты көлемді
ғылыми еңбегін жазып бітіруге таяу қалған екен. Алайда тәркіленген
қағаздарының арасында кеткен бұл құнды еңбек сол күйі ұшты-күйлі
жоғалған. Тұрардың экономика саласына қатысты еңбектері мен басқа
әдеби мұралары да көп болған. Бір өкініштісі, сол шығармалары күні
бүгінге дейін ғылыми жүйеленбей де, зерттелмей де келеді. Тұрарды
әр қырынан танытатын тарихи құжаттар Мәскеудегі, Ташкенттегі
мұрағаттарда әлі қаттаулы жатыр. Осы орайда тұрартанушы, белгілі
геолог Молдияр Серікбайұлы: «Өмірі мен шығармашылығы,
қайраткерлігі жан-жақты зерттелген жағдайда Тұрар әлемдік
деңгейдегі ірі қайраткерлердің қатарынан әлдеқашан орын алар еді»,
– деген ой айтамыз.
Ұсынысым:
1.Ел деңгейінде Тұрар Рысқүловқа фильм түсіру
2.Аудан және облыс көлемінде жаңадан ашылып жатқан мектептерге Тұрар Рысқұловтың есімін беру,
3.Сонымен қатар өскелең ұрпақтың есінде қалдыру үшін жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерге Тұрар Рысқұловқа арнап муляж жасау
250 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз