Материалдар / Баяндама: Ауылдық мектептерде балаларды ғылыми жұмыс жүргізуге баулудың ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Ауылдық мектептерде балаларды ғылыми жұмыс жүргізуге баулудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
236
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жаңаөзен қаласы





Қалалық семинар



Баяндама: Ауылдық мектептерде балаларды

ғылыми жұмыс жүргізуге баулудың

ерекшеліктері.


Дайындаған: Жолдасбаева Алуаш Конакбаевна

11 орта мектептің география-биология

пәндері мұғалімі












2017-2018 оқу жылы


Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.


Әр бала – болашақ данышпан,
Әр бала – зерттелмеген құпия


Бүгінгі ұрпақ – тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ.
Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендікті еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, саналы да парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.

Нағыз ұстаз қай ғасырда да - ұстаз болып қала бермек.Ұстазға қойылатын талап мен тілек қаашан да ортақ. Ол - Білімділік, Имандылық, Парасаттылық.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік, негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Қазіргі білім беру кеңістігінде орта мектеп түлектерін жан-жақты дамыған, айналасына өз көзқарасымен қарай алатын және баға бере алатын тұлға ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы Заңының» 11-бабының 2-тармағында «Жеке адамның шығармашылық, рухани, және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін қажетті жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» міндеттері қойылған.

Зерттеу әдісі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез –келген мамандықпен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет және ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуға өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Зерттеу-дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Айналасындағыларды танып білуге деген талпыныстың арқасында ғана тіршілік иесі белгілі бір ортаға икемделіп, өмір сүру қалпын қалыптастырады.
Биік таным қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығы жоғары болады, танымдық қабілеті үнемі сұранысқа ие, мұғалімнің қандайда болмасын жаңашыл ұсынысын аса қызығушылықпен қабылдайды және орындауға асығып тұрады. Ал зерттеу мен ізденіс теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік береді, оқушының болашақ мамандық таңдауына да бағдар болады.

Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерінің ашылуына мектебімізде мүмкіндік жасалған. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау, ғылыми ізденістерін арттыру мақсатында білім мекемелерінде оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылған (ОҒҚ).

Ғылыми жұмысты бастаудың бірінші шарты: білімге ынтазар, табанды, танымдық қабілеті терең оқушыны сыныпта байқау және болашақ жұмысқа бейімдеу, әдеби кітаптар беру, ғылыми-көпшілік журналдарды оқыту. Әрине, бұл жерде мұғалім бір оқушыны бөліп-жармай сыныппен жұмыс жүргізуі тиіс;
Екінші шарты: сабақ процесінде өтілетін тақырыптарды қызықты өткізу. Түрлі есептерді, зертеу, саралау, бақылау элементтеріне баулу. Сабақты үнемі өмірмен, басқа пәндермен байланыстырып отыру және ең бастысы оқулық шегінен тыс қызғылықты мәліметтерді беріп отыру. Бұл әрине мұғалімнің сабаққа тыңғылықты дайындалуына тікелей тәуелді.

Үшінші шарты: сыныптан тыс шараларды, пән апталықтарын үлкен дайындықпен өткізу. Мектепішілік шараларда математика мәселесін оқушылар арасында кеңінен насихаттау.Осы шарттар орындалған жағдайда шәкірттердің арасынан пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар іріктеле бастайды. Олар сабақ процесінде сұрақтарды көп қояды, шараларға белсене қатысады және мұғалімнің көмекшілеріне айналады. Мұғалім мен оқушы арасында өзара сенім орнайды.

Төртінші шарты: пәрменді шаралар арқылы оқушылардың белсенділіктерін көтеру. Оларға акциялар, топсеруендер, саяхаттар жатады. Осы жұмыстардың басы қасында өз көшбасшылары пайда болады. Олар хабарламалар дайындап, қабырға газеттерін шығарады, өлең, шағын әңгімелер жазады, яғни шығармашылық белсенділіктерін көрсете бастайды. Осы шарттар орындалған жағдайда ғылыми жұмысқа дайын, үздік оқушы іріктеледі.

Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде шығармаларды таңдайды. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін.
1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.
2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
5. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, айқындай үдері қалыптастырылыды.
Ғылыми жұмыстарды орындау барысында оқушылар ғылыми әдебиеттермен, интернет арқылы мәліметтер жинап, бақылау жұмыстарын жүргізеді, зерттеу жұмыс жоспарын жасайды. Атап айтқанда:
1. Тақырыбын таңдау.
2. Пәні, мақсат-міндеттерін қою.
3.Зерттеудің теориялық, практикалық маңыздылығы.
4. Тақырыпқа сай мәліметтер жинау.
5. Теориялық білімінің жоспарын талдау, оны бақылау дәптеріне жазып отыру.
6. Практикалық бөлімнің жоспарын талдау, зерттеуге керекті тәжірибе жүргізу.
7. Нәтижелерін талдау.
8. Редакторлау.
9. Презентациялау.
10.Жобаны қорғау.

Д арынды, шығармашыл балалар халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлы қазынасы. Олар ертеңгі заман жүгін көтеретін, дәуір көшін бастайтындар. Қаламызда шығармашыл, дарынды балаларға қолдау көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Мысалы: дарынды балаларды анықтау үшін мектепішілік, аудандық, облыстық пән олимпиадалары, сайыстар, фестивалдар, халықаралық ойын байқаулары, «Зерде» ғылыми жоба жұмыстары мен Кіші Ғылыми жоба жұмыстарының байқауларын өткізіп дарынды оқушыларды анықтаймыз.
Жаста болса жүйрік ойлы еңбектерімен мектебіміздің абыройын асқақтатқан шәкірттеріміз баршылық. Атап айтатын болсам 8 сыныптан бастап қалалық, облыстық, республикалық көлемде әр-түрлі ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған Қашқынбаева Іңкәр, Сүйрибаева Лаура, Жұмабай Фатима, Жұмабай Зәуре, Жолдыбаев Сәркен, Ыбрайымкулова Шынар сынды оқушыларым. Осы оқушылардың ішінен оза шапқан Жұмабай Фатима мен Жұмабай Зәурені ерекше атап өткім келеді. Қарапайым ауыл мектебінің оқушылары Фатима мен Зәуре жақында яғни сәуір айында Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты оқушылардың пәндік ғылыми жобалар байқауының Халықаралық кезеңінде өздерінің «Тіл ақаулығы бар балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктер және инклюзивті оқыту» тақырыбындағы жобасын қорғап, жүлделі III орын, кола медаль иегері атанып, мектебіміздің, қаламыздың атағын әлем деңгейіне шығарып келді. Әлбетте, бұл орынға жету оңайға соққан жоқ әрине. Тынымсыз еңбек пен ізденістің, табандылықтың, білімділіктің арқасында осындай үлкен белесті бағындыра білген оқушыларымды мақтан тұтамын.

Фатима мен Зәуре «Тіл ақаулығы бар балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктер және инклюзивті оқыту» атты тақырыбындағы жұмысын 9 сыныптан бастап зерттеп келеді. Бұл тақырыпты алуға олардың өздерінің тумаласының баласында тіл ақаулығының болуы себеп болды. Сонымен бірге Фатима мен Зәуре өздері дәрігер мамандығын таңдап отырғандықтан а лдымен балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу шаралары оларды қызықтырды. Сол мақсатпен оқушыларым осы тақырып аясында жұмыс жүргізді және осындай белесті бағындыра білді.

Зерттеу жұмысымызды Жаңаөзен қаласындағы оңалту орталығында жүргіздік. Зерттеу жұмысын жүргізуге оңалту орталығының директоры, әдіскері, психологы және тәрбиешілері жақыннан көмек көрсетті. Олар өздерінің жұмыстырының қиындығына қарамастан, біздің әр бір сұрағымызға еінбей, нақты жауап берді және зерттеу үшін өздерінің ақыл-кеңестерін берді.

Тақырыбымызды қалалық кезеңге ұсынып жүлделі II орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алдық. Облыстық кезеңге пән бойынша дайындықты күшейтіп, тесттен жақсы көрсеткіштермен өтіп, республикаға жолдама алған шәкірттерім дайындығын одан әрі нығайта түсті. Алматы қаласында өткен республикалық байқаудан III орын, кола медаль иегері атанып, Халықаралыққа жолдамамен оралды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар үлкен өмірлік тәжірибе жинақтайды. Ізденісте жүретін балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулу өз нәтежиесін беретініне көзім жетті. Тек қана мұғалімнің жан-жақты ізденісі, таптауырын методикадан бас тартып оқушыларды өмірге практикалық, іс-әрекет тұрғысында тәрбиелеу үлкен нәтижеге жеткізбек. Дарындылықты дамыту, қызыреттілігі бекем тұлғаны өмірге дайындау өзіміздің қолымызда.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу.

«Атың болса жер таны желіп жүріп, асың болса ел таны беріп жүріп» дегендей, тамшының теңізге ұласуының іргетасы қалану жолуында еңбек етудеміз.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев белгілеген «Қазақстан – 2050» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деп үлкен сенім білдірді.

Білім – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс – бітімі, рухани байлығы. Сондықтан ұстаздар жастар білімін өркендету жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпақты игілікті істерге құрметтеп, қарауға жұмылдырайық. Әдетте, алыс жолға шыққан жолаушы барар жерін бағыттап, жүрер жолын бағамдап алады. Біздер де жарқын болашаққа бет алған жолаушы сияқтымыз. Рухани жан-дүниесі мол, білімді, дарынды, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда бағытымыз айқын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!