400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Баяндама «Балабақшадағы иновациялық денсаулық сақтау технологияларын қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сәуле» бөбекжайы



















Баяндама

«Балабақшадағы иновациялық денсаулық сақтау технологияларын қолдану»









Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Қайыржан Қ.Е








Көкшетау - 2021

Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі , рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Балабақша – балаға  жан-жақты білімді, тәрбиені беретін, ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы.Тәрбиенің нәтижесі отбасы мен балабақша тығыз байланыста болса ғана мағыналы болып, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі – білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру. Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
1. Монтессори технологиясы
2. Жобалау технологиясы
3. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы
4. 
Денсаулық сақтау технологиясы

1) Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: Мария Монтессори.(Италия) Мақсаты: балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды айтады. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан, оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады.«Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға да кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталу керек.

2) Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Джон Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі.

3) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70-жылдары Генрих Саулович Альтшуллер (Өзбекстан) ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

4) Денсаулық сақтау технологиясы. XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде денсаулық сақтау, саламатты өмір салты әдеттерін тәрбиелеу – ең өзекті мәселе болып табылады. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау – білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің бірі болып айналды. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады.

Балабақшаға да денсаулық сақтау технологиясын енгізу, бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру; педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыруға тарту.Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үдерісіне енгізудің бірнеше себептері бар. Біріншіден, бұл әрекет құрылымын жоспарлау, ақпаратты іздеу, ақпараттық модельдер құру және әрекетті жабдықтау сияқты дағдылар мен біліктіліктердің жиынтығы болатынын ескере отырып, ойлаудың операциялық стилінің қалыптасуы өз септігін тигізеді. Екіншіден, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің білімді интерактивті әдіс арқылы қабылдау дағдыларын меңгеріп, содан кейін ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын өзінің іс-әрекетінде басты құралы ретінде пайдаланады. Үшіншіден, сабақты ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы өткізу ойынға оңай ұласады да, балаларда оқуға деген эмоционалдық жағымды қатынас пайда болады. Ескеретін жағдайлар: Зерттеулерді талдау негізінде оқыту үдерісіне аталған құралдарды, яғни интерактивті оқыту технологиясын сауатты жоспарлаған педагогтар педагогикалық үдерісте мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жас ерекшелігіне сай, психикасы мен денсаулығына кері әсері болмайтындай қолдану керек. Сабақта ақпараттық технологияларды қолдану кезінде барлық қауіпсіздік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу педагогка жоғары жауапкершілікті жүктейді. Мұндай тұжырым балабақшадағы оқу үрдісінде бүлдіршіндердің ақпараттық қажеттілігін, қызығушылығын туғызатындай ұйымдастыруда аталған құралдарды қолданудың дидактикалық алғышарттарын құруды талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралы балабақшадағы оқу үдерісінде қолданылуы үшін басқа оқу құралдары тәрізді дидактикалық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Келесідей дидактикалық қағидалар ұсынылды: – бейімділік қағидасы, балаларды құралдардың бейімдеу деңгейіне байланысты бірнеше кезеңдерін анықтауға болады. Біріншіден, балалардың оқу материалын меңгеру қарқынын таңдауы; екіншіден баланың жағдайын диагностикалауы; үшіншіден оның негізінде оқыту мазмұны мен технологиясын ұсынуымен сипатталады; – интерактивтілік принципі, аталған құралдар сұхбатты және кері байланыс жасауды қамтамасыз ететіндігімен ерекшеленеді. Интерактивтілік дегеніміз баламен аталған құралдардың арасындағы екіжақты сұхбатты жүргізу.

Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Балалар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да интерактивті тақтамен жұмыс жасау балалардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде баланың ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір оқу іс-әрекеті үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет. Педагогтар өзінің көздеген мақсатына тиімді жолмен жетсе, бала тұлға болып қалыптасу жолындағы негізгі қасиеттерді бойына қалыптастырады.

Қорытындылай келе,  бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса,тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Атақты Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан екен: «Мен үш нәрседен қорқамын:

Біріншісі:Өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан.

Екіншісі:Немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден.
Үшіншісі:Өз тілін құрметтемеген адамнан».

Яғни міне, балаға отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Біздің де басты мақсатымыз – отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.11.2021
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі