Материалдар / Баяндама: Балалардың жұмысын танудың үздік идеялары.

Баяндама: Балалардың жұмысын танудың үздік идеялары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жұмысын танудың үздік идеялары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2021
303
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады.Білім беру тәжірибесі көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Құрбыларына қарағанда шығармашылық қабілеттерімен, жіктей білетін, жалпылай білетін, өзара байланысын таба білетін біліктіліктерімен неғұрлым дамыған дарынды балалар айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ізденіс үстінде болады, зеректік, дербестік, белсенділік танытады.

Дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген болатын.Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек сіңірді.Ф. Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның «Таланттың тұқым қуалауы − оның заңдары мен нәтижелері» атты кітабы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды.   Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық әрекетіне сынақ жүргізген. 

Сонымен қатар, өте ұзақ зерттеу жүргізген АҚШ ғалымы Льюис Тердің еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды. Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері туралы тәжірибелері  қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. «Дарындылық» ұғымы «сый», «дар» деген сөзінен шыққан, дамудың алғы шарттын білдіреді.Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама беріледі. «Дарындылық – белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі». Дарындылық ұғымы бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының  сапасы.

Негізінен баланың дарындылығы өте ерте байқалады. Оның дамуының өте қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жастың аралығы. Осы жаста балаларда тұлғалық негіз қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Әртүрлі салалардағы әрекеттерде ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз  қабілеттері пайда болады.  Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері:

ерекше зейінділік;

қабылдауының ауқымдылығымен ерекшеленетін балалар;

есте сақтауы жоғары деңгейдегі балалар;

таным аясы өте кең болады;

қиялдары кең, ұшқыр болады;

ойлау белсенділігі жоғары;

тілі ерте дамыған, бай сөздік қорға ие балалар;

зейін қоюы жоғары деңгейдегі балалар;

Дарынды балалардың мінез-құлқында шыншылдық сезімдері жоғары, жақсы әзілқой сезімдерге ие, сонымен қатар тез өзгеретін, шыдамсыз,үнемі назарда болғанды ұнататын қасиеттерін байқатады, оларға қорқыныш, жоғары сезімталдық тән.

Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезең (2-3 жас) бұл кезеңде бала алғашқы сенсорлық әсер алады.

Екінші кезең (3-4 жас) әрекеттерге еніп кетеді, табиғи материалдардың бастапқы белгілері туралы түсінігі пайда болады, өте белсенді, оған кең ауқымдағы  әртүрлі әрекеттерге мүмкіндігі бар.

Үшінші кезең (4-5 жас) баланың шығармашылық ізденіс кезеңі, қосымша әрекеттер үшін қабілетті балаларды біріктіруге болады.

Төртінші кезең (5-6 жас) бала оң нәтижелерге жетуге ұмтылады.

Бесінші кезең (6-7 жас) дарындылық өздігінен таныла бастайды.

Балабақшада дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың мынадай  жолдарын көрсетуге болады:

Дарынды балаларды анықтау: баланың табыстары мен жетістіктеріне талдау. Балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін диагностикалау. Бақылау, сараптамалық бағалау әдістерін қолдану. Психологиялық тестілер (ата-аналар мен педагогтарға арналған А. И. Савенковтың «Дарындылық картасы» әдістері; В. Шебеко, А. Булахтың ата-аналарға арналған сауалнамалары; Торренс және басқалардың креативтілік тестілері) қолдану.

Мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау: – баланы дербес дамыту жоспарын құру;

дарынды балалардың жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамуына  көмектесетін  қолайлы заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру;

мектепке дейінгі жастағы дарынды балалардың шығармашылық бағыттарын: дербес шығармашылық тапсырмаларды іске асыруына көмек беру;

–  зияткерлік ойындарға, конкурстарға қатысу;

дарынды балаларды ынталандыру: әртүрлі конкурстарға қатысқаны үшін дипломдармен, грамоталармен марапаттау.

Дарынды балалардың ата-аналарымен жұмыс: дарынды баламен, ата-анамен және тәрбиешімен бірлескен практикалық әрекеттер. Әңгімелер, тренингтер, мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарымен жеке кеңестер. Талантты балалардың ата-аналарына қолдау жасау және ынталандыру (ата-аналар жиналыстарында грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру). Ата-аналарға дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.

Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен жұмыс мәселелері бойынша «Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар: теориясы, мәселелері және оларды ертерек анықтау» тақырыбында оқыту семинары, «Дарындылық бала тұлғасының даму факторы ретінде», «Кіріктірілген оқыту әдістерін қолданудың вариативтілігі» тақырыптарында кеңестер. Кітапхана қорына өз білімін көтеруге қажетті әдебиеттер жинақтау және іріктеу, жаңадан түскен әдебиеттерге жүйелі шолу, Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде алғашқы бейімділіктері айқындалғаннан бастап бала қабілеттерінің көрінуіне, дарынды бала тәрбиеленетін балабақшада және отбасында қолайлы жағдай құрылып, бірлескен жұмыстар үйлесімінде мүмкін болады.  Мектеп жасына дейінгі шығармашыл баланы тәрбиелеу үшін тәрбиешіге инновациялық мынадай әдіс-тәсілдер қажет болады: стандарттан тыс , креативті жұмыс істеуге ынтасы; ізденіс белсенділігі, ізденімпаздық; – мектеп жасына дейінгі педагогика мен балалар психологиясы туралы білімі.

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы бойынша тәрбиелеу үдерісі заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту міндеттерінің бірлігі қамтамасыз етіледі.  Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша бағдарлама мазмұны: «Таным», «Шығармашылық» білім беру салаларына негізделеді, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына бағдарланған. Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды тәрбиелеу-оқыту жұмыстарын ұйымдастыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:

дарынды балалармен жұмыс істейтін арнайы дайындалған жоғары біліктілігі бар тәрбиешілер мен педагогтардың болуы;

бай заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның болуы;

балаға қамқор және мейірімді қарым-қатынастағы ахуал құру;

жұмыс жоспарының болуы. Біз өз жұмысымызда мына ұстанымдарды басшылыққа аламыз:

тәрбиешілердің, педагогтардың және ата-аналардың ынтымақтастық үдерісі жүзеге асырылатын, сабақтастық;

әр балаға жеке қарым-қатынас жасау;

таңдау мүмкіндігі;

кешенді қарым-қатынас;

баланың жеке және ұжымдық әрекеттерінің, арнайы ҰОҚ көлемі мен жалпы дамыту ҰОҚ көлемінің тиімді ара қатынасын сақтау;

балабақшаның қосымша білім беру, мәдениет ұйымдарымен өзара байланысы және ынтымақтастығы.

Балабақшаларда ұйымдастырылған студиялардың, үйірмелердің дарындылық белгілері бар балалардың қабілеттерін ашатын және жүзеге асыратын мүмкіндіктері бар. Соңғы уақытта дарындылықты ерте айқындау және дамыту мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығы арта түсуде. Мектепке дейінгі балалық шақ дарындылықты дамытудың маңызды және қолайлы кезеңі болып табылады. Әдеттегі балабақша жағдайында балалар дарындылығын дамыту барлық педагогикалық ұжымнан осы бағыттағы педагогикалық басқарудың біртұтас жүйесін әзірлеуді және енгізуді талап етеді. Балабақшадағы педагогикалық ұжымның балалар дарындылығын дамыту бойынша әрекеттері жүйелілік, тұлғаға-бағдарлану, тұлғалық-әрекет тәсілдеріне негізеліп құрылады. Мектепке дейінгі ұйымдар көлемінде балалар дарындылығын дамыту бойынша жұмыстар мазмұны мынадай блоктарды қамтиды:

педагогтармен жұмыс;

балалармен жұмыс;

балалардың ата-аналарымен жұмыс;

психологтармен жұмыс.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу – оқыту үдерісінде  тәрбиелеудің заманауи технологиялары мен балалар дарындылығын дамытудың ерекше әдістері қолданылады.

Балабақшада дарынды балалармен әлеуметтік – психологиялық тренингтер ұйымдастыру кезінде мына ережелерді сақтау керек:

Жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындау: Бағдарламада орындау барысында жиі сәтсіздіктер мен таңданулар туғызатын қиындықтары бар тапсырмалар жиынтығы қамтылған. Жүргізуші топқа қажетті көмекті бере отырып, соңғы нәтижесінде тапсырманың толық орындалуына қол жеткізеді.

Қатысудың толық еріктілігі: Бала әрбір жаттығуға, талқылауларға өзінің қатысу дәрежесі туралы шешімді өзі қабылдайды. Бұл ішкі бақылауды дамытуға, дербес шешім қабылдауға және ол үшін жауапкершілік алуға мүмкіндік береді.

Тренингтің қауіпсіз ортасы: Жетекшілері де және топ та тұтасымен тренингтің әрбір қатысушысына үнемі эмоциялық қолдау көрсетеді. Жарыс сәттері атымен болмайды, жалпы ұстынымы: «Жеңіске бірге жетеміз немесе жеңілсек бірге жеңілеміз».

Топта алған тәжірибенің күнделікті өмірмен байланысы: Бұл байланыс талқылаулармен, пікірталастар ұйымдастырумен, қызықты аңыз әңгімелер енгізумен, жетекші ұсынатын қысқа әңгімелермен қамтамасыз етіледі.

Топ жетекшілерінің айырықша ұстанымы: Жетекшілер топты бағыттайды, бірақ оның қатысушыларына кедергі жасамайды.

Үйірмеге даярлық топтарындағы математикаға бейімділігі бар және ақыл ой қабілеттері жоғары дамыған дарынды балалар қатысады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы дарынды балалармен жұмыстарға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау үдерісін басқару үлгісі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың кезек күттірмейтін міндеттерін шешуде, сондай-ақ, педагогтардың өзін-өзі кәсіби жетілдіру бойынша белсенді әрекеттерге ынталандыру тұрғысынан да тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен жұмысында оңтайлы өзгерістер, педагогтардың өз жұмысының сапасына жауапкершілігінің артуы байқалады.

Дарындылық ғасырлар бойы әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеден өз алдына бөлек дербес қарастырылып келді. Білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі болмады. Қазіргі кезеңде дарынды балаларды ертерек анықтау мен дамытуға ерекше назар аударылуда. Зияткерлік және шығармашылық дарындылық дарындылықтың негізгі түрлері ретінде қарастырыла бастады. Дарынды балаларға оза даму тән.  Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар мәселелерін анықтау олардың құрдастары, ересектер мен ата-аналарымен байланыс жасау арқылы жүзеге асады. Бағдарламада бірқатар ғалым-педагогтардың зерттеулері келтірілген. Дарынды балалар санынан орташа даму деңгейіндегі балалар саны басым болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр. Яғни дарынды балалар саны өте аз. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалалардың дамуына көмек жасау және қолдау қажет. Бұл дарынды балалармен жұмыс бағдарламасын мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының жұмысына қолдануға болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ