Материалдар / Баяндама «Бассүйек пен ми зақымдануындағы психикалық бұзылулар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Бассүйек пен ми зақымдануындағы психикалық бұзылулар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақша баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
153
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Психология және педагогика факультеті

Дефектология кафедрасы









Баяндама

Тақырыбы:

«Бассүйек пен ми зақымдануындағы психикалық бұзылулар»









Пәні: Психопатология

Дайындаған: Қуекесова Г. Т.

Дефектология мамандығы, 2 курс студенті

Тексерген: Сатыбалдина Р.А

Психология және педагогика

факультетінің оқытушысы













2019 жыл, Қостанай

Бассүйек пен ми зақымдануындағы психикалық бұзылулар



Бассүйек-ми жабық жарақаты − бассүйек пен мидың, бастағы жұмсақ тіндердің бүтіндігі бұзылмай жəне/немесе бассүйектің апоневрозы созылмай болған зақымдануы. Ашық БМЖ – бастың жұмсақ тіні жəне бассүйектің апоневроз (шандыр) дулығасының бүтіндігі бұзылуы жатады, ол сынық аймағына сəйкес келеді. Ми жарақатының өтпелі зақымдануына бассүйектердің сынуы жəне мидың қатты қабығының зақымдануы жатады.

Бассүйек-мидың жабық жарақатының түрлері:

  • Мидың шайқалуы

  • Мидың жарақаттық ісіну

  • Мидың диффузиялық жарақаты

  • Мидың ошақталған жарақаты

  • Эпидуральдық қан құйылулар

  • Жарақаттық субдуральды қан құйылулар

  • Жарақаттық субарахноидальды қан құйылулар

  • Бассүйекішілік жарақат ұзақ коматозды жағдаймен

  • Басқа бассүйекішілік жарақаттар

  • Анықталмаған бассүйекішілік жарақат

Жіктемесі

БМЖ патофизиологиясы бойынша:

  • 1. Ілкі зақымдануға бассүйекке, ми қабатына, ми тіндеріне, ми қантамырларына, ликворлық жүйеге жарақаттаушы күштің əсер етуі жатады.

  • 2. Салдарлық зақымдану мидың тура əсер етуімен байланысты емес, бірақ мидың біріншілік зақымдануы көбінесе екінші типті ми тінінің ишемиялық өзгерістеріне байланысты. (Бассүйекішілік жəне жүйелік).

  • Бассүйек ішілік − цереброваскулярлық өзгерістер, ликворлық айналымның бұзылуы, мидың ісінуі, бассүйекішілік қысымның өзгерістері, дислокациялық синдром.

  • Жүйелік − артериялық гипотензия, гипоксия, гипер жəне гипокапния, гипо жəне гипернатриемия, көмірсу алмасуының бұзылуы, ТІШҚҰ - синдромы.

  • БМЖ науқас жағдайының ауырлығы − жарақаттанушы ақыл-есінің тежелу деңгейіне қарай, неврологиялық симптомдардың айқындылығына, басқа ағзалардың зақымдануы болуы немесе болмауына қарай бағаланады. Команы Глазго шкаласы бойынша бағалау əдісі кең тараған. Жарақаттанушының жағдайын 12-24 сағ. кейін 3 параметр бойынша науқаспен алғашқы кездесуде бағалайды: көздерін ашуы, сыртқы тітіркендірулерге реакциясы, сұраққа жауап беруі, қозғалу реакциясы.

БМЖ-да ақыл-ес ауытқуын анықтау, оның тежелу дəрежесіне дұрыс баға беру арқылы жүргізіледі жəне келесі деңгейлер бойынша баға беріледі:

    • анық;

    • аздаған есеңгіреу;

    • ауыр есеңгіреу;

    • сопор;

    • орташа кома;

    • терең кома;

    • шектен шыққан ауыр кома.

Жеңіл ЖБМЖ мидың жеңіл дəрежелі шайқалуы жəне мидың жеңіл дəрежелі соғылуы.

Орташа ЖБМЖ − мидың орташа дəрежелі соғылуы.

Ауыр ЖБМЖ − ми жаншылуының барлық түрі жəне мидың ауыр дəрежелі соғылуы.



Ми тамырлары ауруларындағы психикалық бұзылыстар гипертониялық ауру, церебральды атеросклероз)



Церебралды атересклероздың клиникалық 3 сатысы бар:

1-сатысының жиі көрінісі неврастения тәрізді синдром болып табылады. Негізгі белгісі тез шаршағыштық, әлсіздік, психикалық үрдістің қажуы, тітіркенгіштік, эмоциональді лабильділік жатады. Кейде астениямен байқалатын жеңіл депрессия болады. Психопатия тәрізді немесе иппохондриялық синдром көрініс береді.

2-сатысында(айқын психикалық бұзылыстар кезеңі) мнестико-интеллектуалды бұзылыстар күшейеді, ес нашарлайды (әсіресе осы шақ оқиғаларына), ойлау инертті бола түседі, эмоциональді лабильділік күшейе түседі, бос көңілділік байқалады. Жиі атеросклероздық психоздар болады: депрессивті, параноидты, сана күңгірттенуімен жүретін психоздар, галлюциноз. Бұдан басқа эпилептиформды ұстамалар.

Параноидты синдром жиі көріністердің бірі.Бұл науқастар преморбидті кезеңде тұйықтықпен, күдікшілдікпен немесе үрейшіл-күмәншіл мінез сипатымен ерекшеленеді. Жиі соңына түсу, қызғаныш, уландыру, кейде иппохондриялық, зиян келтіру сандырақтық идеялары айтылады.

Бұзылған сана синдромының жиі кездесетін формасы делирий, сирек-қарауытқан жағдай болып табылады

3-сатысында көрініс кейде эпилептиформды бұзылыстар болып табылады. Эпилептиформды синдром құрылымы пароксизмальды құбылыстармен сипатталады:сана жоғалуымен жүретін үлкен атипті тырысулық ұстамалар, дисфориямен жүреді.



Гипертониялық ауру кезіндегі психикалық бұзылыстар



Гипертониялық ауру кезіндегі бастапқы психопатологиялық көріністер церебральды атересклероз кезіндегі синдромдармен көрініс береді. Гипертониялық психоздардың құрылымында аффективті бұзылыстар айқынырақ көрінеді: сандырақпен, депрессиямен, галлюцинозбен үрейлі күй басым болады. Атеросклероздық психоздарға қарағанда ұзақтығы төмен.

Ми жарақатынан кейін мидың шайқалуы (сотресение), жаралану (контузия) және жаншылу (компрессия) белгілері байқалады.

Ауырлығы жағынан үш дәрежеге бөлінеді:

Жеңіл түрі – сана жоғалуы, бірнеше секундқа дейін (сана жоғалмауы да мүмкін). Есеңгіреу.

Орташа түрі – сананы жоғалту, бірнеше минутқа созылып, аз уақытқа кома болу.

Ауыр түрі – сананы бірнеше сағатқа не тәулікке жоғалту, сопор.

Психикалық бұзылулар бірден болмаса араға бірнеше күндер, айлар, жылдар салып барып пайда болуы мүмкін.

Бассүйек қатты зақымданған кезде есенгіреу, кома, сопорға қатты зақымдану психозы қосылып, қарауытқан сана бұзылуы ретінде дамуы мүмкін. Психомоторлы қозуға сандырақ пен елестеушілік қосылады. Психоз бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылып, шыққаннан соң ауру есіне ештеңе сақтамайды (амнезия).

Зақымданғаннан кейінгі психикалық бұзылулар соңынан зақымдану церебрастениясы, зақымдану энцефалопатиясы, зақымдану қояншығы және зақымданудағы ақыл кемістігі ретінде болады.

Зақымдану церебрастениясында психикалық қажу, ашуланшақтық, жүдеу және физикалық кемістік пайда болады. Ауру ұстамсыз, тез ренжігіш және араққа құмар болып алады. Осы мезетте психогенді бұзылулар оңай пайда болып, аздаған психикалық зақымдануға жауап ретінде қояншық ауруы және сананың қарауытқан бұзылуы дамиды. Ауа райы өзгерісіне тәуелді болып, көлікке отырса басы айналып, құсатын болады.

Зақымдану энцефалопатиясында ауру өз ауруын бағаламай, көңіл-күйі көтеріңкі жүреді. Бірақ әлсіз, немқұрайлы және зейінсіз болады.

Бұдан әрі ауру жазылмаса зақымдану деменциясы дамуы мүмкін. Ауруда ес бұзылып, ынтасыз, жайбарақат күйге енеді. Интеллекті төмендейді.

Емдеу: бассүйек пен ми зақымынан кейін адам 2-4 апта төсекте жатып емделуі керек. Басын салқындатып, тамырына 40% уротропин, 25% күкірт қышқылды магнезия, 40% глюкоза ерітіндісін жіберу керек. Жалпы денені нығайту үшін витаминдер, пирацетам, ноотропил, энцефабол, аминалон, цинарезин, кавинтон, церебролизиндер секілді ми қан айналымын жақсартатын дәрілер қолданылып, симптоматикалық емдер тағайындалады.

Психомоторлық қозу кезінде бұлшықетке 0,01 мг седуксен, 0,025 аминазин, тизерцин жіберу керек. Физио-психо-емдеулер жақсы көмектеседі.

Зақымданғаннан кейін еңбекке дұрыс орналастыру аурудың дұрыс жазылуына әсер етеді. 1 айдан 4 айға дейін еңбектен босатылу қағазы беріледі.

Миы қабынған бала шалқалап, иегін кеудесіне жақындата алмайды, тынысы тарылады. Аурудың кене жұқтырады. Көктемде, жазда қалың ормандарда, таулы жерлерде кене шаққанда 2-14 күннен кейін адамның дене қызуы 39-40 дейін көтеріліп, ол құсады, естен танады. Кейбір науқастардың 6-10 күннен соң қол-аяғы жансызданады. Сау адамға жұққанда, 14-90 күн өткен соң адамның басы ауырады, құсады, ұйқы басады. Дене қызуы көтеріледі, тамақ ішпейді, үш-төрт апта төсек тартып жатады. Қолы жансызданып, басы қалтырап, есі ауысуы мүмкін. Кейде бұл ауыру күзде кездесетін масаның бір түрінен жұғуы мүмкін.

Тұмау, сүзек, мерез және т.б жұқпалы аурулардың әсерінен, күшла мен сынаптан уланғанда, суық тигенде, мидың торлы қабықшасы ми ұлпаларына жабысып, бассүйектің қуысындағы қысым күшейеді. Науқастың басы ауырып, құсады, қояншығы ұстауы мүмкін. Аяқ қолы сырқырайды, сезу қабілеті төмендейді, сал болып қалады. Науқасты тек дәрігер емдей алады. Ми шайқалуы биіктен құлағаннан, соққыға ұшырағаннан адамның басына қатты соққы тигеннен болады. Адамның есінен танып, талып қалуы, басы айналып, құсуы мүмкін, құлағы мүкіс естиді және тілі күрмеледі. Миы шайқалған адам өзіне ұқыпты қарап, мезгілмен емделмесе ауруы асқынып, миына қан құйылады, бет- аузы қисайып, қол- аяғы жансызданып қалады. Науқас14-21 күн төсекте жатып емделуі тиіс.

Адамдар түрлі психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін бұл нерв жасушалары өзгеріске түсетін көрінеді. Мида әлсіз электр тоқтары жұмыс істейтіндігі ғылымға көптен мәлім. Биотоктардың мидағы жүріс- тұрыс, өрісін осциллограф дейтін аспап арқылы зерттейді. Мәселен, оны электротпен жалғастырып адамның басына кигізгенде, биотоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі. Осындай жазылымды мидың электроэнцефалограммасы дейді. Биотоктардың бірнеше ритмдері ажыратылады. Мәселен, мида секундына 9-12 жиілік шамасында өрістейтін Альфа, Толқын дем алыс, тыныш жағдайын көрсететін ритм секундына 3-5- жиілікпен өтетін Дельта- Толқын, секундына 13-20 жиілікте болатын «бета»- толқын ( күрделі ой жұмысы жағдайындағы ми қызметі) өріс алып отыратындығы анықталған.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!