Материалдар / Баяндама "Бастауыш сыныпта ойын арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Бастауыш сыныпта ойын арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім берудің және бастауыш сыныптарда басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

15 орта мектебі

Тутканбаева Гульмира Маратовна







Бастауыш сыныпта ойын арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру

Кіріспе

Танымдық іс-әрекет адам өміріндегі үрдістен қалыптасады. Бала дайын ақыл-оймен, танып-білуге дайын қабілетпен тумайды. Ол осы материалды тез қабылдайды, егер оның бұл материалға деген таным көмегінен туатын немесе қолданушылық қызығушылығынан туғанда ғана жеңіл салыстырмалы түрде тез меңгереді.

Мектепке дейінгі білім берудің және бастауыш сыныптарда басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан көрінеді.


1.Баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру


1.1 Динамикалық – білімі, баланың өзімен бірге қозғалмалы жүйені қалыптастырады, онда тез орналасады және іске қосылады, әр түрлі жағдайда вариантивті қолданылады және баланың ақыл-өрісі әрекетіне қызмет етеді.

1.2 Ақиқаттылық – баланың белсенді іс-әрекеті, оның заттар мен құбылыстармен танысуға бағытталған қиыншылықты жену, мақсатқа жету үшін ерігін күшщейту пайда болады.


1.3 Қағидалары:

1. Оқу мен ойын элементтері баланың іс-әрекетіне үйлесіп, ақырындап ойыннан – біртіндеп танымдық-ізденіс іс-әрекетіне айналады.

2. Ойынның шарттарын және тапсырмаларын қиындату.

3. Баланың шығармашылық потенциалын дамыту.

4. Тәрбиелік мен оқытушылықтың бірдей әсер етуі.

5. Баланың ішкі және сыртқы белсенділігі арасындағы ұйымдастырушылық байланыс.


1.4 Бірлестік іс-әрекеттерінде баланы ұйымдастыру:

1. Жеке – дара ойындар

2. Кіші топтармен жұмыс

3. Ойындар тапсырмалары

4. Мимикалық жаттығулар

5. Сөз шығармашылығы

6. Ойын гимнастикасы

7. Ортаның құбылмалдығы

8. Монотипия

9. Модельдеу

10. Жағдай мәселелерін шешу.




Баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру:

1. Қиял – бұл барлық шығармашылық жұмыстың негізі. Баланың жалпы дамуы үшін қиялдың маңызы зор. Ерте жастан бастап балалардың ойында шығармашылық үрдіс көріне бастайды. Ойын бала үшін тек қана алғашқы әсер емес, сонымен қатар оның комбинациясы.Қиялдың негізі өте күрделі болып табылады және сыртқы қабылдаулар, баланың тәжірибесінің негізін құрайды. Бұл әр түрлі қабылдау, тапсырмаларды шешу, құбылыстар және тағы басқалар жатады. Оған есту және көру қабілеті де жатады. Ең қиыны қабылдау. Сондықтан тәрбиелеуші баланың қиялын дамыту үшін оған көмек беруі керек.

2. Танымдық – баланы неге үйреткеніміз келеді, ол үшін қандай тәсілдер қарстырамыз.

3. Тәрбиелік – әріптестіктің түрі, балаға үйрететін басқа адамдармен қарым-қатынас жасау формасы.

Дамыту (жетілдіруші) ойынның мақсаты: нақты білім беру емес, белгілі бір психологиялық қасиеттерді дамыту.


4.Дамыту ойынның екі аспектісі бар:

«Дыбыстар жұмбағы» ойынын барлық сыныптарда ойнатуға болады. Бұл ойын сөздік қорларын дамытады, дыбыстарды дұрыс табуға, айтуға үйретеді. Мысалы, кез келген тақырыпты қайталаған кезде ойнатуға болады. Оқушылар жиі қолданылатын сөздік қордан сөздер табуы тиіс. Сөздік жұмбақты өздері құрау керек.

«Мектеп» тақырыбын қайталаған кезде: қаламда бар, өшіргіште жоқ, қарындашта бар, сызғышта жоқ. Бұл қай әріп – Қ.

«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы «қа» буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.

«Орамал тастау» қазақтың ұлттық ойыны. Бұл ойынның шарты: сыныптағы қатар бойынша балалар 2 топқа бөлінеді. 2 топ арасы он адымдай белгіленген. Екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-ші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қала» - деп дауыстайды, ол қағып алып «шық» - дейді немесе «ны», «ға», «ның» - дейді. Сонда «қалашық», «қаланы», «қалаға», «қаланың» тағы басқа сөздер шығады.

«Мұғалім қай жерде қателесті?» ойыны. Бұл ойынның шарты: мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады, ал сендер жұрнақ болмай тұрған сөздерді табасыңдар. Мысалы: жұмысшы, жазғы т.б. Мұғалім енді тақтаға бірнеше жалғау жазады, ал сендер жалғау болмай тұрған сөзді табасыңдар.

«Сақина салу» қазақтың ұлттық ойыны. Бір оқушының алдына сақина қоямыз да, «май» - деп дауыстаймыз. Сақинаны алған оқушы «мыл», «шам» - деп дауыстайды. Сонымен «маймыл», «майшам», «майда» сөздері шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек. Мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім.

«Қоржынды кім тез шешеді?» ойыны. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модульға сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут) бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады.

Ойын түрлері:

  • Дидактикалық ойыны

  • Шығармашылық ойыны

  • Сюжеттік рөлдік ойыны

  • Қимылды ойындар

  • Ұлттық ойындар

  • Педагогикалық ойындар

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

«Қайсысы көп, қайсысы аз» ,«Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?»

«Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш»

«Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап»,«4 - ші не артық?» «Есіңде сақта» «Сөз ойла»,«Сөз құра», «Жұмбақ ойла» ,«Жақсы - жаман», «Жалғастыр».

Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.

Сонымен қатар баланың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән берілуі тиіс. Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиешісінің тапсырмасы өзара ұштасады.

Мысал: Сюжеттік — рөлдік ойын: «Менің сүйікті кейіпкерім!». Баланың сүйікті кейіпкерлері болатыны, өзінің соған ұқсағысы келетіні белгілі, ол баланың сол кейіпкер рөлін атқаруы оның моральдық танымы мен түсінігіне әсер етеді де, баланың жеке ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың творчестволық талантын кеңейтеді

Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:

Ойынды тақырыпқа сәйкес алу.

Ойынның мақсаты нақты қойып, керекті көрнекіліктерді балалардың қызығушылығына сәйкес дайындау.

Ойнар алдында балаларға жүргізілу барысын әбден түсіндіру.

Ойынға балалардың барлығын қатыстыру.

Ойын барысында балардың қатысуын қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем беру.

Ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.



Қолданылған әдебиеттер:

1) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл

2) Журнал «Балабақша» 2009 жыл

3) Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл

4. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. М., 1992.

5. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.

6. Дүйсенбай Е. Санамақ. – А., «Ана тілі», 1996.

7. Мәжитқызы Р. Қызықты математика. – А., 1996.

8. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.

9. Нұрсейітова С. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттері. Бастауыш мектеп. - 2003. №10. - 4 б.

10. Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар. – А., «Рауан»,1993.














































6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!