Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану-өмір талабы
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» –деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтып өткендей қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім берудегі ақпараттандыру,халықаралық коммуникациялық желілерге шығу,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға,дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.Осы мақсатта жүзеге асырылып келе жатқан еліміздегі білім жүйесіндегі өзгерістер қарқынды дамып,оқытудың әртүрлі технологиялары сараланып,жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енгізілуде.
Технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті,оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы деп түсінсек,педагогикалық технология- педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары,әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті деп түсінік беріледі.
Педагогикалық жаңа технология оқыту барысында жүзеге асырылатын педагогикалық жаңартылған жүйе. Жаңа технология түрлерін сабақ үдерісіне пайдалану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып,шығармашылық ,интеллектік қабілетінің дамуына ,өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Бүгінге дейін,әлі де қолданыста жүрген бірқатар технология түрлеріне тоқталайық:
1. Ойын технологиясы.
2. Проблемалы оқыту технологиясы.
3. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
4. Жекелеп оқыту технологиясы.
5. Топтық технология.
6. Кезеңдеп оқыту технологиясы
7. Жеке пәндік педагогикалық технология.
8. Өзіндік дамыту технологиясы
9. Дамыта оқыту технологиялары.
10. Модульдік оқыту технологиясы.
11.Тірек сызбалар арқылы оқыту технологиясы
12.Жаңа педагогикалық технология (Сындарлы оқыту теориясына негізделген оқыту)
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдер енгізілуде. Сындарлы / Конструктивный / Сonstructive - салиқалы, сабырлы, парасатты.
Сындарлы оқу / Обучение конструктивистское / Constructivist learning -
талдау, эксперимент, жетекшілік ету арқылы жүргізілетін зерттеу, тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты белсенді зерттеу әдістерін пайдалану кезінде түсініктер мен
дағдыларды қалыптастыру арқылы оқу. Сындарлы оқу дағдылардың ықпалдасып,мәселені/проблеманы терең түсінуге көмектеседі.
Сындарлы оқыту- Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.
ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. ХХІ ғасырдағы оқушыны сапалы біліммен қамтамасыз етумен қатар мұғалімге оқушының функционалдық сауаттылығы мен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамыту маңызды болып отыр.
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Мұғалім оқушылардың бойына мұндай дағдыларды қалыптастыру үшін,ең алдымен өзі жан-жақты жаңа педагогикалық технология әдістерімен қарулануы тиіс.Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына
игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Нәтижесінде тұтас педагогикалық
үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа
технологиялары дүниеге келді. Кез-келген оқыту технологиясы
мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік білімді, үлкен шеберлікті талап етеді. Сындарлы оқыту
теориясы яғни,бұл заманауи оқыту әдістемесінің
негізі жеті
модульді қамтиды:
1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау,
4) АКТ-ны қолдану,
5) Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс,
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және
оқыту,
7) Оқытудағы басқару және
көшбасшылық
(слайдпен түсіндіру)
1.Оқыту мен оқудағы тәсілдер:
«Қалай оқу керектігін үйрену» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеялар мен әдіс-тәсілдерді оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болады. Оқыту мен оқудағы негізгі тәсілдер диалогтік оқыту және топтық жұмыс.
Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу, проблемаларды шешу және топ ішінде шығарманы,тапсырманы жан-жақты талдауға,уақытты үнемдеуге көмектеседі.Топтық жұмыс үш деңгейдегі және оқу,қабылдау стилдері әртүрлі оқушылар(аудиалдар,визуалдар,кинестетиктер) үшін қолайлы.ЖАДА-ны қалыптастыруға,бір-біріне сын көзбен қарап,өзін бағалауға,кемшіліктерін көріп,саралауға септігін тигізеді.
Топтық жұмыстың тиімділігі:
• Оқушылар өзара достық қатынаста болады;
• Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді
• Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;
• Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;
• Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.
• Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.
Диалогтік оқытудың тиімділігі:
Диалогті оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруға болады.Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта
отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға
жетекші сұрақтар қойып,білімін шыңдауға,оқушының сұрақты дұрыс
қоюына және топ ішінде бір-бірінің ойларына толықтырулар
енгізулеріне мүмкіндік болады.Әңгімелесудің үш түрі бар,олар:
-Әңгіме-дебат барысында;
-Топтық әңгіме барысында;
-Зерттеушілік әңгіме барысында байқалады.Әңгімелесу барысында оқушы
мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас
орнайды.
2. Сыни тұрғыдан ойлау
Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:
-
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту;
-
мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімнің өзінің оқыту және оқу тәжірибесіндегі проблемаларды анықтап, мойындауға, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, тәжірибеде болып жатқан өзгерістер жайлы орынды дәлелдемелерді жинап, жіктеуге және сенімді қорытындылар жасауға негізделеді.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалаудың түрлері:
1)Оқуды бағалау
-
Жиынтық(Суммативтік ) бағалау– тарау бойынша немесе тоқсандық қорытынды бағалар
2) Оқыту үшін бағалау
-
Қалыптастырушы(Формативтік) бағалау – баланы оқыту үшін ынталандыру,мадақтау (ауызша,жазбаша,смайликтер арқылы т.б.)
4. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір мұғалім үшін жеке тұлға үшін қажетті өте маңызды болып табылады. Қоғамдағы ақпарттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты дамыған,сауатты, жаңа технологияны меңгерген тұлға қалыптастыруды талап етеді. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
-
Интерактивті тақта;
-
Компьютер;
-
Мультимедия;
-
Интернет кеңістігі;
-
Электронды оқулық;
Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру әрбір оқытушының оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. ХХІ ғасырда АКТ-ны пайдалана алмаған адам заман ағымынан кеш қалған болып саналады.Әсіресе мұғалімдер үшін АКТ-ды қолдану өте маңызды.Кез-келген мұғалім бұл құралдармен жұмыс жасауды игеруі тиіс.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі емес. Талантты және дарынды оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмаларды дайындау, оқушыларды шыңдау,дарындылықты дамыту мұғалімге жүктеледі.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту
Бұл модуль оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әдістер,тапсырмалар,
материалдар,ресурстарды дайындау.
Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Шағын топтарда жұмыс жасату арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығына қолдау көрсету. Мұғалімдер идеялар аясында өз тәжірибелері туралы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады.
Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.
Қорыта келгенде, бүгінгі күні инновациялық оқыту — сапалы білім берудің кепілі екеніне көз жеткіздік.
Сондықтан жай ғана кәсіби
міндеттерді жауапкершілік-пен орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді
талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге еркеше көңіл бөлуіміз
қажет.
“Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын,
мені қызықтыр, мен сонда түсінемін»демекші дәстүрлі сабақтарды
түрлендіріп,заман ағымына ілесу ұстаздар қауымына сын.Сыннан
сүрінбей өту үшін мұғалім құзыреттілігін үнемі жетілдіріп отыру
керек.
Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған
шешімін және іс-әрекет негіздерімен байланысты

Құзырлы мұғалімге тән белгілер

Баяндама тақырыбы:
«Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану-өмір талабы»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану"

шағым қалдыра аласыз