Материалдар / Баяндама: Дефектология - педагогикалық ғылым саласы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Дефектология - педагогикалық ғылым саласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектология (лат. Defectus - кемістік, грек. logos - сөз, ілім педагогикалық ғылымдарға жатады. Кемістігі бар балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің және оқытудың ерекшеліктерін зерттейді. Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді, олар есіту қабілетінің кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданатын - сурдопедагогика; көру кемістіп бар балаларды окыту және тәрбиелеу - тифлопедагогика; ақыл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу - олигофренопедагогика; тіл мүкісін зерттеу және түзету мәселесімен айналысатын - логопедия. Дефектологияның құрамына кемістіп бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арңайы психология да кіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2022
920
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дефектология - педагогикалық ғылым саласы


Дефектология (лат. Defectus - кемістік, грек. logos - сөз, ілім педагогикалық ғылымдарға жатады. Кемістігі бар балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің және оқытудың ерекшеліктерін зерттейді.

Ғылым таным саласы – ретінде дефектология денесінде және психикасында кемістігі бар балаларды және оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.

Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді, олар есіту      қабілетінің кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеу мәселелерімен  шұғылданатын - сурдопедагогика; көру кемістіп бар балаларды окыту және тәрбиелеу - тифлопедагогика; ақыл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу - олигофренопедагогика; тіл мүкісін зерттеу және түзету   мәселесімен айналысатын - логопедия. Дефектологияның құрамына кемістіп бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арңайы психология да кіреді.

Дефектология ғылыми зерттеудін түрлі әдістерін пайдалана отырып,    кемістігі бар балалардын өсу заңдылықтарын зерттеп оларды тәрбиелеу және оқыту жүйесін негіздейді және жетілдіреді.

Даму кемістігі, яғни баланьың қалыпты өсуін тежейтін дене немесе  психикалық кемістігі тек кері әсермен шектеліп қалмайды. Ондай       кемістігі бар баланың тәрбиелеуін қоршаған ортаға бейімделуіне   байланысты бір ерекшеліктерінің дамуын теріске шығармайды. Көрмейтін      баланың кеңістікті бағдарлауға көмектесін есту, иіс сезіну, дене түйсігі мен жылу сезіну қабілеттері шарықталады. Естімейтін бала қозғалысты, музыканы тербеліс сезімдерін  шегіне жеткізе жетілдіре  отырып  қабылдай алады.

Кемістікпен дамуды таза мөлшерлік шектеуге әкеліп тіреуге болмайды. Бұндай даму сақталып қалған мүмкіншіліктерге сүленстін сапалық ерекшеліктерімен машықтанады. Арнайы оқыту мен тарбиелеу жағдайында кемістігі бар балалардың биологиялық нетіенеушілік кедергілері тегістеліп, атап өтіледі. Дефектологияның методологиялық концепциясы осыған несізделген. Бұл концепция кемістікті дамтуға сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Кемістікпен дамудың сапалық ерекшеліктерін танудыңь принциптері мен әдістері дефектологияның зерттеу пәні болып табылады.

 

Дефектологияның негізгі принциптері

 

Педагогикалық ғылым ретінде дефектология педагогиканың негізгі категорияларымен қаруланған.

Кемістігі бар балаларды тәрбиелеу – дефектологияның негізгі түсініктерінің бірі.   

Кемістігі бар баланы тәрбиелеудің мақсаты мен мүдделері педагогиканың негізгі принциптерімен айқындалады: белсенді, қиғамдық пайдалы өмірге дайындау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру. Бұл мақсаттар кемістіктің құрылымы және дәрежесіне сәйкес әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылады. Комістіктің сипатына қарай оның салдарын түзеуге арнайы шарттар жасалынады.

Баланы тәрбиелеу жұмысы оның жеке басының және жас мөлшерінің ерекшеліктеріне қарай, дербестігін, өзіне-өзі қызмет ету машықтарын, мінез-құлқын, көпшілікпен өмір сүріп, еңбек ете білу қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.    

Кемістігі бар балаларды оқыту және дамыту - бұл берудің, шеберлік, дағды, әрекет машықтарын үйретудің мақсатты процесі, өмірге еңбекке дайындаудың негізгі құралы.

Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеудің мақсаты жүзеге асырылады. Дефектология кемістігі бар балаларға білім беру және оқытудың арнайы әдістемелік мәселелерімен айналысады.

Оқу процесінің мақсаты, мазмұны принциптері ұйымдастырылуы кемістіктің сипаты мен ауырлығына қарай әрбір арнайы оқу орнының нақты   типіне сәйкестендіріліп жасалады. Осыған байланысты оқыту әдістері,   көрнекі және техникалық жабдықтар таңдалып алынады, іріктеп оқытудың    мәселелері шешіледі. Бұл мәселе дефектологияда ең негізгі болып табылады, Т.А.Власованың ұғымынша, айтылған ғылымның барлық бөліктерінің мақсаты – кемістігі бар балапың даму ерекшеліктерін ескере оқытып тәрбмелейтін және оның ауытқушылықтарын жеңін шығуға дәрменінше мүмкіндік жасайтын жайттарды анықтау.

Оқыту және тәрбиелеу, дамудың оңтайлы ауқымын ескере отырып,   дамыту сипатында болуы керек. Дамудың оңтайлы ауқымы – кемістігі бар  баланың өздігінен пайдалана алмайтын ұстаздың көмегімен жүзеге асыра   алатын мүмкіндіктері мен қалыптасып келе жатқан әрекеттері.   Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша дамудың оңтайлы ауқымы, кемістігі бар баланың кек қазіргі мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар оның келешектегі психикалық дамуын да қамтиды. Оқыту дамудың оңтайлы ауқымынан нақты даму сатысына өтуге септігін тигізуі керек, яғни біртіндеп мұғалімнің жетекшілігінсіз бала өздігінен әрекетке көшуі керек. Бұл оқыту мен   дамудың арасындағы ішкі байланысты құрайды. Қалыптасып келе жатқан психикалық қызметтерге сүйене отырып, дұрыс ұйымдастырылған оқыту дамуға әкеліп тіреледі.

Коррекция (лат. Carrectio - түзету) балалардың психикалық дене кемістіктерін түзетуге немесе азайтуға бағытталған педагогикалық   шаралардын жүйесі. Коррекция түсінігіне жеке қеместіктерді түзету мен  қатар (мысалы, қөру және тіл мүкісін жөндеу) кемістігі бар баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту барысында қажетті нәтижеге жету мақсатындағы түнкілікті әсер ету де енеді. Баланың танымдық әрекетіндегі және денесіндегі даму кемшіліктерін жою мен түзету «коррекциялық тәрбиелеу жұмысы» ұғымына белгіленеді.

Балаларға жалпы білім беру және еңбек машықтарын қалыптастыру барысында негізгі және қосымша сабақтардың барлық формасы мен түрлері коррекциялық-тәрбиелік мақсатқа бағындырылған.

Компенсация (лат. Comensatio – қалпына келтіру, теңестіру) – организмнің дамымай қалған немесе бұзылған қызметтерін ауыстыру немесе қайта құру. Бұл туа біткен немесе кейіннен пайда болған кемістіктерге организмнің бейімделгіштігіне байланысты құрделі де алуан процесс.

Қөрмейтін болып туылған баланың көру талдауыштарының қызметін қалпына келтіру, көбінесе, түсінушілікті арттыру арқылы, яғни терінің сезіну жүйесі мен кинестатикалық талдауыштарды дамыту арқылы жүзеге асыруға болады.

Компенсация (қалпына келтіру) процесі жоғарғы нерв жүйесі қызметінің едәуір қосымша мүмкіншіліктеріне сүйенеді. Бұл процесс организмнің қайсыбір қызметін жоғалтып алған жануарларға да тән. Бұл организмнің биологиялық бейімделгіштігінің белгісі.

Баланың жан-жақты дамуы компенсация процесінің шарықтау шыңы. Алайда кемістіктің кейбір формалары үшін компенсацияның (калпына келудің) шеңбері шектеулі. Ақыл дамуының терең кемістектері кезінде кемшіліктерді ішінара ғана түзетуге болады, әйткені ақыл-естің терең формадағы кемшіліктері жоғарғы техникалық процестердің дамуына келтіреді. Бірақ бұндай жағдайды ақыл-есі кем балалардың дамуы түпкілікті шектеліп қалады деп түсінбеу керек.

Кемістігі бар балалардағы қалпына келу прөцестерінің өтуі әр түрлі жағдайларға байланысты. Келесі жағдайлар олардың дамуы үшін қолайлы болып табылады:

а) арнайы мекемелер тарабын құруды қарастыратын оқыту мен тәрбиелеу жүйесін дұрыс ұйымдастыру, оқу процесін коррекциялық-тәрбиелеу жұмысының арнайы әдістер пайдаланатындай етіп құру;

б) оқу мен еңбекті балалардың дене және ақыл қабілеттері қалыптастыруда негізгі құрал ретінде біріктіре пайдалану принципті.

в) балалар  ұжымыңда, сондай-ақ ұстаздар мен оқушылар арасындағы дұрыс қарым-қатынастар;

г) оқу жұмысы мен балалардың демалыс кестесін артық салма түспейтіндей етіп дұрыс ұйымдастыру;

д) олардың белсенділігін, еркіндігін көтеретін оқытудын әр түрлі әдістерін алмастырып отыру;

е) балалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін арнайы жабдықтар мен оқу құралдар жүйесін, түрлі техникалык құралдарды кеңінен пайдалану;

Кемістігі бар балалардың әр түрлі топтарының ерекшеліктері ескере,   сонымен қатар әр баланың ерекшеліктеріне тірек қоқұрастырылған коррекциялық-тәрбиелік жұмыс қалпына келтірудін түзетудін және    функциялардың қызметін орнына келтіруді маңызды шарты болып табылады.

Әлеуметтік адаптация (лат. adaptation - бейімдеймін) кемістігі бар балалардың жекелей және топтық әрекеттері қоғамдық нормалар мен түсініктер жүйесінің деңгейіне жетелеу. Кемістігі бар балаларда әлеуметтік   ортамен қрым-қатынасты дамудың кемшіліктеріне байланысты қиынға түседі. Өзгерістерге күрделеніп келе жатқан топтарға бейімділігі шектелге. Қалыптасқан ортада олардың өз алдына қойған мақсаттарына жет үшін олар ерекше қиналушылык сезінеді, сондықтан олар өзгеш жол іздеп, әрекеттерінде өрескелдікке жол беруі мүмкін.

Кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатына олардың қоғаммең, коллективпен қалыпты қарым-қатынасқа әлеуметтік (соның ішінде құқықтық та) нормалар мен қағидаларды саналы түрде орындай білуге үйрету кіреді. Әлеуметтік бейімделу кемістігі бар балаларға қоғамдық    пайдалы өмірге белсене өрналасуына мүмкіндік береді. Арнайы мектептің оқушылары біздің қоғамдағы нормаларды игере алатындығын көрсетіп отыр.

Әлеуметтік реабилитация (лат. rehabilitos - қабілетін, жарымды-лығын қалпына келтіру) медициналық - педагогикалық манынада - кемістігі бар баланы, оның дене және психикалық мүмкіншіліктерінің деңгейінде әлеуметтік ортаға, қоғамдық өмірге және еңбекке баулу. Бұл дефектологияның теориясы мен тәжірибесінің негізгі мақсаты.

Реабилитация даму кемшіліктерін жою немесе жұмсарту үшін медициналық шаралармен қоса арнайы оқыту, тәрбиелеу және мамандыққа даярлау арқылы жүргізіледі. Реабилитация кезінде нурудың зардабынан бұзылған функция қызметтері ішінара қалпына кереді.

Реабилитация мақсаттарын орындау, оқу процесі кемістігі бар балалардың ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылған арнайы оқу орындары жүйесінде жүзеге асарылады.

Отбасылық тәрбие - реабилитация жасаудың белсенді факторы. Мектеп пен отбасылық бірлескеи әрекеті, кемістігі бар балаланың еңбекке деген мүмкіндіктерін анықтап, қолынан келер мамандық таңдап, пайдалы қоғамдық өмірге белсенді араласуына септігін тигізеді.        

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!