Дидактикалық ойынның маңызы, оны сабақтарда қолдану әдістері.
Тәрбие - бала дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі өзн тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын мінез - құлқын қалыптастыру туралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Дидактикалық ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, ынтасын қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнектіліктерге жете көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Балалар алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, суреттер дайындау, деворативтік заттар тағайындау арқылы алдын-ала жұмыс жүргізу керек.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар "Лото", "Домино" және тағы басқа.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы ойын баланы ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптікті қажет етеді. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, іздемпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады,белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Дидактикалық ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы. Сондықтан өзім сабақта дидактикалық ойындарды пайдаланам. Бұл ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап аламын. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп, оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру керек. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады. Бұл ойындарды сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы.
Мысалы, математика сабағында "Доп қағу" дидактикалық ойынды өткіздім. Онда тәрбиеші "4" санын қалай шығарып алуға болады деп бір балаға допты лақтырады. Бала допты ала салып 2+2, 3+1 деп тәрбиешіге кейін қайтарады. Осылай бірнеше санды сұрауға болады. \
"Дыбысты санау" ойыны. 2-5-ке дейінгі сандардың бірлік құрамын білуге, балалардың байқау, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған.
Тәрбиеші барабанмен 2-рет, сырнаймен 1-рет, сыбызғымен 2-рет үн шығарады. Балалар барлығы 5-дыбыс берілгенін айтады, әр аспаптан неше рет дыбыс берілгенін айтады. Ол үшін тәрбиеші ойын алдында осы аспаптардың атын атап, дыбыстарымен танысады.
Мысалы, "Көзжұмбақ" ойыны. Бұл ойын балалардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға үйретеді. Мысалы, мен бір сан ойлап оған 5-ті қостым. 8-саны шықты. Мен қандай санды ойладым? Ойлаған санды тауып, саусақтарыңмен көрсетіңдер. "Не өзгерді?" ойыны (үлкен, кіші) ұғымдарына сәйкес. Онда алма, шие, жапырақтың тағы басқалардың суреттері алынады. Балалар тақтаға ілінген заттарға қарап көздерін жұмады. Тәрбиеші сол заттардың ішінен біреуін алады да, көздеріңді ашыңдар не өзгерді дейді. Балалар үлкен қызыл алма жоқ дейді.
Бұл ойындар үлкен-кші, көп-аз сияқты ұғымдарды қалыптастырады, көргенін есте сақтауға көмектеседі. Мысалы, сауат ашу сабағында дидактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда ұстап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді. Дыбыстарды ажыратып, тілін дамытуда "Бәрін білгім келеді?", "Ұйқасын тап", "Кім не істейді?", "Неге олай дыбыстайды?" тағы басқа дидактикалық ойындарды пайдалану тиімді. Қазір "Балбөбек" бағдарламасына байланысты кешенді сабақтар, бірнеше сабақты қосып байланыстыртып өткізу әдіс-тәсілдерін қолданамыз. Мысалы, сауат ашу сабағында мындай сөзде неше дыбыс, неше әріп, неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз дыбыс, неше буын, мына сөйлемде неше сөз бар екенін балалар санайды. Текшемен белгілейді, немесе суретін салады, т.б. сабақты ойын түрінде өткізуіміз керек. Мысалы, математика сабағында "санамақ" ойынының сөзін балалар білу керек.
Дидактикалық ойын ең кіші топтан басталады. Ол топта жоғарғы топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы, ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыру, қане сен көк кубиктерді әкелші, ана үстелге апарып қойшы, бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Перамиданы, сақиналардың түсі, көлемі бойынша тез жинау, қуыршақты киіндіру, киімінің түсін ажырату, қалай киініп, қалай шешінуді үйретуге болады. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, сырты әдемі толтырылған қораптарда, қалталарда тұру керек, құралдардың ұзақ уақыт сақталуы үшін. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданып отырсақ, сонда ғана мақсатқа жетіп отырамыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама: Дидактикалық ойынның маңызы, оны сабақтарда қолдану әдістері.

шағым қалдыра аласыз