Материалдар / БАЯНДАМА Информатика сабағында оқушылардың білімін бақылау, бағалау тәсілдері

БАЯНДАМА Информатика сабағында оқушылардың білімін бақылау, бағалау тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі- олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты - оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
698
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«А.С.Пушкин атындағы орта мектебі» КММ













БАЯНДАМА

Информатика сабағында оқушылардың білімін бақылау, бағалау тәсілдері







Дайындаған: информатика пәні мұғалімі

Дюсенбаева А.М.







Ақ-ой ауылы 2021



Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.

Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. 

Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін:

- оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыру қажет;

- өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырып отыру қажет;

- оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек;

- сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.

Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі- олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты - оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.
Пәнаралақ байланыстар мектептегі оқылатын негізгі пәндерді оқушылардың жан-жақты және терең меңгеруіне көмектеседі. Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданылап жүр. Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсаты біреу, ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. Оқушы белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын сабақтардың бірі- кіріктірілген сабақтар. Егер кіріктірілген сабақтарды рөлдік ойындар ретінде өткізсе, оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, өз бетінше ізденуге, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыланады. Ондай сабақтарда оқушылар материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу арқылы белсенділік көрсетеді.Білімді меңгеру белгілі әрекет үстінде жүзеге асады.

Білім, білік, дағдыны меңгерудегі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеттерінің негізгі кезеңдерін сызба түрінде төмендегідей көрсетсе болады:

қабылдау (тапсырма, мәселе қою, өзектігі, ынталандыру) - түсіну (ұғыну логикалық, сезінушілік) - меңгеру (білім, білік, дағды) – бекіту (қайталау есте сақтау) – қолдану (теориялық, тәжірибелік, сөз арқылы) – қорыту (дәлелдер, теориялық ұғымдар, тәжірибелік әрекеттер, шығармашылық әрекеттер) – диагностикалау. 
Оқыту үрдісі қызығушылық оятудан басталуы керек. Осы кезеңде балалардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы түсініктері, ұғымдары қалыптаса бастайды.
Мұғалім оқушыға сұрақтар қою, әңгімелесу арқылы өтілетін тақырып бойынша бала не біледі, қаншалықты осы білімді іске асыратындығын анықтайды. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында мынадай мақсаттарды көздейді:

- баланың қазіргі білімі мен білімді қабылдауға қаншалықта жеткілікті екенін анықтау;

- олардың білгенін еске түсіру үшін қандай тәжірибелік материал, жаттығулар ұсыну;

- жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін балалардың сезімін ояту.

Ақпараттық технологиялаларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір-бірінен алыс ара қашықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
 

Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдай мүмкіндігін береді. 
Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жек игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс.

- пәндік- информатиканы ғылым ретінде, ал компьютерді құрылғы ретінде тікелей оқып үйрену

- құрал-жабдықтық жазуды, сурет салуды, есептеуді, ақпараттың жинақталуы мен ұйымдастырылуы сияқты іс-әрекеттерді компьютерді пайдалана отырып іске асыру;

- еңбектік-есептеуіш құралдар мен ақпараттық технологияларды еңбек дағдыларымен кәсіптік бағыттауды қалыптастыруға пайдалану.

- демалыстық- оқу процесінің сыртындағы жекелеген қызығушылықтарды жүзеге асыруда компьютердің барлық мүмкіндіктерін пайдалану;

- дефектологиялық-даму кемістіктері бар балаларды оқытуда компьютерді пайдалану;

- оқытушылық ЭЕМ-ді педагогикалық және әдістемелікіс-әрекеттің әртүрінде пайдалану;

- ұйымдастырушылық-білім беру жүйесін басқару мақсатында пайдалану;

- оқыту- компьютерді нақты бір оқу пәнін оқыту құралы ретінде пайдалану.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге , электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға. Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек.»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.


Бүгінгі танда білім беруді ақпараттандыру  формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық кұралдар мүмкіндігін комплексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу кұралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтар­ды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

Информатика сабағында көп функционалды электрондық оқулықтар:

-окушылардың өз бетінше білім алу қызметінұйымдастыруга;

-әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;

~оқу процесінде мультимедиа технологияларын, гипермәтіндік және гипермедиа жүйелерін пайдалануға;

-оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік деңгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;

-оқытуды басқаруга, оку қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруга интеллектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар беруге;

-оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

- қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді.

Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне "дыбыс беру", олармен диалог "жүргізу" қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады.

Информатика сабағында электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңіддетеді. Окытудың әр сатысында компьютерлік тестер аркылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалык, бейне және дыбыс бөлімдерінің программасы бойынша алатын жаңалыктарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондыктан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электронды оқыту- компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану оқушылардың оқу деңгейін көтеріп пәнге деген қызығушылықтарын арттырып отырды. Мұнан шығатын қорытынды: бұл әдісті тек қана информатика пәнінде емес, кез келген пәнде еркін пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр.

Қазіргі заманның талабы сол. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашалықпен жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын жүйелі меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.



Қолданылған әдебиеттер


  1. «Информатика негіздері» журналы, 2011 жыл, №11, 5-6 бет

  2. «Информатика негіздері» журналы, 2012 жыл, №1, 7-8 бет

  3. «Информатика негіздері» журналы, 2012 жыл, №3, 9-10 бет

  4. Интернет желісі, pdf-spot.com/ebook/инфо/.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ