жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің байланысы"
Қ.М. Дурумбаева
№167 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жеке тұлға тәрбиелеудегі отбасы мен
мектептің байланысы
Жеке тұлғаны қалыптастыру оның дамуының нәтижесі,белгілі-бір тұтастыққа, қалыпты қасиеттергежәне сапарларға ие болатындығын білдіреді. Бұл сапалық қасиеттердің жасөспірімдердің бойында тиянақты қалыптасуы отбасы мен мектептің біріккен ынтымақтастығын қажет етеді. Жасөспірімдердің ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орын алатын рухани байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет пен қарым-қатынас тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан. Қарым-қатынастың, іс-әрекеттің байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады. Мектепте, отбасында бұл қарым-қатынастар тәрбиенің басты, пәрменді және жетекші құралына айналуы қажет. Сонда ғана отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі ынтымақтастық ықпалы, әсері және бірлестігі біліне бастайды.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарға,барлық жұртшылықты қалыптастырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Отбасы мектеп байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы.Мұнда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек,демалыс, оқушылырдың бос уақыты, оқу-тәрбие жұмысы талқыланады және тәрбие жұмысын жақсартудың нақты шаралары белгіленіп, бірігіп атқарылатын іс-әрекеттер айқындалады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жеке байланыс формаларының бірі-мұғалімдердің оқушылардың үйіне барып, жағдайымен жеке танысуы,күнделікті өмірімен тұрмысымен жақын танысу, оқу-тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға әке-шешелерімен әңгіме өткізу, пікір алмасуы.
Мектеп пен отбасы бірлестігінің және ынтымақтастығының тағы бір формасы –педагогикалық нәсихат,яғни ата-аналарға педагогикалық білім беріп, тәрбиенің қиын мәселелері төңірегінде олардың сауатын ашу, тәрбие салаларының жаңа технологияларымен хабардар ету.
Ата-аналар және халық бұқара арасында психологиялық және педегогикалық білімді насихаттаудың қазіргі таңдағы орны өте ерекше.Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде үлкен ықпал етеді.Сондықтан да ынтымақтастықтың бұл формасы бірлескен тәрбиені жүргізуде жетекші орын алады.Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектеседі, балалардың демалысын,қиын отбасыларды шефке алуды,балалар тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналар жиналыстарын,олардың конференцияларын,пікірталастарда, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің,отбасының бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заман талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге, халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау. Бұл жерде де мектеп пен отбасының біріккен ықпалы, ынтымақты түрдегі тәрбиелік жұмыстары алдыңғы қатарда болуға тиісті.
Жастардың өнегелі тәрбиелерінің басты белгісі – үй және тұрмыстық шаруашылығын басқару тәсілдерін, жеке адамның ізгі қасиеттерін білу. Олар өмірден күнделікті жұмыстағы тәжірибеден әдептілік ұғымдарды үйренеді. Ата-ана мектеппен ақылдасып, кездесіп осы қасиеттердің берік қалыптасуына жағдай жасауы орынды.
Міне, осындай бірлескен ынтымақтастық негізінде жасөспірімдердің бойында қазіргі заман талабына сай ізгілік, адамгершілік қасиеттерін орнықты және берік қалыптастыруға болады.
Бастауыш сыныпта тұлғаға бағытталған мұғалімнің қызметі
«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз.Ш.Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан басым болатын адал еңбек,мінсіз ақыл,таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»-деп есептейді.Ұрпақ тәрбиесі –бұл болашақ тірегі ,мемлекеттік маңызды іс.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында : «Еліміздің ертеңі мен бүгіні –жас ұрпақтың қолында ,ал жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздардың қолында »-деген.
Тәрбиенің сан-салалы ,күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы –бастауыш мектеп .
Бастауыш саты- білім ,дағды,іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды ,қайталанбайтын кезеңі.Сондықтан бастауыш мектеп –оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті-жеке тұлғаны дамытып,оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету,білімге деген сенімін нығайту ,іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру,оқуға деген қызығушылығын оятып,ынтасын арттыру болып табылады.Ендеше осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға-Ұстаз.
Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.Халқымыз әрқашан ұстаз еңбегін аса жоғары қастерлеп ,бағалаған.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»- деп айтқан ұлы Абай.
Әрбір бала –бір тұлға ,оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті.
Мұғалім –мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып ,жетекші болады.Білімі терең,әдістемелік шеберлігі мол,мақсаты айқын ,үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр.Осы жүйені оңтайландырудағы басым бағыттардың бірі –жеке тұлғаға бағыттап оқыту.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз-педагогикалық іс әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты,яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар ,түсініктер ,іс-әрекеттер жиынтығы.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту процесі әр педагогтің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым –қатынасы берік сенімге негізделгенде ғана нәтижесін байқатуы мүмкін.Әр педагог баланың ойынан шығып, қажеттігін қанағаттандыра білуі тиіс.Тұлғаға бағытталған білім беру мұғалімдерден кәсіби құзырлықты дамытуды талап етеді.
Білім беру құзіреттілігі –білім беру қызметінде кәсіби білімді ,білікпен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және педагогикалық ,әлеуметтік психологияныңнегіздерін қолдана білу қабілеті.
Мұғалімдікке кездейсоқ адамдар келмеуі тиіс.Мұғалім -оқушыға қай жағынан болмасын өзін-өзі ұстауы,сөйлеуі,жүріс-тұрысы,киім –киісі жағынан болсын үлгі.
Педагогтің кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады:
Кәсіби қасиеті:
-Ұйымдастыру қабілеті
-білімнің тереңдігі
-ғылыми білімі
-дарындылығы
-шығармашылығы
-интеллектуалдық қасиеттері
Моральдық-этикалық қасиеті
-қарапайымдылығы
-мейірімділігі
-ақиқатқа құштарлығы
-адамгершілігі
Психологиялық даярлығы
-сыртқы келбеті
-сөйлеу мәдениеті
-киім киісі
-әдептілігі
Бүгінгі мұғалімге қойылатын талап-ол тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін алдына қойған мақсатына жетуіне ,яғни оның алдағы өмірінде табысқа жеткізетін қасиеттерді бойында қалыптастыру.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.Әр күні өзгерістерге толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшіне қалып қоймай уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеуұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді.Ол мұғалімнен ізденуді ,өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.
Мұғалім сабақта әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып ,балардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып,ойларын ұштауға,өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет.
Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес ,балаға серік,дос,сырлас ,кеңесші қызметін де атқаруы тиіс.Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі ,қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып,таным қабілеті ашылады.
Мұғалім мен оқушының жетістіктері туралы айтып кету
Ұстаздық -ұлы құрмет.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді.Өмірге ұрпақ бергенаналарды қандай ардақтасақ ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз-деп Б.Момышұлының сөзімен аяқтаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген