Материалдар / Баяндама: "Желтоқсан оқиғасы".
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Желтоқсан оқиғасы".

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2020
1669
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Желтоқсан оқиғасы

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:


... Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп,


1986 жылғы желтоқсан оқиғасының


тарихи маңызын толық дәрежеде


бағалап үлгерген жоқпыз.


(“Ғасырлар тоғысында” кітабынан)


Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады.

Желтоқсан айының 15-16күндері халқымыз екі ұлы тарихи күнді атап өтуге дайындалуда, олар: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының 19 жылдығы және Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісінің (1986 ж.) 20 жылдығы. Алғашқы тарихи күнді біз, әдетте, өз деңгейінде атап өтеміз, ал ХХ ғасырдағы халқымыздың тарихындағы аса көрнекті осы екінші күнге деген көзқарас, кеңестік жүйе жағдайында. Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың жұмылған ерік-жігерін алғаш рет нақ осы көтеріліс білдіргеніне қарамастан, негізінен бұрынғысынша, яғни кеңестік замандағы күйінде қалып отыр. Желтоқсандықтар уақыт талабына лайықты үн қата білді. Осы уақытқа дейін біз оның қасіретін ғана сөз етіп келдік, ендігі жерде оның шынайы мәні, яғни осы оқиғадағы отансүйгіштік пен қаћармандық туралы айтатын кез келді. Халқымыздың, соның ішінде оның орыс тілді бөлігінің тұтас бір тарихи кезең деуге болатын осы 19 жыл ішінде өсіп-жетілген сана-сезімі Желтоқсан оқиғасына демократиялық және халықаралық стандарттар бойынша саяси әрі құқықтық тұрғыдан жаңаша объективті баға беруді барынша қажет етіп отыр. Бұрынғы ойдан шығарылған айыптаулардың, бір жақты әрі жалған баға берудің сол кездің өзінде жеткілікті негізі болмап еді, ал қазіргі таңда уақыттың өзі оларды толықтай теріске шығарды. Біздің көп ұлтты халқымыз даналық танытып, сан түрлі арандатуларға ермеді. Бүгінгі күні оған көптеген дәлелдер бар.

Бұл оқиғалардың белсенді қатысушыларының бірі Қ. Рысқұлбековке “Халық Қаћарманы” атағын беріп. Ал партиялық-полицейлік режимнен қорықпай, қатыгездікпен жазаланатынын біле тұрып, Қазақстанның ар-намысы, тәуелсіздігі мен мүддесі үшін күреске шыққан жүздеген, мыңдаған, тіпті ондаған мың жігіттеріміз бен қыздарымыздың жаппай ерлігіне Қазақстан осы 19 жылдық тәуелсіздігі ішінде неге тиісті баға бермеді деген сұрақ көптің көкейінде жүр.

Желтоқсан қаћармандары өздерін жаппай соққыға жығып, қақаған аязда мұздай су шашқанына, өздеріне қарсы иттер, БТР-лер, сапер күректері мен шоқпарлармен қаруланған милицияның ерекше отрядтарын, арнаулы әскерлердің курсанттары мен солдаттарын айдап салғанына, сондай-ақ, “бейбіт жасақтар” дейтіндердің темір сыммен, арматурамен соққының астына алғанына, жаппай тұтқындауға қарамастан, бірнеше күн бойына бүкіл Қазақстанда бір жерде ашық, бір жерде жасырын түрде халықтың еркі мен мұң-қайғысын жанына жалау етіп, республиканың дербестігіне, еркіндігіне және тәуелсіздігіне қол жеткізу жолындағы күресті жалғастыра берді. Олар денсаулығын, болашағын, тіпті өмірін де құрбандыққа шалды! Сол кездегі қыздарымыздың ерлігі мен батырлығы ел ішінде аңызға айналды. Қоғамымыздың озық ойлы бөлігін біз оларды неге мақтан етпейміз, бүгінгі оқушылар мен студенттерге оларды неге үлгі етпейміз? деген сұрақтар алаңдатады. Олар саяси және әлеуметтік әділеттік үшін көтеріліске шықты және туған елі Қазақстанның намысын, еркіндігі мен егемендігін қорғауды мақсат тұтты. Оның үстіне, Қазақстанның нағыз патриоттары, өзге ұлт өкілдері, оның ішінде Н. К. Фокина, И. Г. Дауранов сияқты орыстар және сол сияқты басқа да көптеген адамдар көтерілісшілер жағына шықты. Қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылып, комсомолдық-партиялық шара қолданылғандар, оқу орындарынан, жұмыстан шығарылғандар, соққыға жығылғандар, тұрып жатқан жерінен көшірілгендер арасында басқа ұлт өкілдері де болды. Қайтыс болған Е. Спатаев, С. Савицкий, Л. Асанова және басқалар, сондай-ақ, жарақат алған милиционерлер мен солдаттар баррикаданың қай жағында жүргеніне қарамастан, олар да сол кездегі партиялық режимнің солақай саясатының құрбаны болды. Бұл жөнінде конституциялық соттың материалдарында бұлтартпас дәлелдер бар.

Қазақ халқына қай кезде болсын интернационализм, төзімділік және Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген құрмет сияқты асыл қасиеттер тән болып келді. Сондықтан, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, шыншылдықпен жаңаша баға беру, сөйтіп, Қазақстанның негізгі этностарының арасына қағылған қажетсіз сынаны алып тастау, Сіз жүргізіп отырған саясаттың заңды жалғасы әрі ұлтаралық, дінаралық және қоғамдық келісімді одан әрі нығайту сияқты асыл мұратымызға қол жеткізудің айқын айғағы, сондай-ақ имандылық пен қайырымдылық актісі, осы оқиға құрбандарының да, қызметтік және қоғамдық міндеттерін жалған түсіну салдарынан жаңылыс басқандардың да ақиқатқа мойынсұнып, татуласу актісі болмақ. Біз бұл қиын түйінді келешек ұрпаққа қалдырмауға тиіспіз.

Қазақстандағы желтоқсан (1986 ж.) көтерілісі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына, социалистік лагердің тарауына алып келген ұлттар мен ұлыстардың еркіндікке ұмтылысының бастамасы болды, мұның өзі, түптеп келгенде, әлемдегі күштердің арасалмағының демократияның пайдасына өзгеруіне жол ашты. Алайда әлем осы өзгерістердің бастауында Қазақстанның тұрғанын мойындауы үшін біз бұған өз елімізде әлемдік стандарттар бойынша толыққанды баға беруге тиіспіз. Халықаралық қоғамдастықтың көзге көрініп тұрған фактіні мойындауы Қазақстанның беделі мен қадір-қасиетін арттырады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!