Материалдар / Баяндама "Латын әліпбиіне көшу-заман талабы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Латын әліпбиіне көшу-заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы «2050» стратегиясын жариялаған кезде ол кісі 3 мәселені анық айтты. Біріншіден, 2025 жылы Қазақстанның халқы түгел латын әліппесіне көшеді деді. Екіншіден, 2025 жылы Қазақстан халқы түгел мемлекеттік тілде сөйлейді деді. 2025 жылы Қазақстан Қазақ елі аталады деді. Мен ойлаймын, біз осы жолмен жүруіміз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2018
408
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиіне көшу-жаңғыру негізі

Елбасы «2050» стратегиясын жариялаған кезде ол кісі 3 мәселені анық айтты. Біріншіден, 2025 жылы Қазақстанның халқы түгел латын әліппесіне көшеді деді. Екіншіден, 2025 жылы Қазақстан халқы түгел мемлекеттік тілде сөйлейді деді. 2025 жылы Қазақстан Қазақ елі аталады деді. Мен ойлаймын, біз осы жолмен жүруіміз керек.

Мемлекет басшысы қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпби нұсқасын бекітті. Соған сәйкес төл тіліміздегі әліпбиге 32 әріп енгізілді. Сондай-ақ диграфтармен қоса дәйекше ұғымы да пайда болды.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған құқықтық құжат 20 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Мемлекет басшысы латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Президентке бұған дейін ұсынылған нұсқадағы апострофтар алынып, оның орнына әріптердің үстіне жіңішке сызық қойылатын болды. Осыған сәйкес, Ә, И, Й, Ғ, Ң, Ө, Ү, У әріптерінің жазылуы өзгереді. Мысалы, «ә» әрпі «а»-ның үстіне белгі қою арқылы жазылады. «Ө» «о»-ның, «Ғ» «г»-ның, «Ң» «н»-ның, «Ү» «ұ» әрпінің үстіне сызықша қоюмен белгіленеді. Сондай-ақ, жаңа нұсқаға «С» мен «Ч» әріптерінің диграфтары қосылды.

Мемлекет басшысы бекіткен төл тіліміздегі әліпбидің бұл  нұсқасында 32 әріп бар. Қазіргі қолданыстағысымен салыстырғанда біршама аз әрине. Бірақ, барынша ықшамдалған. Апострофтар алынып тасталып, оның орнына акут ұғымы енгізіліп отыр. Яғни алфавиттегі ә, ғ, ң, ү, ұ, у әріптерінің төбесіне арнайы таңба қойылады. Ал Ч және Ш әріптеріне диграфтар қолданылмақ. 

Халықаралық банк жүйесінде ертең қабылданбай қалу не болмаса компьютерде зерттеу, тану мәселелерінде аралары бөлініп, бір сөз екі түрлі болып кетуі мүмкін. Сол нұсқада мұны ғалымдар зерттеп отырған кезде акут жоғарыға шығарылған кезде сөздер бірігеді, жазылуға, оқылуға да ыңғайлы. 

Ғалымдардың Акут ұғымын қазақ әліпбиіне енгізуі кездейсоқтық емес. Себебі бұған дейінгі нұсқасы арқылы төл дыбыстарымызды таңбалағанда пернетақтаны екі рет басу керек болатын. Әрі әріптің маңдайшасына қойылған таңба бір орынды алып тұратындықтан сөздің арасы бөлініп қалатын еді. Енді жаңа әліпби мұндай олқылықтардың орнын толтырады. Тілдік ережелерді жазу да оңайға түспек.

- Негізінен бір таңба бір дыбыс принципі сақталды. Тек ч мен ш үшін екі диграфтар бар. Ол әлдеқайда жеңілдік түркі тілдері үшін, қазақ тілі үшін. Сосын бүкіл дыбыстарымыз көрініс тапты. Сыңар дыбыстарды қосымша белгімен жазу принципі сақталды. Бірақ бұл белгі таңбаның ішіне енгізілді. 

- Жаңа әліпби нұсқасы жарияланған бүгінгі күннің өзінде әлеуметтік желілерде дәйекше арқылы жазудың түр-түрлі тәсілі талқыланып жатыр. Соның бірін қазір сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Ол үшін Word бағдарламасында «Вставка», «Символ» қосымша парақтарын ашып, «Код знака» тізбегіне 0301 сандарын енгізу керек. Сөйтіп, өзіңіз қалаған перне үйлесімділігін таңдап, еркін қолдана бересіз.

Ғалымжан Мелдешов, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары: - Келесі жылдан бастап латын графикасын үйрететін мұғалімдерді, ұстаздарды даярлайтын орталық ашуға әрекет жасап отырмыз. Демек, біздің алдымызға үлкен міндеттер қойылып отыр. Сондықтан, латын графикасына көшу деген мәселе тек қана Тіл комитетінің міндеті емес. Бұл іске бүкіл мемлекеттік органдар атсалысуы тиіс деп ойлаймын,-деп атап көрсетті.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!