МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Еліміздің ертеңі – бүгінгі бүлдіршінді тәрбиелеу ең негізгі мәселелердің бірі. Оны шешудің басты бір тармағы – эстетикалық тәрбиенің дұрыс қолға алынуы. Эстетикалық тәрбиеде ерекше роль бейнелеу өнерінің еншісіне тиеді. Бейнелеу өнері тәрбие құралы ретінде баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына тікелей әсерін тигізеді. Бейнелеу іс-әрекеті кезінде баланың ақыл-ойы жетіледі, адамгершілік қасиеттері, жағымды мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады, көтеріңкі көңіл-күй пайда болады. Олар болмысқа эстетикалық көзқарастарды қалыптастыратын сезімдерге біртіндеп ауысып, күнделікті өмірден, әсемдік пен сұлулықты қабылдау арқылы өнердің алғашқы дағдыларына жаттықтырады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай бастайды. 2 – 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.
Жаңа «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
«Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты:
- мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:
- эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;
- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномәдени негізінде құрады;
- өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында көрсетеді;
- әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Баланың жан-дүниесі рухани жағынан нәр алып, оның айналадағы ортаны тану мүмкіндігі арта түседі. Алғашында бейнелеу өнерінің түрлері туралы бейімдеу арқылы кескіндеме мен графиканың еркешеліктерін үйренсе, мүсін жасау арқылы мүсіндеу, жапсыру арқылы сәндік қолданбалы өнерге, құрастыру сабағы арқылы сәулет өнерінің қыр-сыры жайында алғашқы түсінік беру керек. Топтарда осы жұмыстарды ұйымдастырған үш кезеңді дұрыс жоспарлау керек. Олар мыналар:
-
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар – экскурсиялар, мақсатты серуендер, диафильмдер мен слайдтар көрсету, иллюстрациялық суреттермен әңгіме өткізу.
-
Арнайы өтілетін оқу әрекеттер – сурет, мүсіндеу, жапсыру және құрастыру оқу іс-әрекеттер бағдарламалық талаптарға сай жүйелі, бірізді жүргізу.
-
Дербес көркемөнер бұрыштарындағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, қажетті құралдармен толықтырып отыру. Мысалы, дидактикалық ойындардың, түрлі ою-өрнек альбомдарынан, кеспе үлгілердің, қажетті құралдардың жеткілікті болуы – эстетикалық тәрбиенің бастауы, қайнар көзі болып табылады.
Кіші тобынан бастап, сәбилер өлең-жырларға көп көңіл қойып тыңдап, одан жағымды әсер алады. Жеңіл, жатық жазылған өлең балалардың көкейіне қона кетіп, ішіндегі әрлі де нәрлі, бейнелі жолдар баланың әсемдікке деген сезімін оятады. Көркем әдеби туындыны сурет оқу әрекетінде қолданып, балаларды қызықтырға келе сабақ барысында үлкен жетістіктерге жетуге болатынына күнделікті тәрбие жұмысында көзіміз жетіп жүр. Оқу іс-әрекетті жүргізу барысында өлеңді оқи отырып түсіндірсе, балалардың көңілін көтеріп, біраз сергуіне септігін тигізеді.
Жаңадан қолына қалам алып сызу, жазуды үйрене бастаған сәбилер мен ересектер тобындағы балаларға:
Қолымда менің көк қалам,
Түзулеп жаңа жол сызам.
Жан-жағына гүл салып,
Қуанамын, мәз болам, - деген жолдарды бірнеше рет қайталай оқып беріп, түсіндірсе, олар қызыға отырып қағаз бетіне сурет салуға ұмтылады.
-Ал енді түзулеп екі сызықты сызып көрейік, мінеки, қандай әйбет жол болып шыға келді, - деп тәрбиеші балалардың назарын аударып, қағаздан қиялған дайын көйлекті әр түрлі бояумен өрнектегенде:
Қуыршақтың көйлегін,
Кестелейік өрнекпен.
Қолға алып қарындаш,
Сурет салып үйрен сен, – деген өлең жолдарын оқып берсе, балаларға көп әсер етеді.
Дөңгелекті салып үйреткен кезде, балалардың сенсорлық қабілетін арттыра отырып, ой-өрісін кеңейтіп, жұмбақтап, тақпақ айтып бағдаршамның сурет салғызса, ол да бір жан-жақты мағыналы тәрбие болмақ.
Жасыл қалам алдым да,
Бір дөңгелек салдым мен,
Қызыл қалам алдым да,
Бір дөңгелек салдым мен,
Сары қалам алдым да,
Бір дөңгілек салдым мен,
Ой, керемет балалар!
Неге ұқсайды, қараңдар?
Шопыр ағам ойнланар
Мұнадай белгі қайда бар?
Қазақтың ұлттық тағамын бейнелей отырып, оны қандай бояумен, бояуға болатынын түсіндіргенде:
Дөңгелектеп салайық
Суретке сені бауырсақ,
Бояуға малып алайық
Тамсансын саған қуыршақ, - деген өлең жолдары бауырсақтың қандай геометриялық фигураға ұқсайтынын ескіртіп, бауырсақ туралы көркем сөзді қайталаса, балалардың көңілінен шығатыны сөзсіз.
Қыстың аязды күндері күннің суретін салып үйреткен кезде мына бір:
Көк түсті, әйбет қағазға,
Күн суретін салайық,
Суық күн, сары аязда,
Жылынып бір қалайық – делінген тақпақты оқып берсеңіз, бүлдіршіндер бейне бір жылылықты сезінгендей, шығармашылық қабілеті де арта түскендей, суретті қызығушылықпен салар еді. Жаңа жыл қарсаңында балалар пейілімен қуана шырша суретін салып, оны неше түрлі ойыншықтармен безендіріп шексіз қуанышқа бөленеді. Өлеңнің әр жолынан, соған орай әдемілеп салған суретінен әдемі әсер алған балалардың қуанышты көңіл күйі байқалады.
Қызыл шарды үрледім,
Не боларын білмедім.
Тарс етті де жарылды,
Таппай қалдым шарымды.
Тәрбиеші шарды үрлеп, түрі-түсінің қандай екенін түсіндерге келіп, оны қағаз бетіне қалай бейнелеу керектігін сәбилерге үйретеді.
Темір жолда созылып,
Пойыз жылжып барады.
Тырналардай тізіліп,
Тырналардай тізіліп,
Бір әуенге салады.
Вагонның суретін салып біткеннен кейін, сабақтың аяғында әндетіп оны ойынмен жалғастырып балалардың білімін бекіте түсеміз. Сурет сабағында осылайша өлең жолдарын тиімді пайдалану арқасында көп жетістіктерге қол жеткіздік. Балалар мұндай тақпақтарды жылдам жаттап алумен қатар, сол сөз болған заттың бейнесін қағазға түсірерде аса қиналмайды, ненің суретін салып отырғанын, оның өзіне тән ерекшеліктеріне түсінігінің барын байқаймыз. Бұл әдіс балалардың сурет өнеріне қолын жаттықтырумен қатар олардың тілін жетілдіріп, ой-өрісін дамытуға да әсері мол.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Пайдаланған әдебиет:
-
А.А.Грибовская, Т.А.Левченко, К.Б.Арганчаева «»Халық өнері және балалар шығармашылығы» Алматы, 2007
-
Т.Н.Доронова, К.С.Ильяшева, Т.А.Левченко «Табиғат, өнер және балалардың бейнелеу жұмыстары»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

шағым қалдыра аласыз