Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту.



Бала деген өміріңнің желісі,

Жалғасатын болашақтың жемісі.

Сүйсіндірер ата-анасын мәз қылып,

Күлкісімен, ойынымен тойдырып.

Балабақша қызығы да баламен,

Өткізетін әрбір күнін «Бала тілі-бал тіл».

Тл – қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алмасып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.

Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «...ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламатын бәтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов: «...өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек... Өз алдында ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді.

Баланың мектепке дейінгі кезі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі, сондықтан да бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-аналар ерте бастан көңіл бөлгені жөн. Баланың жағымды мінез-құлық әрекеттерге 3-4 жасқа дейін-ақ қалыптасып, тұрақтала бастайды. Сондай-ақ оның физиологиялық, психологиялық жақтары да жедел дамып, жетіледі. Осыған орай түрлі қимыл-әрекеттері күрделене түседі. Күнделікті өмірде өзіне қажеті заттарды білуге деген баланың ынтасы артады.

Баланың сөздік қорының молайып, жетілуі, оның физиологиялық дамуына (есту, сөйлеу мүшелерінің) байланысты психологиялық процестері де (ой қызметі, зейін, қиял, еліктеу .б.) жақтарының дамуына әсер етеді.

1,5 – 2 жастағы бала таныс адамдармен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Естіген - білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға талпынады. Өз ойын сөзбен білдірудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені, күнделікті ойын, тамақтану, киіну-шешіну, қимыл-әрекеттері кезінде ол да қажетті жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.

Аталған жұмыстар ұйымдастырылған іс-әрекеттерді жоспарлау барысында балалардың білім деңгейі, сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп, олардың білім деңгейін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешесінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелесе отырып, бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты – дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мүшелерін жетілдіру, сөзді сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс естіп тыңдай білуге үйрету, «сөз», «дыбыс» деген ұғымдарды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізгі мақсаттар қарастырылады.

- Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.

ә) Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б.) сөздерді үйрету.

б) Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.

в) Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейту (жүрді, жүгірді, келді, қияды, екті, септі т.б) меңгерту.

г) Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, астында, жоғарыда, төменде т.б.) қосып айтуға үйрету.

- Сөз дыбыстарын дұрыс айту.

Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3-4 сөздерден тұратын сөйлемдер құрату.

- Грамматикалық категорияларды меңгерту.

Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздің ойыншықтарымыз т.б.) айтуға үйрету.

- Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын, серуен кезінде көрген – түйгенін, сурет және оқыған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету (сызбаның түрлері берілген).


- Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері:

Баламен әңгімелесу; күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген-білгені туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түйгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.


- Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізнен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

1. Затты бақылатып көрсету.

2. Балалардың түсінігін байқау, сұрақ қойып, жауап алу.

3. Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру.

Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатсаңыз қозылы қой, бұзаулы сиыр немесе балалы мысықты. Осылардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр), ұқсас жақтары туралы бала салыстыра айтуға тиісті. Соңынан мақал-мәтел айтып, жұмбақ шештіру, сөз мәнісін сұрап, түсініп айтуға үйрету. Сол жануарларды суреттен танып, көрсету, мүсіндеу, жануарлар айтысы т.б. ойындар ойнату тәріздес жұмыс жүргізу.

Сөйлеу тілі мен сөздік қорының жетілуіне байланысты бұл жастағы балалар айналасындағы адамдармен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Төңіректегі өмір құбылыстарына назар аударып, оны танып білуге әрекеттену нышандары басталады. Ата-анасымен серуенге шықса, дүкенге не киноға барса, көзі шалған заттың бәрін сұрағыштап, «Ол не? Бұл не?» деп талқылайды. Бала табиғатына тән осы ерекшеліктер туралы ұлы ақын Абай былай дейді: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтаса деп тұрады. Бұлар тәннің құмары... Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып көріп, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе, мал шуласа да тұра жүгіріп, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйретеді?», «Бұл неге үйретеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегендік»

Мектеп жасына дейінгі балалардың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыс пен ересектердің іс-әрекеттері балалардың бақылауынан мүлт кетпейді. Бақылаған заттардың елеусіз ерекшелігіне дейін бірден байқап, тез қабылдайды. Олай болса, әрбір ата-ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге тиісті. Оның заңды сұрақтарына құлақ асып, үнемі жауап беріп отырулары керек.


Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отырамыз:

- Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек, ыдыс-аяқ т.б.) көрсету, баланың қолына беріп, атын сұрап айтқызу. Осы заттарды қайдан, неден (ағаштан, шыныдан т.б.) жасалатынын, кімге, неге, не үшін керек екенін білдіру.

- Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету. Мұндайда «Суретті сөздік» атты кітапшада жеке заттар мен соларға байланысты іс-әрекеттер көрсетілген. Бала суретін үйдегі затты көрсетіп, бірде атын атаса, екіншіден сол заттың көмегімен жасалатын іс-әрекет, оның ерекшелігі туралы сипаттама айтуға жаттыға бастайды.

- Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын әңгіме құрастырып айтуға үйрету керек:

а) баланың бақылау кезінде көргендері жайлы өзіне айтқызу, жетекші сұрақ беріп әңгімелесу;

ә) ойыншықтары, жақсы көретін кітабы жайлы әңгіме айтқызу;

б) оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету;

в) сюжетті көркем картиналарды (суреттерді) көрсетіп, оның мазмұнын әңгімелеп беруге баулу;

г) жеке заттық атауларды білдірумен қатар киім, мал, төл, ағаш, тамақ, жеміс, көкеніс т.с.с. жалпы ұғымдарды білдіретін сөздерді түсіндіру;

ғ) белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету: ішінде, үстінде, астында, қасында, артында, ортасында, шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде айтқызып отыру. Ол үшін балаға сурет көрсетіп әңгімелескенде, нақтылы бір жұмыс түрін орындатқанда, ойын кезінде мынадай сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. «Қуыршағың қайда отыр? Кітап қайда жатыр?» Немесе баланың бір ойыншығын жасырып қойып, тапқызу, ол жөнінде сұрап әңгімелесу. Затты жекеше, көпше айтуға үйрету: кітаптар, қуыршақтар. Кімнің? Ненің? Кімдікі? деген сұрқтарға жауап ала отырып, жеке сөздерді септік, көптік, тәуелдік жалғаулар жалғап айта білуге жаттықтыру. 5-6 жастағы бала ата-анасымен демалыс күндері киноға барғанда, не арнайы серуенге шыққанда талай сұрақтар беріп мазалайды. Мұндай жағдайда оларға ұрыспай байсалды жауап берген жөн.

Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана болып табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.

Ал екінші тылсым күш – тәрбиешілер. Демек, ұжым тәрбиешілері мен отбасылар арасындағы хабар алмасу - ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осылай бірлесе еңбектеніп қана тілі жетік, ой-өрісі кең балаларды тәрбиелеп, мақсатымызға жетері анық.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.11.2020
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі