Баяндама "Нәтижелі білім берудің көзі- ақпараттық технология"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Нәтижелі білім берудің көзі- ақпараттық технология"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға жаңа технологияның сабақ өткізудегі пайдасы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІҢ КӨЗІ - АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ


Жекеева А.Ш.

Биология пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы

7 Хромтау мектеп-гимназиясы


«ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры»

Н.Ә.Назарбаев


Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыра алады. Оқушы–оқу үрдісінің басты субъектісі, сондықтан баланың дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әр түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.

ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалануда ағылшын тілін үйретіп, сол тілде еркін сөйлеу алуға көп септігін тигізеді. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану кезінде сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашады деп болжадым:яғни, ең біріншіден, сабағымды жүйелі өткізу үшін интерактивті тақтамен слайдтар құрып, оқушылардың есте сақтау қабілетінің дамуына бағыттадым.Интерактивті тақтамен жұмыс оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттырып қана қоймай, ақпараттандыра да алады. Білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үдерісін адамды қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып ұйымдастыру керек. Қазіргі таңда маңызды өзгерісі ол ақпараттық технология.Бұл медиабілімнің оқу үрдісін дамытуға зор ықпалын тигізеді.Ақпараттық коммуникациялық технологияның тиімділігі өте маңызды, біріншіден, оқушылардың қызығушылығың оятады, екіншіден, олардың белсенділігін арттырады, үшіншіден шығармашылық ахуал тудыруға бағыттайды, төртіншіден есте сақтау қабілетін дамытады және сабақ барысында мұғалімнің уақытын үнемдейді.Мұғалім әр оқушының сабаққа белсенді әрі қызығушылықпен жұмыс істеуіне ықпал тудыруы қажет. Сонда ғана оқу материалы терең әрі саналы түрде меңгеріледі, білімге сенімі артады. Осы орайда уақыт талабына сай жаңашыл өзгерістер аясында мен де өзімнің тәжірибемде оқушының шығармашылығын дамыту мен белсенділігін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта қолдануыма көңіл бөлдім.

Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді: оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Бұл білім берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары:

-білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара тұлғаға бағытталуы;

-қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;

-әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту;

-көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері биология пәні  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты  күнделікті сабақта:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-зертханалық тәжірибелер;

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның биология пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:

  • сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру, оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;

  • сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;

  • мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б.

АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:

1. Биологиялық үрдістерді сипаттап, талдау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.

2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді.

3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі биологиялық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орындауға болады.

4.Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді.Қазіргі кезде оқытудың жаңа үрдісіне сай мектепке барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады, тіпті ҰБТ тапсыру үшін де. Әсіресе тарау,тақырыпты қорытып,қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.

АКТ-ны сабақта қолданудың тиімділігі:

  • уақытты үнемдейді;

  • оқушының жан-жақты білім алуына септігін тигізеді;

  • білімін кешенді әрі үнемі тексеріп бақылауға мүмкіндік береді;

Қазіргі таңда барлық биология кабинеттерінде интерактивті тақта кеңінен қолданылып жүр және ол оқытудың тиімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр.

Оның мүмкіндіктері төмендегідей:

  • сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі;

  • дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді;

  • оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін әрлеуге көмектеседі;

  • дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;

  • интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;

  • бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту мүмкіндігіне ие.

Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді,сонымен қатар оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс.Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады.

Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар – білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.

Сондықтан ақпараттық технологияларды сабақта үнемі және жүйелі қолдану оқушылардың пәнге қызығуларын оятып, сабақтың сапасын арттыруға кеңінен жол ашады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.К.Жантелова.Қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету.// Қазақстан мектебі,№3,2013,-21- бет.

2.Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет.

3.А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.

4.Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет

5.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6.М.Ж.Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.// Открытая школа,№5,2004




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2021
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі