Баяндама: Оқу мен оқытудағы жаға әдіс тәсілдер, пән сабақтарында қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Оқу мен оқытудағы жаға әдіс тәсілдер, пән сабақтарында қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада жаңартылған білім мазмұнына байланысты пән сабақтарында оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсіндерді қолдану жолдары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама: Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, пән сабақтарында қолдану

«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер»

Ж. Аймауытов

Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын.  Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр.  Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі.  Осы орайда ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына,  олардың жан-жақты дамуын, рухани  бай тұлға қалыптастыратын кәсіби маман даярлай білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу процесінде қолдана отырып, болашақ кәсіби педагог мамандардың бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамытуға болады.   

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.  Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; білім алушының талантын зерттеу және анықтау;  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.

  Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы білім алушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда білім алушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.

  Ал «қалай  оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйренеді. Қалай оқу керектігін үйрету бұл білім алушының  «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте білім алушылар түсінеді, бақылайды,  өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады.

Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады.

Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқудың табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және  эмоциялық себептер арасындағы күрделі әрекеттік пен метокогнетивті білімге байланысты.[1; 5б.]

Білім алушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше. «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен  шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, 11бет), деген ойды ескере отырып білім алушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керек. Себебі топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысады, топта ынтымақтастық атмосферасын құра отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туады.[ 1;11б.]

  Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы білім алушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз. Сұрақ қоюдың  төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар.

  Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге білім алушыларға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады.

  Ал білім алушының берген жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып  түзетуге мүмкіндік беруіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға  түсуіне көмектесуіміз қажет.  Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы  «мен білемінге» салынып  тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін.  

Ғылыми тәжірибенің өзінде диалогтің маңызды рөл атқаратыны анық.  Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта білім алушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнетивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.[1;17б.]

Сабақты диалог құру арқылы жүргізу білім алушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болады. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын, пікірін айтып атсалысады. Білім алушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және кәсіби құзыретті маман қалыптастырудағы тиімді тәсіл.

  Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай  Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады,  ол бірлескен зерттеу барысында анықталады.[1; 23б.]

Мен педагогика пәнінде «Сынып сағатын ұйымдастыру, оған қойылатын талаптар», «Тәрбиенің әдістері мен құралдары», «Сынып жетекшісінің жұмысының мазмұны» тақырыбында және жаңа педагогикалық технологиялар пәнінде «Оқу материалын тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов)», «Ынтымақтастық технологиясы», «Ш.А.Амонашвилийдің жеке ізгілік технологиясы» тақырыбын өту барысында үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты қорытындылау, бекіту кезеңдерінде оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып жүргіздім.

Атап айтсам:

«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі

(жаңа сабаққа кіріктіру, тақырыпты хабарлауда қолдануға болады)

Ізгілендіру, ынтымақтастық, демократияландыру

1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2. Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Синквейн стратегиясы (бес жолды өлең)

(Ой толғау кезеңінде қолданылады)
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.

- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Мысалы:
1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тебірентеді.
4. Күй – адам сезімінің көрінісі.
5. Өнер

«Фишбоун» әдісі

(сабақты бекіту кезеңінде қолдануға болады)

1-топ 2-топ 3-топ

3 топ бір-бір себептері мен деректерін жазады



SWOT карта

БҚО

Әлді жағы(Сильные стороны)

Әлсіз жағы (Слабые стороны)

Мұнай, газ өндіріледі

Республика халық саны бойынша 3-орында

45 елмен тығыз жұмыс жасайды

Туризм жақсы дамыған

Сұлтан Бейбарыс дүниеге келген

Жолдарының сапасы нашар

Шөлді алқап

Машина түтіні ауаны ластайды

(Машина өте көп)

Мүмкіндіктер (возможности)

Қауіп қатер (Ограничения, риски)

Бензол шығармақшы

Қазақстанды энергетикамен қамтымақшы

Агро өнеркәсібін дамытуда

Қоқыстан пайдалы заттар жасау жоспарда бар

Технопарктер көбейтпекші

«Нұрлы жол» бойынша өткелдер мен көпірлер қайта салынбақ

Мұнай топырақты ластайды

Әскери полигон 1,4 млн га жері бұзылған

Табиғатқа зиян зауыт көп

Ауа ластанған

Мәселелер:

1.Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту

2. Ана мен бала денсаулығын қорғау басты мәселе

3.Көгалдандыру, тал отырғызу

4.Атмосфералық ауа сапасын жақсарту


RAFT стратегиясы 

Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с


«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»


«Қос жазба күнделігі»

Негізгі ақпаратты, маңызды жерлерін түсіндіріңіздер. Жұпта бір-біріңізбен талқылаңыздар.

Дәйексөз (Цитата)

Түсіндірме (коммментарий)




«Ойлаудың алты қалпағы»

«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.

«Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.

«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды.

«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.

«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.

«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасайды.


«Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.


Мақал-мәтелдердің мағынасы

Тәрбие туралы мақал-мәтелдермен танысыңыздар. Жұпта бір-біріңізбен талқылаңыздар. Кестені толтырыңыздар.

Мақал- мәтелдер

Түсіндірме (коммментарий)



1. Қар қылаумен өседі, 

Бала сылаумен өседі. 

2. Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын. 

3. Дұрыс қанаттанған түзу ұшар. 

4. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле. 

5. Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, 

6. Ағаштан ағаш сәнін алады, 

Адамнан адам тәлім алады.   

7. Бір адамға қадірің жүрмесе, 

8. Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең. 

9. Ана сүтімен бітпеген қасиет 

10. Тана сүтімен сіңбейді. 

Қамысты бос ұстасаң қол кесер. 


Болжау кестесі

Мәтін бөлімдері

Қандай мәселе көтеріледі? (Не болады?)

Шындығында қандай мәселе көтерілді? (Не болды?)


2 сөйлемнен кем емес болжау.

2 сөйлемнен кем емес ақпарат


«5 сұрақ» әдісі арқылы тұсаукесер. (2 мин)

Әшекей бұйымдар суреті беріледі, оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.


«Шындық, жалған» әдісі

1. Технология – қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдіс- тәсілдердің жиынтығы (түсіндірме сөздігі) (шындық)

2. «Педагогикалық технология» деген ұғым алғаш рет 1930-1935 жылдары оқу процесіне енді. (жалған, 1940-1950 жылдары)

3. Педагогикалық технология – оқытудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы (И.П.Волков) (шындық)

4. Дамыта оқыту технологиясын зерттеген ғалымдар Ж.А.Қараев пен М.Жанпейісова (жалған Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов)

5. Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы - денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балаларға қолайлы технология. (жалған, қашықтықтан оқыту технологиясы)

6. Модульдік оқыту технологиясы 3 бөлімнен тұрады (шындық)

7. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде жобалау технологиясы кеңінен тарады (жалған АҚШ, Канада, Англия, Австралия, Жаңа Зеландияда)

8. Хромит қоры жөнінен Қазақстан 2-ші орында (жалған, 1-ші)

9. Қашықтықтан оқыту – білім, білік, дағдыларды алу процесі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асады (шындық)

10. "Ғасыр идеясы" деп танылған технология- ол түсіндіре басқарып, оза оқыту технологиясы (жалған, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы)


«Есте сақта!» әдісімен терминдерді дәптерге түсіру.


«Не? Қайда? Қашан?» стратегиясы 

Не?

Қайда?

Қашан?








«Синтез» кесте стратегиясы 


Модульдік оқыту

технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы












Нәтижесінде оқытушы:

- Сабақ барысында уақытты тиімді пайдаланады, ал әдістерді қолдану оқу материалын меңгеруге мүмкіндік береді.

- Білім алушылар бір-бірін тыңдай білуге үйренді. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы басқаларды мұқият тыңдайды.

Нәтижесінде студенттер:

- сыни ойлауға көмектеседі, пікір алмасады.

- бір-бірін оқытады.

 Сабақ барысында мынадай кедергілер кездесті:

 - Сөздік қоры аз болғандығы;

 - Сұрақтарды бір тақырып төңірегінде ғана қоя алды;

 - Сабақтың тақырыбынан аса алмағандығында (қосымша мәліметтер, ізденушіліктің жоқтығы)

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудағы мақсатым оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру болып табылады.

  Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды. Оның да алар орны бар. Бірақ жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз десем артық айтқандық болмас.

  Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру.

«Еңбексіз талант - тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімді қосуға ат салысамын.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012

2. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 201

3. Мирсеитова С. Оқыту әзденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері: Қарағанды 2011.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.01.2018
760
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі